Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет22/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

7-8 ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ
... Жүрегіңнің түбіне терең бойла.
Абай
Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ақыл мен сезім
(Үзінді)
Мамытбек Қалдыбай
Дастарқан жиналып, Баукеңнің ұйықтайтын бөлмесіне бардық. Ол 
кісі төсегіне жантайып, мен креслоға жайғастым.
– Ал, балам, сұрағың болса, ұялмай бер. – Ежелгі әдетінше жанарын 
тік қадап, барлай қарады. Жасқанып, үнсіз қалғаннан не пайда деп, 
батылдана үн қаттым.
– Ақыл мен сезімді қалай бағалайсыз?
– Бұл сауалың, қарағым, күрделі сауал, – деді жантая жатқан күйі 
көзін жұма ойланып. – Бұған, әрине, өмірде жауап көп. Эта целая 
проблема. Аспаннан төрт кітап түсті дейміз ғой. Сонда осылар бар. 
Сезім билеп кетсе, ұялып қаласың, сезіміңді ауыздықтай біл, «ашу – 
дұшпан, ақыл – дос» деген сөз бар. Бұл сезіміңе ерік бере берме деген 
сөз.
... Меніңше, сезім мен ақылдың айырмасы әжептеуір. Екеуін әркім әр 
түрлі түсінеді. Әрі-беріден кейін қазақ көп ойланып, дұрыс қорытындыға 
келген дейді. Ол оңай емес. Екеуін парлап жолдас етпесең, ұялып, тіпті 
қарабет боп қалуың мүмкін.
Сезім ұшқалақ келеді. Әрі-беріден кейін жетпістен асып бара жатқан 
мен кейде сезімімді тежей алмай, «ақымақтың ақылы түстен кейін 
кіреді» деп өкініп қаламын. 
Екеуін қатар ұстай білсең, яғни сезімің ұшқалақтық істесе, ақылың 
тәйт деп қойса, немесе: «Ей, сен мынаны сезбей отырсың ғой» – деп 
ақылға көмектессе жақсы.
Адамзаттың тарихында, қарағым, сүрініп, жығылу, қателесу, асыра 
сілтеу секілді кемістіктің сексен пайызын сезім істетеді. «Абайламай 
сөйлеген ауырмай өледі» деген мақал бар. Абайламай сөйлеу – сезімнің 
тілі. Сол себепті қазақтың айтқаны дұрыс. Ал абайлап сөйлеу үшін ақыл 
керек.
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ


34
Жаңа айттым, сезім ұшқалақ келеді. Ал 
ақыл мен сезімді қатар ұстаған кісілердің 
сезімі ұшқалақ келмейді. Оны интуиция 
дейді.
Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу 
– үлкен тәртіптілік, адамгершілік, жақсылық. Сол екеуінің басын қоса 
алмай жүрген адамзаттың (өлгендері бар, тірісі бар) тоқсан пайызы өзін 
сезімге билетіп жібереді де, кейіннен «ойбай!» деп опық жейді.
Осы туралы Абай көп ойланған. Оны ол кісінің шығармаларын 
оқысаң, түсінесің. Жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің түп себебі 
осыдан деп білем.
- «Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән 
кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек», 
деген екен әл-Фараби бабамыз, – дей жаздап, тиыла қалдым.
... Жалпы сезім мен ақыл әркімде әр түрлі, – деді қабақ шытып, 
тұнжырай ойға енген күйі.
- Біреуде бар ақыл басқада жоқ. Екі адам ол жағынан егіз емес
олардың ақылы да, сезімі де екі бөлек. Оны бірдей ету қиын нәрсе.
... Өмір құбылысына баға беру үшін ақыл мен сезім қатар жүруі 
керек. Оның негізі – ұяда нені көрсеңге барып соғады, оның негізі 
отбасыға байланысты.
• 
Мәтіндегі «Сезім билеп кетсе, ұялып қаласың, сезіміңді 
ауыздықтай біл, «ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген сөз бар. 
Бұл сезіміңе ерік бере берме деген сөз» деген ойдан нені 
аңғардыңыздар?
• 
Сезімді қалай басқаруға болады деп ойлайсыздар?
• 
«Сезім мен ақылды парлап жолдас етпесең, ұятқа қаласың» 
дегеннен нені ұқтыңыздар?
• 
Бауыржан Момышұлы нені тәртіптілік, адамгершілік, 
жақсылыққа жатқызды? 
• 
Бауыржан Момышұлы жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің 
түп себебін қайдан іздейді? Өздеріңіз қайдан іздейсіздер? 
Неліктен?
• 
Ақыл мен сезімді қатар ұстау адамды үйлесімділікке жеткізе 
ме? Себебін түсіндіріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет