Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87



бет2/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,58 Mb.
#6790
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1. Фонетикалық жаттығулар


Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір оқушылардың тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі, кейбір дыбысты қалдырып кетуі, немесе «с» мен «ш» , «р» мен «л», «ж» мен «з», «н» мен «ң» дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді.

Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.

Оқу материалдарында, шәкірттердің жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырылады. Бұған қоса тілімізге басқа тілден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.


1.1 Фонетикалық қателер
Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «...значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады [2, 102].

Мұндай кемшіліктер қазақ мектептерінде де кездеседі. Атап айтқанда, 4-5 сынып оқушыларында орфоэпияға байланысты мына сияқты қателерді байқауға болады. Мысалы, 4-5 сынып оқушылары кітап оқу кезінде дыбыстардың (о, ә, ү, у, ұ) екінші-үшінші буында жазылмауына байланысты сол буындарда келетін езулік дыбыстарды еріндік қып жібереді, ал бұны оқушы ескермей айтылуда езулік қып айтып, орфоэпия заңын бұзады.

Мысалы, жазылуы айтылуы

домбыра домбұра

жорық жорұқ

Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.



Мысалы, чай-шай, ботинка- бәтіңке, сатин- сәтен, костюм- кастюм.

Оқушылар тілінде жергілікті, диалектикалық ерекшеліктерге байланысты айтуда да, жазуда да дыбыстық қате жіберіледі. Мұндай қателер а, ә, ы, і дыбыстарына байланысты жіберіледі.



Мысалы, Күләнда- Күләндә, Балжамила- Балжәмилә, Ақлима- Ақлимә, т.б.

Оқушыларда е дыбысы мен ә дыбысын алмастырып айту кездеседі. Себебі ә, е дыбысының жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде ә дыбысы сирек қолданылған, сондықтан болар э дыбысын е ғып айту жиі .



Мысалы, экран- екран, электр- електр, т.б.

Жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты е дыбысы ы, і, ә дыбыстарымен алмастырылып қолдану кездеседі.



Мысалы, ешкім-ішкім, ештеме- іштеме, әдемі- әдеме ,т.б.

Әсіресе, қазақ тілінде кейбір дыбыстардың алдында, егер ол дыбыс сөздің басында келсе, алдынан келсе, ы, і естіледі, соған байланысты оқушылар оны солай айтады, кейде солай жазады.



Мысалы, жазылуы айтылуы

лай ылай

рас ырас

ренжу іренжу

лайық ылайық
Екі дауыссыздың арасындағы ы, і дыбыстарын түсірмей жазып қою жиі байқалады.

Мысалы, арттыру- арыттыру, көрсетті- көрісетті, білдірді- білідірді, т.б

Кейбір дауысты дыбыстардың сөз ішінде солғын естілуіне қарай оқушының жазуда қате жіберетіндігі байқалады.



Мысалы, қатынас-қатнас, халықаралық- халқаралық, т.б.

Әдеби тіл нормасына байланысты тілдегі сан алуан нұсқаларды талғап-таңдауда бірізділік байқалмайды. Ондай нұсқаның қай түрін қолдану сөйлеушінің , жазушының өз қалауында болып қалады.



Мысалы, тірідей- тірілей, айқай-айғай, азар- әзер, түгендей- түгелдей, т.б.

Нұсқалардың тілдің даму тенденциясына лайықты түрін өрістете жұмасап, артықшылық беріп отыру немесе олардағы нәзік айырма, реңдерді дер кезінде тап басып тани білу оңай шаруа емес. Жарыспалы жүйенің мынадай түрлерін газет-журналдардан жиі кездестіруге болады.



Мысалы, ақшалай-ақшадай, жылылай- жылыдай, бірлі-жарым- бірді-жарым, жаңалай- жаңадай, т.б.

Жалпы халықтық тілдегі мұндай жарыспалы қолданыстың қайсысы әдеби тілдің нормасына лайықты? Осындай сұрауға келгенде, нормалаушы сөздіктерге, заңдарға қол созамыз. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» «д» нұсқасы алынған (кәрден-кәрлен емес, тірідей- қарадай), «л» нұсқасы да кездеседі (жылай, тірілей, шикілей). Оқушылар үшін бұл нұсқалардың бірін ғана көрсету қажет. Себебі мектеп көлемінде сол бір нұсқа бойынша жұмыс жүргізілсе, бұл тіл дамыту, жазба жұмыстарын нәтижелі етуге әсерін тигізеді.

Қателерді болғызбас үшін қатемен жұмыс түрлерін үнемі, мақсатты, жүйелі жүргізіп отыру қажет. Әрбір жазба жұмыстарынан кейін қатемен жұмысқа мән беріп, оны орындап отыру жөн болады.
1.2. Фонетикалыќ талдау
Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады.Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз.

Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады. Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр.

“Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының 2000 жылғы №10 санында жарияланған педогогика ғылымының кандидаты Н.Оразханованың “Фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу” [3, 27] деп аталатын мақаласын осындай үлгілердіњ қатарына жатқызуға болады. Мақалада сызбалар арқылы сөзге фонетикалық талдау жүргізудің толық түрі, ықшамдалған түрі, сондай-ақ дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме берудің үлгілері берілген. Бұл сипаттас тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Аталған талдау түрлерін грамматиканың барлық бөлімдері бойынша тестік нұсқамен де беруге болады. Тестік нұсқаның артықшылығы-дәл әрі тез орындалады.

Мұғалімдер


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет