Оқушылардың даму физиологиясы №7 дәріс «Сенсорлық жүйелердің дамуы»



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі195,79 Kb.
#144118
1   2   3   4
Байланысты:
№ 7 дәріс

Құлақ құрылысы мен қызметі
Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ - Дереккөз: ppt-online.org сайты
Есту мүшесінің құрылысы - Дереккөз: kopilkurokov.ru сайты
Дыбыс өткізгіш бөлім сыртқы және ортаңғы құлаққа бөлінеді. 
Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан құралған. Адамда құлақ қалқанының маңызы үлкен емес, ал жануарларда олардың қозғалысы жоғары болады да дыбыс шығатын жаққа бағдарлы болады. Дыбыс өткізу жолының ішкі түбін сопақша пішінді жұқа дабыл жарғағы қаптап жатады.
Ортаңғы құлақ — дыбыс жарғағынан кейін, самай сүйегінің ішінде орналасқан . Ол евстахиев түтігінен және үш ұсақ сүйекшелерден — балғашық , төс және үзеңгіден тұрады. Балғашық дабыл жарғағымен байланысады, ал үзеңгі ортаңғы және ішкі құлақты бөліп тұрады, кейін сопақша тесігіне жалғасады. Бұл сүйекшелер арқылы дабыл жарғағымен байланысты балғашық, төс сүйекке, шікке, одан соң үзеңгіге қозғалыс әсерін тигізеді. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Осы себепті, адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. 
Дыбыс өткізетін бөлімнен кейін дыбыс қабылдайтын бөлім болады. Ол ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы бөлімінен тұрады. 
Ішкі құлақ — куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі лабиринттерден тұрады. Мұндағы шытырманның (лабиринт) сыртқысы — сүйекті, ал ішкісі — жарғақты шытырман деп аталады. Лабиринттің бір бөлігі ұлу — спираль тәрізді түтікше. Ұлу үш қуыстан тұрады , ал олар екі жіңішке серпілімді жарғақшадан тұрады. Қуыстар ішкі сұйықтыққа — перилимфаға толы. Шытырманның өзі кіреберіс деп аталатын бөлімнен тұрады. Оның алдында иірім, ал артқы жағында доға қуыстары бар. Иірімді түтік дөңгелек тесік арқылы ортаңғы құлақ қуысымен , ал кіреберіс — сопақ тесікпен байланысты болады. Құлақтың есту мүшесі — иірім болып саналады. Негізгі жарғақшада есту рецепторлары — Кортиев мүшесі орналасады, ол сезімтал рецепторлар клеткаларынан тұрады. Сезімтал клеткалардың жоғарғы жағында екінші жабынды жарғақша орналасқан. Тербеліс ойыс терезесінің жарғақшасынан каналшаларда болатын сұйықтыққа беріледі. Сұйықтықтың тербелісі негізгі жарғақшаның серпімді талшықтарымен қабылданады. Нәтижесінде, есту рецепторлық клеткалар осы негізгі жарғақшамен жалғасқан кезде , оларда импульстер пайда болады және олар есту жүйесі арқылы қыртысасты құрылымдарға , содан әрі қыртыстың самай бөлігінде орналасқан есту орталығына жеткізіледі.
Қорытындылай келе, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет