ОҚушылармен дене шынықтырулық ЖӘне сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі



бет2/3
Дата18.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#11769
1   2   3

«ОРЫНДАРҒА ТЕЗ»

Дайындық. Барлық ойыншылар бір немесе екі бағандарға бір-бірден сапқа тұрады жәнеқолдарын алға созады, алдында тұрғандардың иығын қолының ұшымен сәл түртеді.

Бейнелеу Оқытушы белгісі бойынша: «Қашыңдар!» дегенде барлық ойыншылар жан-жаққа қашады. Екінші бұйрықта: «Орындарына тез!»

Барлығы алдыңғы негізгі жағдайға қайта тұрып, алда тұрғанның иығына қолдарын қоюы керек. Кім соңғы орын алса, сол ұтылады. Егер екі бағана ойнаса, онда ертерек реттеліп тұрған топ ұтады.

Реттелу құрылысы әр түрлі бола алады: екі сап бетерімен қарама-қарсы, екі шеңбер, серіктердің иықтарына қолдарын қою.

Ереже.1. Тек қана анықталған белгімен ғана ойынды бастау.

2. Тек қана басқарушының командасымен жүгіру.

3. Бағанаға жылдам реттелу керек, бірақ әңгімесіз және шусыз.

«Тиым салынған қозғалыс»

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады.

Бейнелеу Оқытушы ойнаушылармен бірге шеңберге тұрады және оларға барлық қозғалысты орындауды ұсынады, бірақ олар алдын ала анықталған «тиым салынған» қозғалысты орындамауы қажет. Кім жаңылады және «тиым салынған» қозғалысты орындайды, ол айып пұл ұпай алады.

Содан соң ойын қайта жүре береді.

Ойын аяқталысымен қателік істемегендер мен ең ықыласты емес қатысушылар белгіленеді.

Ереже: 1. Ойнаушылар «тиым салынған» қозғалыстан басқасының барлығын орындауы міндетті.

2. Айып пұл ұпай алғандар ойынды жалғастырады.



«Пішіндер»

Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқа ойыншылар алаң бойынша жүгіреді және кім не қалайды соны ойнайды. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы алаң жағының біреуінде орналасады.

Бейнелеу Жүргізетін ойыншының бірінші белгісімен ойнаушылар тоқтатылады және олардың әрбірі қандай болмасын дене тұрысын қабылдайды. Екінші белгі жалауды қағуымен алаңға ойынды бастап жүргізетін ойыншы шығады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы қозғалған ойыншы көріп қалып оны қолмен тиеді. Осыдан кейін «Ойнандар!» деген үшінші белгі беріледі. Барлығы жаңадан жүгіреді.

Ойынды бастап жүргізген ойыншы қолмен тигізген ойыншы ойынды бастап жүргізеді, бұрынғы ойынды бастап жүргізген ойыншы бәрімен қайта бірдей ойнайды.



Ереже: 1. Ойынды бастап жүргізген ойыншы бір ойыншыны қайта-қайта бақылап тұруға құқығы жоқ.

  1. Қабылданған дене тұрыстарын алмастыруға болмайды.



«Ортаңғыға доп»

Дайындық. Ойнаушылар 3-4 командаға бөлінеді. Әрбір топойыншылары қолдарың жан-жағына керілген ара қашықтықта шеңберге тұрады. Шеңберлердің сызықтары сызықпен белгіленеді. Әрбір шеңбер ортасына волейбол добымен ойынды бастап жүргізуші ойыншы кіреді.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен ойынды бастап жүргізетін ойыншы ойыншылардың біреуіне допты тастайды, ол ойынды бастап жүргізген ойыншыға қайтарып береді. Дәл осылай әрбір ойынды бастап жүргізген ойыншы өзінің шеңбердегі барлық ойыншыларға бреді. Ойынды бастап жүргізген ойыншы соңғы ойыншыдан допты алып, допты жоғары көтереді. Қай команда ойыншылары допты асыра лақтыруды ертерек аяқтаса, сол ұтады.

Ереже: 1. Оқытушының белгісімен ойынды бастау.

2. Ойынды қайта ойнаған жағдайда ойынды бастап жүргізетін ойыншы болып басқа ойыншы тағайындалады.

«Дауыс арқылы біл»

Дайындық. Ойнаушылар шеңберге тұрады. Бір ойыншы шеңбердің ортасына тұрады және көзін жабады (көзді ормалмен не мойын орағышпен байлауға болады).

Бейнелеу Барлық ойнаушылар шеңбер бойымен жүреді, ортасында көзі жабылған ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.

Ойыншылар басқарушының артынан шеңбер бойымен жүреді, оның қозғалыстарын қайталап, содан кейін тоқтайды және былай деп айтады: «Біз аздап ойнадық, ал қазір біз шеңберге тұрдық, сен жұмбақты тап, кім сені шақырды, біл!» Басқарушы бір ойнаушыларды үнсіз көрсетеді, ол айқайлайды: «біл, мен кім!».

Ойынды бастап жүргізген ойыншы оны дауысы арқылы білуі қажет. Егер ол таңыса, таңылған ойыншы ойынды жүргізуші болады, егер қателесе, онда ойын қайта басынан басталады.

Ереже. 1. «Біл, мен кім!» деген сөзді тек басқарушы көрсеткен бір ойыншы ғана айтады.

2. Ойынды бастап жүргізген ойыншы айтып жатқан ойыншы айтып болғанша көзін ашуға құқығы жоқ.


«Нысанға мерген»

Дайындық. Алаң ортасына сызық сызылады, бойлай 10 күрзілер қойылады.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді және бір саппен бірінін артынан бірі күрзілерге бетпен алаңның бір жағында тұрады. Алда тұрған саптың ойыншылары кішкентай доптарды алады.

Сап алдында мәре сызығы сызылады.

Бейнелеу Ойыншының анықталған белгісімен бірінші саптың ойыншылары күрзілерге доптарды лақтырады, оларды ұшырып түсіруге талпынады. Ұшырып түсірілген күрзілер саналады және қайта орнына қойылады. Допты лақтыратын балалар жүгіріп оларды алады және келесі команда ойыншыларына береді, ал өздері олардың артында сапқа тұрады.

Оқытушының белгісімен екінші саптың қатысушылары тағы да солай күрзілерге доптарын лақтырады. Тағы да ұшырып түсірілген күрзілер саналады. Дәл осылай 2-4 рет ойналады.

Бірнеше рет көбірек күрзілерді ұшырып түсірген команда жеңеді.

Ереже. 1. Допты тек басқарушы белгісімен ғана лақтыруға болады.

2. Лақтыру барысында мәре сызығынан шығуға болмайды. Сызықтан атап өткен лақтыру саналмайды.
6.2 Орта күшейте түскендікті
«Сүрлеу жол»

Дайындық. Ойнаушылар 8-10 адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ қолдарын алып шеңберді құрайды.

Бейнелеу Ойын шеңбер арқылы оң жаққа жүгірумен басталады. «Сүрлеу жол» белгісімен әрбір шеңбердің ойыншылары бағанға реттеліп және отырулары кажет. Басқарушы «төмпешік» белгісін бергенде, әрбір шеңбер 2 шағын топқа бөлінеді, ойыншылар қолдарын қосады және жоғары көтереді. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін ойын ойнаушылардың шеңбермен оңға жүгірістерімен ойналады.

Ереже. 1. Басқарушы әрдайым қай топ тапсырманы дұрыс орындайтынын белгілейді де оған ұтымды ұпай есептейді.

2. Ұтымды ұпай жинаған ойыншылар командасы жеңеді.


«Аюдың қылқанды орманында»

Дайындық. Барлық ойнаушылар алаңның бір жағында орналасады. Қарама-қарсы жақта сызық сызылады - «орман жұрындауы». Сызықтан 2-3 қадамнан кейін «аю апаны» орналасады.

Бейнелеу Ойнаушылар «аю апанына» жақын келеді және жидектерді және саңырауқұлақтарды жинауды еліктеп қозғала бастайды, барлығы бірге үкім етеді: «аюдың қылқанды орманында жидек саңырауқұлақтары аламын, ал аю отыр және бізге ырылдайды». Балалар соңғы сөздерін айтқанда, «аю» апанан ырылдап ұтып шығып біреуді ұстап алуға тырысады.

Ереже. 1. Ұсталған ойыншыны апанға апарады. Ойын 3-5 ойыншы ұсталғаннан кейін аяқталады.

2. «Аю» келбетінде кез келген ойыншы бола алады.


«Торғайлар»

Дайындық. 4-6 диаметрлі шеңбер сызылады. Ойынды бастап жүргізетін ойыншы шеңбердің ортасында тұратын немесе отыратын «мысық» тағайындалады. Қалған ойыншылар «торғайлар» шеңбердің сыртында болады.

Бейнелеу Басқарушының белгісімен «торғайлар» шеңберге секіріп кіреді және шеңберден секіріп шығады. «Мысық» шеңберден секіріп шыға алмаған торғайды ұстап алуға тырысады. Ұсталған шеңберде ортасында отырады немесе сәл отырады. Мысық 3-4 «торғай» ұсталғаннан кейін ұсталмағандардан жаңа «мысық» таңдалады. «Мысықпен» ұсталған «торғайлар» қайта ойынға қосылады. Ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді. Сонымен қатар тез белгіленген «торғай» санын ұстаған «мысық» та белгіленеді.

Ереже. 1. «Мысық» «торғайларды» тек шеңберде ғана ұстауы мүмкін.

2. «Торғайлар» тек бір не екі аяқпен ғана секіреді. Кім шеңбер арқылы жүгіріп өтсе, ол ұсталған болып саналады да шеңбер ортасына «мысыққа» барады.

3. Ұсталған «торғай» болып саналады, егер «мысық» оны қолымен тисе, ол шеңберде бір аяқпен болған жайдайда да.




«Қояндар бау-бақшада»

Дайындық. Екі сызық сызылады: 6-8м сыртқы диаметрі, 3-4м ішкі (біреуі біреуінде). Ойынды бастаушы – «күзетші» кіші шеңбер «бау-бақшаға» тұрады. Қалған ойыншылар «қояндар» үлкен шеңбер сыртында орналасады.

Бейнелеу Белгі берілгенен кейін «қояндар» бір не екі аяқпен секіріп «бау-бақшаға» кіші шеңберге кіруге талпынады. «Күзетші» үлкен шеңбер сыртына шықпай, «қояндарды» ұстауға, яғни қолымен тиуге талпынады. Ұсталған «қояндар» шетке шығады.

3-5 «қоян» ұсталғанан кейін жаңа «күзетші» тағайындалады және ойын қайта басынан басталады. Бірде бір ұсталмаған жеңеді.

Ереже. 1. «Күзетші» «қояндарды» бау-бақшада да, үлкен шеңберде де ұстауы мүмкін.

2. Ұсталған «қояндар» ойынға қосылмайды, қайта жаңа «күзетші» тағайындалмағанша.




«Доптардың бастың үстімен берілуі»

Дайындық. Ойыншылар бірнеше топтарға бөлінеді және бір-бірден бірі-біріне параллельді бағанға реттеледі. Бағанадағы ойыншылар қолдарын жан-жаққа керілген арақашықтықта орналасады. Алда тұрған бағаналардың доппен.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен алда тұрған ойыншылар бастарының үстімен арта тұрған ойыншыларға береді. Олар да осы тәсіл арқылы допты арта тұрғандарға бағана біткенше береді.

Әрдайым бағанадағы соңғы ойыншы допты алғаннан кейін өз бағанасының сол жағымен жүгіріп, бірінші болып тұрады да допты басының үстімен артқа береді. Ойынды бастаған бірінші ойыншы бағанның өзінің алдыңғы орнына келгенше ойын жалғаса береді. Өз орнына келгесін, ол допты жоғары көтеруі қажет.

Бірінші болып жеткен команда жеңеді және ұтымды ұпай алады.

Ереже. 1. Допты тек өзінің көрші тұрған ойыншыға ғана беруге болады. Допты бірнеше ойыншылар үстінен лақтыруға тыйым салынады.

2. Допты құлатып алған ойыншы өзі допты көтеріп, орына тұрып және допты артында тұрған ойыншыға беруі қажет.

3. Әрдайым ең соңғы ойыншы бірінші орынға жүгіріп келгесін, барлық баған артқа жарты қадамға жылжуы керек.

4. Ең көп ұпай жинаған команда жеңеді.


«Бос орын»

Дайындық. Ойынды бастап жүргізетін ойыншыдан басқалары бір-бірінен жарты қадамнан көп емес арақашықтықта шеңберге тұрады және қолдарын арқларына салады. Ойынды бастаушы шеңбер сыртыңда болады.

Бейнелеу Ойынды бастаушы шеңбер бойымен жүгіреді, ойнаушылардың біреу тиеді және осыдан кейін шеңбер бойымен басқа жаққа жүгіреді. Тиген ойыншы қарама-қарсы жаққа жүгіріп, өз орына тез жетуге талпынады. Ойыншылар жолда кездесіп, амандасады: бір-біріне қолдарын береді, бір-бірлерінің алдарында отырады және т.с.с. Бос орынды ала алмаған ойыншы ойынды бастап жүргізеді.

Ереже. 1. Ойынды бастаушы ойыншының қолынан тиісуі қажет, оны жүгіру жарысына шақыру.

2. Ойыншылар шеңберді бойлап жүгіргенде оларға ешкім кедергі тигізбеуі керек.

3. Ойыншылар кездескенде міндетті түрде тапсырманы орындаулары қажет, кім тапсырманы орындамаса, сол ойынды бастап жүргізетін ойыншы болады.




«Екі аяз»

Дайындық. Қарама-қарсы алаң жақтарында 10-20м арақашықтықтағы екі «үй» сызылады. Біреуінде барлық ойыншылар болады, тек екі «аяздан» басқлары, олар ортада тұрады.

Бейнелеу Аяздар сөйлейді: «Біз екі жас ағайындылармыз, ер жүректі екі аяз». Біреуі сөйлейді: «Мен аяз – қызыл мұрынды». Екіншісі: «Мен аяз – көк мұрынды». Және бірге: «Қайсыларының біреулерін жолға шығуға шешім қабылдайды?». Балалар барлығы бірге жауап береді: «Біз қорқытулардан қорықпаймыз және бізге аяз қорқынышты емес!».

Осыдан кейін ойнаушылар қарама-қарсы үйге жүгіреді. «Аяздар» қолдарымен тиген ойыншылар «тоңазытылғандар», келесі жүгіруге дейін орындарында тоқтап тұрады. Дәл осылай келесі жүгірулер өтеді. Жүгірудегі ойыншылар аязбен тоқтатылған ойыншыларды қолдарымен тиіп көмек көрсете алады. Көмек көрсетілгендер барлығымен сызықтан жүгіріп өтеді. Кім көп ойыншы тоқтатса сол ең мықты «аяз» болып саналады.

Ереже. 1. «Бізге аяз қорқынышты емес!» деген сөздерден кейін ғана ойыншылар үйден жүгіріп шығады.

2. Үйден шыққаннан кейін қайта үйге кіруге болмайды.

3. Ұсталған ойыншы «тоңазытылған» жерде тұруы шарт.

«Табандар және шортандар»

Дайындық. Ойыншылар – «тбандар», тек бір ойынды басқарушыдан басқалары 2-3м бөлменің қысқа жағында сызылған сызықтан кейін тұрады. Екінші сызық қарам-қарсы жақтағы оқу орынында белгіленеді. Алаңның ортасында ойынды бастаушы «шортан» орналасады.

Бейнелеу Оқытушының белгісімен «табандар» қарама-қарсы жақтағы сызыққа қарай өтеді. «Шортанмен» ұсталған «табандар» шетке қарай тұрады. Жүгіріс қайталанады. Ұсталған «табандар» бірнешеу болғанда, олар қол ұстасып «ау» құрады, ол арқылы ойыншылар жеңіл өтеді де, кейін олар «себет» құрады, бұл жерде бүкіл «табандар» өтуі керек. «Шортан» «табандарды» «себттен» тыс ұстайды.

Ереже: ойын оқытушының белгісімен басталады.
«Допқа тура тигіз».

Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен аралығы 18 м болатын 2 тізбекке тұрады. Алаңның ортасында волейбол добы орналасқан.

Бейнелеу 1-ші қатардағы ойыншыларға кішкентай доп таратады. Оқытушы белгі бергенде, ойыншылар кішкене допты ортада тұрған волейбол добына тигізуі керек. Допқа тигізген кішкене доптар шетке қарай қойылады. Бұл доптарды қарама-қарсы тұрған ойыншылар жинап алып, енді өз кезектеріне кіріседі. Допқа тигізген сайын ол ары қарай жылжиды. Қай команда допты сызытан асырса, сол жеңімпаз атанады.

Ереже. 1. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады. 2. Командалардың допқа лақтыруы шексіз болады.
«Нөмірлерді шақыру»

Дайындық. Ойыншылар 2-4 команда болып бөлінеді және бір-біріне параллель тұрады.

Бейнелеу Әр топта ойыншылар санаққа түседі. 2 м аралығында ойыншылар тұрған жерде, мәрі сызығы сызылады. Жол бойы 10-15 м аралығында таяқшалар қойылады. Оқытушы ойыншыларды нөмірлерін атап шақырады, бірақ өз қалауы бойынша. Кейбіреуін екі реттен шақыруы мүмкін. Шақырылған ойыншылар қатардың оң жағынан жүгіріп шығуы керек. әрбір жүгіріп келген ойыншы қайта өз орнына тұрады.

Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ұпайы ең көп команда жеңіске жетеді.



Ереже. 1. Егер, екі команданың ойыншылары мәреге бірге келсе, онда ұпай ешкімге берілмейді.

2. Егер ойыншы мәреге дейін жетпесе, ұпай оның қарсыласына беріледі.

6.3. Жоғары қарқындылықпен.
«Бір төмпешіктен екінші төмпешікке»

Дайындық. Ойыншылар 3-4 топқа бөлініп, сызықтың қасына тұрады. Жүгіру сызығынан мәреге дейін 10-12 шеңбер – «Төмпешік» сызылады. Диаметрі 25-30 см.

Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен ойыншылар «Төмпешіктен» «Төмпешікке» секіреді. Мәреге жеткеннен кейін, жүгіріп қатуы керек. Бірінші болып жүгіріп келген ойыншыға ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Ереже. Ойын оқытушының белгісімен басталады.

«Қарапайым салкалар»

Дайындық. Ойыншылардың біреуі – «Салка». Бұл ойыншы қолына көзге түсер орамал алып, ойынның басталар алдында, алаңның ортасына тұрады. Қалған ойыншылар алаңдағы кез-келген орынға тұрады.

Бейнелеу Ортада тұрған ойынша орамалды көкке көтеріп «Мен – салка!» деп айқай салады. Осыдан кейін ол ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін қолмен тигізуі керек. Егер ол бір ойыншыны жетіп алса, сол «Салка» болады, оған орамал беріледі. Ойыншылардың ішінде «Салка» болған ойыншы жеңіледі.

Ереже. 1. «Салка» болған ойыншы басқа ойыншыны ұстап алар алдында «Мен – салка!» деп айқайлау керек.

2. Жаңа «Салка» болған ойыншы сол уақытта басқаны ұстауға болмайды.


«Бір аяқта тұрып салка болу»

Дайындық. Ойыншылардың ішінен «Салка» сайланады, қалған ойыншылар кез-келген орынға орналасады.

Бейнелеу «Салка» бір аяқта секіріп, басқа ойыншыны жүгіріп, ұстап алуға тырысады. Жетіп алғаннан кейін олар рөлдерімен ауысады.

Ереже. 1. Ойын оқытушының белгісімен басталады.

2. Уақыт аралығында аяқты ауыстырып отыруға болады, бірақ жүгіріп кетуге тыйым салынады.


«Таңбаланған»

Дайындық. Ойыншылар ішінен ойын жүргізушіні – «таңбаланғанды» таңдайды.

Бейнелеу . Қалған ойыншылар алаң бойынша жүгіреді, ал «таңбаланған» оларды ұстайды. Ұсталған ойыншы «таңбаланған» болады.

Ереже. Егер «таңбаланған» жүгіргенде, ойыншының басқа ойыншы жолын жауып тұрса, онда қуып жүрген ойыншы керісінше ойыншыны ұстап алуы керек.
«Атты-спортшылар»

Дайындық. 2 м аралығында алаңның ұзындығы бойынша «тұрақ» құрады. Олардың саны ойыншыларға қарағанда 3-ке кем болуы керек. Барлығы бір шеңберде тұрады. Әрбір «ат үстіндегі» ойыншы спорттық аттың шығуын суреттейді.

Бейнелеу. Оқытушының айтуы бойынша, «аттың қадамы!» дегенде ойыншылар жүре бастайды, тізесін биікке көтереді, тізесі қолдың алақанына жетуі керек. «Бұрылу» командасында «аттылар мен аттар» дөңгеленіп бұрылады. «Желе жортып» деген командада «аттар» шеңбер бойынша жүгіреді. Бұйрықтар 2-3 рет қайталанады. «Тұраққа!» бұйрығымен барлығы жүгіріп, белгіленген орынға тұруға ұмтылады. «Тұрақсыз» қалып қойған «аттар» жеңіледі.

Ереже. 1. ойында барлығы тізесін биікке көтеріп жүгіреді, ережені бұзғандар жеңілген болып табылады.

2. Бір-бірін итеруге тыйым салынады.



«Өз жалауына қарай»

Дайындық. Ойыншылар 5-7 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Топтар шеңбер құрады. әр шеңбердің ортасына қолында жалауы бар ойыншыны тұрғызады.

Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен ойыншылар жан-жаққа таралып не артқа бұрылады, не көздерін жауып қояды. Бұл уақытта жалауы бар ойыншылар ақырын орындарын ауыстырады. Оқытушы белгі береді: «Өз жалауларына». Ойыншылар көздерін ашып, өз қолындағы түсті жалауларына қарай жүгіреді. әр топ бірінші болуға асығады. Бірінші шеңбер құрған ойыншылар жеңеді.

Ереже. 1. Ойыншыларға оқытушының белгі бермеуінше көздерін ашуға тыйым салынған, егер ойыншы көзін алдын-ала ашып қойса, онда оның тобы ойыннан мүлдем шығарылады.

2. Қолында жалауы бар ойыншылар міндетті түрде орындарын ауыстыруы керек.



«Ордағы қасқыр»

Дайындық. Алаңның ортасына бір-біріне параллельді 2 сызық, аралығы 70-100 см, сызылады. Оның аралығында 2 «қасқыр» жүреді, қалған ойыншылар «қозы», алаңның басқа жағында орналасады.

Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен «қозылар» «үйінен» шығады. Сол уақытта «қасқырлар» «қозыларды» ұстай бастайды. Ұсталып қалған қозылар шетке тұрады, кейін оларды санап, қайта ойынға қосады. 2-4 жүгірістен кейін қайта «қасқырларды» сайлайды да, ойын қайталанады. Ең көп «қозы» жинап алған «қасқыр» және керісінше бір де бір рет ұсталынбаған «қозы» жеңімпаз атанады.

Ереже. 1. «Қасқырлар» «қозыларды» сызықтан шек шықпай ғана ұстай алады.

2. Егер «қозы» сызықты аттамай, басып кетсе, онда ол ұсталған болып саналады.

3. «Қозылар» тек оқытушының беглі беруімен ғана жүгіре алады.

«Ақ аюлар»

Дайындық. Бір шеңберге, мұзды суреттейтін 2 ойыншы тұрады. Басқа ойыншылар мұздықтан басқа жерге еркін орналасады.

Бейнелеу . «Аюлар» қол ұстасып жорыққа шығады. Олар қолдарымен ойыншыларды ұстауға тырысады. Ұсталғанды мұздықтың үстіне апарады. Кейін «аюлар» тағы да ойыншыларды ұстауға аттанады. Ұсталғандар қол ұстасып «аю» болады да, жорыққа шығады. Ұсталмаған 2-3 ойыншы жеңеді.

Ереже. 1. Ұсталған ойыншылар, сол уақытта шығып кетпей, біраз «тұтқындардың» жиналуын күтуі керек.

2. әрбір «жорық» оқытушының айтуымен басталады.



«Екіншісі артық»

Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен екі қадам қашықтықта шеңбер құрады.

Бейнелеу . Екі ойыншы шеңберден тыс тұрады, біреуі басқаны ұстауға тырысады. Жүгіріп жүрген ойыншы, басқа ойыншының алдына тұрса, сол адам жүгіріп шығып, басқа адамның алдына тұруға ұстылуы керек, бірақ ол ұсталмауға тырысады.

Ереже. 1. Шеңбердің ішінен және сыртынан жүгіруге болады. 2. Егер оны қолмен түртсе, онда олар орындарымен ауысады.



«Аңшы және күзетші»

Дайындық. «Аңшылар» және «күзетші» таңдалады. «Күзетші» диаметрі 2 м болатын шеңбер сызады. Бұл жерде ол «аңшының» ұастап алған «аңдарын» күзетуі керек.

Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен, ойыншылар алаң бойымен жүгіре бастайды, ал «аңшы» оларды ұстауға тырысады. Қамауға алыған «аңдар» күзетіледі. Егер «тұтқынға түскендер» шеңберден қолдарын созса, алаңда жүрген ойыншылар қолдарынан тиіп, алып шығу мүмкіндігі бар. «Күзетші» шеңбердің ішінде тұрып, ойыншыларды тартып ала алады.

Ереже. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады.


7. 4-6 сынып сабақтарына арналған жылжымпаз ойындар үлгілері.
7.1. Шамалы қарқындылық

«Тіктеп!» тобы

Дайындық. Ойыншылар бір қатарға тұрады.

Бейнелеу. Егер оқытуышы «сынып» деген сөзді айтса, ойыншылар оның бұйрығын орындауы керек. Кім де кім қателік жіберсе, бір қадам артқа жасайды.

Ереже. 1. «Сынып» бұйрығынсыз жүгірген ойыншы бір қадам артқа орналасады.

2. Және керісінше.



«Шырмауықтар»

Дайындық. 6-8 ойыншысы бар 3 команда құрылады. Әр команда бір-бір қатар құрып тұрады.

Бейнелеу. Оқытушының белгі беруімен әр қатарда тұрған бірінші ойыншы бұрылып, кейін екіншісі бұрылып, оның белінен ұстайды, сосын үшінші, төртінші т.с.с ойынды бірінші болып бітіргендер жеңімпаз атанады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Ереже. Ойын тек оқытушының белгісімен басталады.

«Гимнастикалық таяқшаны түсіріп алма»

Дайындық. 8-10 ойыншысы бар 3 топ құрылады. әр топ шеңбер құрып, бір-біріне арқасымен тұрады. Барлық ойыншылардың қолдарында гимнастикалық таяқшалар болуы керек. Әрбіреуі таяқшаны жерге өз алдарына қояды.

Бейнелеу. Оқытушының белгісімен ойыншылар оң жаққа бір қадам жасайды. Таяқшаларын түсіріп, оң жағындағы көршісінің таяқшасын ұстап қалуы керек. әр түсірілген таяқша үшін команда ұтылымды ұпай алады.

15 белгіден кейін ең аз ұпайы бар команда жеңімпаз болады.

Ереже. 1. Ойыншылар аралығындағы қашықтық 1 м артық болмауы керек.

2. Әр белгі 5-6 сек аралығында берілуі керек.


«Бер-Отыр»

Дайындық. 7-8 ойыншысы бар бірнеше топ құрылады. Топтар 2 қатарға сап түзеп, бір-бірінің артында тұруы керек. 5-6 м әр команданың алдында капитандары тұрады. Капитандардың қолында волейбол доптары болады.Әркім гимнастикалық таяқшаларды еденге ұшымен өзіне қаратып қояды.

Бейнелеу. Оқытушының белгісімен, ойыншылар оң жаққа бір қадам жасайды, өздерінің таяқшаларын түсіріп, көршісінің таяқшаларын оң жағынан қағып алады. Таяқшаларды құлатқаны үшін топ айып балдарын алады. 15 белгіден кейін ең төмен айып балдарын алған топ жеңіске жетеді.

Ереже. 1) Ойыншылардың ара қашықтығы бір метрден аспауы керек.

2) Белгілер дәл 5-6 сек аралығында берілуі тиіс.


«ҰСЫН ДА ОТЫР»

Дайындық 7-8 ойыншылары бар бірнеше топ. Топ ойыншылары бір-бірден, баған бойынша, ортақ старт сызығының ар жағында қатарласып тізіледі. Әрбір бағанға бетпе-бет 5-6 метр қашықтықта топ капитандары келіп тұрады. Әр бір қапитанның қолында волейбол добы болады.

. Бейнелеу. Белгі бойынша әрбір капитан өзінің бағанындағы бірінші ойыншыға допты лақтырады. Допты ұстап алған ойыншы, оны капитанның өзіне лезде қайтарады да отыра қалады. Капитан оны екінші ойынға лақтырады, және т.с.с Соңғы ойыншыдан допты қайтарып алған капитан оны көкке лақтырады, осы кезде топ ойыншыларының барлығы орнынан секіріп тұрады.

Ереже Егер де ойын барысында, ойыншы допты құлатып алса, онда оны капитанға қайтарып, өз орнында отырмай қайта тұрады.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет