«павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған мәтінге тест тапсырмалар жинағы»



бет2/2
Дата15.04.2018
өлшемі2,06 Mb.
#40136
1   2
Функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар ішіндегі ұсынылған мәтіндер мен тапсырмалар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген оқу бағдарламасын негізге ала отырып құрастырылды.

Бастауыш сыныптарында қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинағын құрастырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайту, тіл байлығын дамыту, оқу сауаттылығын арттыруға арналған тесттік тапсырмалар. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау қабілеттеріне сай келу жағы ескерілген. Оқушылардың өзіндік ерекшелігіне қарай қазақ тілін күнделікті өмір жағдайында таныту, коммуникативтік біліктілігін арттыру.

Жинаққа енген тапсырмалар оқушыларға төмен, орташа, жоғары деңгейлерінде берілген.

Тақырыптардан ауытқушылық жоқ. Тапсырмалары көңілге қонымды, оқушылардың білімдерін жетілдіру, тілдері мен логикасын дамыту үшін қарастырылған. Сондықтан білім беру мекемелерінде бірізділік, біртұтастық болу үшін бұл еңбекті Павлодар қаласының оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептеріне таратуға ұсынылсын.

Рецензент:
Тіркелді № _____ 2017 жыл "_____" _______________
Түсінік хат
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 3-сыныбына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген оқу бағдарламасын негізге ала отырып құрастырылды.

Құралған функционалдық сауаттылыққа дамытуға бағытталған құралдың мақсаты: 3 -сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Функционалдық сауаттылыққа бағытталған құралдың міндеттері:

-оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

-оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;

-өмір бойы білім алуға;

 -шешім қабылдай алуға;

-оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне, ұлттық мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;

-оқушылардың оқу білігін, өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;

-оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.

Тапсырмалар арқылы сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлесуге, сауатты, дұрыс жазуға үйретеді.

Құрастырылған функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар тест тапсырмалары бар мәтіндер жинағы ретінде берілген. Қазақ тілінің тұрмыстағы, қоршаған ортадағы, адамдар арасындағы қатынас құралы қызметін игеруі 3 аяда ұсынылған: әлеуметтік-тұрмыстық ая, әлеуметік-мәдения ая, оқу-еңбек аясы.

Қосымша функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар оқушылардың жалпы пән бойынша білімдерін тексеруге, қалыптастыруға бағытталған.

Осы құралда қырық үш тақырып бойынша тапсырма үлгілері берілген. Олар: «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің жұмыстары», «Атам ауылда түрады», «Мен бөлмемді жинаймын», «Мен азық -түлік дүкеніне барамын», «Менің оқу құралдарым», «Кітапханаға барамын», «Үйірмеге барамын» және т.б.



3 сыныпқа арналған дидактикалық кешеннің мазмұны

Оқулықтың авторы: Қазақ тілі 3 - сынып, А.Қайырбекова Алматы " Атамұра" 2014 ж.








ӘЛЕУМЕТТІК – ТҰРМЫСТЫҚ АЯ



бет

Мен және менің отбасым. Отбасы мүшелерінің жұмыстары

/5 сағат/

1

1

Менің отбасым

10

2

2

Менің әкем. Менің анам

11

3

3

Менің әпкем

13

4

4

Менің ағам

15

5

5

Менің атам. Менің әжем

17

Атам ауылда тұрады




6

1

Атам ауылда тұрады

19

7

2

Бақша суарамын

20

8

3

Қолқанат

22

9

4

Мен еңбекқор баламын

24

Мен бөлмемді жинаймын




10

1

Мен бөлмемді жинаймын

26

11

2

Бөлмемде не бар?

28

12

3

Жексенбі күні

30

Мен азық -түлік дүкеніне барамын




13

1

Азық-түлік.Супермаркетте

32

14

2

Нан тағамдары. Сүт тағамдары

34

15

3

Жемістер. Көкөністер

36

16

4

Азық-түлік дүкенінде. Базарда

38

17

5

Бауырсақ. Нәтиже сабақ

40







Мультфильм көремін




18

1

Алдар Көсе

41

19

2

Бауырсақ

44

20

3

Түлкі мен қоян

45

21

4

Шалқан

47

22

5

Үш жалқау

48

ОҚУ- ЕҢБЕК АЯСЫ




Менің оқу құралдарым




23

1

Оқу құралдарым. Менің оқулықтарым

52

24

2

Менің дәптерім. Менің күнделігім

54

25

3

Сурет сабағы

56

26

4

Менің қаламым

58

27

5

Менің сөмкем

60







Менің сыныбым




28

1

Сынып заттары

61

29

2

Менің сыныбым

63

30

3

Біздің үшінші сынып

65

Кітапханаға барамын




31

1

Кітап

67

32

2

Ұлттық кітапхана

68

Үйірмеге барамын




33

1

Мектеп өмірі

70

34

2

«Хор» үйірмесіне барамыз

72

35

3

«Қазақ тілі» үйірмесінде

74

36

4

Сурет үйірмесінде

76

37

5

«Шебер қолдар» үйірмесінде

77







III. ӘЛЕУМЕТТІК -МӘДЕНИ АЯ

Мұражайға барғанда




38

1

Мұражай

79

39

2

Мұражайға саяхат

81

40

3

Мұражайдың көне заттары

83







Бүгін ауа райы қандай ?




41

1

Жыл мезгілдері

84

42

2

Күзде

86

43

3

Қыста

88

44

4

Көктемде

90

45

5

Жазда

92

Шаңғы тебемін




46

1

Қыс

94

47

2

Шаңғы тебу

96

48

3

Суық айлар

98

49

4

Сырғанақ

99

Аққала соғамыз




50

1

Қысқы демалыс

101

51

2

Сыйлықтар

103

52

3

Қысқы ойындар

105

53

4

Жаңа жыл

107

54

5

Қыс қызығы

109

55

6

Аққала соғамын

111

56

7

Жаңа жыл жыры

112







Сенің туған күнің қашан?




57

1

Отбасы мерекелері

114

58

2

Досымның туған күні

116

Сыйлық беремін




59

1

Менің сыйлықтарым

118

60

2

Анаға сыйлық

119







Спортзалда




61

1

Спортзалда

121

62

2

Мен жаттығу жасаймын

123

63

3

Дене тәрбиесі сабағында

125

64

4

Мектеп спортзалы

126

Допты берші




65

1

Мен футбол ойнаймын

128

66

2

Мен волейбол ойнаймын

130







Кел, ойнаймыз.




67

1

Сырғанақта

142

68

2

Стадионда

144

69

3

Медеу мұз айдыны

146

70

4

Кел, ойнайық!

147

71

5

Қазақтың ұлттық ойындары

149







Наурыз келді




72

1

Наурыз-жыл басы

132

73

2

Наурыз келді

134

Құстарды қарсы аламыз




74

1

Қанатты достар

135

75

2

Құстар

137

76

3

«Ақ көгершін» әні

139







Алақай, демалыс!




77

1

Жаз

151

78

2

Жазда

153

79

3

Жаз айлары

154

80

4

Жазғы демалыс

156
1. Менің отбасым

Сөздік

жұмыс істейді – работает

дәрігер – врач

заңгер – юрист

балабақша – детский сад

демалыс – выходной
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда жеті адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, әпкем, екі қарындасым және мен. Әкем – инженер. Ол зауытта жұмыс істейді. Шешем – дәрігер, ол ауруханада жұмыс істейді. Ағам – студент. Әпкем – заңгер. Екі қарындасым балабақшаға барады. Мен мектепте оқимын. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз.

(45 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтіндегі сан есімдерді көрсетіңіз.

А) мен


В) жеті

С) жұмыс істейді

D) үлкен

Е) үшінші


2. Сөздің аудармасын көрсетіңіз

Семья

А) адам


В) жанұя

С) олар


D) ата – ана

Е) отбасы


3. Дұрыс жазылған сөз тіркесін анықтаңыз

А) жеті адамдар

В) үлкен отбасы

С) екі әже

D) менің аға

Е) біздің отбасым


4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Мен мектепте ... .

А) жұмыс істеймін

В) білім аламыз

С) барамын

D) оқимын

Е) білім аламын


5. Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты көрсетіңіз.

А) Шешем адам емдейді

В) Інімнің шешесі – дәрігер

С) Олар – дәрігерлер

D) Менің анам – дәрігер

Е) Дұрыс жауап жоқ



2. Менің әкем. Менің анам

Сөздік

зауыт – завод

жұмыс істейді – работает
Менің әкем – инженер. Ол зауытта жұмыс істейді. Зауытта машиналар жасайды. Әкем – жақсы инженер. Әкемнің аты – Досбол. Ол 36 жаста. Ал шешем – мұғалім. Оның аты – Маржан. Ол – математика пәнінің мұғалімі. Ол мектепте жұмыс істейді. Шешем 32 жаста.

  1. сөз)

Тест тапсырмалары

1.Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Менің анам ...

А) зауытта жұмыс істейді

В) мектепте сабақ береді

С) мұғалім

D) Маржан

Е) инженер


2. Мәтін бойынша жазылған дұрыс жауапты көрсетіңіз

А) Әкесі шешесінен 4 жас үлкен

В) Шешесі әкесінен 4 жас үлкен

С) Әкесі шешесінен 4 жас кіші

D) Шешесі әкесінен 4 жас кіші

Е) Дұрыс жауап жоқ


3. Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз

Мұғалім

А) оқытушы

В) жетекші

С) оқушы


D) сатушы

Е) ұстаз


4. Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты табыңыз

Шешем компьютерде есептер шығарады.

А) қате


В) дұрыс емес

С) дұрыс жауап жоқ.

D) дұрыс

Е) бұрыс
5. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз



Менің әкем зауытта ... .

А) жұмыс істемейді

В) жұмыс істейді

С) сабақ береді

D) білім алады

Е) оқиды



3. Менің әпкем

Сөздік

болашақта – в будущем

тілші – журналист

ағылшын тілі – английский язык

түрік тілі – турецкий язык
Менің атым – Нұрай. Менің әпкем бар. Оның аты – Айна. Ол 20 жаста. Әпкем – студент. Ол Астана қаласында оқиды. Болашақта тілші болады. Сол үшін ол ағылшын, түрік тілдерін көп оқиды. Мен өз әпкемді жақсы көремін.

(34 сөз)


Тест тапсырмалары

1.Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты табыңыз

Нұрайдың әпкесі ... оқиды.

А) қалада

В) түрік қаласында

С) ауылда

D) Қазақстанда

Е) Ресейде


2.Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз

Студент

А) оқытушы

В) шәкірт

С) тілші


D) дұрыс жауап жоқ

Е) барлық жауап дұрыс


3. Мәтінге сәйкес келетін сөздерді табыңыз

А) ата – ана

В) білім

С) аға


D) оқытушы

Е) шәкірт


4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Нұрай Айнадан ... .

А) кіші


В) кіші емес

С) үлкен

D) шағын

Е) дұрыс жауап жоқ


5. Мәтін бойынша дұрыс жауапты көрсетіңіз

... Астана қаласында оқиды.

А) Мен


В) Нұрайдың әкесі

С) Айна


D) Нұрайдың әпкесі

Е) Менің әкем



4. Менің ағам

Сөздік

медициналық – медицинский

болашақта – в будущем

емдейді – лечит

тұрады – живет
Менің атым – Аяулым. Мен 17 жастамын. Менің ағам бар. Оның аты – Қазыбек. Ол 23 жаста. Ағам – студент, ол медициналық институтында оқиды. Болашақта ол дәрігер болады, адамдарды емдейді. Қазыбек Алтайда тұрады.

(30 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес келетін сөздерді табыңыз

А) сіңлі


В) іні

С) әпке


D) қарындас

Е) бауыр
2. Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты табыңыз



Аяулымның ағасы ... тұрады.

А) ауылда

В) Қазақстанда

С) Астанада

D) Алтайда

Е) Алматыда


3. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесін табыңыз

А) сурет салады

В) білім алады

С) қалада тұрады

D) сабақ алады

Е) адамдарды емдейді


4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Қарындасының есімі – ...

А) Алтай


В) Аяулым

С) Дұрыс жауап жоқ

D) Қазыбек

Е) Адам


5. Мәтін бойынша дұрыс жауапты көрсетіңіз

А) Қарындасы алты жас үлкен

В) Ағасы жиырма үш жаста

С) Ағасы алты жаста.

D) Қарындасы алты жас кіші

Е) Ағасы алты жас кіші



5. Менің атам. Менің әжем

Сөздік

зейнеткерлер – пенсионеры

күтеді – ухаживает

бірге – вместе

тойлаймыз – празднуем

сыйлайды – уважают

қонақ – гость

қарсы аламыз – встречаем
Менің атам мен әжем бар. Олар – зейнеткерлер. Атам жеміс ағаштарын егеді. Әжем оларды күтеді. Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды. Мерекелерді бірге тойлаймыз. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Келген қонақты қарсы аламыз. Мен атам мен әжемді өте жақсы көремін.

(38 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз

Ата

А) апа


В) қарт

С) зейнеткер

D) қонақ

Е) үлкен кісі



2. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесін табыңыз

А) үлкенді құрметтеу

В) ойыншық сыйлау

С) қонақ шақыру

D) жаңа жыл мерекесі

Е) мол дастарқан


3. Мәтін бойынша дұрыс жауапты көрсетіңіз

А) Атам маған ертегі оқиды.

В) Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды.

С) Әжем дәмді тамақтар пісіреді.

D) Мен наурыз көже пісіремін.

Е) Дұрыс жауап жоқ.


4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Менің әжем ... .

А) қонақ күтеді

В) жұмыс істейді

С) ертегі оқиды

D) ағаш күтеді

Е) дұрыс жауап жоқ


5. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Отбасымызда жақсы ... көп.

А) адамдар

В) ағаштар

С) балалар

D) қонақтар

Е) дәстүрлер


6. Атам ауылда тұрады

Сөздік

ауылда – в ауле

бардым – поехал

тұрады – живут

бағамын – пасу

суарамын – пою

еңбекқор - трудолюбивый

Жазғы демалыста мен ауылға бардым. Ауылда менің атам мен әжем тұрады. Мен атама көмектесемін. Мен мал бағамын, қойды суарамын, тауықтарға жем беремін. Атамның 5 түйесі, 2 сиыры, 3 жылқысы, 15 қойы, көп тауықтары, үйректері, қаздары бар. Атам-еңбекқор адам.

(36 сөз)

Тест тапсырмалары

1.Мәтінде айтылған ақпаратты көрсетіңіз

А) атасына көмектеседі

В) әжесіне көмектеседі

С) үйді жинайды

D) шөп шабады

Е) бақшаны суарады


2. Мәтінде кездесетін сан есімдердің мағыналық түрін анықтаңыз

А) реттік сан есім

В) бөлшектік сан есім

С) есептік сан есім

Д) жинақтық сан есім

Е) дұрыс жауап жоқ



3.Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз

А) мен мал бағамын.

В) сиыр сауамын

С) жем беремін

Д) малдарды суарамын

Е) атама көмектесемін


4. Асты сызылған сөз қай септікте тұрғанын анықтаңыз

А) барыс септігі

В) атау септігі

С) шығыс септігі

Д) табыс септігі

Е) ілік септігі


5. «Еңбекқор» сөзіне сұрақ қойыңыз

А) кім?.


В) қанша?

С) қалай?

Д) не?

Е) қандай?




7. Бақша суарамын

Сөздік

аула – двор

бай – богатый

өседі – растет

күтеміз – ухаживаем

қопсытамыз – рехлим

суарамыз – поливаем

жинап аламыз – собираем
Біздің аулада бақша бар. Ол үлкен әрі көкөніске бай. Бақшада сәбіз, қияр, пияз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, қауын, қарбыз өседі. Біз жазда бақшадағы көкөністерді күтеміз. Жерді қопсытамыз,суарамыз, арам шөбін жұламыз. Күзде жинап аламыз.

(32 сөз)


Тест тапсырмалары

1.Сөйлемді толықтырыңыз

Біздің ..... бақша бар.

А) мектепте

В) үйде

С) бақта


D) аулада

Е) сыныпта


2. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді анықтаңыз

А) біздің

В) орамжапырақ

С) жерді


D) қопсытамыз

Е) жұламыз


3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз

А) орам-жа-пы-рақ

В) о-ра-мжа-пы-рақ

С) о-рам-жа-пы-рақ

D) о-рам-жап-ыр-ақ

Е) о-рам-жа-пыр-ақ


4. Берілген сөйлемді аяқтаңыз

Арам шөбін ......

А) өсіреміз

В) қопсытамыз

С) суғарамыз

D) жұламыз

Е) дұрыс жауабы жоқ


5. Ашық буынды сөзді табыңыз

А) жерді


В) пияз

С) суғарамыз

D) жұламыз

Е) өседі


8. Қолқанат

Сөздік

оқу озаты – отличник

үйірме – кружок

дайындалады – готовится

көмектеседі – помогает
Мирас ауылда тұрады. Ол -оқу озаты. Мектепте спорт үйірмесіне қатысады. Ата-анасы жұмыс істейді. Мирас сабағына өзі дайындалады.Үйде атасына көмектеседі. Сиырға су береді, тауыққа жем шашады. Жазда бақшаны арамшөптен тазартады. Қыста қар күрейді. Атасы оны « кішкентай қолқанатым » дейді.

(38 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Жіңішке буынды сөздерді анықтаңыз

А) сабағын, үйде

В) жазда, тазартады

С) оқу – озаты

D) үйде, көмектеседі

Е) қар, тазалайды


2. Мәтін бойынша берілген сөйлемді толықтырыңыз

Қыста ..... күрейді

А) шөп


В) жем

С) қар


D) су

Е) дұрыс жауабы жоқ


3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз

А) қол-қан-а-тым

В) қо-лқа-на-тым

С) қол-қа-нат-ым

D) қо-лқан-атым

Е) қол-қа-на-тым


4. Ұяң дауыссыз дыбыстары бар сөзді анықтаңыз

А) бақшаны

В) жазда

С) күрейді

D) мектепте

Е) кішкентай


5. « Помогает» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз

А) көмектеседі

В) суғарады

С) жинайды

D) тазалайды

Е) дайындалады



9. Мен еңбекқор баламын

Сөздік

еңбекқор – трудолюбивый

ерте – рано

таңертең – рано утром

төсек – постель

шашпаймын – не разбрасываю

сыйлаймын – уважаю

тыңдаймын - слушаюсь
Менің атым – Аслан. Мен үшінші сыныпта оқимын. Таңертең ерте тұрып төсегімді жинаймын. Сабақтан келген соң киімдерімді шашпаймын. Анама көмектесемін, тыңдаймын. Бос уақытымда кітап оқимын. Анам мені еңбекқор балам дейді.

(29 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз

А) ең-бе-кқор

В) е-ңбек-қор

С) ең-бек-қор

D) еңбек-қор

Е) ең-бекқ-ор


2. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз

Сабақтан келген соң ..... шашпаймын.

А) ойыншықтарды

В) дәптерлерді

С) киімдерімді

D) қарындаштарды

Е) төсегімді


3. Ашық буынды сөзді анықтаңыз

А) кітап


В) балам

С) мені


D) оқимын

Е) үшінші


4. Бос уақытында ұл бала немен айналысатынын анықтаңыз

А ұйықтайды

В) ойнайды

С) көмектеседі

D) кітап оқиды

Е) достарымен қыдырады


5. Анасы оны қалай атайтынын табыңыз

А) жалқау балам

В) еңбекқор балам

С) кішкентай балам

Д) үлкен балам

Е) дұрыс жауабы жоқ





10. Мен бөлмемді жинаймын

Сөздік

жарық - светлая ілулі - повешена кілем - ковер шаңсорғыш - пылесос тазалаймын - убираю суарамын - поливаю күнде - ежедневно


Менің бөлмем үлкен, таза, жарық.Үстелдің үстінде компьютер тұр. Қабырғада сөрелер ілулі. Сөрелерде кітаптар, гүлдер, ойыншықтар бар. Еденде әдемі кілем жатыр. Мен ерте тұрамын, төсегімді жинаймын, шаңды сүртемін, шаңсорғышпен еденді тазалаймын, гүлдерді суарамын. Мен күнде бөлмемді жинаймын. Менің бөлмем әрқашан таза.

(41 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес келмейтін сөзді көрсетіңіз A) жинаймын B) суарамын C) сатып аламын D) тазалаймын E) сүртемін
2. Қатесіз жазылған сөйлемді анықтаңыз A) Менің бөлмем үлкен, таза, жарық . B) Мен бөлмем үлкен, таза, жарық. C) Менің бөлмесі үлкен, таза, жарық. D) Сен бөлме үлкен, таза, жарық. E) Менің бөлмемде үлкен, таза, жарық.
3. Мәтінге қатысы жоқ сөзді көрсетіңіз A) кереует B) сөре C) мектеп D) сынып E) кілем
4. Дұрыс аударылған сөйлемді көрсетіңіз

Менің бөлмем үлкен, таза, жарық. A) Моя комната большая, чистая, светлая B) Мой комната большая, чистая, светлая C) Твоя комната большая,чистая, светлая D) Ваша комната большая, чистая, светлая E) Его комната большая, чистая, светлая
5.Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз A) бұлме B) бөльме C) болме D) бүлме E) бөлме
11. Бөлмемде не бар?


Cөздік

кең -широкая (-ое,-ые) оң жақ - правая сторона сол жақ - левая сторона қабырға – стена кереует - кровать сөре - полка
Мынау – менің бөлмем. Менің бөлмем кең және таза. Оң жақ қабырғада кереует, сол жақ қабырғада үстелім тұр. Бөлмеде орындық, шкаф, кітап сөресі және төсек бар. Бөлмеде бір үлкен терезе және есік бар. Еденде кілем жатыр. Қабырғада кітап сөресі ілулі тұр.

(40 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтіннен тек қана бөлме заттарының атауларын көрсетіңіз A) парта, үстел, қабырға сағат B) үстел, орындық, шкаф, сөре, сағат, компьютер C) компьютер, сынып, мектеп, сағат, қабырға D) сөрелер, парталар, сөмке, балалар E) оқушы, парта, үстел, теледидар, сағат
2. Сөйлемді аударыңыз

Бұл - менің бөлмем.

A) Это - моя комната B) Это - твоя комната C) Это - ваша комната D) Комната большая и чистая E) В комнате стоит стол


3. Нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Еденде кілем ........ .

A) тұр B) бара жатыр C) жатыр D) ілулі тұр E) бар


4. «Кілем» сөзінің аудармасын көрсетіңіз A) кровать B) стол C) ковер D) шкаф E) стул

5. Мәтінге қатысы жоқ сөйлемді анықтаңыз A) Менің бөлмем кең және таза B) Қабырғада қабырға сағаты, кітап сөресі ілулі тұр C) Мынау – менің бөлмем D) Мен үшінші сыныпта оқимын E) Еденде кілем жаты

12. Жексенбі күні



Сөздік

жексенбі - воскресенье осы күні - в этот день сағат онда - в десять часов таңғы ас - завтрак сыпырамын - подметаю
Менiң демалыс күнiм – жексенбi. Осы күнi мен төсектен сағат онда тұрамын. Жуынып, таңғы асымды iшемiн. Содан кейiн мен бөлмемді жинаймын. Шкафтың, үстелдің, терезенің шаңын сүртемін. Еденді сыпырамын, жуамын. Гүлге су құямын. Менің бөлмем таза және әдемі.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары



1. «Жинаймын» сөзінің синонимін анықтаңыз A) суарамын B) жинамаймын C) орындаймын D) барамын E) тазалаймын
2. Қатесіз жазылған сөзді анықтаңыз A) жексенбі B) жеқсенбі C) жексенби D) жексеңбі E) жеқсеңби

3. Мәтінге қатысы жоқ сөйлемді табыңыз A) Еденді сыпырамын, жуамын B) Шкафтың, үстелдің, терезенің шаңын сүртемін C) Адамға азық-түлік өте қажет D) Гүлге су құямын E) Менің бөлмем таза және әдемі
4. Мәтінге сәйкес келмейтін сөзді көрсетіңіз A) таңғы ас B) жексенбі C) компьютер D) еден E) гүл

5. Нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз

Менiң демалыс күнiм – ......... .

A) суарамын B) барамын C) жуамын D) дүйсенбі E) жексенбі



13. Азық-түлік дүкені. Супермаркетте
Сөздік

тағам – пища

ет - мясо

ірімшік - сыр

бәрі – все

Бұл азық – түлік дүкені. Азық – түлік дүкенінде нан, сүт, ет тағамдары және жемістер, жидектер, көкөністер сатылады. Ал мынау - «Алма» супермаркеті. Айжан әжесімен супермаркетке барды. Олар супермаркетке автобуспен барды. Супермаркеттен алма, жүзім, шие, батон, кәмпит, сүт сатып алды.

(37сөз)

Тест тапсырмалары

1. Азық – түлік дүкенінде не сатылғанын көрсетіңіз

А) кеңсе тауарлары

В) ыдыстар

С) ойыншықтар

D) кітаптар

Е) тағамдар


2.Сүт өнімдерін атаңыз

А) нан,сүт

В) шұжық, ет

С) доп , шахмат

D) айран, қаймақ

Е) май, қалаш


3. Берілген сөйлемді жалғастырыңыз

Жанар батон, кәмпит, сүт ..... .

А) пісірді

В) жеді

С) сатып алды



D) берді

Е) сыйлады


4. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз

А) қашан?

В) неше?

С) қайда?

D) қандай?

Е) кім?
5. Қаймақ , сүт сөздеріне қай сұраулық шылаулар сәйкес келетінін анықтаңыз

А) ма,ме

В) па,пе


С) ба,бе

D) па,ме


Е) ма,бе


14. Нан тағамдары. Сүт тағамдары
Сөздік

сатып алды – купил

әр түрлі - разный

қымыз – кумыз

шұбат – шубат

пайдалы – полезный
Бұл - дүкен. Әсел мен Гауһар нан дүкеніне келді. Олар дүкеннен нан, сүт сатып алды. Олар дүкеннен әр түрлі нан сатып алды. Нан ақ, жұмсақ, дәмді. Нан тағамдары: нан, батон, тоқаш, бауырсақ. Сүт тағамдары - айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт т.б. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүт - пайдалы тағам.

(49 сөз)



1. «Дүкен» сөзінің аудармасын табыңыз

А) школа


В) класс

С) семья


D) магазин

Е) аптека


2. Сөйлемді толықтырыңыз

Әсел мен Гауһар ... дүкеніне келді.

А) киім


В) балалар

С) ыдыс


D) аяқ киім

Е) Нан
3. Сүт – пайдалы тағам.



Сөйлем түрін көрсетіңіз

А) хабарлы сөйлем

В) лепті сөйлем

С) сұраулы сөйлем

D) бұйрықты сөйлем

Е) атаулы сөйлем


4. Сүт тағамдары қатарын белгілеңіз

А) май, қуырдақ, айран

В) ірімшік, құрт, май

С) ірімшік, бауырсақ, май

D) құрт, айран, нан

Е) айран, май, шұжық


5. Берілген сөйлемді жалғастырыңыз

Әсел мен Гауһар нан дүкеніне .... .

А) шықты


В) келді

С) қосты


D) апарды

Е) берді


15. Жемістер. Көкөністер
Сөздік

жемістер - фрукты

дәмді – вкусный

қарбыз – арбуз

қауын – дыня

бақ – сад

бақша - огород

Мынау не? Бұл - жемістер мен көкөністер. Жемістер: алмұрт, шие, шабдалы, анар, жүзім, алхоры, өрік, алма, Көкөністер: қызылша, қызынақ, орамжапырақ, пияз, сәбәз, қияр, картоп. Анар дүкенге барып жемістер сатып алды . Болат баққа барды. Ол бақтан көкіністер жинап алды.

(38 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Мына сөйлемдегі сөздерге қандай жалғау жалғанғанын көрсетіңіз

Бұл – жемістер, көкөністер.

А) септік жалғау

В) тәуелдік жалғау

С) көптік жалғау

D) жіктік жалғау

Е) барыс септік жалғауы


2. Жемістер қатарын көрсетіңіз

А) қияр, қызанақ

В) шұжық, ірімшік

С) құлпынай, таңқурай

D) картоп, таңқурай

Е) өрік, қызанақ


3. Септік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз

А) шабдалым

В) алмұрттар

С) қияр


D) базарға

Е) дүкенге


4. Сөздің аудармасын дұрыс табыңыз

«Фрукты»

А) көкөністер

В) жемістер

С) оқу құралдары

D) көліктер

Е) жидектер


5. Мәтінде асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз

А) қашан?

В) неше?

С) қайда?

D) қандай?

Е) кім?


16. Азық – түлік дүкенінде. Базарда
Сөздік

керек –нужен

әкелді – принес

берді – дал

Бүгін – жексенбі. Жансая анасымен дүкенге барды. Дүкен Манас көшесінде. Олар дүкенге автобуспен барды. Дүкеннен нан, сүт, шай, май сатып алды. Жансаяның анасы дәмді тамақ дайындайды.

Мынау - базар. Базарда киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, жемістер сатылады. Базарға мен әжеммен бардым. Әжем алма, алша, қияр, картоп сатып алды.

(46 сөз)


Тест тапсырмалары

1.Түсіп қалған сөзді табыңыз

Олар дүкенге ..... барды.

А) жаяу


В) автобуспен

С) трамваймен

D) таксимен

Е) тролейбуспен


2. Мына сөз тіркесінің аудармасын белгілеңіз

«Сколько стоит»

А) қайда тұрады

В) не істейді?

С) қанша тұрады?

D) мынау не?

Е) қалай тұрады?


3. Қазақ тілінің төл дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз

А) ел


В) алып

С) жарып


D) ол

Е) бүгін
4. Қашан? қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді көрсетіңіз

А) бүгін, барды

В) кеше, балалар

С) ертең, таза

D) жазда, демалыс

Е) мектеп, әдемі
5. Сұрау есімдігін көрсетіңіз

А) кім, не

В) ешкім, ештеңе

С) ешқашан, ешбір

D) олар, сендер

Е) анау, мынау



17. Бауырсақ. Нәтиже сабақ
Сөздік

өте – очень

тағам – пища

қадірлеу – ценить
Бауырсақ – ұннан жасалатын тағам. Ол дәмді, жұмсақ, пайдалы. Қазақта «Ас атасы – нан» деген мақал бар. Астың, дәмінің үлкені – нан. Қонақ шақырғанда бауырсақты дастарханға қояды. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Нанды қадірлеу керек.

(35 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Бидайдан не жасайтынын көрсетіңіз

А) ұн


В) кәмпит

С) астық


D) нан

Е) қамыр
2. Мақалды жалғастырыңыз: Ас атасы -......

А) сүт

В) қымыз


С) ет

D) нан


Е) ірімшік
3.Түсіп қалған сөзді табыңыз

Бауырсақ - ұннан .... тағам.

А) берілетін

В) жасалатын

С) қосылатын

D) қолданатын

Е) пайдаланатын


4. Мәтінде асты сызылған сөз қай септікте тұрғанын көрсетіңіз

А) атау септік

В) барыс септік

С) табыс септік

D) шығыс септік

Е) ілік септік


5.«Бауырсақ» сөзінде неше буын бар екенін табыңыз

А) 2


В) 3

С) 4


D) 1

Е) 5


18. Алдар көсе
Сөздік

сұмдық тоңды - жутко замерз

бозарып - побледнел

армандады - мечтал

кезікті - встретился

тесік – дырявый

жел – ветер
Бірде Алдар далада келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, жылы үйді армандады. Сол кезде оған бір бай кезікті. Сонда бай :

  • Ей, Алдар, күн суықта мына тесік шапанмен қайда барасың?

  • Бай-еке, менің шапаным жылы. Жел бір тесіктен кіріп, екінші тесіктен шығады, -дейді Алдар.

  • Шапаныңды маған сатсаңшы? – дейді бай.

  • Сатпаймын! Мен онсыз тоңамын!- дейді Алдар.

  • Тоңбайсың, орнына мен саған өз шапанымды беремін.Ол да сондай жылы.Үстіне ат қосып беремін,- дейді бай.

Алдар Көсе байдың шапанын киіп, байдың атына мініп, желмен жарыса жөнеледі.
Тест тапсырмалары

1. Берілген сөйлемді толықтырыңыз

Бірде Алдар далада келе жатып,....

А) жылы үйді армандады.

В) сондай жылы.

С) сұмдық тоңды.

D) шапанымды беремін.

Е) жарыса жөнеледі.
2. «Жылы үй» мына сөз тіркесінің аудармасын табыңыз

А) светлый дом

В) чистый дом

С) просторный дом

D) красивый дом

Е) теплый дом
3. Ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз

А) далада, шапанмен

В) барады, отырады

С) байдың, Алдардың

D) жел, тесіктен

Е) шапанымды, желмен
4. Жіңішке дыбысты қатарды көрсетіңіз

А) шапанды, жылы

В) тесік, үйді

С) байды, Алдар

D) атын, тоңды

Е) желмен, жарыса
5. «Шапанмен» сөзінде неше буын бар екенін анықтаңыз

А) 6

В) 2

С) 3

D) 5

Е) 1
19. Бауырсақ

Сөздік

суып тұрып - остыл

домалай берді - катился

одан әрі - дальше

пісірді - испекла

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан одан әрі домалай береді, домалай береді.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мәтіннен кім сұрағына жауап беретін сөздерді анықтаңыз

А) бауырсақ, орындық

В) шал, кемпір

С) қаймақ, шал

D) кемпір, терезе

Е) шал, май


2. Жіңішке буынды сөздерді табыңыз

А) шал, терезе

В) кемпір, терезе

С) жөнеледі, домалай

D) орындық, ертеде

Е) пісіріпті, қаймақ
3. Берілген сөйлемді жалғастырыңыз

Бауырсақ суып тұрып, бір кезде ...

А) домалай береді.

В) пісіріпті.

С) қаша жөнеледі.

D) домалай жөнеледі.

Е) болыпты.


4. «Колобок» сөзінің аудармасын табыңыз

А) орындық

В) бауырсақ

С) шал

D) терезе

Е) кемпір
5. Жуан буынды сөздерді анықтаңыз

А) орындық, терезе

В) бауырсақ, кемпір

С) шал, орындық

D) қаймақ, терезе

Е) май, береді
20. Түлкі мен қоян

Сөздік

достық – дружба

азық – пища

үйшік - домик

қызғанып – завидуя

қулық – хитрость

ауырыңқырап - приболела

бұзып тастайды – разломала

араз – врозь
Баяғыда түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығына басқа аңдар қызыға қарайтын. Бірге азық іздейді, күндерін бірге өткізеді.

Қыс мезгілі де келді. Қоян өзіне қамыстан үйшік жасады, ал түлкі болса мұздан жасады. Көктем келе түлкінің жасаған үйшігі еріп кетті. Ал қоянның үйшігі сол қалпында қалды. Сонда түлкі қызғанып, қулығын іске асырмақ болды. Түлкі қоянға келіп:



  • Қоян, досым, тиын бізді қонаққа шақырып еді. Мен бара алмаймын, ауырыңқырап қалдым. Сен өзің бара ғой!

  • Жарайды, достым.- деді қоян.

Қоян қонаққа кеткенде, түлкі қызғаныштан оның үйшігін бұзып тастайды. Екеуінің достығы осымен бітті. Осы күнге дейін түлкі мен қоян араз.
Тест тапсырмалары

1. Ілік септігінде тұрған сөздерді анықтаңыз.

А) достығына, қызыға

В) үйшік, тиын

С) қонаққа, қамыстан

D) қулығын, күнге

Е) түлкінің, қоянның
2. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табыңыз

А) үйшікті

В) түлкінің

С) достығы

D) тиын

Е) қонаққа
3. «Қоянның үйшігі» сөз тіркесін аударыңыз

А) Домик лисы

В) Домик белки

С) Домик зверей

D) Домик друзей

Е) Домик зайца
4. Жуан буынды сөздерді анықтаңыз

А) үйшікті, тиын

В) қамыстан , қонаққа

С) түлкімен, достығы

D) екеуінің, аңдар

Е) кеткенде, қоян
5. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз

Баяғыда түлкі мен қоян ...

А) қызыға қарайтын.

В) бірге өткізеді.

С) мұздан жасады.

D) ауырыңқырап қалдым.

Е) дос болыпты.

21. Шалқан

Сөздік

бақша - сад

шалқан - репа

тартады - тянет

отырғызады - посадил

өседі – растет

өтегінен – за подол

суыра алмайды – не может вытянуть

тарта-тарта - тянет потянет

құйрық - хвостик
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.

Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды.

Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды.Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп, мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта, ақыры шалқанды суырып шығарады.

Тест тапсырмалары

1. «Шалқаннан» осы сөзде неше буын бар екенін көрсетіңіз.

А) 2

В) 3

С) 5

D) 4

Е) 6
2. Не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңыз

А) шалқан, болыпты

В) тартады, шалқан

С) болыпты, шал

D) өседі, кемпір

Е) өседі, тартады
3. Шалқан қайда өсетінін анықтаңыз

А) мектепте

В) далада

С) дүкенде

D) бақшада

Е) аулада
4. Жуан дыбысты сөздерді көрсетіңіз

А) шалқан, кемпір

В) өседі, шал

С) отырғызады, жер

D) заманда, немере

Е) тартады, бақша
5. «Шалқанды» сөзі қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

А) барыс


В) жатыс

С) шығыс


D) табыс

Е) көмектес



22. Үш жалқау

Сөздік

жалқау - лентяй

тоғай - лес

өріктер - абрикосы

ағайынды - братья
Ертеде бірінен –  бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай беру екен. 

    Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау: 

     – Е... құдай, мына өріктер піссе, - депті. 

    Екіншісі: 



  • Ауызға келіп түссе, - депті. 

   Сонда үшіншісі оларды міней сөйлеп: 

  • Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер, - депті.

(48 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Жіңішке буынды сөздерді анықтаңыз

А) ертеде, мәуелі

В) ағаш, құдай

С) өріктер, ағайынды

D) тоғай, ағаш

Е) ауызға, жалқау


2. Реттік сан есімдерді табыңыз

А) бірде


В) үш

С) үшеуі


D) бірінен бірі

Е) бірінші


3. Көптік жалғауында тұрған сөзді анықтаңыз

А) ағайынды

В) өріктер

С) үшіншісі

D) оларды

Е) ағаш
4. Не сұрағына жауап беретін сөздерді табыңыз

А) ағаш, ағайынды

В) ағайынды, өріктер

С) құдай, жалқау

D) ауыз, ағаш

Е) жалқау, өріктер
5. «Үш жалқау» сөз тіркесін аударыңыз

А) три брата

В) три богатыря

С) три друга

D) три лентяя

Е) три воина
ОҚУ- ЕҢБЕК АЯСЫ

23. Оқу құралдарым. Менің оқулықтарым

Сөздік

өмір – жизнь

өсімдік – растение

жазушы –писатель

ақындар – акыны

ғалымдар –ученые

суретші – художник

қызық – интересный(-ая;-ое;ые)
Менде көп кітап бар. Олар: балалар өмірі, жануарлар, құстар, өсімдіктер туралы. Кітапты жазушылар, ақындар, ғалымдар жазады. Кітаптарда әдемі суреттер болады. Суреттерді суретшілер салады. Менің сүйікті кітабым – «Менің алғашқы энциклопедиям». Кітап оқу – қызық. Кітап – менің досым.

(35сөз)


1. Сөйлемді аяқтаңыз

Менің сүйікті кітабым - ..... .

А) Менің алғашқы қазақ тілім

В) Дүниетану оқулығым

С) Менің алғашқы энциклопедия

D) Ағылшын тілі

Е) Математика қызықты оқулық


2. Берілген сөйлемнен сын есімді көрсетіңіз

Кітап оқу – қызық.

А) кітап


В) қызық

С) оқу


D) кітап оқу

Е) дұрыс жауабы жоқ


3. Суретті кімдер салатынын анықтаңыз

А) мұғалім

В) ақын

С) жазушы



D) суретші

Е) ғалым
4. «Растение» сөзінің аудармасын анықтаңыз

А) жануарлар

В) құстар

С) жәндіктер

D) қоңыздар

Е) өсімдіктер
5. Берілген сөйлемнің ішінен бірыңғай бітеу буынды сөздерді ажыратыңыз

Менде көп кітап бар.

А) бар


В) кітап

С) менде


D) көп

Е) дұрыс жауабы жоқ



24. Менің дәптерім. Менің күнделігім
Сөздік

пән – предмет

жеке – отдельный

жаттығу - упражнение

торкөз – в клетку

ұзын жол – в линейку

тексеру - проверить

баға - оценка

сызып, шимайлауға болмайды! – нельзя чертить, морать!
Әр оқушының дәптері болады. Әр пәнге жеке дәптер арнайды. Математика сабағында торкөз дәптерге, ал қазақ, орыс, ағылшын тілдері сабақтарында жаттығу ұзын жол дәптерге орындалады. Дәптерді мұғалім тексереді, баға қояды. Сондықтан дәптерге әдемі жаз. Дәптерді орынсыз сызып, шимайлауға болмайды!

(38 сөз)


Тест тапсырмалары

1.Сөйлемді толықтырып жазыңыз

Қазақ тілі сабағында тапсырмаларды ...... жазамыз.

А) торкөз дәптерге

В) ұзын жол дәптерге

С) сурет дәптерге

D) үлкен дәптерге

Е) кіші дәптерге


2. Берілген сөйлемнің ішінен етістікті анықтаңыз

Дәптерді мұғалім тексереді, баға қояды.

А) мұғалім

В) тексереді

С) дәптерді

D) қояды

Е) баға
3. «Оценка» сөзінің аудармасын табыңыз

А) пән

В) баға


С) төркөз

D) дәптер

Е) кітап
4. Сөйлемнің жалғасын табыңыз

Математика сабағында торкөз дәптерге, ал ........... орындалады.

А) әр оқушының дәптері болады

В) әр пәнге жеке дәптер арнайды

С) дәптерді орынсыз сызып, шимайлауға болмайды!

D) қазақ, орыс, ағылшын тілдері сабақтарында жаттығу ұзын жол дәптерге

Е) дәптерді мұғалім тексереді, баға қояды


5. Тұйық буынды сөзді табыңыз

А) әдемі


В) баға

С) мұғалім

D) әр

Е) дұрыс жауабы жоқ



25. Сурет сабағы
Сөздік

кеше – вчера

сурет сабағы – урок рисование

салдық – рисовали

өзі – сама

әр түсті - разноцветные

үйірме – кружок

ұнайды - нравится

Кеше сурет сабағы болды. Сурет сабағында біз сурет салдық. Мұғалім өзі тақтаға сурет салды. Менің сурет дәптерім және әр түсті қарындаштар мен бояуларым бар. Біз Саша екеуіміз сурет үйірмесіне барамыз. Маған сурет сабағы өте ұнайды.

(35 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Дұрыс аудармасын табыңыз

Сурет үйірмесі - ... ... .

А) урок рисования

В) нравится рисовать

С) кружок рисования

D) люблю рисовать

Е) рисую
2. Тиісті жалғауды жалғаңыз



Мен сурет сала....

А) ды


В) ді

С) мын


D) мін

Е) сі
3. Жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз

А) сурет

В) сабақ


С) маған

D) ұнайды

Е) үйірме
4. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді анықтаңыз

А) қар – ындаш, үйі – рме

В) қа – рын –даш, ү – йір – ме

С) қары – ндаш, үй – ір – ме

D) қарын- даш, үйі – рме

Е) қа – рынд – аш, үйір – ме


5. Сөйлемді аяқтаңыз

Сурет сабағында біз ......... .

А) ойнаймыз

В) жазамыз

С) есеп шығарамыз

D) сурет саламыз

Е) дұрыс жауабы жоқ



26. Менің қаламым
Сөздік

қалам –ручка

күлгін – сиреневый

сатып алдым- буду рисовать

болып шығады – получается

маған – мне

сурет салу – рисовать

өте ұнайды – очень нравится
Менің түрлі-түсті қаламдарым бар. Олар: қызыл, жасыл, сары, күлгін, көк түсті. Қаламдарды мен дүкеннен сатып алдым. Мен әдемі суреттер саламын. Суреттерім әдемі болып шығады. Маған сурет салу өте ұнайды.

(31 сөз)


Тест тапсырмалары

1. «Күлгін» сөзінің аудармасын табыңыз

А) зеленый

В) красный

С) белый


D) сиреневый

Е) желтый


2. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстан құралған сөзді ажыратыңыз

А) қаламдары

В) маған

С) түрлі-түсті

D) ұнайды

Е) дұрыс жауабы жоқ


3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз

А) су-ретт –ер-ім

В) су-рет-тер-ім

С) сурет-те-рім

D) су-ретте-рім

Е) су-рет-те-рім


4. Ашық буынды сөздерді табыңыз

А) әдемі


В) қызыл

С) ұнайды

D) сары

Е) алдым
5. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз



Менің түрлі-түсті .............. .

А) бояуларым бар

В) дәптерлерім бар

С) қаламдарым бар

D) қарындаштарым бар

Е) өшіргіштерім бар


27. Менің сөмкем
Сөздік

оқу құралдары – учебные принадлежности

оқулық – учебник

керек – нужен

атқаратын міндеттері – выполняющие функции

сондықтан – поэтому

күт – береги
Менің сөмкем бар. Онда біз оқу құралдарын саламыз. Олар: оқулықтар, дәптерлер, күнделік, қаламдар, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш. Оқу құралдары бізге сабаққа керек. Әр оқу құралдың атқаратын міндеттері бар. Сондықтан оларды күт!

(30 сөз)


Тест тапсырмалары

1. «Береги» сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз

А) керек


В) қажет

С) сондықтан

D) күт

Е) жыртпа


2. Сөйлемді толықтырыңыз

Менің ....... бар.

А) қаламым

В) сызғышым

С) сөмкем

D) күнделігім

Е) оқулығым


3. Берілген сөйлемді аяқтаңыз

Әр оқу құралдың ...... ..... бар.

А) атқаратын міндеттері

В) ойланатын орны

С) жазатын жері

D) оқитын беті

Е) дұрыс жауабы жоқ


4. Жуан буынды сөзді анықтаңыз

А) менің


В) сөмкем

С) оқулықтар

D) дәптерлер

Е) оқу құралдары


5. Буынға дұрыс бөліңіз

А) оқу- лық –тар

В) о- қу –лық –тар

С) о –қу –лықт –ар

D) о –қу –лы –қтар

Е) оқу –лық -тар



28. Сынып заттары

Сөздік

сынып - класс

тақта – доска

қабат - этаж

үстел - стол
Бұл - біздің мектеп. Мектепте көп сыныптар, кітапхана, асхана, спортзал бар. Біздің сынып екінші қабатта орналасқан. Сыныпта тақта, үш терезе, үстел, парталар бар. Терезелерде гүлдер тұр. Сынып жарық және таза. Бүгін сыныпта мен кезекшімін.

(33 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Сынып заттарына тән сөздерді табыңыз.

А) кітапхана, асхана, мектеп

В) кезекші, терезе, мектеп

С) тақта,терезе,парта

D) жарық,спортзал,асхана

Е) үстел,гүл,тақта


2. Мәтіннен сан есімі бар сөзді ажыратыңыз

А) екінші,үш

В) жарық, таза

С) мектеп, кезекші

D) асхана, кітапхана

Е) қабат, екінші


3. Берілген сөздің дұрыс аудармысын табыңыз.

Сыныпта тақта, үш терезе, үстел, парталар бар.

А) Есть в классе три окна и парта

В) В классе доска, три окна, стол, парта есть.

С) Стол, парта, три окна есть.

D) Класс чистый и светлый.

Е) В классе доска, три окна, стол, парты есть.


4. Мәтінде кездеспейтін сөзді табыңыз

А) жарық


В) таза

С) әдемі


D) қабат

Е) сынып


5. Мәтінде кездесетін мақал –мәтелді белгілеңіз

А) Адамның - басы

Алланың - добы

В) Кедейшілік есіктен кірсе

Иман терезеден қашады

С) Сын түзелмей- мін түзелмес

D) Еңбек түбі - береке

Е) Еңбек етпеген азады



29. Менің сыныбым

Сөздік

қабат - этаж

терезе - окно

қабырға – стена
Бұл - менің сыныбым. Ол екінші қабатта орналасқан. Сыныпта 1 үстел, 15 парта, 30 орындық, мұғалімнің үстелі мен орындығы бар. Терезелердің алдында гүлдер тұр. Қабырғада тақта ілулі тұр. Менің сыныбым жарық және таза.

  1. өз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтіннен сан есімі бар сөздерді теріп жазыңыз

А) бір


В) қабырға

С) бір, он бес

D) терезе

Е) бір, он бес, отыз


2. Дұрыс жазылған сан есімдерді анықтаңыз

А) бир,өтыз

В) бір, өн бес, отыз

С) бір, он бес, отыз

D) бир, он бес, отыз

Е) бір,он бис, отыз


3. Сөйлемді толықтырыңыз

А) Сыныпта 1 үстел......

В) Менің сыныбым........

С) Оқушылар мектепке......

D) Бұл - ........

Е) Менің сыныбым......


4. Сыныбыңыз таза болу үшін жасалатын әрекетті көрсет

А) Тақтаны сүрту

В) Гүлге су құю

С) Үнемі сыныпты жуып, жинап, тазалап отырар едім

D) Қыздар жинар еді

Е) Еденді сыпырар едім


5. Мәтінде неше жуан, неше жіңішке сөз бар екенін айқындаңыз

А) 11 жіңішке,10 жуан

В) 10 жіңішке, 15 жуан
С) 9 жуан, 15 жіңішке
D) 18 жуан, 11 жіңішке
Е) 20 жуан, 12 жіңішке

30. Біздің үшінші сыныпта

Сөздік

Жаңа –новый /ая,ое/

Нешінші ?- который ?
Бұл - сынып. Бұл-үшінші сынып. Сынып үшінші қабатта орналасқан. Сыныпта үш терезе, бір есік, екі тақта, он екі парта, бір үстел, бір орындық бар. Мен үшінші сыныпта оқимын.Сыныпта жиырма төрт бала оқиды.

(33 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Нешінші ? деген сұраққа жауап берген сөзді табыңыз

А) ;иырма

В) үшінші
С) бір
D) екі
Е) он екі
2. Мәтіндегі сан есімдік тіркестерді ажыратыңыз

А) үш терезе, бір есік,бір үстел


В) сыныпта оқимын, қабатта орналасқан
С) он екі парта, бір орындық
D) орындық бар,бала оқиды
Е) сыныпта оқимын, үш терезе
3. Берілген сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз

Мен үшінші сыныпта оқимын.

А) Учусь в 3 классе

В) Учусь в третьем классе
С) Я учусь в третьем классе
D) В третьем классе учусь
Е) В третьем классе
4. Берілген сөздерді сәйкестендіріңіз

А) Бұл - 1. қабатта орналасқан

В) Сынып үшінші 2. оқиды
С) Бала 3. сынып
D) Сыныпта 4. бар
Е) Бір орындық 5. Оқимын
5. Жіктік жалғауын табыңыз

А) Бұл
В) Менің


С) Мен
D) сыныптың
Е) Сендердің
31. Кітап
Сөздік

жақсы көреді – любит

күт – береги

жыртпа – не рви

білім – знание
Менің атым – кітап. Мен адамның досымын. Мені адамдар жақсы көреді. Мен де адамдарды жақсы көремін. Мен адамдарға білім беремін. Сен мені күт, жыртпа, таза ұста. Сонда екеуіміз де дос боламыз.

( 28 сөз )


Тест тапсырмалары

1. Мәтінде кездеспейтін сөзді көрсетіңіз

А) дос


В) кітап

С) қалам


D) адамдар

Е) мен
2. Мәтінде көптік жалғауы жалғанған сөйлемді көрсетіңіз

А) Менің атым – кітап.

В) Мен адамның досымын.

С) Мені адамдар жақсы көреді.

D) Сен мені күт, жыртпа, таза ұста.

Е) Сонда екеуіміз дос боламыз.
3. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз

Сен мені күт, жыртпа, таза ұста.

А) хабарлы сөйлем

В) лепті сөйлем

С) сұраулы сөйлем

D) бұйрықты сөйлем

Е) атаулы сөйлем


4. Сөйлемді толықтырыңыз

Кітап адамға ..... береді.

А) дос


В) білім

С) жақсы


D) жүрек

Е) таза
5. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін мақал-мәтелді табыңыз

А) Білім қымбат, білу қиын

В) Мектеп кеме, білім – теңіз

С) Ұстазыңды әкеңдей сыйла

D) Күш – білімде, білім – кітапта

Е) Кітап – білім бұлағы

32. Ұлттық кітапхана
Сөздік

Ұлттық кітапхана – Национальная библиотека

аталады – ( деп аталады ) – называется

оқу залы – читальный зал

ғалымдар – ученые

қор – фонд
Алматыда үлкен кітапхана бар. Ол «Ұлттық кітапхана» деп аталады. Бұл кітапханаға ғалымдар, мұғалімдер, студенттер, оқушылар келеді. Кітапхана кітапқа бай. Кітапханашы кітап береді. Онда көп оқу залдары бар. Кітапхананың қоры үлкен. Кітапханада адам көп болады.

(34 сөз )



Тест тапсырмалары

1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз

А) Кітап


В) Кітапхана

С) Кітапханашы

D) Алматы

Е) Мұғалімдер


2. Кітапханада жұмыс істейтін мамандық иесін анықтаңыз

А) Мұғалім

В) Ғалым

С) Студент

D) Оқушы

Е) Кітапханашы


3. Мәтінде асты сызылған есімдіктің түрін анықтаңыз

А) жіктеу есімдігі

В) сілтеу есімдігі

С) сұрау есімдігі

D) белгісіздік есімдігі

Е) жалпылау есімдігі


4. Мәтін бойынша берілген сұрақтың жауабын көрсетіңіз

Кітапхана неге бай?

А. Кітапхана дәптерге бай

В) Кітапхана қаламға бай

С) Кітапхана күнделікке бай

D) Кітапхана бояуға бай

Е) Кітапхана кітапқа бай


5. «Ұлттық кітапхана» қай қалада орналасқанын көрсетіңіз

А) Астанада

В) Таразда

С) Алматыда

D) Көкшетауда

Е) Павлодарда


33. Мектеп өмірі
Сөздік

мектеп өмірі – школьная жизнь

әртүрлі – разные

үйірме – кружок

қатысады – участвует, посещает

қабырға газеті – стенгазета

шығарады – выпускает

кеме – корабль
Мектеп өмірі қызық. Мектепте әртүрлі үйірме бар. Айжан сурет үйірмесіне қатысады. Талғат пен Ернұр домбыра үйірмесіне барады. Ал Максим ән салуды жақсы көреді. Салтанат пен Әмір қабырға газетін шығарады. Мәриям би билейді. Асхат қағаздан кеме жасайды.

(36 сөз)


Тест тапсырмалары
1. Біріңғай бітеу буынды сөздер қатарын табыңыз

А) Әмір, кеме

В) Асхат, Ернұр

С) Айжан, мектеп

D) Мектеп, Талғат

Е) Талғат, жақсы


2. Дұрыс тасымалданған сөзді анықтаңыз

А) Домб-ыра

В) До-мбы-ра

С) Дом-быра

D) Дұрыс жауап жоқ

Е) Бәрі дұрыс


3. Тек қана қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді белгілеңіз

А) Асхат


В) Талғат

С) Салтанат

D) Сурет

Е) Домбыра


4. Шығыс септігіндегі сөзді анықтаңыз

А) Қабырға

В) Мектепте

С) Домбыра

D) Қағаздан

Е) Бәрі дұрыс


5. Жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер қатарын анықтаңыз

А) Сурет, ән

В) Ән, домбыра

С) Сурет, қағаздан

D) Асхат, үйірме

Е) Кеме, жақсы


34. «Хор» үйірмесіне барамыз
Сөздік

хор үйірмесі - хоровой кружок

байқау – конкурс

болашақта – в будущем

атақты – знаменитый

армандау – мечтать
Біздің мектепте хор үйірмесі бар. Үйірмеде балалар әртүрлі өлең  айтады.  Хор үйірмесі әр дүйсенбіде болады. Біздің  оқушылар хор үйірмесіне  қатысады. Біздің жетекшіміз – Бейсенова Әсем Әділетқызы. Әр түрлі мектептік, қалалық байқауларға қатысамыз. Биыл «Балауса -2017» байқауына қатысып лауреат атандық. Болашақта атақты әнші болуды армандаймыз.

(43 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтін не туралы екенін анықтаңыз

А) мектеп туралы

В) әнші болу туралы

С) хор үйірмесі туралы

D) байқау туралы

Е) жетекші туралы


2. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты көрсетіңіз

А) Мектепте хор үйірмесі бар

В) Оқушылар хор үйірмесіне қатысады

С) Хор үйірмесі дүйсенбіде болады

D) Балаусаға қатысамыз

Е) Қазақстан туралы ән айтамыз


3. Мәтіндегі асты сызылған сөздің жалғауларын ажыратыңыз

А) Көптік жалғау + барыс септігі

В) Көптік жалғау + табыс септігі

С) Көптік жалғау + ілік септігі

D) Көптік жалғау + жатыс септігі

Е) Көптік жалғау + шығыс септігі


4. Оқушылардың арманын анықтаңыз

А) Биші


В) Күйші

С) Жетекші

D) Әнші

Е) Суретші


5. Қандай байқауға қатысып, лауреат атанғанын көрсетіңіз

А) Мектептік

В) Қалалық

С) Балауса

D) Үйірме

Е) Болашақ



35. «Қазақ тілі» үйірмесінде

Сөздік

қатысамыз – участвуем

қазақша сөйлейміз - говорим по-казахски

қызықты тапсырмалар - интересные задания

қызықты - интересный
Біздің мектепте қазақ тілі үйірмесі бар. Үшінші сынып оқушылары қазақ тілі үйірмесіне қатысады. Үйірме сәрсенбі күні болады. Үйірменің жетекшісі – Айнұр Болатқызы. Қазақ тілі үйірмесінде қазақша сөйлеседі. Әр түрлі қызықты тапсырмалар орындайды, талдаулар жасайды. Қазақ тілі үйірмесі оқушыларға ұнайды. Үйірме өте қызықты өтеді.

(42 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінде берілген мәліметті анықтаңыз

А) Үйірмеге анасымен барады

В) Үйірмеде ән айтады

С) Қазақша сөйлеседі

D) Ертегілер оқиды

Е) Қызықты тапсырмалар орындайды


2. Қазақ тілі үйірмесіне кімдер қатысатынын анықтаңыз

А) екінші сынып оқушылары

В) балалар

С) оқушылар

D) үшінші сынып оқушылары

Е) барлық оқушылар


3.Үйірме болатын күннің аудармасын табыңыз

А) суббота

В) четверг

С) понедельник

D) вторник

Е) среда
4. Мәтін бойынша оқушыларға не ұнайтынын көрсетіңіз

А) қазақ тілі

В) үйірме

С) тапсырмалар

D) сынып


Е) мектеп
5. Мәтінге сәйкес келмейтін мәліметтерді анықтаңыз

А) үйірмеде өлеңдер жаттайды

В) қызықты тапсырмалар орындайды

С) талдаулар жасайды

D) қазақша сөйлеседі

Е) суреттер салады


36. Сурет үйірмесінде

Сөздік

түске дейін - до обеда

түстен кейін – после обеда

сиқырлы әлем - волшебный мир
Менің атым – Болат. Мен үшінші сыныпта оқимын. Түске дейін сабақта боламын. Ал түстен кейін үйірмеге барамын. Біздің үйірмеміз «Сиқырлы әлем» деп аталады. Үйірмеде біз сурет саламыз. Маған сурет салған өте ұнайды.

(31 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Үйірме қай кезде болатынын табыңыз

А) түске дейін

В) түстен кейін

С) кешке


D) таңертең

Е) дұрыс жауап жоқ


2. «Үйірмеде» сөзінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз

А) ілік септігінде

В) барыс септігінде

С) табыс септігінде

D) көмектес септігінде

Е) жатыс септігінде


3. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз

Мен үшінші сыныпта оқимын.

А) Неше?


В) Қашан?

С) Нешінші?

D) Қайда?

Е) Нешеде?


4. Сөйлемді аяқтаңыз

Біз сурет .........

А) саламыз

В) саламын

С) саласың

D) салады

Е) саласыздар


5. Біріңғай ашық буынды сөзді табыңыз

А) саламыз

В) үйірмеге

С) аталады

D) сыныпта

Е) сабақта



37. «Шебер қолдар» үйірмесінде

Сөздік

шебер қолдар - умелые ручки

үйірме жетекшісі - руководитель кружка

шебер – мастер

мереке күндері - в праздничные дни

ұнайды – нравится
Бүгін - бейсенбі. Мен сыныптастарыммен бірге «Шебер қолдар» үйірмесіне барамын. Үйірме сағат 15.00-де басталады. Үйірме жетекшісі – Айжан апай. Ол бізге түрлі заттардан ойыншықтар жасауды үйретеді. Жасаған ойыншықтарды мереке күндері сіңлімізге, інімізге, достарымызға сыйлаймыз. Үйірме бізге өте ұнайды.

(37 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

А) бейсенбі туралы

В) Айжан апай туралы

С) ойыншықтар туралы

D) үйірме туралы

Е) сынып туралы


2. Үйірменің өтетін уақытын табыңыз

А) 15.00-де

В) 13.00-де

С) 12.00-де

D) 18.00-де

Е) 14.00-де


3. Жасаған ойыншықтарды кімге сыйлайтынын анықтаңыз

А) Анасына

В) Сіңлісіне

С) Достарына

D) Мұғаліміне

Е) Інісіне


4. Мәтінде асты сызылған сөздің қай септікте тұрғанын табыңыз

А) Табыс септігі

В) Шығыс септігі

С) Барыс септігі

D) Көмектес септігі

Е) Ілік септігі


5. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты анықтаңыз

А) Үйірме бейсенбі болады

В) Ойыншық жасауды үйретеді

С) Үйірме 15.00-де

D) Үйірме жетекшісі – Айжан апай

Е) Ойыншықтарды қағаздан, матадан жасаймыз



38. Мұражай

Cөздік

мұражай- музей

тарихи заттар- исторические вещи

қызықты-интересно
Бұл - мұражай. Мұражай Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан. Мұражай үлкен,таза,жарық. Ол бірнеше бөлмеден тұрады. Онда тарихи заттар,суреттер, экспонаттар бар. Мұражайда өте қызықты. Оның ішінде дауыстап сөйлеуге болмайды. Мен демалыста мұражайға барамын.

(32 сөз)


Тест тапсырмалары

1.Мәтінге қатысы жоқ сөзді табыңыз

А) мұражай

В) Сәтбаев

С) пәтер


D) орналасқан

Е) көшесінде


2. Екі түбірден құралған сөзді көрсетіңіз

А) бөлмеден

В) бірнеше

С) көше


D) үлкен

Е) таза


3. Мұражайдың байлығын анықтаңыз

А) тарихи заттар,суреттер

В) экспонаттар,гүлдер

С) суреттер, экспонаттар

D) экспонаттар,онда

Е) дұрыс жауап жоқ


4.Сөйлемді керекті сөзбен аяқтаңыз

Оның ішінде дауыстап сөйлеуге ...

А) болмайды

В) боласың

С) боламын

D) болады

Е) болу
5. Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты табыңыз

А) Мен мектепке барамын

В) Демалыста мұражайға барамын

С) Мұражайға бармаймын

D) Саябаққа досыммен барамын

Е) Ертең демалыс болады

39. Мұражайға саяхат

Cөздік

саяхат- путешествие

жаяу- пешком

білгім келеді- хочу знать

атақты-известный
Бүгін жексенбі. Мен әкеммен мұражайға барамын. Ол біздің үйден алыс емес. Біз мұражайға жаяу барамыз. Өз қалам туралы көп білгім келеді. Мұражайда атақты адамдардың заттары бар екен. Маған мұражайға саяхат жасаған ұнады.

(32 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Иелік мәнін білдіріп тұрған сөзді табыңыз

А) әкем

В) үйден

С) мен


D) адам

Е) саяхат


2. Мәтінге қатысы жоқ сөзді анықтаңыз

А) бүгін


В) біз барамыз

С) балалар

D) жаяу барамыз

Е) үйден
3. Тек қатаң дыбыстан тұратын сөзді табыңыз

А) сурет

В) қала


С) саяхат

D) жайлы


Е) көрдім
4. Мәтінге сәйкес келетін дұрыс жауапты анықтаңыз

А) атақты адамдардың заттары бар

В) атақты

С) заттары бар екен

D) бар екен

Е) дұрыс жауап жоқ


5. Мәтінде сөз етілмеген сөз тіркесін көрсетіңіз

А) білгім келеді

В) қалаға барамын

С) атақты адамдар

D) мұражайға саяхат

Е) жаяу барамыз



40. Мұражайдың көне заттары

Cөздік

көне заттары – древние вещи (старинные вещи)

әшекей - украшение

орталық - центр
Мұражай қаланың орталығында. Мұражайда көне заттар көп. Көне заттар мұражайларда сақталады. Олар: фотосуреттер, суреттер, ыдыстар, киімдер, әшекейлер, ақша, медальдар, грамоталар,альбомдар. Мен демалыс күні атаммен мұражайға бардым. Біз көне заттарды көрдік.

(31 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты анықтаңыз

А) Мұражайда фотосуреттер,суреттер,ыдыстар бар

В) Мұражайда болды

С) Мұражайда медальдар,грамоталар,альбомдар болды

D) Онда заттар көп

Е) Дұрыс жауап жоқ


2. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз

А) қалалар

В) мұражай

С) көне

D) демалыс

Е) көп
3. Мәтінге сай дұрыс жауапты анықтаңыз

А) Мұражай орталықта емес

В) Мұражай қаланың орталығында

С) Атам маған келді

D) Мұражайға барамын

Е) Мектепте көрдік
4. Көптік жалғаулы қатарды көрсетіңіз

А) суреттер, ыдыстар, киімдер

В) заттар көп

С) мұражайда сақталады

D) медальдар,грамоталар,альбомдар

Е) ақша,альбомдар


5. Тиісті сөз тіркесін табыңыз

... мұражайларда сақталады

А) заттар көп

В) көне заттар

С) мұражайда көп

D) көне көп

Е) мұражайда көне




41. Жыл мезгілдері

Сөздік

суық – холодно

қар – снег

боран – буран,метель

ериді - тает

ыстық – жарко

бүршік - почка

салқын – прохладно
Жыл мезгілдері төртке бөлінеді. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыста ауа райы суық, қар жауады, боран соғады. Көктемде ауа райы жылы, қар ериді, ағаштар бүршік жарады. Күзде күн суыта бастайды, ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Жазда ауа райы ыстық, түн салқын болады

(40 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Жыл мезгілдерін анықтаңыз

А) қыс, көктем, жаз, күз

B) боран, қар, жауын, қыс

С) ағаш, күн, су, көктем

D) бүршік, суық, жаз,көктем

Е) ауа райы, жапырақ, жаз


2. Қыста ауа райы қандай көрсетіңіз

А) суық, қар жауады, боран соғады.

В) жауын жауады, жапырақтар сарғаяды

С) ағаштар бүршік жарады, күн суытады

D) жылы, қар ериді

Е) ыстық, түн салқын болады


3. Ілік септік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз

А) ағаштардың

В) көктемде

С) боран


D) жауынмен

Е) жапырақтарға


4. Көктемдегі ауа райын анықтаңыз

А) жылы, қар ериді, ағаштар бүршік жарады

В) жауын жауады, жапырақтар сарғаяды

С) күн суытады, түн ұзарады

D) суық, қар жауады, боран соғады.

Е) ыстық, түн салқын болады.


5. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз

Күзде ........

А) күн суыта бастайды, ағаштардың жапырақтары сарғаяды

В) ыстық, жауын жауады, жапырақтар сарғаяды,

С) ауа райы ыстық, түн салқын болады

D) суық, қар жауады, боран соғады.

Е) жылы, қар ериді, ағаштар бүршік жарады



42. Күзде

Сөздік

ең ғажайып – самое прекрасное

табиғат – природа

егін – урожай

жемістер - фрукты

көкөністер – овощи
Күз – ең ғажайып жыл мезгілі. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде табиғат өте әдемі. Ағаштардың жапырақтары сары, қоңыр, қызыл түстерге боянады.

Бірінші қыркүйек күні балалар мектепке барады. Күзде адамдар егін жинайды. Бау-бақшалардан жемістер мен көкөністерді жинайды.

(36 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Күз - ...........

А) ең ғажайып жыл мезгілі

В) ең жылы жыл мезгілі

С) ең салқын жыл мезгілі

D) ең ыстық жыл мезгілі

Е) ең суық жыл мезгілі


2. Күз айларын белгілеңіз

А) қыркүйек, қазан, қараша

В) маусым, шілде, тамыз

С) наурыз, сәуір, мамыр

D) желтоқсан, қаңтар, ақпан

Е) дұрыс жауап жоқ


3. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) бау-бақшалардан

В) жапырақтардың

С) мектепке

D) түстерге

Е) көкөністерді


4. Көптік жалғауы жалғанған сөйлемді белгілеңіз

А) Күзде адамдар егін жинайды

В) барлық жауаптар дұрыс

С) Күзде табиғат өте әдемі

D) дұрыс жауап жоқ

Е) Күз – ең ғажайып жыл мезгілі



5. Бау-бақшалардан не жинайтынын көрсетіңіз

А) жемістер мен көкөністерді

В) жауынды

С) жапырақтарды

D) қарды

Е) бүршіктерді




43. Қыста
Сөздік

мереке – праздник

Жаңа жыл – Новый год

шырша – ель

безендіру - украшать

тақпақ – стихи

сыйлық – подарок
Қыс – ең суық жыл мезгілі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста суық, қар жауады, боран соғады. Қыста адамдар жылы киінеді.

Қыста бірнеше мереке бар. Балалардың ең сүйікті мерекесі Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жылда балалар шыршаны безендіреді, тақпақтар, әндер жаттап, сыйлықтар алады.

(41 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Қыс - ...........

А) ең суық жыл мезгілі

В) ең жылы жыл мезгілі

С) ең салқын жыл мезгілі

D) ең ыстық жыл мезгілі

Е) ең ғажайып жыл мезгілі


2. Қыс айларын белгілеңіз

А) желтоқсан, қаңтар, ақпан

В) маусым, шілде, тамыз

С) наурыз, сәуір, мамыр

D) қыркүйек, қазан, қараша

Е) дұрыс жауап жоқ


3.Қыста ауа райы қалай өзгеретінін белгілеңіз

А) суық, қар жауады, боран соғады.

В) жауын жауады

С) ағаштар бүршік жарады

D) жылы, жапырақтар сарғаяды

Е) ыстық, түн салқын болады


4. «Ең сүйікті» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А) самое любимое

В) самое прекрасное

С) мое любимое

D) время года

Е) самое хорошое время


5. Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты белгілеңіз

А) балалар шыршаны безендіреді, тақпақтар, әндер жаттап, сыйлықтар алады

В) балалар көлге шомылады, ойындар ойнайды

С) балалар шыршаны айналады, әндер айтып, сыйлықтар алады

D) барлық жауаптар дұрыс

Е) балалар шыршаны құрады, тақпақтар жаттайды



44. Көктемде

Сөздік

сай-сала – балки, овраги

күн – день

түн – ночь

приносить приплод

теңесу – приравниваться, выравниваться

құстар - птицы

шаруа жұмыстары – крестьянская работа

мал төлдейді – скот
Көктемде ауа райы жылынады. Қар ериді. Ағаштар бүршік жарады. Сай-саладан су ағады. Көктемде күн мен түн теңеседі. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Көктем айында шаруа жұмыстары басталады. Көктемде егін, бақша егеді, малдар төлдейді. Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.

(40 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Көктемде ауа райы қалай өзгереді анықтаңыз

А) жылынады, ағаштар бүршік жарады

В) қар жауып, боран соғады

С) күн суытады, жаңбыр көп жауады

D) жел соғады, жасыл шөптер шығады

Е) ауа райы бұзылады, қар жауады


2. Көктемде адамдар қандай шаруаларын бастайтынын белгілеңіз

А) егін, бақша егеді

В) ағаштады құлатады

С) жасыл шөптер өседі

D) дұрыс жауап жоқ

Е) көкөністерді жинайды


3. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз

Жылы жақтан .........

А) құстар ұшып келеді

В) жемістер мен көкөністер піседі

С) қар жауып, боран соғады

D) малдар төлдейді

Е) жапырақтар сарғаяды


4.Сай-саладан сөзіне қандай септік жалғауы жалғанғанын анықтаңыз

А) шығыс септігі

В) ілік септігі

С) барыс септігі

D) атау септігі

Е) септік жалғауы жалғанбаған


5. Төменде берілген сөйлемдегі жылы және жеңіл сөздері қандай сұраққа жауап беретінін көрсетіңіз

Адамдар жылы киімдерін тастап, жеңіл киімдер киеді.

А) қандай?

В) не?

С) кім?


D) неше?

Е) дұрыс жауап жоқ



45. Жазда

Сөздік

өте ыстық – самое жаркое

ұзақ – долгий (-ая,-ое)

қысқа – короткий (-ая,-ое)

демалыста – на каникулах

үй шаруасы – домашнее хозяйство
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ұзақ, түн қысқа. Кейде ауа райы бұзылып, жаңбыр жауады.

Жазда балалар демалыста болады. Жаз айында қалада тұратын балалар ауылға ата, әжелеріне барып, үй шаруасына көмектеседі.

(37 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Сөйлемді аяқтау үшін дұрыс ақпаратты таңдаңыз

Жаз - ..............

А) өте ыстық жыл мезгілі

В) өте жылы жыл мезгілі

С) ең жақсы жыл мезгілі

D) өте суық жыл мезгілі

Е) дұрыс жауап жоқ



2. Жаз айларын белгілеңіз

А) маусым, шілде, тамыз

В) желтоқсан, қаңтар, ақпан

С) наурыз, сәуір, мамыр

D) қыркүйек, қазан, қараша

Е) дұрыс жауап жоқ



3. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтаңыз

Жазда балалар ..........

А) демалыста болады

В) оқуда болады

С) ойнайды

D) суға шомылады

Е) сабаққа барады


4. Дұрыс жауапты көрсетіңіз

А) Жазда күн ұзақ, түн қысқа.

В) Жазда күн қысқа, түн ұзақ.

С) Жазда күн суық, түн жылы.

D) Жазда күн жылы, жаңбыр жауады.

Е) Барлық жауаптар дұрыс


5. Барыс септігі жалғанған сөзді табыңыз

А) ауылға

В) қалада

С) ауа райы

D) атасымен

Е) балалардан



46. Қыс

Сөздік мамық – пушистый,  легкий,  мягкий қуанышты – радостный (-ая, -ое) шаңғы тебу - кататься на лыжах шанамен сырғанау – кататься на санках аққала – снеговик жер – земля покрытый снегом – қар басқан
Қыс келді. Қыста күн суық болады. Жерді аппақ мамық қар басты. Күн суық болса да, қыс мезгілінде балалар қуанышты болады. Олар қардан аққала жасайды, коньки, шаңғы тебеді. Олар шанамен қар үстінде сырғанайды. Қыс өте тамаша мезгіл!

(35 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Қай сөздер мәтінді нақтырақ суреттейтінін белгілеңіз A) Қыс келді, қар басты, аққала жасайды, шаңғы тебеді B) Мезгілі келді, қыс мезгілінде, қар үстінде C) Келді, күн, үстінде D) Күн, тамаша, мезгіл E) Жердің, балалар, болады
2. Мәтінге сәйкес қарды суреттейтін сын есімдерді белгілеңіз A) Суық B) Қуанышты C) Аппақ D) Тамаша E) Мамық

3. Қыс туралы мақалды белгілеңіз A) Жақсы кітап – жан азығы B) Күш білімде C) Ақ қар көп болса, ақ нан көп D) Ас атасы - нан Е) Күз – береке, байлықтың бастауы
4. Қыстың белгілерін табыңыз A) Қар ериді B) Қар басты C) Қар жоқ D) Күн суық

E) Аппақ қар


5. Сөйлемдерді мәтіннің желісіне сәйкес ретін анықтаңыз A) 1. Жердің бетін аппақ мамық қар басты B) 2. Балалар шанамен қар үстінде сырғанайды C) 3. Қыc келді D) 4. Қыс өте тамаша мезгіл! E) 5. Қыста күн суық

47. Шаңғы тебу

Сөздік шаңғы - лыжи бұлшық ет – мышцы күшейтеді – укрепляет баулу – приучать шыдамдылық - терпеливость

ерте жастан – с малых лет айналысу – заниматься қыс бойы - в зимний период
Адам денсаулығына пайдалы спорт түрінің бірі – шаңғы тебу. Шаңғы спорты баланың аяқ-қол, дене бұлшық еттерін күшейтеді. Шыдамдылыққа баулиды. Шаңғы спортымен ерте жастан айналысқан дұрыс. Қыс бойы отбасымызбен демалыс күндері Астанадағы шаңғы трассасына барып тұрамыз.

(35 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты белгілеңіз A) Шаңғы спорты баланың ақыл-ойын дамытады B) Шаңғы спортымен бес жасымнан айналысамын C) Адам денсаулығына пайдалы спорт түрінің бірі – шаңғы тебу D) Шаңғы тебу - ұлттық ойындардың бірі E) Балалар шанамен қар үстінде сырғанайды
2. Мәтінге сәйкес келетін сұрақты белгілеңіз A) Қыста шана тебесің бе? B) Шаңғы спортына не қажет? C) Сіз неше жастан шаңғы тебумен айналысасыз? D) Отбасыңда кімдер шана тебеді? E) Шаңғы спорты неге баулиды?
3. Мәтінге басты тірек сөздерді белгілеңіз A) Түрінің бірі, аяқ-қол, шаңғы трассасы B) Пайдалы, түрінің бірі, еттері C) Пайдалы спорт, шаңғы спорты, қыс бойы D) Спорт түрі, денсаулыққа пайдалы, бұлшық еттерді күшейтеді, демалыс күндері

E) Адам, дұрыс, ерте, шаңғы трассасы



4. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты белгілеңіз A) Шаңғы спорты баланың дене бұлшық еттерін күшейтеді B) Дене шынықтыру сабағында біз шаңғы тебеміз C) Қыс бойы демалыс күндері Астанадағы шаңғы трассасына барып тұрамыз D) Шаңғы спорты баланың аяқ-қол бұлшық еттерін күшейтеді E) Шаңғы спортымен ерте жастан айналысқан дұрыс
5. Мәтінге сәйкес қашан? сұрағына жауап беретін сөздерді белгілеңіз A) қыс бойы B) дүйсенбі күні C) қаңтарда D) бүгін E) демалыс күндері

48. Суық айлар

Сөздік суытады – холодеет күн  қысқарады-  дни короткие түн ұзарады  -ночи длинные қарсы алу – встречать соңғы – последний қатты – сильный (-ое, -ая)

Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Желтоқсанда күн суытады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі қар жауады. Адамдар жылы киінеді. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қаңтарда Жаңа жылды қарсы аламыз. Ақпан – қыстың соңғы айы. Қатты аяз болады.

(35 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес сөз тіркестерін белгілеңіз

А) Қыс басталады, күн суытады, жылы киінеді, аяз болады

В) Қатты боран, алғашқы айы, жасыл шырша

С) Қысқы демалыс, қыс мезгілі, суық қар D) Аққала жасайды, шаңғы тебеді, шанамен сырғанайды Е) Аппақ қар, қар басты, мұз басады, үлкен мейрам


2. Мәтінге сәйкес ақпаратты анықтаңыз

Қаңтар айында ... қарсы аламыз

А) көктемді

В) шыршаны

С) қысты

D) Жаңа жылды

Е) жауап жоқ


3. Мәтінге сәйкес келетін сұрақты белгілеңіз

А) Жазда Жаңа жылды қалай қарсы алған?

В) Қыс қашан басталады?

С) Сен қандай спорт түрін жақсы көресің?

D) Қыста балалар немен ойнайды? Е) Қыста жаңбыр жиі жауа ма?
4. Мәтінге сәйкес нұсқаны көрсетіңіз

А) Жаңа жылда шыршаны безендіреді

В) Түн қысқарып, күн ұзарады

С) Адамдар қыстыгүні шаңғы тебеді

D) Күн қысқарып, түн ұзарады.

Е) Балалар сырғанақ жасады


5. Мәтінге сәйкес тақырыпты белгілеңіз

А) Желотоқсан айы

В) Қыс айлары

С) Жаңа жыл мерекесі

D) Ақпан айы Е) Қаңтар айы
49. Сырғанақ

Сөздік

Сырғанақ-каток

Тасу-таскать

Жасау-делать

Су құю-воду наливать

Мұз-лед

Төбе-холм,сопка
Қыс келді. Күн суытты. Қар жауды. Балалар қардан сырғанақ жасады. Олар су тасыды. Оны төбеге құйды. Сырғанақ жақсы болды.

Бүгін біз сырғанаққа бардық. Әсем шанамен сырғанады. Аңсар коньки тепті. Мұздағы ойын қызық болды.

(33 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мәтіннің басты ойын анықтайтын жауапты белгілеңіз

А) балалар су тасыды

В) күн суытты

С) су тасыды

D) сырғанақ, сырғанақтағы ойын

Е) олар су тасыды


2. Мәтіндегі сөйлемдердің ретін белгілеңіз

А) 1. Қардан сырғанақ жасады

В) 2. Сырғанақ жақсы болды

С) 3. Олар су тасыды

D) 4. Оны төбеге құйды

Е) 5. Қар жауды


3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді белгілеңіз

Сырғанақ бұл - ... ... , ... ... ... .

А) қысқы киім

В) балалар футбол ойнайтын алаң

С) жыл мезгілінің бірі

D) балалар отыратын, сабақ оқитын орын

Е) балалар шана, коньки тебетін орын
4. Мәтінге сәйкес сөздердің антонимдерін тауып, дұрыс нұсқасын белгілеңіз

1. жаз А) су

2. жаман В) қызықты

3. мұз С) қыс

4. түн D) қыс

5. қызықсыз Е) жақсы


5. Бағандағы сөздердің мағыналық жағынан тіркестерін тауып, дұрыс нұсқасын белгілеңіз 1. Сырғанақ А) сырғанады 2. Коньки В) бардық 3. Қызық С) жасады 4. Шанамен D) тепті 5. Сырғанаққа E) болды

50. Қысқы демалыс

Сөздік қысқы – зимний (-яя, -ие) өткізу – проводить (хорошо проводить время) серуендеу – гулять көңілді – весело, весёлый өйткені – потому что демалыс кезінде - во время каникул шықты – вышел (-ла, -ли) қонаққа – в гости басталады – начинается дала – улица

Қыс мезгілі. Мектеп оқушылары қысқы демалысқа шықты. Мен демалысымды жақсы өткіздім. Далада серуендедім, коньки тептім, әжеме қонаққа бардым. Қыста көңілді жүреміз. Өйткені қысқы демалыс кезінде Жаңа жыл мейрамы болады. Мен қысқы демалысты өте жақсы көремін!

(35 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес тақырыпты белгілеңіз

A) Қыс аяқталды B) Қыс келді C) Қызықты демалыс D) Мектепте E) Үлкен мейрам


2. Мәтінде бар сөйлемді белгілеңіз A) Мен күзгі демалысты өте жақсы көремін! B) Мектептерде оқу басталды C) Достарыммен хоккей ойнадым D) Далада серуендедім, коньки тептім, әжеме қонаққа бардым E) Қыста жерді қар басты
3. Көңіл-күйді білдіретін сын есімді белгілеңіз A) Көңілді B) Мамық C) Қызық D) Пайдалы E) Суық
4. Қыста болатын мерекені белгілеңіз A) Наурыз мейрамы B) Балалар күні C) Жаңа жыл мейрамы D) Қыста мереке жоқ E) Білім күні

5. Мәтінде жоқ сөз тіркесін белгілеңіз A) Демалысқа шықты B) Жаңа жыл мейрамы C) Көңілді жүреміз D) Күзгі демалыс E) Қысқы демалыс

51. Сыйлықтар

Сөздік

Қымбат –дорогие (ой,ая)

Туыс- родные

Арнап -посвятить
Сыйлықтың қымбат болуы  міндетті емес. Бірақ алған сыйлығың  ол адамға ұнайтындай  болуы керек. Қымбат сыйлықты бірнеше адамның алғаны дұрыс. Досыңа, туысыңа  арнап  шығарылған өлең, ән, салынған суреттен қымбат сыйлық жоқ.

(30 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтінде кездесетін сын есімді көрсетіңіз

А) сыйлық, сурет, дос

B) қымбат

С) ұнау, салынған, алу

D) ән, дос, сурет

Е) әдемі, үлкен


2. Сөйлемнің аудармасын көрсетіңіз

Подарок не обязательно должен быть дорогим.

А) Қымбат сыйлық бірнеше адамның алғаны дұрыс.

B) Бірақ алған сыйлығың  ол адамға ұнайтындай  болуы керек.

С) Сыйлықтың қымбат болуы  міндетті емес.

D) Досына, туысына арнап шығарылған өлең

Е) Сыйлық үлкен болу керек


3. Мәтінде не жайлы айтылғанын анықтыңыз

А) мейрам туралы

B) сыйлық туралы

С) отбасы туралы

D) мектеп туралы

Е) дос туралы


4. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

А) сыйлық

B) сийлық

С) сыйлық

Д) сиылық

Е) дұрыс жауап жоқ

.

5. Сөйлемді жалғастырып жазыңыз

Алған сыйлығын  ол адамға .............

А) қымбат  болуы керек.

B) дәмді болуы керек.

С) ұнайтындай  болуы керек.

D) үлкен  болуы керек.

Е) кішкентай  болуы керек.

52. Қысқы ойындар

Сөздік

қысқы ойындар – зимние игры

шана – санки

аязды - мороз

бүгін – сегодня

серуендеу – прогуляться

шаңғы – лыжи

пайдалы – полезный
Қысқы ойындардың түрлері көп. Ол шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау. Далада қар жауып тұр. Бүгін күн сәл аязды. Балалар далада ойнап жүр. Олар шаңғы, коньки теуіп, бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр. Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамның денсаулығына пайдалы.

(40 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Дұрыс құралған сөйлемді табыңыз

А) Далада қар жауып тұр.

В) Қар жауып тұр далада.

С) Жауып тұр далада қар.

D) Тұр жауып қар далада.

Е) Қар далада тұр жауып.


2. Сөйлемді толықтырыңыз

Қыстың аязында далада біраз ойнап, серуендеу себебі ... ... .

А) ойнап жүр

В) аяз

С) қысқы ойындар көп



D) адамның денсаулығына пайдалы

Е) денсаулыққа пайдалы емес


3. Мәтінге қатысы жоқ қатарды табыңыз

А) Қысқы ойындар

В) Күн сәл аязды

С) Балалар асық ойнап жүр

D) Далада қар жауып тұр

Е) Қар лақтырып жүр


4. Қысқы ойындарға жатпайтын ойынды көрсетіңіз

А) Аққала соғу

В) Шанамен сырғанау

С) Суда жүзу

D) Қар атысу

Е) Шаңғы тебу


5. Жіңішке қосымшасы бар сөзді табыңыз.

А) Балалар

В) Далада

С) Шанамен

D) Ойындар

Е) Шаңғылар



53. Жаңа жыл

Сөздік

Ақшақар - Снегурочка

Аяз ата – Дед Мороз

әртүрлі - разные

жануарлар – животные

шырша – елка

сыйлықтар - подарки
Біздің мектепте «Жаңа жыл» мерекесі болды. Оған біз жақсы дайындалдық. Оқушылар әртүрлі жануарлар болып киінді. Олар шыршыны айналып, ән салып, би биледі. Ақшақар мен Аяз ата ән салып, тақпақ айтқан балаларға сыйлықтар ұсынды. Мереке өте көңілді болды.

(35 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтіннің тақырыбын көрсетіңіз

А) Қыс мезгілі

В) Жаңа жыл

С) Мереке

D) Аяз ата

Е) Ақшақар


2. Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз

А) Мереке көңілді болды ма

В) Мереке көңілді болды

С) Мереке өте көңілді болды

D) Мереке болды

Е) Өте көңілді болды


3. Сөйлемді толықтырыңыз

Олар шыршаны айналып, ... ... , ... ... .

А) ән салып, би биледі.

В) көңілді болды.

С) кеш болды.

D) сыйлықтар ұсынбады.

Е) киінді


4. Мәтінде айтылмаған қатарды көрсетіңіз

А) Аяз ата мен Ақшақар ән салды.

В) Сыйлықтар берді.

С) ереке көңілді өтті.

D) Сабақ қызықты өтті.

Е) Сыйлықтар ұсынды.


5. Заттың қимылын білдіретін сөзді табыңыз

А) Наурыз

В) Биледі

С) Мереке

D) Жануарлар

Е) Аяз ата




54. Қыс қызығы

Сөздік

қыс келді – наступила зима

жылы киімдер – теплые одежды

қызық – интересный

шана- санки
Қыс келді. Күн қатты суық. Адамдар жылы киімдерін киді. Балалар далада шанамен сырғанап, коньки, шаңғы теуіп жүр. Мектепте де оқушылар бір-біріне қар атысып ойнап жүр. Олар ойынға кіріскені сондай беттері қып-қызыл алмадай болып кеткен. Қыстың қызығы өте көп.

(35 сөз)
Тест тапсырмалары



1. «Қыс... » сөзіне қажетті қосымшаны жалғаңыз

А) -ка


В) -та

С) - да


D) - ден

Е) – лар
2. Сөйлемді жалғасырыңыз.



Олар ойынға кіріскені сондай ... ... ... .

А) беттері қып-қызыл алмадай болып кеткен.

В) теуіп жүр.

С) ойнап жүр.

D) жылы киімдерін киді.

Е) қызығы өте көп.



3. Мектепте «бір-біріне қар атысып ойнап жүр» деп кімді айтып тұрғанын табыңыз

А) оқушылар

В) мұғалімдер

С) ата-аналар

D) ұстаздар

Е) жұмыскерлер


4. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Қыста ..... сырғанаймыз

А) арбамен

В) шанамен

С) қайықпен

D) көлікпен

Е) ұшақпен


5. Соңғы сөйлемдегі тек қатаң дауыссыз қатысқан сөздердің санын анықтаңыз

А) 7


В) 2

С) 4


D) 6

Е) 1


55. Аққала соғамын

Сөздік

өйткені – потому что

шелек – ведро

сәбіз - морковь

көңілді – весело

ғажайып – чудесный
«Қыстың көркі – қар» демекші, айнала аппақ қар. Балалар ғажайып қысқы табиғат аясында ойнап жүр. Балалар «Аққала» жасапты. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасапты. Ал балалар көңілді. Өйткені олар қардан аққала жасады.

(35 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Екі қатаң дауыссыз дыбысы қатар тұрған сөзді табыңыз

А) Аққала

В) Балалар

С) Қысқы


D) Табиғат

Е) ағаш
2. Сөз тіркесін құраңыз



Аққала

А) қар


В) жасапты

С) көңілді

D) жасады

Е) ойнап жүр


3. Сөйлемді жалғастырыңыз

«Қыстың көркі –қар» демекші, ... .... .

А) айнала аппақ қар

В) қысқы табиғат аясында ойнап жүр

С) аққала жасапты

D) олар қардан аққала жасады.

Е) ақшақар жасапты


4. Толықтырыңыз.

Көзін ... , мұрнын ..., аузын ... басына ... кигізу арқылы жасапты.

А) көз, ауыз

В) сәбіз, мұрын

С) тас, сәбіз

D) шелек

Е) ағаш
5. Мәтіндегі мақалды көрсетіңіз.

А) Қалың киінген.

В) Аққала жасапты.

С) Қыстың көркі – қар.

D) Балалар көңілді.

Е) Қысқы табиғат.

56. Жаңа жыл жыры

Сөздік

Жаңа жыл – Новый год

жұлдызша - звездочки

мереке – праздник

жалауша - флажок

ойыншықтар – игрушки

қызық - интересный

Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата балаларға сыйлық әкелдi. Балалар биледi. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.

(30 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Сөздердің орысша баламасын сәйкестіріңіз

А) Жаңа жыл 1. Снегурочка

В) Балалар 2. Дед Мороз

С) Шырша 3. Дети

D) Ақшақар 4. Елка

Е) Аяз ата 5. Новый год


2. Шыршаға не ілінгенін көрсетіңіз

А) Аяз ата, ойыншық, кәмпит

В) жалауша, шырша, ойыншық

С) шырша, жұлдызша

D) ойыншықтар, жануарлар

Е) ойыншықтар, жұлдызша, жалауша


3. Жаңа жыл тақырыбына қайсысы жатпайтынын көрсетіңіз

А) Шырша


В) Аяз ата

С) Ақшақар

D) Сыйлық

Е) Қағаз
4. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойыңыз Балалар ... .

А) ойнады

В) ілді


С) иледі

D) әкелді

Е) ұнады
5. Қар сөзіндегі дауысты дыбыстың санын анықтаңыз

А) 3


В) 2

С) 1


D) 0

Е) жоқ



57. Отбасы мерекелері

Сөздік

әшекейлейміз - наряжаем

молшылық - достаток

тілектер - пожелания

орындалады - исполняются
Менің отбасым әр мейрамды бірге өткізеді. Жаңа жыл мейрамы - біздің отбасылық мейрамымыз. Бұл мейрамға алдын-ала дайындаламыз. Шыршаны әшекейлейміз, костюмдерді тігеміз. Адамдар бұл күні бір-біріне бақыт, денсаулық, молшылық тілейді. Жаңа жыл күні тілеген тілектер орындалады.

(35 сөз)


Тест тапсырмалары

1. Мәтінде қандай мереке туралы айтылғанын анықтаңыз

А) жаңа жыл мерекесі

В) наурыз мерекесі

С) бірлік мерекесі

D. тәуелсіздік мерекесі

Е. туған күн


2. Мәтінде аталып өткен ағашты көрсетіңіз

А) емен


В) шырша

С) үйенкі

Д) терек

Е) қайың
3. Жана жылға отбасы қалай дайындалатынын анықтаңыз

А) сабақ дайындайды

В) жұмысқа дайындалады

С) шыршаны әшекелейді, костюмдерді дайындайды

Д) наурыз көже пісіреді

Е) барлығы дұрыс
4. Мәтінде қандай мезгіл суреттелгенін белгілеңіз

А) қыс мезгілі

В) күз мезгілі

С) жаз мезгілі

Д) көктем мезгілі

Е) дұрыс жауап жоқ


5. Дұрыс сөйлемді табыңыз

А) шыршан әшекейлейміз

B) шыршаны әшкейлейміз

C) шыршаны әшекелеміз

D) шыршаны әшекейлейміз

Е) шршаны әшекелейміз



58. Досымның туған күні

Сөздік

дайындадым-приготовил

туған күн – день рождения

тілектер- пожелания
Бүгін менің ең жақын досымның туған күні. Досымның аты - Дархан. Ол үшінші сыныпта оқиды. Ол ақпан айында туды. Мен досыма сыйлық дайындадым. Дарханның анасы тәтті дастархан дайындады. Кешке туыстар мен достар келді. Олар жақсы, жылы тілектер айтты, ән салып, би биледі, ойын ойнады. Туған күні көңілді өтті.

(48 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Дарханның оқитынын сыныбын табыңыз

А) бірінші

В) екінші

С) үшінші

D) төртінші

Е) бесінші
2.Мәтіндегі туған күн иесін көрсетіңіз

А) Дархан

В) Дәурен

С) Дәметкен

D) Дәуле

Е) Данияр
3. Септік жалғаулары бар сөздерді табыңыз

А) бүгін, досымның,

В) досымның, Дарханның

С) Дарханның, көңілді

D) ақпан, айында

Е) ойын, ойнады
4. Тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңыз

А) досымның

В) туған күні

С) туған күндер

D) сыныпта

Е) достар
5.Дарханның туған күні қай айда екенін табыңыз

А) қараша

В) қаңтар

С) қазан

Д) сәуір

Е) ақпан
59. Менің сыйлықтарым
Сөздік

сыйлады-подарил

қонақтар - гости

дайындады – подготовил

ашық хат - открытка
 Бүгін Айдардың туған күні. Оның туған күніне көп қонақтар келді. Отбасы мүшелері Айдарға жеке-жеке сыйлық дайындады. Атам мен әжем компьютер сыйлады. Әкесі Айдарға велосипед сыйлады. Анасы торт, әпкесі кітап, ал кішкентай інісі ашық хат сыйлады. Айдар барлығына рахметін айтты. Айдардың туған күні қызықты өтті.

(45 сөз)
Тест тапсырмалары

1.Кішкентай інісі Айдарға не сыйлағанын белгілеңіз

А) кітап


В) велосипед

С) ашық хат

D)ойыншық

Е) торт
2. Тортты кім пісіргенін анықтаңыз

А) әкесі

В) анасы


С) атасы

D)әжесі


Е) қарындасы

3. Мәтіндегі етістіктерді көрсетіңіз

А) өтті, келді, дайындады

В) ата, әже, өтті

С) туған күн, дайындады, жүгірді

D) Айдар, анасы

Е) келді, өтті, торт


4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз

Айдар барлығына ......

А) ренжігенін айтты.

В) рахметін айтты.

С) кешіккенін айтты.

D) кешіріндер айтты

Е) туған күн көңілді өтті деп айтты


5. Айдардың туған күніне кімдер келгенін анықтаңыз

А) сыныптастар

В) достар

С) отбасы мүшелері

D) мұғалімдер

Е) спортшылар

60. Анаға сыйлық

Сөздік

жүрек-сердце

бұйым-поделка

ойлаймын- думаю

Анаға сыйлық сыйлау мен үшін үлкен бақыт. 8 наурыз келе жатыр. «Не сыйласам екен?». Ең үлкен сыйлық- бағасы қымбат сыйлық емес, жүректен шыққан сыйлық. Мен қолөнер үйірмесіне қатысамын, ендеше кесте тігіп немесе бисерден әдемі бұйым тоқып сыйлау керек. Бұл ең бағалы сыйлық деп ойлаймын.

(44 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Дұрыс жазылған сөйлемді табыңыз

А) 8 -наурыз келе жатыр

B) 8 -науырыз келе жатыр

C) 8- наурыз келі жатыр

D) 8-наурыз келе жатр

Е) 8- сәуір келе жатыр


2. Мәтінде аталған үйірмені көрсетіңіз

А) би үйірмесі

B) қолөнер үйірмесі

C) сурет үйірмесі

D) ән үйірмесі

Е) қазақ тілі үйірмесі


3. Мәтін кім туралы жазылғаның анықтаңыз

А) дос туралы

В) туыс туралы

С) ана туралы

D) сыныптас туралы

Е) әйелдер туралы


4. Мәтінде қай жыл мезгілі айтылғанын табыңыз

А) жаз мезгілі

В) көктем мезгілі

С) қыс мезгілі

D) күз мезгілі

Е) ыстық жыл мезгілі


5. Мәтінде асты сызылған сөз қай септікте тұрғанын анықтаңыз

А) ілік септігі

В) барыс септігі

С) табыс септігі

D) шығыс септігі

Е) көмектес септігі



61. Спортзалда 

Сөздік

орналасқан - расположен

онда - там

секіреміз - прыгаем


Дене шынықтыру сабағы спортзалда өтеді. Мектеп спортзалы бірінші қабатта орналасқан. Спортзал үлкен, кең және жарық. Спортзалға спорт киім киеміз. Біз онда жүгіреміз, секіреміз, баскетбол, волейбол ойнаймыз. Спортзалында теннис үстелі, баскетбол себеті, воллейбол сеткасы, доптар бар.

(35 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Дене шынықтыру сабағы өтетін орынды белгілеңіз

А) Спортзал

В) Мектеп

С) Балалар

D) Қала

Е) Мұғалім
2. Спортзалда киетін киімді көрсетіңіз

А) Көйлек

В) костюм

С) спорт киім

D) жейде

Е) дұрыс жауап жоқ
3. Спортзалда жасайтын әрекет

А) Жүгіру

В) Тамақ ішу

С) Серуендеу

D) Оқу

Е) Жазу
4. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз

Спортзалға спорт киім киеміз.

А) В спортзале мы одеваем спортивную одежду

В) Спортзал нужно одевать спортивную одежду

С) В спортзале не одеваем спортивную одежду

D) Барлығы жауап дұрыс

Е) Дұрыс жауап жоқ

5. Берілген сөйлемде сын есімдерді көрсетіңіз

Спортзал үлкен, кең және жарық.

А) Спортзалда, кең

В) Және, кең, жарық

С) Үлкен, кең, жарық

D) Жарық, спортзал

Е) Дұрыс жауап жоқ

62. Мен жаттығу жасаймын.

Сөздік

таңертең - утром

ширақ - бодрый
Менің атым - Самат. Мен үшінші сыныпта оқимын. Күн сайын таңертең тұрғанда мен жаттығулар жасаймын. Таңертенгі жаттығулар жасағанда ұйқыдан тез оянамын және күні бойы ширақ жүремін. Жаттығу жасағаннан кейін жуынып таңертеңгі ас ішемін. Жаттығу жасау денсаулыққа пайдалы.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Саматтың тәңертеңгі әрекеті

А) Тамақ ішу

В) Жүгіру

С) Жаттығу жасау

D) Ойнау

Е) Сабақ оқу
2. Саматтың оқитың сыныбын көрсетіңіз

А) 2

В) 3

С) 1

D) 5

Е) 4
3. Берілген сөзтіркесті аударыңыз

Таңертенгі жаттығулар

А) Утренний завтрак

В) Утренние уроки

С) Зарядка

D) Утренний сон

Е) дұрыс жауап жоқ
4. Күн сайын таңертен тұрғанда Саматтың жасайтың әрекеті

А) Ойнау

В) Далада серуендеу

С) Сабақ оқу

D) Жаттығу жасау

Е) Достарымен серуендеу
5. Денсаулыққа пайдалы әрекет

А) жаттығу жасау

В) ойын ойнау

С) сабақ оқу

D) тамақ ішу

Е) барлығы жауап дұрыс
63. Дене тәрбиесі сабағында.

Сөздік

бүгін - сегодня

жүгіреміз - бегаем
Бүгін- бейсенбі. Үшінші сабақ дене тәрбиесі сабағы болады. Дене тәрбиесі сабағында біз жүгіреміз, секіреміз, доппен ойнаймыз. Мен доппен ойнауды жақсы көремін. Бүгін біз екі топқа бөлініп волейбол ойнадық. Сабақ қызықты өтті. Маған дене тәрбиесі сабағы ұнайды.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мәтінде айтылған сабақты көрсетіңіз

А) Дене тәрбиесі

В) Математика

С) Орыс тілі

D) Ән-күй

Е) Өзін-өзі тану
2. Дене тәрбиесі сабағында жасайтың әрекетті белгілеңіз

А) Жүгіреді, секіреді

В) Жазады, оқиды

С) Тамақ ішеді

D) Ән айтады

Е) Сурет салады
3. Дене тәрбиесі сабағы өтетін апта күні

А) Сенбі

В) Жексенбі

С) Бейсенбі

D) Жұма

Е) Дүйсенбі
4. Берілген сөздің аудармасын көрсетіңіз

Қызықты

А) Интересный

В) Известный

С) Красивый

D) Быстрый

Е) Серьезный
5. Мәтінде айтылған баланың жақсы көретін зат

А) Кітап

В) Доп

С) Киім

D) Ойыншықтар

Е) Дұрыс жауап жоқ

64. Мектеп спортзалы

Сөздік

спорт шебері-мастер спорта

қатысады- участвует
Мектептің спорт залы үлкен. Дене шынықтыру сабақтарын Әбдірахман ағай өткізеді. Ол – күрестен, жеңіл атлетикадан спорт шебері.

Мектепте көптеген спорт секциялары жұмыс істейді. Біздің сынып оқушылары қазақша күрес, бокс,баскетбол секцияларына қатысады. Олар мектептегі спорт жарыстарының жеңімпаздары.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары

1. Мектепте спорт залдың көлемін белгілеңіз

А) Кішкентай

В) Үлкен

С) Әдемі

D) Екі қабатты

Е) Жасыл
2. Мәтінде айтылған сынып қатысатын секция

А) Күрес, бокс, баскетбол

В) волейбол, теннис

С) ән

D) би

Е) қол өнер
3. Дене шынықтыру өткізетін ағайдың есімі

А) Әбдірахман ағай

В) Абай ағай

С) Шыңғыс ағай

D) Ербол ағай

Е) Әбділмансұр ағай
4. Берілген сөздің аудармасын көрсет

Жеңімпаз

А) Ученик

В) Одноклассник

С) Проигравший

D) Победитель

Е) Учитель
5. Мектепте істейтін секциялар

А) Ән-күй

В) Тігу

С) Өнер

D) Спорт

Е) Би
65 . Мен футбол ойнаймын
Сөздік


қызықты - интересная (-ое, –ые) қақпашы - вратарь ойыншы - игрок төреші - судья барысы - ход ескерту - предупреждение

Футбол - өте қызықты ойын. Осы ойынды екі команда ойнайды. Әр командада он бір адам болады. Бір қақпашы, он ойыншы. Ойында төреші болады. Төреші ойын барысын бақылайды. Төрешіден ескерту алған ойыншы - сары карточка алады. Ойында қызыл карточка алған ойыншы ойыннан шығады.

(33 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесін анықтаңыз A) команда ойнайды B) төреші болады C) қызықты ойын D) мектепке барамын E) сабақ оқимын
2. Қатесіз жазылған сөйлемді анықтаңыз. A) Футбол өте қызықты ойын B) Фудбол - өте қызықты ойын C) Футбол - өте кызыкты ойын D) Футбол - өте қызықты ойын E) Футбол қызықты ойын
3. Мәтінде кездеспейтін сөзді табыңыз А) төреші B) футбол C) бөлме D) қақпа E) ойын
4. «Төреші» сөзінің аудармасын көрсетіңіз A) вратарь B) игрок C) судья D) игра E) интересная

5. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз A) қағпа B) қақба

C) қапқа D) қақпа E) қақта



66. Мен волейбол ойнаймын
Сөздік

дене шынықтыру - физическое воспитание өтеді - проходит қабат - этаж себет - кольцо жеңіске жетті - победил
Дене шынықтыру сабағы спортзалда өтеді. Мектеп спортзалы бірінші қабатта. Спортзалға үшінші сынып оқушылары келді. Спортзалда теннис үстелі, баскетбол себеті, волейбол сеткалары бар. Сынып екі командаға бөлінді. Олар волейбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. Ойын қызықты өтті.

(36 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтіннен тек қана спорт заттарын белгілеңіз A) теннис үстелі, волейбол сеткасы, баскетбол сеткасы B) үстел, орындық, шкаф, сөре, сағат, компьютер C) қалам, теннис үстелі, қарындаштар, D) сөрелер, теннис үстелі, волейбол сеткасы, баскетбол сеткасы E) оқушы, парта, үстел, теледидар, сағат
2. Сөйлемді аударыңыз

Олар волейбол ойнады.

A) Они играли волейбол B) Это-твоя комната C) Они пришли в спортзал D) Первая команда победила E) В комнате стоит стол


3. Нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз

Бірінші команда ...... жетті.

A) волейболға B) алаңға C) жеңіске D) қызыққа E) жүгірді


4. «Ойнады» сөзінің аудармасын көрсетіңіз A) учили B) встали C) пошли D) пришли E) играли
5. Мәтінге қатысы жоқ сөйлемді табыңыз A) Дене шынықтыру сабағы спортзалда өтеді B) Ойын қызықты өтті C) Мектеп спортзалы бірінші қабатта D) Олар волейбол ойнады E) Еденде кілем жатыр

67. Наурыз – жыл басы

Сөздік

мереке, мейрам - праздник

теңеледі - равняются,становятся одинаковыми

тілек - пожелание

тілейді - желают
Наурыз –жыл басы. 22 Наурыз – үлкен мереке.Күн мен түн теңеледі. Адамдар ауланы тазалайды,ағаш егеді.Наурыз мерекесінде наурызкөже пісіреді.Оған жеті түрлі тағам қосады.

Наурыз мейрамында адамдар әдемі киімдерін киеді. Олар бір-бірлеріне жақсы тілек тілейді.

(36 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Бітеу буынды сөзді көрсетіңіз

А) мереке

В) адамдар

С) наурыз

Д) тілек

Е) жақсы
2.Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты анықтаңыз

А) Наурыз- жыл басы

В) Наурызда келді

С) Наурызда болады

Д) Наурызға келмеді

Е) Дұрыс жауап жоқ
3. Құрамы жеті түрлі дәмнен тұратын тағамды анықтаңыз

А) бауырсақ

В) наурызкөже

С) қымыз


Д) шұбат

Е) ет
4.Мәтінге қатысы жоқ сөзді табыңыз

А) мейрам

В) киім


С) қалам

Д) тағам


Е) әдемі
5. Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз

А) күн,түн

В) мереке,мейрам

С) адамдар,киімдер

Д) тілек,тілейді

Е) аула,ағаш


68. Наурыз келді

Сөздік

ұя - гнездо

жұқа - тонкий (–ая,-ое,-ие)

ұшып келеді - прилетают
Наурыз келді. Наурызда күн жылынады. Қар ериді.Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Біз құстарға ұя жасаймыз. Адамдар жұқа киім киеді. Наурыз айында Наурыз мейрамы болады. Наурыз мерекесін отбасымызбен жақсы көреміз.

(30 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінге қатысы жоқ сөзді табыңыз

А) наурыз

В) құстар

С) қонжық

D) киім

Е) мейрам


2. Тек ұяң дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз

А) біз


В) күн

С) наурыз

D) қар

Е) жұқа


3. Сөйлемді аяқтаңыз

Құстар жылы жақтан ...

А) ұшады


В) ұшып келеді

С) ұшып барады

D) ұшып кетеді

Е) ұша бастайды


4. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

А) мейрамы

В) мереке

С) құстар

D) келді

Е) наурыз


5. Асты сызылған сөздің мағынасын табыңыз

Наурыз мерекесін отбасымызбен жақсы көреміз

А) барамыз

В) жылынады

С) ұнатамыз

D) жасаймыз

Е) киеміз


69. Қанатты достар
Сөздік

қамқорлық – забота

қорғау – защищать, оберегать

жем - корм

тас - камень

лақтыру - кидать

үркіту - пугать

ұя – гнездо

бұзу - ломать

жаруға болмайды – разбивать нельзя

Құстар - біздің досымыз. Құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек. Оларға балалар жемшашар, үйшік жасайды. Құстарға жем береді. Құстарға тас лақтырып, оларды үркітпеу керек. Олардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жаруға болмайды.

( 28 сөз )
Тест тапсырмалары

1. Сөйлемді толықтырыңыз

Құстар ... досымыз.

А) менің


В) сенің

С) сіздің

D) біздің

Е) оның
2. Мәтінге сәйкес жауабы бар сұрақты табыңыз

А) Оларға балалар не жасайды?

В) Біз не істейміз?

С) Құстар қайда ұшады?

D) Жұмыртқаның түсі қандай?

Е) Ұяны қайда жасайды?
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз

А) қорғау

В) үркітпеу

С) лақтырмау

D) жармау

Е) бұзбау


4. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз

Құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек.

А) Надо заботиться о птицах, защищать их

В) Заботься о птицах, защищай их!

С) Заботиться о птицах, защищать их

D) Надо заботиться и защищать птиц

Е) Птицам забота и защита!5. Сөйлемді толықтырыңыз



Құстарға жем ... .

А) жасайды

В) береді

С) қорғайды

D) керек

Е) болмайды


70. Құстар
Сөздік

қарлығаш - ласточка

күркетауық – индюк

құр - глухарь

қырғауыл – фазан

бүркіт – орел

пайда әкеледі – приносить пользу

сауысқан - сорока

бұлбұл - соловей

тырна - журавль

тоқылдақ - дятель

зиянды жәндіктер - вредители

қоректенеді – питаеться

Құстар - табиғаттың көркі. Үй құстары: күркетауық, әтеш, үйрек, қаз, тауық. Дала құстары: сауысқан, торғай, қарлығаш, бұлбұл, тоқылдақ, тырна, аққу, көкек, бүркіт, құр, көгершін, қарға, қырғауыл т.б. Олар зиянды жәндіктермен қоректенеді. Құстар адамға көп пайда әкеледі.

( 36 сөз )
Тест тапсырмалары
1. Сөйлемді толықтырыңыз

Құстар адамға ..... әкеледі.

А) жеміс


В) пайда

С) нан


D) шөп

Е) жем
2. Сөйлем бойынша дұрыс құрастырылған сұрақты табыңыз



Құстар зиянды жәндіктермен қоректенеді

А) Құстар қалай қоректенеді?

В) Құстар кіммен қоректенеді?

С) Құстар не қоректенеді?

D) Құстар қандай қоректенеді?

Е) Құстар немен қоректенеді?


3. Ілік септігіндегі сөзді анықтаңыз

А) жерге


В) қалада

С) ауылмен

D) табиғаттың

Е) суды
4. Құстардың жуан дыбысты қатарын көрсетіңіз

А) Көкек, бүркіт

В) Тауық, әтеш

С) Үйрек, торғай

D) Көкек, қарға

Е) Тырна, тоқылдақ
5. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесін көрсетіңіз

А) Табиғаттың көркі

В) Құстың ұясы

С) Зиянды жәңдіктер

D) Көп пайда

Е) Үй құстары



71. «Ақ көгершін» әні
Сөздік

бейбітшілік - мир

әр түрлі - различный

тараған - распространение

сәтті суреттейді – описывать, изображать

жер жүзінде – на земле

ішінде – внутри

белгілі – известный
Көгершін - бейбітшілік құсы. Оның түсі әр түрлі болады: ақ, көк, сұр. Ол қолға ұстағанға да тез үйренеді. Көгершіндер бүкіл жер жүзінде тараған.

Ұясында 1 – 2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқадан 14 – тен 30 күннің ішінде балапан шығады.

Осы құсқа арналған «Ақ көгершін» әні бар. Бұл ән бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді.

(40 сөз )

Өлеңін жазған Н.Баймұхамедов.

Музыкасын жазған А.Жұбанов.



Ақ көгершін, көгершін

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

«Әділеттің құсы» деп,

Көз алмастан жолыңнан,

«Бақыт болып қоншы» деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қ-сы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

Тест тапсырмалары

1. Мәтінде қандай құс туралы айтылғанын көрсетіңіз

А) Сауысқан

В) Бұлбұл

С) Аққу


D) Көгершін

Е) Көкек
2. Ақ көгершінге арналған не бар екенін белгілеңіз

А) Көл

В) Қала


С) Ән

D) Би


Е) Кітап
3. Көгершіндердің ұясында қанша жұмыртқасы болатынын анықтаңыз

А) 2-3


В) 1

С) 2-4


D) 2

Е) 1-2
4. Өлеңдегі көгершіннің түсін көрсетіңіз

А) Сұр

В) Ақ


С) Көк

D) Қызыл


Е) Қара
5. Ақ көгершін әнінің негізгі ойын көрсетіңіз

А) Бейбітшілік

В) Мейірімділік

С) Әділеттілік

D) Тәуелсіздік

Е) Егемендік



72. Сырғанақта

Сөздік

сырғанақ – каток енді ғана – только бірнеше рет – несколько раз құлады – упала үйретіп жүр – учит

Біздің қаламызда сырғанақтар бар. Демалыс күндері балалар онда коньки тебуге барады. Жексенбі күні Арай, Сандуғаш, Айжан сырғанаққа келді. Сандуғаш пен Айжан жақсы сырғанап жүр. Ал сырғанауды енді ғана үйреніп жүрген Арай бірнеше рет құлады. Сандуғаш пен Айжан Арайға коньки тебуді үйретіп жүр.

(42 сөз)

Тест тапсырмалары

1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты көрсетіңіз

А) Қаламызда сырғанақтар бар

В) Арай бірнеше рет құлады.

С) Сырғанаудан жарыс болады

D) Балалар коньки тебуге барады

Е) Коньки тебуді үйретіп жүр



2. Дұрыс жазылған сөз тіркесін анықтаңыз

А) Айжан мен Арай В) сырғанаққа келді С) қаламызда сырғанақ D) балалар онда Е) Арай коньки тебуді үйреніп жүр



3. Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз

А) қаламызда

В) демалыс

С) сырғанап

D) бірнеше

Е) құлады


4. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз

Сандуғаш пен Айжан жақсы .......

А) сырғанап жүр

В) серуендеп жүр

С) теуіп жүр

D) үйреніп жүр

Е) дұрыс жауабы жоқ



5. Мәтінге қатысы жоқ сөзді анықтаңыз

А) қаламызда

В) балалар

С) сырғанаққа

D) үйде

Е) демалыс


73. Стадионда

Сөздік

жарыс – соревнования өткізіледі - проводиться жүлделі орын – призовое место ие болдым - был награжден қуанды - радовались
Мектептің жанында стадион бар. Стадион өте кең. Онда балалар дене шынықтыру сабағында футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Жақында спорттық жарыс болды. Мен де жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Оған достарым қуанды.

(35 cөз)
Тест тапсырмалары



1. Спорт түрлерін көрсетіңіз

А) жарыс


В) сайыс

С) баскетбол

D) стадион

Е) дене шынықтыру



2. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз

Мен де жарысқа .........

А) бардым В) қатыстым С) қуандым D) ойнадым Е) ие болдым


3. Спортқа қатысты сөз тіркесін анықтаңыз

А) футбол ойнау

В) достармен қуану

С) орын алу

D) сабақ өткізу

Е) сабаққа қатысу


4. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты көрсетіңіз

А) Мен жарысқа қатыспадым

В) Спорттық жарыс болды

С) Мен де жарысқа қатыстым

D) дұрыс жауабы жоқ

Е) Жүлделі орынға ие болдым


5. Дұрыс тасымалданған сөзді анықтаңыз

А) жақ-ында

В) жақы-нда

С) жақын-да

D) дұрыс жауабы жоқ

Е) бәрі дұрыс


74. Медеу мұз айдыны

Сөздік

Алатаудың етегінде – у подножье Алатау орналасқан – расположен дүние жүзіндегі – по всему миру ең ірі – самый крупный әйгілі – известный кешен – комплекс әлемдік – всемирный
«Медеу» мұз айдыны – Алматы қаласында Алатаудың етегінде орналасқан. Ол дүние жүзіндегі ең ірі, әйгілі спорт кешені. Онда қысқы спорттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Бұл жерде 120-дан аса әлемдік рекордтар жасалды. Демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары коньки тебуге келеді.

(38 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз

А) Қаламызда мұз айдыны бар ма?

В) Қанша әлемдік рекордтар жасалды?

С) Сырғанаудан жарыс болады ма?

D) Балалар коньки тебуге келеді ме?

Е) Дүние жүзіне белгілі ме?


2. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз

Ол дүние жүзіндегі ең ірі, ...... спорт кешені.

А) әйгілі

В) үлкен

С) тамаша

D) көрікті

Е) ең жақсы


3. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесті табыңыз

А) жарыстар өткізіледі

В) қала тұрғындары

С) сырғанаққа келді

D) рекордтар жасалды

Е) демалыс күндері


4. Мәтінде кездеспейтін сөзді көрсетіңіз

А) әйгілі

В) спорт

С) кешені

D) тұрғындары

Е) көрікті


5. Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз

А) айдыны

В) өткізіледі

С) қонақтары

D) кешені

Е) тұрғындары




75. Кел, ойнайық!

Сөздік

алдымен – сначало сызық – линия сыздық – начертили екі ұшынан – с двух концов ұстады – держали тартысты – перетягивались жеңіске жетті – победил жеңілді – проиграл
Біз бүгін «Арқан тартыс» деген ойын ойнадық. Алдымен жерге сызық сыздық. Сосын Айбек пен Талап сызықтың екі жағына тұрды. Олар арқанның екі ұшынан ұстады. Сосын тартысты. Айбек арқанды тартып алды да, жеңіске жетті. Ал Талап сызықтан өтіп кетіп, жеңілді.

(37 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз

А) спорт


В) ойын

С) Айбек пен Талап

D) дұрыс жауабы жоқ

Е) дене шынықтыру сабағы


2. Тек қана қатаң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді белгілеңіз

А) кетіп


В) сызық

С) тартысты

D) ұстады

Е) ойнадық



3. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесті табыңыз

А) ойын ойнадық

В) екі жағына

С) жеңіске жетті

D) тартып алды

Е) жарыс болды


4. Мәтінде кездеспейтін сөзді көрсетіңіз

А) ойын


В) сызық

С) сызғыш

D) арқанды

Е) ұшынан


5. Мәтін бойынша мына сұрақтың жауабын көрсетіңіз

Айбек пен Талап не істеді?

А) Айбек пен Талап төбелесті

В) Айбек пен Талап күлді

С) Айбек пен Талап ойнады

D) Айбек пен Талап тартысты

Е) Айбек пен Талап қатысты




76. Қазақтың ұлттық ойындары

Сөздік

Баға жетпес байлық – бесценное богатство асыл қазына – ценный клад тәрбие құралы – средство воспитания ақыл ойын толықтырады – расширяет кругозор қажет етеді – требует
Қазақтың ұлттық ойындары – баға жетпес байлық, асыл қазына. Бұл ойындардың үлкен мәні бар. Халық ойындары – тәрбие құралы. Олар денені шынықтырады, баланың ақыл-ойын толықтырады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, тапқырлықты қажет етеді.

(31 сөз)
Тест тапсырмалары



1. Мәтінде бар сөйлемді белгілеңіз

А) Бұл ойын адамның денесін ширатады.

В) Халық ойындары – тәрбие құралы.

С) Ойынның басты шарты – қарсыласты жеңу.

D) Бұл ойындардың үлкен мәні бар.

Е) Ол шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.


2. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз

Қазақтың ұлттық ойындары .............., ........, ............. қажет етеді.

А) батылдықты, шапшаңдықты, ерлікті

В) төзімділікті, ерлікті, шапшаңдықты

С) ерлікті, батылдықты, тапқырлықты

D) қарсыласты, жеңуді, төзімділікті

Е) төзімділікті, тапқырлықты, ерлікті


3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз

А) ойындардың

В) батылдықты

С) тапқырлықты

D) ұлттық

Е) үлкен
4. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз

А) ерлікті

В) батылдықты

С) ойындары

D) денені

Е) тапқырлықты
5. Мәтінде кездеспейтін сөзді көрсетіңіз

А) байлық

В) батылдық

С) ұлттық

D) шындық

Е) ерлік
77. Жаз



Сөздік

жаз мезгілі – летние время года

маусым - июнь

шомылу – плавать, купаться

күнге күю - загорать
Көктем кетіп, жаз мезгілі жетті. Жазда күн жылы, кейде ыстық болады. Маусым айында біз демалысқа шығамыз. Мен ауылға барамын. Ауылдың жанында үлкен көл бар. Балалармен суға шомыламыз, күнге күйеміз. Мен жазды жақсы көремін.

( 33 сөз )



Тест тапсырмалары

1. Көктемнен кейін келетін жыл мезгілін анықтаңыз

А)қыркүйек

В)көктем

С)қыс


D)жаз

Е)күз
2. Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А )көктем

В) жазда


С) маусымға

D)ауылдың

Е) ауылға
3. Мәтіннен төрт буыннан құралған сөздерді теріп жаз

А) жылы, ауылға, көл

В) маусым, суға, ауылдың

С) балалармен, шомыламыз, демалысқа

D) көктем, ыстық, үлкен

Е)мен, біз, жанында


4. Ілік септігінде тұрған сөзбен сәйкестендір

А)ауылға 1. басы

В)ауылдан 2. жанында

С)ауылды 3. үстінде

D) ауылмен 4. айында

Е)ауылдың 5. Шығамыз


5. Жуан буынды сөзді анықтаңыз.

А) күн


В) ауыл

С) көктем

D) үлкен

Е) мезгіл


78. Жазда

Сөздік

күн ұзарады – дни длиннее

түн қысқарады – ночи короче

бүлдірген - земляника

қарақат – смародина

жидек - ягоды
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жазда күн ұзарады, түн қысқарады. Жазда біз отбасымызбен ауылға барамыз. Ауылда тоғай арасынан жидек тереміз. Бүлдірген, қарақат тоғайда тұнып тұр.

( 25 сөз )


Тест тапсырмалары

1. Көп нүктенің орнына тиісті жіңішке «ү» дауысты дыбысын қойыңыз.

А)к...н


В) асп...н

С) жид...к

D) қар...қат

Е) т...ғай



2.Тоғайда өсетін жидек түрін сәйкестендір

А)орманда 1. саңырауқұлақ

В)көлде 2. таңқурай

С)тоғайда 3. бүлдірген

D)далада 4. құлпынай

Е)шөлде 5.жүзім


3. Тек жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

А) теру


В) түн

С) отбасы

D) бүлдірген

Е) күн
4. Бірінші буыны тұйық буыннан болып тұрған сөзді көрсет

А) жылы

В) ыстық


С) тұнып

D) біз


Е) тоғай
5. Мәтін ішіндегі қарама-қарсы мағыналы сөзі бар сөйлемді анықта

А) 1


В) 5

С) 3


D) 2

Е) 4
79. Жаз айлары



Сөздік

шілде - июль

тамыз - август

саяхат - путешествие
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады. Адамдар жеңіл киінеді. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Тауға, орман, тоғайларға саяхат жасайды. Лагерьге, қала мен ауылға барады.

( 26 сөз )


Тест тапсырмалары

1. Жаз айын белгілеңіз

А)шілде


В)орман

С)тоғай


D)лагерь

Е)ауыл
2. Көптік жалғауын сәйкестендір

А)- лар 1.орман

В)- дар 2.балық

С)- тер 3. саяхат

D)- дер 4..шілде

Е)- лар 5.демалыс
3.Дауысты «у» дыбысы бар сөзді анықтаңыз

А)тау


В)оқушы

С)ауыл


D)маусым

Е)ауа
4. Барыс септігінде тұрған сөзді анықтаңыз.

А)демалыста

В)тауға


С)жазда

D)орманмен

Е)саяхатпен
5. Жіңішке буынды сөзді анықтаңыз

А)жаз


В)орман

С)жеңіл


D)тоғай

Е)қала
80. Жазғы демалыс



Сөздік

қайық - лодка

қызық - интерсно

орман - лес

балық - рыба
Жазғы демалыс басталды. Шілде айында мен лагерьге барамын. Лагерь Бурабай көлінің қасында. Онда бәрі бар: көл, тау, орман. Біз орманда жаяу, көлде қайықпен серуендейміз. Көлге шомыламыз, балық аулаймыз. Лагерьде өте қызық. Балалар жақсы демалады.

( 34 сөз )


Тест тапсырмалары

1. Берілген сөздерді пайдаланып, сызбаға сәйкес сөйлем құраңыз

А) жазда


В) шығады

С) демалысқа

D) лагерь

Е) балалар

/________ ___________ ____________ ____________ .
2. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгілеңіз

А) көлінің

В) орманға

С) тауды


D) орманда

Е) көлге
3. Жуан буынды сөзді табыңыз

А) көл

В) орман


С) шілде

D) күн


Е) серуендеу
4. Бағандағы жалғауларды көп нүктенің орнына қойып, сәйкестендір

Қайық....., көл..., балық..., орман...

А)-дер, -тар, -дар

В)-тар, -лер, -дер

С)-дер, -лар, -тер

D)-лар, -дер, -тар

Е)-тар, -дар, -тер


5. Мәтіннен жалқы есім бар сөйлемді көрсетіңіз

А) 3


В) 2

С) 4


D) 5

Е) 1


Кілттер


I ӘЛЕУМЕТТІК – ТҰРМЫСТЫҚ АЯ










I

II

IIІ

IV

V

1

1

Менің отбасым

В Е

В Е

В С

D Е

А D

2

2

Менің әкем. Менің анам

В С

А D

А Е

D

В

3

3

Менің әпкем

А D

В

В Е

А

С D

4

4

Менің ағам

D

D

А

С

В D

5

5

Менің атам. Менің әжем

ВСЕ

В D

C

A

A

Атам ауылда түрады

6

1

Атам ауылда тұрады

А

А

В

D

E

7

2

Бақша суарамын

D

B C E

C

D

E

8

3

Қолқанат

D

C

E

B

A

9

4

Мен еңбекқор баламын

С

С

С

D

В

Мен бөлмемді жинаймын

10

1

Мен бөлмемді жинаймын

С

А

C D

A

E

11

3

Бөлмемде не бар?

B

A

C

C

D

12

4

Жексенбі күні

E

A

C

C

E

Мен азық -түлік дүкеніне барамын

13

1

Азық-түлік.Супермаркетте

E

D

C

С

B

14

2

Нан тағамдары. Сүт тағамдары

D

Е

А

В

В

15

3

Жемістер. Көкөністер

С

А

D,Е

В

С

16

4

Азық-түлік дүкенінде. Базарда

B

C

E

C

E

17

5

Бауырсақ. Нәтиже сабақ

A

D

B

C

B







Мультфильм көремін
















18

1

Алдар Көсе


С

Е

С

В

С

19

2

Бауырсақ

В

В

Д

В

С

20

3

Түлкі мен қоян

Е

С

Е

В

Е

21

4

Шалқан

В

Е

Д

Е

Д

22

5

Үш жалқау

А

Е

В

Д

Д

II ОҚУ- ЕҢБЕК АЯСЫ

Менің оқу құралдарым

23

1

Оқу құралдарым. Менің оқулықтарым

С

В

D

Е

А, D

24

2

Менің дәптерім. Менің күнделігім

В

В, D

В

D

D

25

3

Сурет сабағы

С

С

А,Е

В

D

26

4

Менің қаламым

D

С

В

А, D

С

27

5

Менің сөмкем

D

С

А

С, D

В







Менің сыныбым
















28

1

Сынып заттары

C,E

A

E

C

B

29

2

Менің сыныбым

E

C

A,D

C

D

30

3

Біздің үшінші сынып

B

A

C

B,C,A,E,D

C

Кітапханаға барамын

31

1

Кітап

С

С

D

В

С

32

2

Ұлттық кітапхана

В

Е

В

Е

С

Үйірмеге барамын

33

1

Мектеп өмірі

D

C

A

D

A

34

2

«Хор» үйірмесіне барамыз

С

Е

А

D

С

35

3

«Қазақ тілі» үйірмесінде

С,Е

D

E

В

Е

36

4

Сурет үйірмесінде

В

Е

С

А

С

37

5

«Шебер қолдар» үйірмесінде

D

А

В,С,Е

А

Е


III. ӘЛЕУМЕТТІК -МӘДЕНИ АЯ

Мұражайға барғанда

38

1

Мұражай

С

В

А,В

А

В

39

2

Мұражайға саяхат

А

С

С

А

В

40

3

Мұражайдың көне заттары

А,С

С

В

А,Д

В

Бүгін ауа райы қандай?

41

1

Жыл мезгілдері

А

А

А

А

А

42

2

Күзде

А

А

А

А

А

43

3

Қыста

А

А

А

А

А

44

4

Көктемде

А

А

А

А

А

45

5

Жазда

А

А

А

А

А

Шаңғы тебемін

46

1

Қыс

A

C, E

C

B,D,E

С,Е,А,В,D

47

2

Шаңғы тебу

А,С

Е

D

В

Е

48

3

Суық айлар

A

D

B

D

B

49

4

Сырғанақ

D

E

D

5,B

1-С

2-D


3-E

4-A


5-B

Аққала соғамыз

50

1

Қысқы демалыс

C

D

A

C

D

51

2

Сыйлықтар

B

C

B

C

C

52

3

Қысқы ойындар

A

D

C

С

С

53

4

Жаңа жыл

В

А

А

D

В

54

5

Қыс қызығы

В

A

А

В

С

55

6

Аққала соғамын

А, C

В,D

A

C, D, Е

С

56

7

Жаңа жыл жыры

А-5, В-3, С-4, D-1, Е-2

В

А

А

С

Сенің туған күнің қашан?







А, C

В,D

A

C, D, Е

С

57

1

Отбасы мерекелері

A

B

C

A

D

58

2

Досымның туған күні

C

A

B

A, В

Е

Сыйлық беремін

59

1

Менің сыйлықтарым

C

В

А

В

А,B

60

2

Анаға сыйлық

А

В

С

В

D

Спортзалда

61

1

Спортзалда

А

С

А

А

В

62

2

Мен жаттығу жасаймын

С

В

С

D

А

63

3

Дене тәрбиесі сабағында

А

А

С

А

В

64

4

Мектеп спортзалы

В

А

А

D

D

Допты берші

65

1

Мен футбол ойнаймын

D,Е

D

C

C

D

66

2

Мен волейбол ойнаймын

A

A

C

E

E

Кел, ойнаймыз.

67

1

Сырғанақта

С

В

Е

А

Д

68

2

Стадионда

С

В

А

А

С

69

3

Медеу мұз айдыны

В

А

С

Е

Д

70

4

Кел, ойнайық!

В, С

А

Е

С

Д

71

5

Қазақтың ұлттық ойындары

В, Д

С

Д

С

Д


Наурыз келді

72

1

Наурыз-жыл басы

С

А

В

С

В

73

2

Наурыз келді

С

А

В

А

С

Құстарды қарсы аламыз

74

1

Қанатты достар

D

А

А

А

В

75

2

Құстар

В

Е

D

Е

В

76

3

«Ақ көгершін» әні

D

С

Е

В

А

Алақай, демалыс!

77

1

Жаз

D


B

C

E2

B

78

2

Жазда

A

C3

C

B

D

79

3

Жаз айлары

A

B1

B

B

C

80

4

Жазғы демалыс

AECB

D

B

A

A


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Аянова Т.А. Қазақ тілі «Алматы»1997 ж.

2.Аянова Т.Т Кузекова «Қазақ тілі» 2002 ж.

3.Әлімбек Г. «Қазақ тілі» Алматы «Өнер» 2005 ж.

4.Бектуров Ш.К., Бектурова А.Ш. Казахский язык для начинающих 1994ж.

5.Ермекова Т.Н. Қазақ тілі. 2 сынып. «Алматы кітап » 2009 жыл.

6.Ермекова Т.Н. Қазақ тілі – Алматы, 2011 ж.

7.Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. «Алматыкітап» баспасы, 2009.

8.Ермекова Т. Н., Сатбекова А.А., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2011ж. 4 – сынып

9. Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. «Шың-кітап» 2011 жыл.

10.Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар – Алматы, 2009 ж.

11.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. № 5, 9 2011ж.

12.Қайырбекова А. Қазақ тілі Алматы «Атамұра» 2011 ж.

13.Құрманбайұлы Ш., Мамаева М., Сыбанбаева А. Қазақ тілі 2001 ж.

14.Өтетілеуов Е. Сопыбеков Б. «Балапан журналы» Балалар әдебиеті 2007 ж.

15.Сариева К. Қазақ тілі. Алматы. «Білім» 2000 .

16.https://infourok.ru/men-blmemdi-taza-staymin-sinip-1066235.html

17. http://tak-to-ent.net/load/434-1-0-18890

18.http://uskz.org/publ/ashy_saba_tar/bastauysh_synyp/zheksenbi_k_ni/6-1-0-5948

19.http://u-s.kz/load/719-futbol-5-synyp.html

20. http://collegy.ucoz.ru/load/46-1-0-7268





Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет