Өзін-өзі тану сабағы 1 «Ә» сыныбы



Дата12.04.2023
өлшемі2,03 Mb.
#174358

Мақсаты:
Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани–адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы-өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,«Өзін-өзі тану»әлемінің басты мақсаты–ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршағанортаменүйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
«Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін-өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс-әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін.»
(С. Алпысқызы)
Өзін-өзі тану сабағы
1 «Ә» сыныбы

«Алтын жүрек- АНАМЫЗ»
НАЗАРБАЕВА Сара Алпысқызы
12 ақпан 1941 «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті
Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) (12 ақпан, 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері ашылуда. Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді. Президент зайыбы «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. С.А.Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
Шаттық шеңбері
Тапсырма.
Суретпен (топпен) жұмыс
Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей атсалысып келген Қазақстанның бірінші ханымы ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып, 1999 жылы «SOS Киндердорф» халқыаралық қорының Алтын медалімен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен, 1-ші дәрежелі «Достық» орденімен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальмен марапатталған болатын. Осындай халықаралық ұйымдардың арасында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық жүлдесі, Unity халықаралық жүлдесі, «Құрманжан Датқа» жүлдесі сияқты елеулі марапаттар бар.
Сара Алпысқызы Софи Лореннің қолынан Ресей Қызыл Крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін «Алтын жүрек» халықаралық жүлдесін алды. 
Сара Алпысқызы 2010 жылы өз өмірін SOS Kinderdorf балалар қалашығының балаларына арнаған әйелдерге берілетін SOS Kinderdorf International Халықаралық қорының марапаты – «Алтын жүзікке» ие болды.
1994 жылдан "505 – Қазақстанның балалар ауылы" (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып қызмет атқарды.
Сара Алпысқызы тек қана үлгілі жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Ол 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаан болатын. Ұйым қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Ол жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын көтерді. 
Білімді шәкірттерін аялаған Жақсылығын ешкімнен аямаған, Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың «Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам. 
Қанатын қағар ақ жолдан Болыңдар сендер жаңа ұрпақ. Жарқыраңдар жұлдыздай Қарасын жұрт таңырқап. 
Сынып жетекшісі
САМАЛ КАЙРАТОВНА

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет