Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет1/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
дәрістер
ОЖЕФП дәрістер, 1007-1-1891-1-10-20180130, морфология СӨЖ, Пастельная Пузыри Базовая Простая Презентация 2

ДӘРІСТІК КЕШЕН


ТАҚЫРЫП 1. ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
МАҚСАТЫ: экономика негіздері ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен субъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдістерін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және Экономика негіздерінің ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты қарастыру.


ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
1. Экономикалық ғылым дамуының негізгі кезеңдері
2. Экономика негіздері пәніжәне зерттеу әдістері
3. Экономика негіздері қызметтері
4. Экономика негіздері және оның категориялары


ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР: экономия, саяси экономия, меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, неоклассика- лық теория, маржинализм, кейнсиандық мектеп, монетаризм, институционализм, қоғамдық таңдау теориясы, экономикс, эконо- микалық теория, экономикалық теорияның зерттеу пәні, экономикалық теорияның зерттеу аясы, экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі, экономикалық заңдар, экономикалық категориялар, экономикалық теорияның әдістері, экономикалық саясат, позитивті талдау, нормативті талдау, т.б.

1. Саяси экономия гректің “политейя”-қоғамдық құрылыс, “ойкос”-үй, шаруашылық, “номос”- заңдар деген 3 сөзінен шыққан. Экономикалық ой-пікір алғашқы рет Азияда, Қытай мемлекетінде дамиды. Экономика ұғымын ғылымға енгізген грек философы Аристотель болған.


Экономика дегеніміз – адам өміріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық ғылымның дамуын 5 кезеңге бөлуге болады:

  1. Меркантелистік кезең (Антуан де Монкретьен);

  2. Физиократтық кезең (ф. Кенэ, А.Тюрго);

  3. Ағылшын классикалық буржуазиялық саяси экономия кезеңі (А.Смит, Д.Рикардо, У..Петти);

  4. Маркстік саяси экономия кезеңі (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин);

  5. Қазіргі экономикалық ой-пікір (К.Менгер, Дж.Кларк, А.Маршалл,Дж. Мейнард Кейнс).

Меркантелизм итальянның “мерканте”-сауда, көпес деген сөздерінен шыққан. Олар экономиканың сауда саласына көп мән беріп, қоғамдық байлықты ақша, бағалы металдарды жинау арқылы жасауға болады деп тұжырымдаған.
Физиократтар “Қоғамдық байлық- ауыл шаруашылығы” деп есептеп, алғашқы рет “Экономиалық кестені ” жасап шығарды.
Ағылшын классиктері өндірістің барлық салаларын дамыту арқылы ғана қоғамдық байлықты көбейтуге болатынын дәлелдеді. Олар “Еңбек-құн теориясын” жазып, ең алғаш рет экономикалық категорияларға анықтама берді.
Маркстік саяси экономия мектебінің өкілдері еңбек құн теориясын дамыта келе қосымша құн теориясын жан-жақты талдады. Бұл теория ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Бұл теория жұмысшы табының мүддесін қорғайтын экономикалық теория.
Қазіргі экономикалық ой-пікір ХХ ғасырдың басынан бастап қазіргі уақыт аралығын көрсетеді. Бұл мектептің өкілдері шектілік теорияларын, шектелген өнімділік пен өндіріс факторларының кему заңдылықтарын тұжырымдайды.
2.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, кейбір материалдық әдістер қолданылады. Ғылымда да, оқу пәнінде де методология бірдей.
Методология дегеніміз- ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Диалектикалық әдістің негізін салушы неміс философы Гегель. Ғылыми танудың формалары мен әдістері көп. Ол объектіні бақылаумен жинақталған материалдарды талдау және синтездеу, индукция және дедукция, жүйелік қарау, гипотезалар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық формаларда үлгілер жасау.
Экономикалық зерттеудің маңызды әдісі- ғылыми абстракция.
Ғылыми абстракция дегеніміз- зерттеу пәнін жеке, әсіресе кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу.
Өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Олар өзара байланысты ғылымның іздегені- шындық әрқашанда жүйе формасында болады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция мен дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция дегеніміз- жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарылады. Дедукция дегеніміз- керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшкліктері сипатталады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген елеулі бағыттың негізін қалаушылар: М.Вальрас, В. Парето, У.Джевонс. Қазіргі көрнекті өкілдері: В.Леонтьев, Шаталин, Макаров.
Экономика негіздері пәні дегеніміз - шектелген ресурстар әлемі мен оларды басқару кезіндегі өндірістік игілік жасау процесіндегі адамдардың тигізетін әсері.
Оның мақсаты: пайда табу негізінде адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру.
Экономика негіздері пәнін 2 ірі бөлімге бөліп оқиды:

  1. микроэкономика;

  2. макроэкономика.

3. Экономика негіздері қызметтері. Тауар мен қызмет көрсету өндірісін дамыту барлық ғылымдарда қарастырмай болмайды. Соның ішінде экономикалық ғылымдарда да. Оның бастысы- күнделікті бақылау, интуиция. Одан кейін- ғылыми білім. Осыдан барып теориялық ғылым туады. Көптеген ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, Экономика негіздерітаным мен қайта құруда үлкен роль атқарады. Осыған байланысты Экономика негіздерінің бірнеше қызметтерін қарастырамыз:

    1. методологиялық

    2. сынаушылық

    3. танымдылық

    4. прагматикалық(тәжірибелік)

    5. болжам жасау

    6. идеологиялық

Экономика негіздерінің бастапқы 5 қызметі нарық экономикасына сәйкес келеді, ал соңғы 6-шы қызметі әкімшілік-әміршілік жүйеге сәйкес келеді.

4. Экономикалық категориялар дегеніміз- адамдардың қоғамдық-өндірістік қатынастарының нақты орын алуын теориялық тұрғыдан анықтау. Экономикалық ғылымның міндеті экономикалық құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау, сөйтіп өндірістік қатынастардың мәнін ашу, басқалай көмекші жайлардан тазалау. Осындай талдаудың нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Экономиалық категориялар тарихи сипатта болады, яғни қоғамдық формацияның қалыптасуын, даму процесін анықтайды.
Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіріс, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
Экономикалық заңдардың 2 түрі бар:

  1. жалпылама заңдар;

  2. ерекше заңдар

Жалпылама заңдар – бүкіл адам тарихында немесе бірнеше ғасыр бойы күшіне енген заңдар (еңбек өнімділігін жоғарлату заңы, керексіну заңы).
Ерекше заңдар- жеке қоғамдық өндіріс түрлерінің ерекшеліктері мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізін көрсететін заңдар.
Адамдардың арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастар 2-ге бөлінеді:

  1. ұйымды-экономикалық қатынастар;

  2. әлеуметті-экономикалық қатынастар.

5.Адам қоғамы өзінің дамуында әртүрлі экономикалық жүйелерді қолданады. Олардың негізгі экономикалық мәселелерді шешуде өз әдістері бар. Экономикалық жүйелердің 4 формасы бар:


1.Дәстүрлік жүйе. Нашар дамыған елдерде әлі күнге шейін дәстүрлік, салттық экономикалық жүйеде дамып отыр. Бұл жүйеде техникалық прогресс енгізу өте қиын.
2.Әкімшілік-әміршілік немесе командалық жүйе. Негізгі экономикалық мәселелерді мемлект шешеді. Барлық ресурстар мемлекет меншігінде болады. Орталық экономикалық жоспарлау барлық деңгейді үй шаруашылығынан мемлекетке дейін қамтиды.
3. Нарықтық экономика. Онда барлық экономикалық сұрақтарды нарық, баға, сұраныс және ұсыныс, пайда мен шығын анықтайды.
4. Аралас экономика.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет