Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет10/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
 
 
пайғамбарлар қиссасын білмеген Құранды да дұрыс ұға алмайды. 
Өйткені Құранда пайғамбарлар туралы әңгімелейтін қаншама 
аяттар бар. Егер оқиғаның барысын білмесең, мағынасын ұғуда 
көптеген қателіктер жіберуің мүмкін. Құранда Адам (аләйһис-
сәләм) қанша рет айтылады?!. Нұх пайғамбар (аләйһис-сәләм) 
ше?! Ал Исраил ұрпақтары және перғауынға қатысты оқиғаларға 
неше рет тоқталған?!.. Мұсаның қиссасы Құранда жетпістен 
астам орында әңгіме етілген, ал олардың әрқайсысы бірнеше 
аяттарды қамтыған. Сондай-ақ қанша сүре пайғамбарлардың 
атымен аталған?!.. Міне, осылай пайғамбарлар қиссасын білмеген 
кісі Құранның басым бөлігінің мағынасынан тыс қалып қояды. 
Ислам ғұламаларының пікірінше, пайғамбарлар қиссасы 
Құранның үштен бір бөлігін құрайды. 
Сонымен қатар біз бұл қиссаларды Аллаһқа шақыру 
жолындағы дағуат әдісін үйрену мақсатында ұсынамыз. Әлбетте, 
біз әрдайым ізгілікке шақырып, жамандықтан жеріндіретін 
Аллаһтың ақ, адал дініне шақырушылар қатарында болуды 
қалаймыз. Бұл жолда бізге ұстанатын бір үлгі, өнеге қажет. 
Әрине, ең үлкен өнеге, ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) болып 
табылады. Аллаһ тағала: 
«Расында, сендер үшін Аллаһ 
елшісінде көркем өнеге бар»
1
, – деген.
Ал Пайғамбарымыздан (с.а.с.) соң өнеге тұтатын адамдар – 
басқа елшілер мен пайғамбарлар, оларға да Аллаһтың мейірім-
шапағаты болғай. Әрине, біз үшін үлкен сахабалар мен ізгі 
адамдар да үлгі, өнеге болып табылады. Бірақ олар пайғамбарлар 
мен елшілерден кейінгі сатыда тұрады. Ұлы сахабалардың 
дәрежесі қаншама биік болса да, олардың мәртебесі 
пайғамбарларға жетпейді. 
Сонымен, пайғамбарлардың қиссасы біздерге Құран мен 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистер жинағы және көне тарихи 
кітаптар арқылы жетті. Біз бұл еңбегімізде Ибн Кәсирдің 
1
«Ахзаб» сүресі, 21-аят. 


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   266




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет