Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender



бет4/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender


Бензолдың гомлогтық қатарының төменгі өкілдері, негізінен сұйықтық болады. Оның молекулалық массасы өскен сайын қайнау температурасы да, артады, орта изомерлер, әдетте, пара-изомерлерге қарағанда жоғары температурада қайнайды. Бензолдың қайнау температурасы (80,10С) гексанның қайнау температурасынан (68,80С) жоғары. Симметриялы құрылысты изомерлердің балқу температурасы жоғарырақ болып келеді. Екі орынбасарлары изомерлердің ішінде-пара-изомер ең жоғары температурада балқиды. Май қатары мен алициклді қатар көмірсутектерден тығыздығы және жарық сындыру көрсеткіштері анағұрлым жоғары.

Бензол қатарындағы ароматты көмірсутектер судан жеңіл, суда ерімейді,ал көптеген органикалық еріткіштерде жақсы ериді.Олардың буымен ұзақ уақыт тыныс алғанда адам уланады. Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі:



  • бензол: С6Н5 - H

  • метилбензол: С6Н5 - СН3

  • этилбензол: С6Н5 - С2Н5

  • пропилбензол: С6Н5 - С3Н7

Бензолдың гомологтарын атау үшін қалыптасқан тривиальді атаулар да қолданылады: метилбензолды толуол, диметилбензолды ксилол, изопропилбензолды кумол, винилбензолды стирол деп атайды. Молекуласында бірнеше радикалдары бар қосылыстарды атау үшін бензол сақинасындағы көміртек атомдары нөмірленіп, қосылысты атағанда орынбасардың орны сандар арқылы көрсетіледі. Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолдың орто-, мета-, пара- туындылары түзіледі. Оларды атағанда, қысқаша бірінші әрпімен белгілейді: орто — о, мета — м, пара — п. Немесе әріптердің орнына сандар арқылы белгілеулер де қолданылады.

С6Н5 — тобы фенил радикалы, С6Н5 - СН2 — бензил радикалы деп аталады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет