Оқушыларға сұрақ қою



бет1/2
Дата30.06.2020
өлшемі27,23 Kb.
#74727
  1   2
Байланысты:
қызға


«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербететеді». Сондықтан ата-бабамыз қыздың тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Оған «қырық үйден тыйым» салған. Ұрпағының дені сау, тәрбиелі болуы, ұлттың болашағы қыз баланың қолында екенін түсінген. Ал қазір ше? Оқушыларға сұрақ қою.

Қазір қалада дамыған бұл әдепсіздік ауылдан келген жастарды өз уысына түсіруге әлек. Ұлттық рухтағы тәрбиемен сусындап келген жастардың кейбірі тілдерін орысшаға бұрып, киім киістерін ашық-шашыққа өзгертіп шыға келеді. Сөйтіп ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. Еліктеудің салдарынан қым-қуыт тіршілік ағымында жолынан адасып кететіндері де аз емес.

.

Ең аяулы тәрбие — ана тәрбиесі



Ата-бабамыз қыз баланы қонақ деп, төрден орын берген. Оның оң жақта ұзақ болмайтынын анасы әуелден-ақ қаперінен шығармаған. Болашақ ана деп қарап, қыз баланың жүріс-тұрысына ерекше көңіл бөлген. Себебі ұлттың болашағы қыздың алған тәлімімен байланысты деп ұққан. Ұлттық тәрбиенің негізі ретінде мыналарды «қызым әдепті болсын» деп істеді.

1. Бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады. Айтқанын орындады. Сонан соң қызбала бұл ғаламда әкемнен артық адам жоқ деуді бара-бара мойындады. Бұл опасыз пәниде, бірде жыртық, бірде бүтін тіршілікте жоқшылық пен барлығы құрғырдың есіртетіні де кейітетіні де жиі кезігеді емес пе, осындайда қызын әдептілікке апарғысы келген ақылды әке сыр, мінез білдірмейді.

2. Қыз балиғатқа толысымен оның айналасы жауға толады. Біреу «үкілеуге» ұмтылады. Біреу «кетік алма» етіп кеткісі келеді… Осындайда бұрынғы аналардың екі көзі төрт, ұйқысы аз. Ол есік алдындағы ит үрсе де, біреу келе жатса да, үйіне қонақ қонса да, қызы көзінен таса болса да секем алады. Себебі, көгеніндегі марқасы марқайды. Мұндайда ана сорлы қызының мінезіндегі өзгерісті, денесіндегі байқала бастайтын белгілерді сәт сайын абайлаған.

3. Қызы әжетке жарасымен ол кездегі ақылды аналар бұрынғыдай бөлек жатқызуды, албаты қыдыртуды шектеп не өзінің, не әжесінің іргесіне жатқызады. Далаға жіберсе, бейбастақ бала, төрге жатқызса, ынсапсыз қонақ, жеңгеге ілестірсе, «қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады» деп өзінен өзгеге мүлдем сенбеген.

4. Қызының ойын, уақытын бөлуге мұрша бермеу үшін қозы қосақтатқызған, үйдің күйбеңінен бас алғызбаған. Еңбекке машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке апаратын бір жол болған.

5. Ана қызының табиғатындағы талантты алдымен аңғарады, егер ол іскерлікке, балбармақтыққа, өнерге бейім болса, баласына осы жөнінде мүмкіндік жасайды. Бұл да — әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тұратын екінші жол.

6. «Қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» дегенді ежелден білетін ана бәрінен бұрын қызын кейбір «көгенде қашып кететіндердің» маңына жолатпайды. Бұл үшін ана маңындағы қызы құралпыларды жете білуді, тегін тексеруді, олардың әдепсіздігін қызының құлағына жиіркенте жиі-жиі айтуды ескерген.

7. Ертедегі қазақта бастаңғы, қызойнақ, қойкүзеті, тоқымқағу, алтыбақан, ақсүйек деген сықылды жастардың бас қосатын кездері жиі болған. Бұған мүшелінен асқан — бойжете бастаған қыздар баруға хақылы. Мұндайда ақылды аналар қызын сенімді адамға қосқан, ерте қайтуды тапсырған. Келген соң кәдімгідей жүрген-тұрғанын тексеріп отырған. Қазіргідей туған күнді, мектеп бітіргенді, әскерге шығарып салуды, бір жақтан келгенді қарсы алуды, күнді-түнге, түнді-күнге ұластырып тойлатуға тізгін -шылбырсыз жіберу ол кездегі аналарда кемде-кем болған.

8. Сұмдыққа ұрынған, қолды болған қызын ертедегі аналар келісімен не түрінен, не құбылысынан, не уақытынан, не бірге болған адамынан абайлауды, тексеруді ұмытпаған. Ананың бұл сәуегейлігінен жасқанатын қыз көп жағдайда сақтанған.

9. Қыз ел көзіне түсе бастасымен оған анасы көсемсіп сөйлемеуді, кісіге тіке қарамауды, ұяң болуды, өз жанынан ұзамауды, қыдырмауды, жұртқа сүйкімсіздерге жоламауды, ішті болуды, албаты күлмеуді, ата-ана мен аға-бауырдан басқаның жаны пәлендей ашымайтынын жалықпай айтқан.

10. Жеті атаға дейінгілердің бірін — ағасы, бірін — бауыры деп таныстырған. Мұнысы — қыз алысуға болмайдыны түсіндіргені.

11. «Әкенің ең жақсысы жездедей-ақ» дегенді қазақ көп айтқанымен, сақ аналар қызына «жезде» деуден гөрі — «аға» деп сыйласатын шекара жасаған. Қызының ерте ме, кеш пе, әйтеуір кететініне іштей бейімделіп жүретін ақылды аналар өзі білетін өңірдегі күн шалған шаңырақты, көргенді ата-ананы, әдепті бала-шағаны біліп алып, оны қызына сөз сыралғысы ретінде дәріптеп, көргенсіздерді күні бұрын білдіртпей жамандап қызына өз сыңайын сөз арасында ептеп ескертіп отырған. Баласы осылардың қайсысына назар аударғанын астыртын қадағалаған.

12. Шешеден бұрын сөйлемеуге тәрбиелеген.

13. «Ит жүгіреді, иттің артынан қыз жүгіреді» деу — қыз кемеліне келгенде кезігеді. Бұл «қыздың мұраты — кету, жол мұраты — жетуден» шығады. Осыған байланысты бұрынғылар қызын сыртқа албаты шығарудан шектеген. Ара-тұра ғана аса аяулы адамды, сенімдіні аттандыруға үйде ешкім болмағанда ғана белдеуге, не мамағашқа дейін шығаруға өзі жұмсаған. Жұмсамаса, қыздың оны аттандыруға рұқсаты жоқ. Себебі — оны кез келген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ.

14. Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған. Қызы бойжетіп ел көзіне түсе бастасымен, ол бұрынғы қыдыруын, баласын оңаша тастауды қысқартады, азайтады, не өзімен ерте жүреді. «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болатынынан» сақтанады.

15. Қызына ауыл-үйдің бозбалаларын иектетпеу үшін ана бұрынғы алаңсыз ұйқыны азайтқан. Ол үйіне жатып сырттағы беймезгіл үрген итте де гәп барына алаңдаған, кімнің төңіректегенін де мөлшерлеп, өзінің ояу екенін аңғартқан. Мұндайда анаға ең сенімді серігі — енесі.

16. Үй ішінде қыздың тәртіпті болуда сөзін тыңдайтыны әке мен шеше, сескенетіні, сыйлайтыны — аға, сырласатыны — жеңге, ұялатыны — ауыл, ру. Бұлар — тұтасымен ойламай от басып алмауға қорған.

17. Шеше міндетті түрде өзі білетін өнерін — тіршілік, не ісмерлік, не кісі сыйлап қонақ күте білу, астың бабы, дастарқанның мәзірі сықылдылардың бәрін қызына үйретуге міндетті. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген осыдан шыққан. Анасы аяулы, әкесі ардақты бала әдепсіздікке бара қоймайды. Әке мен шеше бұл билікке бір жағынан баласының қамына бола ұмтылады. Бұл да қызды әдептілікке қалыптастырудағы бір жол, өнегелі орта. (Ахмет Жүнісұлы)

Қазақы тәлім қызға адамгершілікті, адалдықты, махаббат айдынында тазалықты, шынайы ғашықтықты, арлылықты үйреткен. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген дана халқымыз қызға барлық асыл қасиеттерді сіңірген. Мысалы: «Шұғаның белгісінде» сүйіспеншіліктің дертінен құса болып өлуі, «Қорғансыздың күнінде» қаршадай қыздың жауыздыққа душар болған шіркеулі бетімен пәк жерді басқысы келмей үсіп өлуі, «Ақбілекте» тұтқында ұстаған орыстың қолы тиген денесінен жиреніп, тапталған арының құрбаны болуы ата-ананың кіршіксіздікке, адалдыққа баулыған ұлттық тәрбиені үйрете білуінде.

Бала кезінде ұлттық тәрбиемен сусындаған қыз бала бойжеткенде де сол әдебін сақтайды. Салт-дәстүрді туғаннан сіңірудің негізгі мақсаты — қызға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Б. Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол — адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл — өмір заңы» — деген.

Қызға байланысты ауыз екі тілдегі теңеулердің де тәрбиелік мәні терең. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз -елдің көркі, гүл — жердің көркі», «Жақсы қыз — жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар», т.б. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б.

Қыз баланың киімінде де ұлттық этика қалыптасқан. Қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк кигізген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi — қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.

Халқымыз «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды», «Қыздың ұяты шешеге», «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр.

.


Қызға 40 үйден тыйым:

1. Жарыса сөйлеуге


2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10.Шалқайып жатуға
11.Тамақты обырлана асауға
12.Ұрлық-қарлыққа
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Бұраңдап қылымсуға
15.Қызыл іңірде жатуға
16.Түске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыруға
18.Салт-дәстүрден аттауға
19.Елді ғайбаттауға
20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке
22.Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысуға
24.Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке
26.Түнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен араласып жатуға
28.Күйеуге қашып тиюге
29.Әдепсіз сөзге
30.Тарс-тұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге
33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Айғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасануға
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен өзімшілдікке
38.Алдап-арбауға
39.Көрсеқызарлыққа
40.Нәпсі құмарлыққа тыйым

«Не нәрсе ұятты болса, сол асыл»

Ұлттың құндылықтарын, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа сақтап тасымалдап отыратын да әйел баласы. Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі. Әлия, Мәншүк секілді батырлар да бүгінде үлгі тұтар тұлғалар. Ал қазір көшеде темекі шеккен қыз, әдепсіз көріністерді көргенде ұялғаннан қымсынасың. Сондықтан ұлттық тәлім-тәрбие туралы отбасы, мектеп, қоғам түсінік беруі қажет.

Қызды тәрбиелеуде тек отбасы ғана емес теледидар, ғаламтор, радио, кітаптар, барлар, дискотекалар әсер етіп тұрған заман. Таң азаннан кешқұрымға дейін күнкөріс қамымен жұмысбасты болған әке-шешенің тәлімге уақыты тым аз. Сәби өз бетімен дамиды. Осының жағымсыз жақтары басым, әрі қоғамға кесірін тигізіп тұр.

Мектептің де беретін тәлімінің жөні бөлек. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру — басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға өз отбасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Қыз бала қанша жерден білімді, дәулетті, белгілі әрі беделді болса да, оның өмірдегі ең үлкен үміті әрі бақыты — ол отбасын құру, және оның ең басты арманы — үлгілі әйел, құрметті ана және отбасының сүйеніші болу. «(Мұхаммед с.ғ.с.) Мүмін әйелдерге айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе етіңдер! Әрине құтыларсыңдар» («Нұр» сүресі, 30-31-аяттар).

«Не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен Ғабиден Мұстафин. Осы ретте қыз бала тәрбиесіне қатысты айтылып жатқан ғибыратты сөздерден тағы да үзінді келтіре кетейін.

Құбығұл Жарықбаев, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор: «Қазақта «ұят болады» деген ұғым, түсінік болған. Басқа өзге бір ұлт та жоқ. Қазақ баласын жасынан кешегі күнге дейін сол «ұят боладымен» тәрбиелеп келді. Сондықтан ибалы, инабатты, арлы, ұятты болып ер жетті. Бүгін сол халықтың «ұят боладысы» кеміп, «онда тұрған дәнеме жоғы» көбейді. Соның салдары — көргенсіздік. Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Сондықтан барлық жоғары оқу орындарында қыз тәрбиесіне арналған арнаулы курс жүргізілсе, бұл ұлттық маңызы бар оқиға болар еді деп ойлаймын. Мұны Білім және ғылым министрлігі ойланса екен. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет».


Начало формы

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…».

Қорыта айтқанда, ұлттық тәрбиені жандандыру арқылы ғана қоғамды жезөкшеліктен тазарта аламыз. Салт-дәстүрді, әдеп-ғұрыпты бүгіннен жастардың құлағына құйып отырмасақ, ертең бәлкім бармағымызды тістеп қалармыз. Сондықтан ұлттың болашағы қыздарды қырық үйден тыйып тәрбиелесек ұрпағымыз таза, арлы, ұятты болып өсері анық.



«

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет