Өз бетінше орындаға арналған тапсырма



Дата12.04.2024
өлшемі20,74 Kb.
#200768
түріСабақ
Байланысты:
Тапсырма1
для отправки

Өз бетінше орындаға арналған тапсырма

Курстың оқу жоспарындағы кезекті сабақ тақырыбы бойынша ұзақ мерзімді жоспардан (КТЖ) тақырып таңдаңыз. Оқу мақсатын/мақсаттарын анықтаңыз және соған сәйкес есеп құрастырыңыз. Есептің толық шығару жолын көрсетіп, оны сабақта пайдаланудың әдістемесін ұсыныңыз.


Оқу күнінің тақырыбы бойынша кем дегенде 3 тапсырма ұсынылуы тиіс.



Тақырып:

Мәтінді есептерді шығару.

Оқу мақсаты:

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Есептің шарты:

Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ. Оның өзен ағысы бойымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан 6 км/сағ-ка артық. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.

Есепті шығару жолы:

Шешуі. Моторлы қайықтың өзен ағысы бойымен жылдамдығы (16 + х) км/сағ ,өзен ағысына қарсы жылдамдығы (16 - х) км/сағ-ка тең.Есептің шарты бойынша (16 + х) - (16 - х) = 6 теңдеуі шығады. Сонда, 16 + х - 16 + х = 6 немесе 2х = 6 немесе х = 3. өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ.

Жауабы:

Жауабы 3км/сағ

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:





Тақырып:

Мәтінді есептерді шығару

Оқу мақсаты:

5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;



Есептің шарты:

Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40% - ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап – неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?

Есепті шығару жолы:



Шешуі: 0,4x+0,3x+210=x
0,7x+210=x
x-0,7x=210
0,3x=210
x=700 Жауабы: шет тілінде 700 кітап бар

Жауабы:

Жауабы: Кітапта 700

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

  • Есептің мазмұнымен оқушыны таныстыру;

  • Есептің шартын талдау, көрсетілген элементтерді игеру;

  • Есептің шығару тәсілін анықтау;

  • Есептің мазмұнына сай келетін өрнек (теңдеу) құру

  • Есепті шығару







Тақырып:

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару.

Оқу мақсаты:

5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару;
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару

Есептің шарты:

Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2,5 есе артық.Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды.Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?

Есепті шығару жолы:



Шешуі:
2,5х-12=х+12
Жауабы: х=16 және 40 бүлдірген.

Жауабы:

Жауабы: х=16 және 40 бүлдірген.

Сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс:

Оқушыларды алгебралық немесе арифметиккалық тәсілдер көмегімен мәтінді есептерді шығаруға үйрету.



*Есепті шығару барысында математикалық модель құрып, интерактивті құралдар, цифрлық білім беру ресурстары және т. б. қолдануға болады.
Бағалау критерийлері:

  • Тапсырма оқу мақсатына/мақсаттарына сәйкес.

  • Есеп практикалық мазмұнды.

  • Есептің дұрыс шығару жолы берілген.

  • Есептің жауабы көрсетілген.

  • Есепті сабақта пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныс берілген.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет