Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым



Дата18.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#132313
Байланысты:
Педагогика 3
№ 1 лекция

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті Педагогикалық ғылымдар кафедрасы


Тақырыбы:
Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым
ЖОСПАРЫ:
  • Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым
  • Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын

  • қызметі. Негізгі категориялары.
    3. Педагогика ғылымының жүйесі және басқа
    ғылымдармен байланысы

Педагогика гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. Яғни, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды «педагог» деп атаған.

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды.

Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды.


Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы К.Д.Ушинский және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды. Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
  • Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім – жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
  • Педагогика – тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.



Педагогика - кең ауқымды, сан салалы ғылым. Оның зерттейтін пәнінің күрделілігі сондай, жеке, тіпті аса жан-жақты ғылымның өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен құралдарын қамти алмас еді. Ақпарат-деректерді жинай отырып, ұзақ даму жолынан өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондықтан қазіргі заманғы педагогиканы тәрбие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жөн. Педагогиканың осы заманғы ең қысқа, жалпы және сонымен қатар шартты түрдегі дәл анықтамасы - бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Педагогика – жеке тұлғаны қалыптастыруда тәрбиелеу, оқыту, білім беру заңдылықтарын айқындайтын ғылым саласы.
Педагогика пәні – тәрбиелеу, оқыту, білім беру жағдайында жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған тұтас 
педагогикалық процесс.
Педагогиканың негізгі категориялары
Тәрбие
Оқыту
Білім беру
    • Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі .
    • Оқыту – екі жақты бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті игереді және оларды өмірде тиімді қолданады.
    • Білім беру – табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Песталоцци.

Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
    • Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогикалық пәндер
Жас ерекшелік педагогикасы
Мектепке дейінгі педагогика
Мектеп педагогикасы
Андрогогика
Дефектология
Салыстырмалы педагогика
Педагогика тарихы
Этнопедагогика
Дефектология - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.
Олигофренопедагогика
Тифлопедагогика
Сурдопедагогика
Логопедгия

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы


Философия
Психология
Физиология
Мектеп гигиенасы
Әлеуметтану

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет