Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет26/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   190
Прогрессивті ассимиляция
Дыбыстар өзгерісінде прогрессивтік ассимиляцияның мәні үлкен. Прогрессивтік ассимиляция деп бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал жасауын атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпалдың мынадай үш түрі бар:

  • Түбір мен қосымша аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

  • Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.

Түбір мен қосымша арлығындағы ілгерінді ықпал қазақ тілінде жиі кездеседі. Түбір мен қосымша аралығындағы алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа тигізетін әсерін түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал дейді. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1.Сөздің соңғы дыбысы ұяң не сонор дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да ұяң немесе сонор дыбыс болады. Мысалы: аң-дар, мал-ға, аң-ға, мал-мен, аң-нан.
2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, оған дауыссыз дыбыстан жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болады. Мысалы: кітап-тар, кітап-қа, орақ-тар, орақ-қа.
3.Түбір сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы катаң ш дыбысына айналып естіледі. Мысалы:
жазылуы айтылуы
қашса қашша
ашса ашша
ұшса ұшша


Біріккен сөз сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпалдың мынадай өзіндік белгілері бар:
1. Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуы да бірінші сөздің соңындағы қатаң дыбыстың әсерінен екінші сөздің басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына айналып естіледі:

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   190




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет