Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет108/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ
Абай Құнанбайұлы
(1845–1904) – қазақ ақыны, қазақ әдеби тілінің 
негізін салушы, ойшыл, ағартушы, философ. Оның туғанына 150 жыл толуы 
1995 жылы ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен дүниежүзілік деңгейде атап 
өтілді.
Айтматов Шыңғыс
(1928–2008) – қырғыз жазушысы, мемлекет және 
коғам қайраткері, КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының 
иегері.
Аймауытұлы Жүсіпбек 
(1889-1931) –
 
қазақтың көрнекті жазушысы
драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Әбдіков Төлен 
(1942)
 – 
қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері.
Әйтеке би
(1666–1722) – қазақ биі, қоғам қайреткері.
Әлменұлы Бөлтірік 
(1771–1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, 
батыры.
Әлімбеков Қайрат 
(1963) – ақын.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
(1897–1961) – қазақ жазушысы, ғалым, 
«Абай» эпопеясының авторы, оның туғанына 100 жыл толуы 1997 жылы 
ЮНЕСКО-ның арнаулы шешімімен дүниежүзілік деңгейде атап өтілді.
Байжанов Сапар
(1930–1999) – әр жылдары жарияланған «Жаңа леп», 
«Құрыш зергерлері», «Ақ маржан», «Сұңқар көңіл самғайды», тағы басқа 
туындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет