Оқушыларға Абайдың қара сөздері, өлеңдері арқылы патриоттық



Дата06.11.2016
өлшемі146,37 Kb.
М.П.Русаков атындағы №2 мектеп – интернаты

Оқушыларға А.Құнанбаевтың қара сөздері, өлеңдері

арқылы патриоттық тәрбие беру
/педагогикалық кеңес/

Тәрбиеші: Тлеубекова Қ.О.


Балқаш қаласы

2012-2013 оқу жылы

Оқушыларға Абайдың

қара сөздері, өлеңдері

арқылы патриоттық

тәрбие беру

Мақсаты:
1. Өз тілінің тарихын, халқының өткен өмірі мен бүгінгісін, халқымыздың ұлы ойшылдарының өлеңдері мен қарасөздерін оқыта отырып, сөз мағынасын, сөз астарын дұрыс түсіне білуге үйрету.
2. Қара сөз арқылы оқушылардың ойлау, сезіну, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.
3. Мәнерлеп оқыту арқылы адамгершілікке, эстетикаға, еңбексүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жас ұрпақты Қазақстан мемлекетінің ұлттық тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білуі.
2. Мектепішілік және қалалық іс шараларға қатысып, оқушының өзін-өзі жетілдіруі.
3. Оқушылардың жеке қабілетінің анықталуы.
4. Қара сөз арқылы тіл байлықтарын арттырып, көркем-әдеби тілмен сөйлеуге дағдылануы.
5. Тәрбие сағаттары арқылы оқушының жауапкершілігі мен ізденімпаздығының жоғары болуы.
6. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі тәрбиешінің алдына қойған мақсатының орындалуы.

Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс



Н. НАЗАРБАЕВ

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Абай халықтың болашақ   жаңа қауымына , жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды , нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей , жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда , қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін , маңызын жоғалтпайтын ұғым. Бізде көп жылдардан бері тәрбие сағаттарын осы Қазақ елінің ғұламасы , данасы Абай атамыздың қара сөздері арқылы оқушыларға дәріптеп келеміз. Мен өзімнің тәрбие сағатымда А.Құнанбаевтың орыс шығармаларынан аудармаларын, өлеңдерін, қара сөздерін өткізе келе мынандай жайтқа куә болғандаймын. « Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді»-деп аса көрнекті ғалым М.Әуезов айтқандай қара сөздерінде

Жер дауы-

Әкімдер сиқы-

Дінге көзқарас-

Теріс мінездер-

Мораль-

Этика-


Бала тәрбиелеу\жастарды өнер – білімге шақыру-

Еңбек ете білуге шақыруы-айқын сезіліп тұрады.


Абайдың өлеңдері де, қара сөздері де нақыл сөздерге (афоризмдерге) мейлінше бай келеді. Олардың кейбіреулері халық мақалына айналып кетті. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар» деген сияқты сөздері ауыздан-ауызға тарап, халық мұрасына айналды. Бұл оның нақыл сөздерінің ел тілегімен қабысқандығын, түрі жағынан көркем, жатық, мазмұны жағынан терең, мағыналы екендігін дәлелдейді.

Ақынның нақыл сөздерінің де түйіні өлеңінде болсын, қара сөздерінде болсын еңбекке, ғылымға, өнерге, адамгершілікке, әділдікке үндеу идеясымен ұштасып жатады.

Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Немесе:

Бақпен асқан патшадан,



Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық, - деп, ақын оқушыларын ерінбей еңбек етіп, сол еңбек арқылы өмірден керегіңді ізде, адам баласының күн көрісі үшін де, адам болып жұрт қатарына қосылуы үшін де, еліне қызмет ету үшін де ең бірінші керек нәрсе еңбек деген қорытынды шығарады.

Қазақтың ескі феодалдық қоғамының кертартпа көзқарасы «Ауру қалса да, әдет қалмайды», «Сүйекке сіңген мінезді жөндеуге болмайды» дейтін. Педагогика ғылымы, жер жүзінің ірі-ірі педагогтері мінез-құлықты түзеуге болатындығын да, түзеудің керектігін де ғылым жолымен дәлелдеп берді. Әдетті де тәрбие арқылы қалдыруға болатындығын көрсетті. Бұл мәселені кеңінен толғап, терең түсінген және сол жөніндегі прогрестік идеяға үндеген адамның бірі - Абай. Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген адамның тілін кесер едім», - деген сөзі мінез-құлықты жөндеуге тәрбие жұмысының үлкен мәні барлығын қолдаушы адам болғандығын айқындайды.

Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр.

талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларының Абайға ұнауы, олармен өзінің мұңдас болуы, осы елдердің ұлы ақындарының идея-тілектерінен туды. Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары ол кездегі қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды. Сөйтіп Абайдың аудармалары мәдениетті, үлкен идеяны қолдаушы басқа елдердің ұлы ақындары мен қазақ жұртшылығы араларындағы дәнекер болды. Абай оларды тек досы көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы да санады.

Жастардың патриотизмінің еңді бір қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Бұл ойда алдымен бізге Абай түседі. Данышпан, қазақтың ұлы Абайы, оның қара сөздері мен ұлы түйінді ойлары. Бұлардың барлығы да адамгершілік хақында. Жастарының тәрбиесіне, халқының әдет-ғұрпына еркеше мән беріп, жазған асыл сөз арналары бүгіндері адамгершілік бастауы іспеттес. Адам болып, алланы сүйіп, өмірде ғылым, білім үйреніп, арам пиғыл күнәлардан арылып, мәдениетті елдердің озық үлгісін алуға үйретті. Адамгершілік мәселелерінен әділет, ақтық турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай адамдық сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бойқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші – өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арам тамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жоғын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Абайдың адамгершілік жөніндегі өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындығымен, тәрбиелік ойларымен құнды. Бұл жағы айырықша тартып талдауды қажет етпейтін түсінікті жайлар Бұл адамгершілік қағидалардың барлығы жастарымыздың патриоттық, отансүйгіштік, елжандылық, жағынан тәрбиелейтін ұлы құралы. Қалай десе де Абай бұл жағынан, жастарға қарата, болашағына ойлап жазған құнды мұрасы. Ел ертеңін ойлаған патриот, халқымыздың біртуар нар тұлғасы.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Алдағы мақсатымыз Қазақстанның гүлденіп, өркендеп, көркейіп, жастары оқыған, үлкені ел сыйлаған, патриотты, ұлтжанды, халықтың мықты діттеген ордасын құру. Кешегі өткен өміріміз жолын еске алсақ, талай қиыншылықты бастан кешірген халықпыз. Сонда да ащы мен тұщының дәмін татып, қиыншылық көрсе қысылмай, батылдық, табандылық, өжеттілік танытып бүгінге жеткен Отанымыз алтын орда үйіміз.



Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азамат осыны түсінер деп ойлаймын. Ол үшін алдымен адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі қажет. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Қорыта келгенде, Егемен Қазақстанның  тізгіні  жастар  қолында.  Халық  жазушысы Әзімхан Нұршайықов: «Ұлттық  тілдің, дәстүрдің  тірегі тәуелсіздік. Тәуелді  ұлт – бұл  байлықтың  бәрінен айырылып  бейшара  болады» деген. Бұл қанатты сөзді  бойымызға  сіңіріп,  жас  жүрегімізге «Елім»  деген  сөзді  ұялатып,  елге  адал қызмет ететін патриоттық  құндылықтары  қалыптасқан тұлға  тәрбиелеп  шығару  біздің  басты міндетіміз. Түйіп айтқанда, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген   жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау ойдан арна тартады.

Патриоттық құндылықтары

қалыптасқан тұлға


Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерген

Ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған ғылыми-дәрежелі

Халықтар арасындағы достықты нығайтатын




Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын



Қазақстан Республикасының экономикалық байлығын арттыра алатын

Отанды қорғауға және жалпы адамзаттық тыныштықты қолдайтын

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне, халықтың мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне құрметпен қарайтын

Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет