«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Проблемді лекцияның құрылуы



бет16/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Проблемді лекцияның құрылуы
Проблемділік қағидасы оқу материалының мазмұнындағы әрі оның оқу іс-әркетінде қызмет ету үрдісіндегі проблемділікті болжайды. Сондықтан лекцияның мазмұны оқытушының бірізді баяндаған мәтіні ретінде емес, ғылымның, тәжірибесінің және оқу іс-әрекетінің шынайы қарама-қарсылықтарын бейнелеген немесе бейнелейтін оқу проблемаларының жүйесі түрінде берілуі тиіс.
Оқыту үрдісі диалогтық қарым-қатынас және өзара әрекеттестік ретінде құрылады.
Проблемді баяндау әртүрлі деңгейлерде жүзеге асады.
Бірінші деңгей - оқытушының материалды проблемді баяндауы. Мұндай лекцияның жүргізілуі оқытушыдан үлкен іскерлік пен еңбекті талап етеді. Осындай жағдайда лекция тыңдушылармен диалогты әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұнда оқытушының зор, үздіксіз белсенділігі, тыңдаушылардың назарын меңгере алу іскерлігі, студенттердің проблемді, зерттеуші, танымдық міндеттердің мазмұнына деген қызығушылықтарын оятып, оны шешу үрдісіне белсене қатысу ұмтылыстарын оятатын міндеттерді қоя білу дағдылары қажет. Мұнда оқытушының эмоциялы күйі маңызды рөл ойнайды.
Мұндай лекцияның басты кемшілігі – тыңдаушылар іс-әрекетінің оқытушымен бірге күйзелумен шектеліп, толығымен лекторға тәуелді болуында.
Осы тұста Л.С.Выготскийдің: «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет алғашында - әлеуметтік, сосын – психологиялық жоспарда, алдымен интрапсихикалық категория ретінде адамдардың арасында, кейін интерпсихикалық категория ретінде баланың ішінде екі кезеңде көрініс береді. Бұл ырықты зейінге, қисынды еске, ұғымдардың қалыптасуына, еріктің дамуына қатар қатысты» деген психологиядағы аса маңызды тұрғысы есепке алынбайды (Жоғары психикалық қызметтердің даму тарихы. Шығ.жинағы,3том, 1983,145бет).
Оқытушы проблемді жағдайларды құрып, студенттер оқытушымен бірлесіп олардың шешіміне енгенде екінші деңгей жүзеге асады.
Осындай проблемді лекция қарама-қарсылықты қалыптастырудан, студенттерді оны шешуге ынталандырудан, интеллектілі қиыншылықты күйзелудің ынталандырылуынан құралып, оқытушының басшылығымен топаралық пікір-таластың ұйымдастырылуына негізделеді. Оқытушы тыңдаушыларды қарам-қарсылықты шешуге және болжамды ұсынуға жетіспейтін ақпараттарды іздеуге бағыттап, оған тұрақты арқау етіп отырады. Студенттер қиналған жағдайда, лектор тыңдаушылардың ойын қажет бағдарға бағыттап, болжамды өзі ұсынады. Ол процесс студенттер жеке дара, интелектілі, әлеуметтік белсенділік пен бастамашылдықты танытатын диалогтық қарым-қатынас ретінде құрылады.
Материал дыбыстап ойлау түрінде баяндалады. Басты назар ұсынылған болжамдардың дәлелдігі мен диалогты жүргізудің нақтылығына аударылады.
Нәтижесінде проблемді жағдай белгілі тәсілдермен шешілетін проблемді міндетке айналады.
Проблемді лекция:

  • студенттердің зейінін белсендірсе. (Оған проблемді бастама, шешімді күту сәті т.б. ықпал етеді);

  • шығармашылықты дамытса. (А.М.Матюшкинннің ақпараттары бойынша, проблемді оқытуда жоғары деңгейдегі күрделі міндеттерді студенттердің 70 %-ы , ал дәстүрліні тек 15 %-зы ғана шеше алады);

  • лекция барысында ғылыми ойлау, ғылыми пікір-таласу дағдылары қалыптасса;

  • студенттерді шынайы ғылыми (В.Я.Ляудис) және тәжірибедегі проблемаларды талдауға тартса дидактикалық қызметтерді атқарады (Ильин Т.А., Матюшкин А.М., Бадмаев Б.Ц. т.б.)

Оқу үрдісінде әрдайым проблемді лекцияны пайдалана беруге болмайды. Оны ұйымдастыру үшін студенттер білімдерінің, интеллектілерінің жеткілікті деңгейі, проблемаға қатысты қызығушылықтары сияқты нақты шарттар қажет.
Ондай лекцияны оқу әрі құрастырудың өзі оңай емес. Ол кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғары және оқытуда тәжірибесі мол мамандардың үлесінде. Мұнда оқытушыдан пікірталастың барысын болжау, оқу материалы жөнінде жоғары білімі, жақсы әдістемелік дайындық, тәжірибе мен арнайы жаттығу талап етіледі.
Проблемді бағытты оқытудың басқа әдістерімен салыстыруға болмайды. Ол оқытуда бірнеше жүздеген жыл бойына қолданылып келе жатқан әдістер жүйесінен өз орнына ие болуы тиіс.
Психология ғылымында проблема ретінде диссертациялық зерттеулердің ғылыми проблемалары алынуы мүмкін. Мұндай проблемаларды шешудегі ақырғы нәтиже оқытушыға ғана айқын болып, студенттердің шынайы ғылыми проблеманың шешіміне қатысқандарынан қуануларына мүмкіндік береді.
Студенттерге ғылымда әлі де шешімін таппаған мәселелерді де ұсынуға болады. Бұл психология ғылымында әлде де белгісіз «ақ таңдақтардың» бар екенін түсінуге мүмкіндік беруімен де маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет