Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет1/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология






Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті




С.А. Құсайынов
ЖАЛПЫ ГЕОМОРФОЛОГИЯ

Оқулық
өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Алматы
«Қазақ университеті»


2005
Ғылыми редакторлары:
С.Ә. Әбдірахманов, Қ.Б. Базарбаев


Ïiêið æàç¹àí:
Ãåîëîãèÿ-ìèíåðàëîãèÿ ¹ûëûìûíûң äîêòîðû, профессор, Халықаралық және Қазақстан Ðåñïóáëèêàñûның ìèíåðàëäûº ðåñóðñòàð Àêàäåìèÿñûíûң àêàäåìèãi Í.Ñ.Ñåéiòîâ.
С.А. Құсайынов
«Жалпы геоморфология». Оқулық. - Алматы: Қазақ университеті, 2005.** бет.
ISBN

Қайта өңделіп және толықтырылған бұл оқулық «Жалпы геоморфология» пәннің типтік бағдарламасына сәйкес жазылған. Кітапта геоморфология жөнінде негізгі түсініктер, бедер туралы жалпы мәліметтер және бедер түзілу факторлар ашып көрсетілген. Эндогендік және экзогендік бедертүзілу процестердің өзара қарым-қатынасы және олардан қалыптасқан алуан түрлі бедер пішіндері сипатталған. Бұрынғы шыққан оқулық құралына салыстырғанда бұл оқулықта геоморфология саласындағы жаңа мәліметтер беріліп, сонымен қатар Қазақстан аумағындағы қазіргі геоморфологиялық процестер келістірілген. Геоморфология география ғылымының негізгіоқу пәндерінің бірі болып табылатын, бұл кітапҚазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы география мамандығын оқып үйренетін студенттерге, магистаранттарға және оқытушыларға арналған.




ISBN

“²àçຠóíèâåðñèòåòi” áàñïàñû, 2005.











КІРІСПЕ


1998 ж. профессор С.А. Құсайыновтың «Жалпы геоморфология» атаулы оқу құралы Қазақ университеті баспасынан жарық көрді. Кітап аса қажетті және керекті болғандықтан бұл еңбек оқырман арасында тез таралып кетті. Соңғы жылдары география факультеттің студенттері мен магистранттары өздерінің алғыс сөздерін білдіре отырып кітаптың жетіспеу салдарына байланысты Қазақ университеті баспасынан тезірек қайта басылуына өтініштерін жасады. Осыны ескере отырып, автор бұл оқулықты қайта өңдеп толықтыруына және баспадан шығаруына мәжбұр болды.
Оқулықты жазу барысында автор 70-жылдардан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетінде дәріс беру тәжірибесіне сүйене отырып, геоморфология саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеулер нәтижесінде құрастырып шығарды. Сонымен қатар көптеген қажетті мәліметтерді орыс, қытай және ағылшын тілдерінде жазылған құжаттардан автордың өзі аударып және қайта өңдеп қолданды.
Бедер жер шарының әр қабаттарын бөле тұра, біздің планетамыздың құрылуында ерекше орын алды. Сонымен қатар геоморфология жердің беті, литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарының өзара әрекет жасайтын ортасы болғандықтан ол жер туралы ғылымдармен өте тығыз байланысты. Оқулық негізгі төрт бөлімнен және қосымша бесінші «Жаңа қолданыста пайдаланылған геоморфологиялық аталымдардың қазақшаорысша сөзтізбесі» қосымшасынан тұрады.
Кітаптың бірінші бөлімі геоморфологияның зерттеу объектісін, оның даму тарихын және өзге ғылым салаларымен байланысын бедер туралы жалпы түсінікті, оның морфологиясы мен морфометриясын, геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолдануын, бедер зерттеудегі әдістемелік принциптерді қарастырады.
Еңбектің екінші бөлімінде бедер қалыптасуындағы эндогенді процестердің орны: тектоникалық қозғалыстардың, соның ішінде жаңатектоникалық қозғалыстардың әрекеті, интрузиялық және эффузиялық магматизмнің бедер құрудағы ролі, жер сілкіну, материктер мен теңіздердің таралуы жайлы талқыланады.
Оқулықтың үшінші бөлімінде экзогендік бедер құрушы факторлар және олар түзейтін әр түрлі бедер түрлерінің сипаттамасы берілген. Мұнда таужыныстардың үгілуі, баурайлар процестері мен олардың дамуы және топтастырылуы, уақытша ағын сулардың әрекеті, эрощия және өзендердің кеңістіктегі дамуы, мұздықтар процестер мен бедердің мұздықтық пішіндері, жаға туралы түсінік және теңіз жағалауларының бедер пішіндері, Қазақстан территориясында кең дамыған қуаңшылық және қуаңшылық-денудациялық бедер пішіндері, лесс және оның кеңістікте дамуы мен жаралу тегі қарастырылған. Негізгі кең таралған геоморфологиялық процестер және антропогендік процестер бұл бөлімнің соңында берілген.
Шашыранды кеңорындарын іздестіру – геоморфологияның іс жүзінде қолданылатын негізгі салаларының бірі. Сондықтан шашылымдардың қалыптасу заңдылықтарын және оларды іздестірудегі геоморфологиялық белгілер бөлімнің жеке тарауларының соңында берілген.
Төртінші бөлімінде геоморфологиялық зерттеу әдістері мен геоморфологиялық қартаға түсірудің жалпы мәселелері және қазіргі геоморфологиялық процестер қарастырылған.
Қазақ тілінде алғаш ұсынылып отырған оқулықта бұдан бұрын оқытылып келген орыс және басқа тілдердегі «Жалпы геоморфология» оқулықтарымен салыстырғанда Қазақстан территориясында кең дамыған бедер пішіндеріне, әсіресе қуаңшылық және қуаңшылық-денудациялық бедер элементтеріне және соларда жүріп жатқан қазіргі бедер құрушы процестерге көбірек көңіл бөлінген.
Бедер және оны құрайтын таужыныстары географиялық ландшафтының литогендік негізі екеңі бұрыннан белгілі. Оның біркелкі еместігі әр түрлі таксондық реттегі көптеген табиғи территорриялық кешендердің жер бетінде бөлінуінің басты себебі болып саналады. Ландшафтың осылай бөлінуінде бедер басты рөл атқарады, демек ол табиғи құрамбөліктердің кеңістіктетаралуын және қазіргі экзогендік процестердің қарқындылығын белгілейді.
Кітапта тіркелген геоморфологиялық терминдер мен сөз тіркестерін Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі – Ғылым Академиясының география институты қазақша-орысша және орысша-қазақша географиялық терминдердің сөздігін даярлағанда пайдаланды.
Кітапта кездесетін суреттер, сызбалар және кестелер тақырыптардың мәнін толық ашатындай және қосымша мәлімет бере алатындай таңдалған.














I ТАРАУ








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет