Павлодар қаласының білім бөлімі №5 сәбилер бақшасы мемелекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны «Мен жүзуді білемін»



бет4/17
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#91708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Оқыту кезеңдері.

Бүкіл жүзуді оқыту үдерісі шамамен 4 кезеңге бөледі:


1. Жақсы жүзушілермен жүзу тәсілін зерттеп, техниканы көрсету. Көрнекілік насихаттарды пайдалану (плакаттар, суреттер, кинофильмдер және т.б.) Сонымен қатар жаңадан жүзуге үйренетін балаларға жүзудің тәсілін үйрету туралы ой туа бастайды, сабаққа деген белсінділік пен қызығушылықпайда бола бастайды. Егер де жағдай болса, (шағын орын) нұсқаушы жаңадан жүзуге үйренетін балаларға көрсетілген жүзу тәсілін орындауға рұқсат етеді.
2. Жүзуді үйреніп жатқан тәсілінің техникасымен алдын-ала танысу (дененің қалпы, есу әдісінің қозғалысы). Құрғақ жерде және суда жүргізіледі. Оқушылар жалпы дамытушылық және күшті жұмсау жаттығулардың жүзу техникасына ұқсас қимылдарды, сондай-ақ суды меңгеру жаттығуларын үйреніп жасайды.
3. Жүзу техникасының бөлек элементтерін зерттеу және содан кейін барлық зерттелген тәсілдер. Жүзу техникасы келесі реттермен зерттеледі: дененің қалпы, дем алу, аяқтың қимылы, қолдағы қимылы, үйлестіру қимылдары. Осы кезде элементтің әрқайсысының техникасын үйрену бірте-бірте қиындатыла жүргізіледі. Аяқ негізінде қарастырылған жаттығулар тіреусіз көлденең қалпында (жүзуші жұмысының күш бейнесі) орындалады. Жүзу элементінің әрқайсысының техникасы келесі ретпен зерттеледі:
1. Құрғақ жердегі қимылдармен танысу. Құрғақ және сулы жердегі қимылдардың орындалу шартының айырмашылығы болғандықтан, жалпы сипатта бөлшекті немесе жетілдірусіз жүргізіледі.
2. Суда қозғалыссыз және тіреумен қимылды зерттеу (орнында). Аяқпен қимылдауды зерттегенде тіреу ретінде хауыздың жиегі, түбі немесе су қоймасының жағалауы және т.б. пайдаланылады. Қол қимылын су түбінде кеудеге немесе белге дейін тұрып зерттейді.
3. Суда қозғалғыш тіреумен қимылды зерттеу. Аяқпен қимылдауды зерттегенде, тіреу ретінде жүзу тақтайларын қолданады. Қолмен қимылды судың түбінде баяу жүргенде немесе суда көлденең қалпында жатқанда (серіктестің көмегімен) зерттеледі.
4. Суда тіреусіз қозғалысты зерттеу. Барлық жаттығулар сырғанау, және жүзу ретінде орындалады. Кейнгі үйлестірілген техника элементінің үйренілуі келесі ретте жүргізіледі: дем алумен аяқтан қимылдау, дем алумен аяқ пен қолды қимылдату, толық үйлесімділікпен жүзу. Жүзу техникасын осы кезеңде бөлшектеп зерттелінуіне қарамастан, оқушылардың дайындығына байланысты жүзудің техникалық тәсілін толығымен орындауға талаптану керек.
5. Жүзу техникасының жетілдіруі мен бектілуі. Осы кезеңде толық үйлесімділікпен зерттелетін жүзу тәсілі бас мағынаны иемденеді. Осымен бойланысты әр сабақта жүзудің арақатнасы толық үйлесімділікпен және аяқ пен қолдың көмегімен жүзу 1-1 қатынаста болу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет