Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация



Дата22.11.2023
өлшемі6,98 Mb.
#193085
Байланысты:
Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, дәрістер, морфология СӨЖ

Тұлғааралық идентификация әлеуметтік психологиялық зерттеу
Жоспар:
Тұлға туралы түсінік.
1
Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
2
Қарым-қатнас және оның қызметтері. Тұлғалардың қарым-қатнас түрлері.
3
1.Тұлға туралы түсінік.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “менен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғааралық қатынас - Тұлғааралық қатынас — этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Идентификация (психологияда)(лат.identificatio - ұқсас, бірдей деп санау, теңестіру).
    • бір нәрсені, біреуді тану
    • бір нәрсемен, біреумен ұқсастыру, теңдестіру. Бірінше мағынасында идентификация термині танымдық процестер психологиясында, сондай-ақ инженерлік психология мен заң психологиясында қолданылады; идентификация екінші мағынасында субъекттің өзін басқа субъектпен, топпен, үлгімен ұғынбай теңестірунің эмоциялы когнитивті процесі; әлеуметтік психологияда индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыру, өзін басқаның орнына қоюы, оның жке бастық мағналарын игеруі. Соған сәйкес мінез-құлық нысандары (альтроизм, импатия т.б.) пайда болады. Идентификация нәтижесі баұылау арқылы объектіні үйренуі және оған еліктеуі. Идентификация барысында субъект объекттің сыртқы мінез-құлық нысандар, басқа адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін өзіне көшіреді. Идентификация барысында басқа адамның идеалдары, құндылықтары, нормалары, өнеге сапалары, рөлдері меңгеріледі, игеріледі. Идентификация даму психологиясында баланың асқа адамдардың психологиясы мен қылықтарына өзін теңестіруінен көрінеді. Идентификацияда бала өзі үлгі тұтқан басқа адамдардың қасиеттері мен қылықтарын қабылдайды (қ.ұқсастыру).

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология(гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі.
. Күнделікті өмірде адамдарда мұндай мәліметтер болмағандықтан, олардың іс- әрекеттері мен жүріс–тұрыстарының себебін «солай шығар» деп басқалардың іс-әрекетін оларға таңу арқылы, жорамалдай алады. Адамдардың мінез- құлқының себебін, өзі болжайтын ниеттерді, ойлар мен мотивтерді таңу арқылы түсіндіру каузалды атрибуция (лат. сausa – себеп және atributio – беремін, таңамын) немесе себепті телу деп аталады. Оны зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис, Д.Кенноу, Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет