Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының



бет8/14
Дата24.05.2017
өлшемі2,28 Mb.
#16759
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының
дефектолог-мұғалімі, логопеді
      Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.
      Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.
      Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
      Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалар құқықтары конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау», «Қазақстан Республикасында балалар құқығы», «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.
      Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар:
      санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
      екінші санатты жоғары деңгейлі маман:
      санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл.
      бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.
      лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
      жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:
      бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.
      лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Әлеуметтік педагог
      Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Тәлімгер, аға тәлімгер
      Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс тәжірибелерін зерделейді және қолданады.
      Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.
      Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
      Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылар ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық білітілікке ие.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдары және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық қағидалар мен нормаларды.
      біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке және топпен жұмыс жасауды дербес ұйымдастыра білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен диагностикалық жұмыс жасаудың ұйымдастыру нысандарын білуі, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістерін білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдана білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және аға тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын білуі қажет.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды дербес әзірлей білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Білім беру ұйымының зертханашысы
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)
      Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
      Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
      Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.
Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі (басшысы)
      Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады.
      Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу)
шеберханасының меңгерушісі
      Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті меңгереді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін, санитария мен гигиена негіздерін, экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білім, тиісті бейіндегі ұйымдарда басшы лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымының директоры
      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру – сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
      Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
      Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
      Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру үшін шара қолданады.
      Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.
      Білім беру ұйым тәрбиеленушілердің заңды өкілі болады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды.
      Тәрбиеленушілердің қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
      Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының директорлары үшін: педагогикалық немесе заңгерлік бойынша жоғары білім және тиісті салада еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
Каталог: uploads -> Нормативные%20документы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
Нормативные%20документы -> Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік
Нормативные%20документы -> Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы
Нормативные%20документы -> Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет