«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет12/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Лекцияның ғылымилығы. Лекция ғылыми білімдердің қазіргі заманғы жағдайына сүйенуі тиіс. Ол теориялық және практикалық проблемалардың, заңдылықтар теорияларының (мәселен, тұлға теорияларының, эмоциялардың, оқыту және тәрбие психологиясының т.б.) негізі жайлы әрқилы көзқарастарды қарастыруда, салыстыруда анықталады.
Осындай лекцияның мазмұны отандық және шетелдік зерттеушілердің аттарын, ғылыми эксперименттердің нәтижесін, жаңашыл идеялар мен тұжырымдамаларды, зерттеу әдістерінің сипаттамасын қамтиды.
Лекция барысында ғылыми беделділерге сілтеме жасап, төл оқулықтарға нұсқап, ұлылардың сөздерін келтірген дәйексөз (цитата) маңызды.
Лекцияны нақтылап, толықтыру үшін статистикалық ақпараттарды, жалпы сұрақнамалардың, сұрақ-жауаптардың нәтижесін келтірген аса пайдалы.
Лекция ақпараттың қайнар көзі ғана емес, сонымен бірге студенттерде ғылыми ойлауды қалыптастырудың құралы болып табылады. Сондықтан оның мазмұны сенімге, күнделікті түсініктерге, жеке дара тәжірибеге емес, нақты ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс.
Лекцияның түсініктілігі. Лекцияның мазмұнын даярлаудың дәл осы ерекшелігі студенттердің ғылымның негізгі түсініктерін, заңдылықтарды, зерттеу әдістерін түсіндіруде маңызды болып табылады.
Лекцияның түсініктілігі тыңдаушылардың ерекшеліктеріне, оның дайындығына, жас ерекшеліктері мен кәсіби ерекшеліктеріне байланысты.
Терминдер жүйесі –тезаурусқа ерекше көңіл бөлген жөн.
Психология ғылымындағы түсініктерден құралған тезуарус дегеніміз – тұтастай психология сүйенетін қаңқа, негіз болып табылады. Психология ғылымының терминологиясы ерекше, күрделі және көбінесе тұрмыстық терминологиямен алмастырылуы мүмкін. Сондықтан лекцияны дайындауда терминологиямен арнайы жұмыс жасау керек, яғни сөздердің этимологиясын (мәселен, жанамалылық, ырықтылық, икемділік, стеникалық, детерминанта т.б.), ұқсас терминдердің айырмашылығын (сезімталдық-сезім) анықтау қажет.
Психикалық құбылыстардың, түсініктер мен заңдардың мәндерінің ұғынылуы көбіне лектордың сәйкес және дәлелді мысалдарды келтіруіне байланысты. Сәтті мысалдарсыз оқылған лекция теорияның жалықтыра баяндалуы мен қызықсыз ақпараттардың келтірілуіне айналады.
Алайда келтірген мысалдардың:

Қызықты оқиғалар мен түсіндірмелер де маңызды, өйткені олар лекцияға ойнақылық ендіріп, оны тартымды ете түседі, тыңдаушылардың идеяларды түсінулеріне көмектеседі.
Оқу материалы тыңдаушылардың жеке дара және кәсіби тәжірибесіне сүйенсе, аса түсініктірек болады. Сондықтан тұрмыстық және ғылыми түсініктерді (мәселен, темпераментті, мінезді, тұлғаны, қабілеттерді т.б) салыстырған өте пайдалы.
Оқу материалының түсінікті болуы сабақ беру тәсіліне, баяндау стиліне де байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет