Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


I тоқсан Сабақтың нөмірі: №4



бет8/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: №4

Сабақтың тақырыбы: Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.

Мақсаты (оқушыға бағытталған):

Оқу мақсаттары: 11.4.2.14 электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

  • Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттерін біледі;

  • Олардың арасындағы реакция теңдеулерін құрастырады.

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.

1. Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender

Арендер орынбасу, қосылу және тотығу реакцияларына түседі.

Орынбасу реакциялары. Бензол ядросы едәуір тұрақты болғандықтан, бензолға орынбасу реакциялары тән.

1. Галогендермен орынбасу реакциялары темір (III) тұздарының қатысында жүреді:



Хлормен де бензол осылай әрекеттеседі.

2. Нитрленуі. Нитрлеуші қоспаның (концентрлі күкірт және азот қышқылдарының қоспасы) қатысында қыздырғанда, бензолдан нитробензол түзіледі:

3. Бензолдың гомологтары орынбасу реакцияларына бензолға қарағанда оңай түседі. Мысалы, метилбензол (толуол) орынбасу реакциясына бензолдан гөрі жеңіл түсіп, 2-, 4-, 6- жағдайдағы сутек атомдары оңай алмасады. Мұны метил радикалының бензол сақинасына әсерімен түсіндіруге болады. Қосылыс құрамындағы метил тобының байланыс электрондарын өзінен итеретінін білеміз (Марковников ережесін еске түсірейік). Метил тобының электрон тығыздығы бензол сақинасына қарай ығысуы нәтижесінде бензол сақинасындағы электрон тығыздығының біркелкі бөлінуі бұзылып, 2-, 4-, 6-орындарында электрон тығыздықтары өседі де, сутек атомдары орынбасу реакцияларына оңай түседі. Мысалы, толуолдың азот қышқылымен әрекеттесу реакциясы нәтижесінде 2,4,6-тринитротолуол түзіледі:



2-, 4-, 6-тринитротолуолды тротил, тол, ТНТ деп те атайды.

Қосылу реакциялары. Бензол косылу реакцияларына қиын түседі. Тек қатты қыздырғанда немесе ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және катализатордың қатысында ғана бензол қанықпаған қасиет көрсетіп, сутекті және галогендерді қосып алады.

4. Гидрленуі. Никель, платина, палладий сияқты катализаторлар қатысында қыздырғанда және жоғары қысымның әсерінен бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:

Бензолдан циклогексан алу

5. Галогеиді қосып алуы. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алып, нәтижесінде, гексахлорциклогексан (гексахлоран) түзіледі:



Тотығу реакциялары. Бензолдың өзі тотықтырғыштардың әсеріне өте тұрақты. Қалыпты жағдайда бензол калий перманганаты ерітіндісін түссіздендірмейді.

6. Ал бензолдың гомологтары (туындылары) біркелкі оңай тотығады. Мысалы, метилбензолга С6Н5СН3 калий перманганаты ерітіндісін құйып қыздырса, ерітінді түссізденеді. Толуолдың метил тобы карбоксил тобына (—СООН) айналып, бензол қышқылы түзіледі.

Метан және басқа алкандар тотықтырғыштардың әсеріне тұрақты екенін білесіңдер. Толуол С6Н5СН3 молекуласындағы бір сутек атомы фенил радикалға (С6Н5—) алмасқан метанның туындысы. Толуол молекуласындағы метил тобы бензол сақинасының әсерінен оңай тотығады. Бензол сақинасының әсерінен метил СН3 — тобындағы электрон тығыздығының бөлінуі (СН4-пен салыстырғанда) бұзылады, бензол сақинасына әсер етіп коймай, сонымен қатар бензол сақинасы да метил тобына әсер ететіндігін көреміз. Ал метил тобының бензол сақинасына әсерін толуолдың нитрлену реакциясы бензолға қарағанда біркелкі оңай жүретіндігі мысалында қарастырғанбыз. Яғни, молекуладағы атом топтары бір-біріне өзара әсер етеді.\

7. Бензол мен оның гомологтары ауада ашық жалынмен бықсып, күйе түзе жанады (молекула құрамындағы көміртектің массалық үлесіне көңіл аударыңдар):

6Н6 + 3O2 -> 12C + 6Н2O

Егер қосымша оттек немесе ауа үрленсе, жану толық жүреді:

6Н6 + 15O2 -> 12СO2 + 6H20

Бензолдың гомологтары бензолға тән және басқа реакцияларға, мысалы, бензол сақинасына сутек қосылу және галогендермен орын басу реакциясына (бензол ядросындағы және бүйір тізбектегі сутек атомдарын алмастырып) түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет