Өзімшілдік адамның қасиеті, риясыздық рухани



Дата07.02.2022
өлшемі16,24 Kb.
#92375
Байланысты:
Документ


Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».
Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету және барлық істерді сәтті тыңдыру үшін тек қана адамның өз ойларын дұрыс басқару қабілетінен басқа ештеңе қолайлы жағдай туғызбайды. Ақыл- парасаты меңгеру ісінде осы ойларды билеу мен бағындырудан асқан қиын нәрсе жоқ та шығар. Адамның ақылы әрқашан еркін және өзіне кездесетін алуан түрлі нысандармен байланысқа түсуге дайын болып, оған сол сәтінде қажетті саналатын мөлшерде ғана зейінін бөлуге тиіс.
Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек.
Өзімшілдік – адамның қасиеті, риясыздық – рухани – міне осы ақиқат адамның рухани байлығы мен тектілігін көрсетеді. Ол адамзаттың бүкіл жақсылығының қайнар көзі.
Адамның санасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым риясыздық дәрежесі жоғары болады
Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелудің жолдарын-өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің мақсаты-өзін-өзі тану.
- Әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата және ести білу қабілеттерін ояту.
-Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.
Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.
Бақытты адам:
-өзге адамдардың өзі туралы не ойлайтынын уайымдамайды;
-Барлығына жақсылық көруге тырысады.
Бүгінгі күн керемет, бірақ мен оын көре алмаймын. 
Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуы бойынша жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Басты қасиет – парыз сезімі керек. Парыз – бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.
— Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдептен орнығады.
— Қанағат-Тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.
— Ынтымақтастық-Жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.
— Тәртіп-Адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.
— Парыз бен ризашылық-Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.
— Дұрыс ой-Адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.
— Дұрыс сөз-Тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.
Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.
От парызы-жану.Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жау ғана сусымалы зат.
Егер біз ар ұятымызға сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.
Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.
Дұрыс әрекеттің басты қағидаты :
— Бол ( әуелі өзің ақниет бол)
— Істе ( ақниет болып қоймай,оны іс-жүзінде көрсете білу)
— Сөйле (дұрыс сөзбен айту)
Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек.Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.
Біздің өмірімізде осындай шыншыл, жүрегі таза, қадірлі адам кездессе біз оған сенім артуымыз керек.
Ойлары, сөздері мен ісі арасында үйлесімдігі бар адамға біз сенеміз..
Бүгінгі таңда ақылды адамдардың саны артып барады, бірақ данышпан адамдар аз. Қоғам осындай адамдарды қажет етеді, сол себепті ақылды адамдар рухани-адамгершілік жаңаруға қарай ұмтылу керек.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Самопознание kz» журналы:. №8 июль 2011 (25-29 беттер).
2. «Самопознание kz» журналы. №7 (19) июль 2011 (25-27 беттер).
3. «Жантану» оқулығы
4. www.ustaz.kz сайты.
5. «Самопознание kz» журналы: №3 август 2011 (30-32 беттер)

Просмотр содержимого презентаци



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет