П ән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н


Пәнді оқудың тақырыптық жоспары



бет6/16
Дата07.02.2022
өлшемі213 Kb.
#90922
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары


Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу



№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша ауд.-лық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

зерт

тәж

Барл

СӨЖО




Бөлім 1. Көлік техникасының өндіріс технологиясының негіздері
















1

Негізгі ұғымдар және түсініктемелер

1

-

-

5

-

2

Бұйым конструкциясының технологиялылығы

1

-

-

5

3

3

Машина тетіктеріне арналған дайындамалалар

1

2

-

5

5

4

Тетіктерді өңдеудің дәлдігі

1

-

7

7

5

5

Тетіктер бетінің сапасы

1

-




8

6

6

Тетіктерді өңдеудің технологиялық үрдісін жобалау

1,5

-

4

7

6

7

Білдектердің айлабұйымдары

1

4

-

6

-




Бөлім 2. Көлік техникасын жөндеудің технология негіздері
















8

Көліктік техниканы жөндеу жүйесі

1

2

-

5

-

9

Көліктік техника жөндеу объектісі ретінде

1

-

-

5

-

10

Бөлшектеп сұрыптау және тазалау үрдістері

1

2

-

8

5

11

Тетіктерді қалпына келтіру тәсілдері

1,5

3

-

8

5

12

Көліктік техниканың типтік тетіктерін, электрлік бөлшектерін, қаңқаларын және шанақтарын жөндеу технологиясы

1

-

-

8

-

13

Тетіктерді жөндеудің технологиялық үрдістерін жобалау

1

-

4

5

5

14

Жинақталған технологиялық үрдістерді жобалап жасау ерекшеліктері

1

2

-

8

5

Барлығы:135

15

15

15

90

45



6. Дәріс сабақтарының мазмұны




Бөлім 1. Көліктік техниканың өндіріс технологиясының негіздері


1-тақырып. Негізгі ұғымдар мен түсініктер.
Жоспар:
1. Көліктік техника жалпы машина жасау саласы ретінде. Көліктік техниканың даму кезеңдері.
2. Өндірістің технологиялық негіздері және көліктік техниканы жөндеу ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи очерк. Көліктік техниканы өндіру мен жөндеудің қазіргі замандағы техникалық деңгейі.
3. Бұйым, өндірістік және технологиялық үрдістер туралы ұғым. Бұйым және оның құрама бөлшектері.: құрастыру бірліктері, агрегат, торап, тетік, жинақ, кешен. Технологиялық операцияның элементтері: технологиялық операция, қондырғы, тұрақ, технологиялық ауысу, қосымша ауысу.
4. Өндірістің топтастырмасы. өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі
2-тақырып. Бұйым конструкциясының технологиялық тиімділігі.
Жоспар:
1. Негізгі жағдайлар. Бұйым конструкциясының технологиялық тиімділігін бағалау әдістері және көрсеткіштері.
2. Құрастыру бірліктерінің, тетіктердің конструкциясына және тетіктердің беттерін конструктивтік тұрғыдан орындауға қойылатын технологиялық талаптар.
3-тақырып. Машина тетіктеріне арналған дайындамалар.
Жоспар:
1. Дайындамаларды алудың технологиялық әдістері: құю, қысыммен өңдеу, илем, аралас, сонымен бірге металлкерамикасынан және пластмассадан жасалған дайындамалар.
2. Дайындамаларға қойылатын негізгі талаптар. Дайындамаларды алдын-ала өңдеу: түзеу, кесу, центрлеу.
4тақырып. Тетіктерді өңдеудің дәлдігі.
Жоспар:
1. Дәлдік сипаттамасы. Жіберілетін қателіктер және олардың пайда болу себептері. өңдеу дәлдігінің есебі: аналитикалық және статикалық әдістер. өңдеу дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер: өлшемдерді автоматты түрде алатын және байқау алатын әдіс.
2. Білдек-айлабұйым-аспап-тетік (БААТ) жүйесі. БААТ жүйесінің геометриялық және кинематикалық қателіктері. БААТ жүйесінің қатаңдығы. Жону, тісті дөңгелектерді дайындау, қайрау кезінде БААТ жүйесінде беріктік және қатаңдық бойынша қателіктерді анықтау есептері.
3. Өңдеудің дәлдігін анықтайтын факторлар: жүктелмеген жағдайдағы білдектің дәлсіздігі; БААТ жүйесінің күштік және температуралық деформациялар; қондырғының қателігі; түзетудің дәлсіздігі; кесу құралын дайындаудың дәлсіздігі және тозуы; ішкі кернеудің таралуы салдарынан тетіктердің дәлсіздігі.
4. Орнық және орнықтандыру туралы негізгі ұғымдар. Орнықтардың беттері. Орнықтар: негізгі, көмекші, жобаланған, конструкторлық, технологиялық, өлшемдік, қондырғылық, тіреу, бақыттауыш, қос тіректі. Алты нүкте ережесі.
5-тақырып. Тетіктер бетінің сапасы.
Жоспар:
1. Беттердің сапасы: кедір-бұдырлық, физика-механикалық және химиялық қасиеттері, қалдықты кернеу. Сапа көрсеткіштері: техникалық деңгейі, өндіріс-технологиялық көрсеткіштер, пайдалану көрсеткіштері.
2. Бет қабатының құрылуы және құрылымы. өңделген беттің машина тетіктерінің пайдаланушылық қасиетіне әсері.
6-тақырып. Тетікті өңдеудің технологиялық үрдісін жобалау.
Жоспар:
1. Технологиялық үрдістердің түрлері: бірлік, типтік, топтық. Технологиялық үрдістерді жобалап жасаудағы алғашқы мәліметтер: негізгі, басқарушы, анықтамалық.
2. Машинаның тетіктерін өңдеудің технологиялық үрдістерін жобалап жасау кезіндегі негізгі кезеңдер мен мақсаттар.
7-тақырып. Білдектердің айлабұйымдары.
Жоспар:
1. Айлабұйымдардың тағайындамасы және топтастырмасы.
2. Айлабұйымдардың конструктивтік элементтері: қондырғы элементтері, қысу элементтері және айлабұйымдардың механизмдері, қосымша элементтер және тұлғалар.


Бөлім 2. Көліктік техниканы жөндеу технологиясының негіздері


8-тақырып. Көліктік техниканы жөндеу жүйесі.
Жоспар:
1. Негізгі жағдайлар. Көліктік техниканы жөндеу түрлері. Көліктік техниканы жөндеудің ұйымдастырушылық түрлері. Жөндеу құралдары және стратегиясы.
2. Көліктік техниканы жөндеудің технологиялық үрдістерінің ықшамсызбалары.
3. Көліктік техниканың ескіруі. Ескіру үрдістерінің жалпы сипаттамасы. Тозу үрдісі. Тозу түрлері және заңдылықтары. Машина тетіктерінің тозуын бағалау әдістері. Бұзылу және деформация түрлері.
9-тақырып. Көліктік техника жөндеу объектісі ретінде.
Жоспар:
1. Жөндеу кезіндегі сапаны анықтайтын негізгі қасиеттер. Сапаның негізгі технологиялық көрсеткіштері.
2. Сенімділікті анықтайтын қасиеттер: тоқыраусыздық, ұзақ уақыттық, жөндеуге жарамдылық, сақталушылық. Шекті жағдай, зақымдалу, жөнделіп қалпына келтірілетін объект.
10-тақырып. Бөлшектеп сұрыптау және тазалау үрдістері.
Жоспар:
1. Бөлшектеп сұрыптау жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру. Бөлшектеп сұрыптау құралдары. Бөлшектеп сұрыптау жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру. Тазалау әдістері. Жуу әдістері. Тетіктерді тазалау тәсілдері: механикаландырылған құралдармен, діріл тәсілімен, абразивтармен тазалау, қақтан, тат басқаннан, лакты және шайырлы бөлінулерден тазалаудың физика-химиялық және термиялық тәсілдер. Тазалау және жуу құрал-жабдықтары.
2. Тетіктерді іріктеу және дефектациялау. Тетіктердіің ақауларын топтастыру. Тетіктердің өзара орналасуын, пішінін және өлшемдерін бақылау әдістері. Дефектациялаудың құрал-жабдықтары. Дефектациялау әдістері: рентгенді, каппилярлы, ультрадыбысты, импедансты, велосимметриялық. Бұзбайтын және бақылау құралдары және әдістері: магнитұнтақты, түрлі түсті, сәулелі әдіс, эхо-әдіс, сұйықтық, газды, құйынды токты әдіс.
11-тақырып. Тетіктерді қалпына келтіру тәсілдері.
Жоспар:
1. Тетікті қалпына келтіру тәсілдерінің топтастырмасы: механикалық зақымданған (пластикалық деформация, пісіру, дәнекерлеу, синтетикалық материалдармен желімдеу); беттері тозған (слесарлы-механикалық өңдеу, пластикалық деформациялану, қорытып қосу, гальваникалық бет, синтетикалық материалдарды қолдану); тот басуға қарсы беттердің зақымдануымен (бояу, гальваникалық беттер, химиялық жолмен өңдеу); эластомерді қолдану.
2. Слесарлы-механикалық өңдеу. өңдеу түрлері. Жөндеу өлшеміне тетіктерді өңдеу. Қосымша жөндеу тетіктерін қою.
3. Пластикалық деформация. Тетіктерді қысыммен қалпына келтіру түрлері: тұнба, сығу, созу, қысымдау, түзету және т.б. Құрал-жабдықтар және құрылғылар.
4. Пісіру және қорытып қосу. Топтастырмасы. Пісіру және қорытып қосу үрдістерінің негізі, пісіру флюстері және электродтық сымдар. Пісіру және қорытып қосу тәсілдері: қолмен, флюс астында, қорғау газдарында, діріл доғалы, лазерлі, плазмалық, электр түйісу, индукциялық және т.б.
5. Газ-термиялық тозаңдату. Тозаңдату тәсілдері: электр доғалы тозаңдату, газ-плазмалық, жоғары жиілікті, плазмалы, детонациялық және т.б.
6. Гальваникалық және лак бояулы қаптау. Тетіктерді қаптауға дайындау және одан кейін өңдеу. Гальваникалық қаптау тәсілдері: хромдау, темірлендіру, никельдеу, мыстау, мырыштау, оксидтандыру, фосфаттандыру, металлдандыру, болаттандыру. Сапаны бақылау.
.
12-тақырып. Көліктік техниканың типтік тетіктерін, электрлік бөлшектерін, қаңқалары мен шанақтарын жөндеу технологиясы.
Жоспар:
1. Тетіктерді өңдеу ерекшеліктері: іштен жану қозғағыштарының, тарту электр қозғағыштарының, акккумулятор батареяларының, металл конструкцияларының, тұлға тетіктерінің, жұмыс органдарының, гидро-пневможабдықтарының, басқару механизмдерінің, біліктердің, иіндердің.
13-тақырып. Тетіктерді өңдеудің технологиялық үрдістерін жобалау.
Жоспар:
1. Тетіктерді жөндеудің рационалды әдісін таңдау. Технологиялық үрдістер түрінің топтастырмасы.
2. Бастапқы мәліметтер және технологиялық үрдістерді жобалап жасау тізбектілігі: бастапқы мәліметтерді талдау, технологиялық үрдісті таңдау, дайындаманы таңдау, сапаны бақылау әдісін және құрылғысын таңдау, қондырғының ықшамсызбасын және орнықтарын таңдау, технологиялық үрдістің маршрутын жобалап жасау, технологиялық операцияларды жобалап жасау, материалдар мен еңбек шығынын мөлшерлеу, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасының талаптарын анықтау, экономикалық тиімділікті есептеу және оптималды технологиялық үрдісті таңдау.
14-тақырып. Жинақталған технологиялық үрдістерді жобалап жасау ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Жалпы жағдайлар. Бұйымның құрама бөлшектерін құрайтын қосылыстар, жинақтау туралы түсінік: ажыратылатын және ажыратылмайтын, қозғалмалы және қозғалмайтын.
2. Құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. Жалпы және тораптық құрастырудың негізгі ұйымдастырушылық түрлері туралы түсінік: стационарлық және қозғалмалы. Ағымды немесе ағымсыз өндіріс тәсілімен іске асыру туралы. Дайын бұйымдарды белгілі бір уақыт аралығында шығару туралы.
3. Ағымды жолмен шығарудың ырғағы және ритмі.
Құрастыру технологиялық үрдістерінің технологиялық жабдықталуы. Орындау үшін күрделі технологиялық құрал-жабдықтарды және құрылғыларды қажет ететін құрастыру технологиялық үрдістердің күрделілігі туралы түсінік.
4. Құрастыру дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер. Бұйымдарды біріктіру. Қосылыстардың түрлері және оларды жинақтау технологиясы: бұрандалы қосылыстарды құрастыру, қозғалмайтын прессті қосылыстарды құрастыру, сырғымалы және тербелмелі мойынтіректермен құрастыру, қозғалмалы және қозғалмайтын ойық науашалы қосылыстарды құрастыру, дәнекерленген, пісірілген және т.б. тісті дөңгелекті қосылыстарды құрастыру. Құрастыру сапасын бақылау. Құрастыру үрдістерін механикаландыру және автоматтандыру. Тетіктерді, тораптарды және агрегаттарды теңгеру: статикалық және динамикалық.
5. Құрастырудың технологиялық үрдістерін жобалау әдістемесі. Бастапқы мәліметтер. Құрастырудың технологиялық үрдісін құру. Құрастырудың технологиялық үрдісін таңдау. Құрастыру операцияларын қалыптастыру. Құрастыру кезіндегі техникалық бақылау. Құрастыру үрдісінің техника-экономикалық көрсеткіштері. Технологиялық құжаттама. Құрастырудың технологиялық үрдістерін типтендіру. Типтік құрастыру үрдістерін қолдану тиімділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет