Өзіндік жұмыс Тақырыбы: Франция кітап ісі Орындаған



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.04.2023
өлшемі241,87 Kb.
#174776
  1   2   3   4   5
Байланысты:
франция кітап басу ісі
Kalman Nazerke LAB 9 FIS IP-18-6T, Дәріс12, Дәріс12, Дәріс12, 24.01.-05.03.22ж есеп Айнура, 3-ргр Елкен, Өмірханқызы Ұлдана Фек-202 4 семинар, Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов


 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
Өзіндік жұмыс 
 
Тақырыбы: 
Франция кітап ісі 
Орындаған: 
Сламбекова Ақниет Мұсабекқызы 
Тексерген: 
Смайыл Дәрмен Байтұрғанұлы 
Алматы 
2022 жыл 
 


Жоспары: 
I.
 
Кіріспе 
II.
Негізгі бөлім
1.
Франция кітап басу ісінің қалыптасуы мен даму тарихы 
2.
Франция баспа ісінің дамуындағы басты ерекшеліктері 
 
III.
Қорытынды
IV.
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Кіріспе 
Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан 
ол Ұлыбританиядан екі 
есе 
үлкен. 
Францияның 
құрамына Корсика 
аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. 
Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб 
теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, 
Оңтүстік 
Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен 
– Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Халық саны 65,8 млн адам. 
Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның 
батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары 
солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал 
оңтүстік 
– 
шығыста Италия және 
Монакомен, 
оңтүстік 
– 
батыста Испания және Андоррамен шектеседі. 
Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы 
Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер 
етеді.Францияның 
теңіздік 
шекаралары Жерорта 
теңізі, Бискай 
шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын 
қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің 
дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан 
елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт 
болды. 
Франция 
мемлекеттік 
құрылымы 
жөнінен 
унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі 
жағынан 96 департаменттен тұрады.
Француз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан 
Республикасының 
егемендігін 
мойындады. 
Екі 
ел 
арасындағы 
дипломатиялық қарым–қатынастар Франция Сыртқы істер министрі Ролан 
Дюманың 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында 
орнады. Көп ұзамай Алматыда Франция елшілігі ашылды. 1992 жылы 
қырқүйек 
айында
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасында 
өзара достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол 
қойылды. 
Бұл 
келісімде энергетика, пайдалы 
қазбаларды 
өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында және ғылыми зерттеулер, 
мамандар дайындау ісінде ынтымақтастық мәселелері қамтылады. Франция 
үкіметі Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн 
француз франкі көлемінде несие берді. 


Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 
миллиард 
долларды 
құрады. 
Ал 
Қазақстан 
Францияға 
негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, 
ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді. Қазақстан болса
Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның жабдықтарын, 
медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, 
тамақ 
өнімдерін 
және құрылыс 
материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция элиталық тауарлар 
ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа 
тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді. 
Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да 
соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы 
саладағы байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім 
жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер 
салаларындағы байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта 
Алматыда “Альяңс Фғаңсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл 
агенттіктің 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкі-
метінің франкофония және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту-
дағы басты құралы болып табылады. 
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі 
қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы 
бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу 
орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес 
қосып жатыр. 
Францияда әртараптандырылған экономика бар, онда қызмет көрсету 
секторы басым (2017 жылы ЖІӨ-нің 78,8% - ын құрады), ал өнеркәсіп 
секторы ЖІӨ-нің 19,5% -ын құрады, ал қалған 1,7% -ы бастапқы секторға 
тиесілі болды. Әлемдегі сауда көлемі бойынша бесінші ел (және Еуропада 
Германиядан кейін екінші). Бұл Германия мен Италиядан кейінгі Еуропадағы 
үшінші ірі өндіруші ел. Франция сонымен қатар әлемдегі ең көп баратын ел, 
сонымен қатар Еуропалық Одақтың жетекші аграрлық державасы. 
Франция 2019 жылы Еуропадағы тікелей шетелдік инвестицияларды ең ірі 
алушы болды, Еуропа бойынша зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын 
қаржысы 
бойынша 
екінші 
орынды 
иеленген, 
2020 
жылы Bloomberg инновациялық 
индексі 
бойынша 
әлемдегі 
ең инновациялық 10 елдің қатарына кірді, сонымен қатар 2019 жылғы 


жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепке сәйкес әлемдегі ең бәсекеге 
қабілетті 15-ші ел болды (2018 жылмен салыстырғанда 2 сатыға жоғары). 
Осындай экономикасы қарқынды дамыған алпауыт мемлекетте кітап 
шығару саласының қарқыны қандай? «Кітап басыламдарының ЮНЕСКО 
жылнамасының» деректеріне сүйенсек, кейінгі жылдары кітап шығарудағы 
алдыңғы қатардағы он мемлекет арасында Франция 6-орынды иеленіп келеді. 
«Францияның статистикалық жылнамасы» көрсеткішінде Францияда жыл 
сайын 40 мыңнан аса жаңа басылым шығады делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет