Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу

Электрондық білім беру материалдарына қойылатын

бет18/18
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ДОТ МОН РК ПРИКАЗ 123 каз - 01.04.2020 ж
603732fa36844857b5c1f146e2f6b8d5, 603732fa36844857b5c1f146e2f6b8d5
6. Электрондық білім беру материалдарына қойылатын

әдістемелік талаптар
40. Атомарлық контентке мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

1) электрондық білім беру материалдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында таратылуына тыйым салынған ақпарат болмауы тиіс. Үшінші тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын ақпараты бар электрондық білім беру материалдар жариялауға жіберілмейді;

2) суреттер бойынша:

атомарлық контентте нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

атомарлық контенттің мазмұны «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

атомарлық контенттің мазмұны әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

атомарлық контенттің мазмұны жынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан, білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

атомарлық контенттің мазмұны қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, тірек сөздер көрсетілген;

электрондық білім беру материалы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

суретте артық белгілер және бөгде жазбалар жоқ;

алынған материалдың авторы және (немесе) дереккөзі көрсетілген;

электронды білім беру материалының өзіндік танымдық құндылығы бар;

3) мәтін бойынша:

атомарлық контентте нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

атомарлық контенттің мазмұны «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

4) бейнежазба бойынша:

бейнеде артық белгілер, бөгде жазбалар немесе жарнама жоқ;

бөгде дыбыстық шу жоқ;

алынған материалдың авторы және (немесе) дереккөзі көрсетілген;

5) аудиожазба бойынша:

атомарлық контентте нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

атомарлық контенттің мазмұны «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

атомарлық контенттің мазмұны әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

атомарлық контенттің мазмұны жынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

атомарлық контенттің мазмұны қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, тірек сөздер көрсетілген;

электрондық білім беру материалы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

бөгде дыбыстық шу жоқ;

алынған материалдың авторы және (немесе) дереккөзі көрсетілген;

электронды білім беру материалының өзіндік танымдық құндылығы бар;

6) тест тапсырмалары бойынша:

атомарлық контентте нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

атомарлық контенттің мазмұны «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

атомарлық контенттің мазмұны әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

атомарлық контенттің мазмұны жынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

атомарлық контенттің мазмұны қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, тірек сөздер көрсетілген;

электрондық білім беру материалы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

электрондық білім беру материалының өзіндік танымдық құндылығы бар.

41. Сабақтың сценарийіне мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

жынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

электрондық білім беру материалдарының мазмұнында тәртіптік тәсіл көрсетілген;

материалды баяндау логикалық және жүйелі түрде сипатталады;

барлық жоспарланған мазмұн элементтері ашылды;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, тірек сөздер көрсетілген;

мазмұны оқу нәтижелеріне қойылатын МЖМБС талаптарына, білім берудің тиісті деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

әрекет түрлерінің әртүрлілігі мен кезектесуі (әрекеттің кемінде

5 түрі) ұсынылған;

сабақ сценарийінде мыналардың болуы керек: бейне және (немесе) аудиожазбалар; мәтін; кемінде бір интерактивті тапсырма; білім сапасын халықаралық және ұлттық зерттеу форматына ұқсас кемінде бір тапсырма; тест тапсырмалары; білім алушылардың тұратын аймағымен байланысты тапсырмалар (мүмкіндігінше); мазмұн элементтерімен байланысты тапсырмалар (сурет, бейнежазба, аудиожазба, мәтін); алынған білімді практикалық іс-әрекетте қолдануды қамтамасыз ететін тапсырмалар; білім алушылардың топтық әректін және коммуникацияны ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тапсырмалар; әрбір мазмұндық блоктан кейін өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар; пәнаралық сипаттағы тапсырмалар (мүмкіндігінше);

сабақтың сценарийі кемінде 6 кезеңнен тұрады;

сабақтың сценарийінің жалпы ұзақтығы – 10 минуттан кем емес;

сабақ сценарийінің әр кезеңінің атауы және ұзақтығы көрсетілген;

сабақ сценарийінің әр кезеңінде әрбір экран материалмен толтырылған;

бейне және аудиожазбалар оқушылардың құрылғыларына арналған экрандарда орналастырылмайды;

мәтін үзінділеріндегі қаріп мөлшері кемінде 22 пт;

мәтін үзінділерінде және тест тапсырмаларында (жоғарғы және төменгі индекс, математикалық белгілер және басқалар) арнайы таңбалар дұрыс көрсетіледі;

қаріп және фон түстері үйлесімді және айқын;

егер контраст шарттарын бұзбаса, онда интерактивті мәтіндік блоктардың фоны мөлдір.

42. Электрондық оқу құралына мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

жынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

қазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

пәнаралық тәсіл бейнеленген;

материалды баяндау логикалық және жүйелі түрде сипатталады;

электрондық оқу құралының мазмұны курсты толық меңгеруді қамтамасыз етеді;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, түйін сөздер көрсетілген;

мазмұны оқу нәтижелеріне қойылатын МЖМБС талаптарына, білім берудің тиісті деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

әртүрлі іс-әрекет түрлері көрсетілген;

әрбір параграфта: бейне және (немесе) аудиожазбалардың, мәтіннің, интерактивті тапсырмалардың, білім беру сапасын халықаралық және ұлттық зерттеулердің форматына ұқсас тапсырмалардың, тест тапсырмаларының, өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалардың, пәнаралық сипаттағы тапсырмалардың болуы (мүмкіндігінше);

әрбір тарауда білім алушылардың тұратын өңірімен байланысты тапсырмалардың болуы;

электрондық оқу құралы құрылымы мазмұнында көрсетілген тараулар мен параграфтарды қамтиды;

мәтін үзінділеріндегі қаріп өлшемі 16 пт кем емес;

мәтіндік үзінділеріндегі және тест тапсырмаларында арнайы таңбалар (жоғарғы және төменгі индекс, математикалық белгілер және басқалар) дұрыс көрсетілген;

қаріп және фон түстері үйлеседі және айқын;

егер бұл контраст шарттарын бұзбаса, интерактивті мәтіндік блоктардың фоны мөлдір.

43. Кешенді білім беру қосымшасына мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

нақты және (немесе) логикалық қателер жоқ;

кешенді білім беру қосымшасының мазмұны«Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 2 шілдедегі № 169-VI Заңының талаптарына қайшы келмейді;

кешенді білім беру қосымшасының мазмұны әртүрлі діни, этностық және мәдени топтардың өкілдеріне төзімді қарым-қатынас қағидаттарына сәйкес келеді, ұлтаралық және конфессияаралық диалогқа кедергі келтірмейді;

кешенді білім беру қосымшасының мазмұныжынысына, ұлтына және тұратын жеріне қарамастан білім алушыларға қолжетімді және түсінікті;

кешенді білім беру қосымшасының мазмұнықазіргі ғылыми білімнің негіздеріне қайшы келмейді;

білім беру деңгейі, пәні, меңгеру деңгейі, мазмұнның бақыланатын элементтері, контент түрі дұрыс таңдалған;

сипаттама берілген, түйін сөздер көрсетілген;

электрондық білім беру материалы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді;

сөйлеу мәтіні мен аудиожазбасы сәйкес келеді;

электрондық білім беру материалының өзіндік танымдық құндылығы бар;

электрондық білім беру материалы оқушының білім беру нәтижелерін бекітуді қамтамасыз етеді.

44. Электрондық білім беру материалдарына қойылатын техникалық талаптар:

1) Атомарлық контентке келесі техникалық талаптар қойылады:

Сурет бойынша:

рұқсат етілген пішімдер: JPEG, JPG, PNG, SVG, GIF;

бір файлдың өлшемі-100 Mb артық емес.

Аудио жазбалар бойынша:

рұқсат етілген пішімдер: MP3, WAV;

бір файлдың өлшемі: 100 Mb артық емес

Бейнежазбалар бойынша:

рұқсат етілген пішім: MP4, MOV;

бір файлдың өлшемі-200 Mb артық емес;

бейнежазбаның ұзақтығы-10 минуттан аспайды.

Тест тапсырмалары және тесттер: электронды білім беру материалдарының жалпы қалалық платформасының интерфейсінде жасалады және өңделеді.

2) сабақ сценарийлеріне келесі техникалық талаптар қойылады: сабақ сценарийлері электронды білім беру материалдарының жалпы қалалық платформасының интерфейсінде жасалады және өңделеді;

3) электрондық оқу құралдарына келесі техникалық талаптар қойылады: электрондық оқу құралдары электронды білім беру материалдарының жалпы қалалық платформасының интерфейсінде құрылады және өңделеді;

4) кешенді білім беру қосымшаларына келесі техникалық талаптар қойылады:

пішім: кешенді білім беру қосымшасымен ZIP -мұрағаты (HT HTML5, CSS, JS, мультимедиа файлдар);

мұрағаттың түбірлік директориясында ашылған кезде қосымша іске қосылатын index.html файлының болуы;

браузерлердің өзекті нұсқаларында түзету жұмыстары: Windows үшін Chrome, macOS үшін Chrome, Windows үшін Firefox, macOS үшін Firefox, macOS үшін Safari, Android үшін Chrome, iOS үшін Safari;

қосымшалармен жұмыс жасау барысында javascript қателерінің болмауы;

авторизациялау, электрондық білім беру материалдарын метадеректі пайдаланушылармен жұмыс істеу, кешенді білім беру қосымшасы бар электрондық білім беру материалдарын пайдаланушылардың жұмысы бойынша статистиканы беру үшін электронды білім беру материалдарының жалпы қалалық платформасының API-әдістерін қолдану;

мұрағат құрамында қауіпті кеңейтулері бар файлдар мен қолданылатын файлдардың болмауы (.application, .bat, .ЦМД, ком,.КПЛ, .док, .докм, .DOTM,. Ғылыми-өндірістік, .гаджет, .ХТА, .ақп, .Джар, .ЛНК, .msc, .msh, .мш1,.мш1хмл,.мш2,. мш2хмл,.мшхмл, .БАМ, .msp, .ПИФ, .potm, .ппам, .ППСМ, .ppt, .пптм,, пс1,.Редж, АҚҚ, .СКР, .және т. б.,.вбэ, .vbs, ws,.wsc, .wsf, .wsh, .xlam, .ХС, .слсм, .xltm);

бағдарлама файлдарында қауіпті кеңейтулері бар файлдарға және қолданылатын файлдарға сілтемелердің болмауы;

архивтің құрамында вирустар, зиянды немесе шпиондық бағдарламалық қамтамасыз етудің, сондай-ақ құрылғылардың немесе электрондық білім беру материалдарын пайдаланушылар желісінің, оператордың жұмысына жағымсыз әсер ететін кодтың болмауы;

қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін ең аз қажетті көлемде ғана сыртқы web ресурстармен өзара әрекеттесу;

пайдаланушылардербес деректерін мен статистиканы жинау және беру механизмінің болмауы.
Результаты согласования
01.04.2020 14:39:39: Байжанов Н. А. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
01.04.2020 15:00:00: Каринова Ш. Т. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
Результат подписания
01.04.2020 15:09:19 Аймагамбетов А. К.. Подписано

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет