Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту


Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері



бет2/3
Дата11.10.2022
өлшемі59,82 Kb.
#152684
1   2   3
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақала
тақпақ, Баланың жеке даму картасы (1)[1], 1543085243, Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсат,міндеттері реферат, перспективка на каз яз для малышей, Грамотей, «Балалар, бұл жол басы даналыққа» баяндама, Баяндама Тіл мен ойлаудың өзара байланысы, Бұлттық технологиялар презентация, Документ Microsoft Word
Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты.
а) мұғалім үшін: жаңа материалды беру
ә) оқушы үшін жаңа білімді меңгеру

Сабақ мақсаты:
а) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі.
а) мұғалім үшін: жаңа тақырыпты түсіндіру
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрі
а) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас – кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас

Сабақ тақырыбына көзқарас – мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы

Бақылау тақырыпты оқушылардың пысықтауы

Бақылау тақырып бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін ұсынуы және қорғауы.

Сабақтың қорытынды кезеңі – тақырып бойынша қорытындылау.

Сабақтың қорытынды кезеңі – рефлексия өзінің іс-әрекетіне саналы көзқарас.

Демек оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта білсек, жеке тұлғаны ерікті-құндылық, интеллектуалдық тұрғыдан жетілдіре түсеріміз хақ.


Ойлау үрдісі субъектінің қажеттілігіне, сарынына, себеп-дәлеліне байланысты пайда болады, яғни ойлауды зерттеу адамның іс-әрекеті сарынын және есебін қарастырады.
Психологияда ойлау қабілетін зерттеудің әртүрлі бағыттары көбіне қарама-қарсы қойылады (В.Беспечанский және т.б.), бірақ, онда педагогика үшін маңызды ортақ сипаттамалар бар.

  1. Ойлау қабілетінің дамыту үрдісі оқушылардың белсенді танымдық және тәжірибелік іс-әркетінде мол жетістікке жетеді.

  2. Бұл іс-әрекет оқытудың шартты жүйесі арқылы мұғалімнің мақсаты бағытталған басқаруында болуы қажет.

  3. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің маңызды сәті ойлау қабілетінің тәсілдері енгізілген оқу мазмұнын меңгеру болып табылады.

Ойлау қабілетінің педагогикалық анықтамасы үшін ойлау түрлері туралы бұрынғы мәселенің әдіснамалық маңызы бар. Ойлау шындықтың жалпы бейнесі ретінде әрқашан мазмұнды. Ойдаудың мазмұны адамның танымдық белсенділігінің бағытталуына, таңдалуына, әлеуметтік шарттарға байланысты жүргізілетін іс-әрекеттің қажеттіліктері мен сарынына байланысты болады. Дегенмен, бірыңғай ойлау үрдісін нақты мазмұнға байланысты әрбір жаңа мазмұнды ойлаудың «ерекше» түрі деп бөлуге болмайды. Ойлау әрбір жеке пәнге таратылады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық және психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген. (Д. Боглявленский, Н. Менчинкая, Е. Кабанова-Меллер, В. Решетников және т.б) Н. Менчинская өз еңбегінде «жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер етеді» - деп , оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің ролін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі – ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған логикалық операция немесе логикалық операциялар жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстрактілеуді салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім, яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылық жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әртүрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта негізгі талаптардың бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

  1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру).

  2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

  3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

  4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

  5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

  6. Шығармашылық қабілетттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

  7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К. Д. Ушинский: «еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:
- Оқушының өзбетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әрсалалы болуы керек;
- Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;
- Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;
- Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет