Педагогика факультеті «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдңстемесі»



Дата07.03.2022
өлшемі19,18 Kb.
#134545
Байланысты:
4 а практика есебі
Амантай Диана, Реферат

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті,


Педагогика факультеті «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдңстемесі»
кафедрасы даярлайтын 6В01301 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Бертай Жайна Мүсірәліқызының
педагогикалық (оқу тәрбиелік) іс-тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ

24.01.2022 - 19.02.2022 жыл аралығында Қарағанды қаласының КММ «№101 мектеп-лицей» базасында «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығына арналған педагогикалық (оқу тәрбиелік) іс-тәжірибесінен өттім. Іс-тәжірибенің алғашқы күні іс-тәжірибе базасымен, оның бекітілуімен,жұмыс бағыттарымен, құрылымымен таныстым. Келесі күні №101 мектеп-лицейінің әкімшілік, педагогтарымен таныстым. Бастауыш сынып мұғалімі: Омарова Гүлжан Абдикаримовна жетекшім болып бекітілді. Іс-тәжірибенің күнтізбелік жоспарын жазып, оқу құжаттары және оқу бағдарламасымен таныстым, бекіттім. №101 мектеп-лицейі 4 «А» сыныбына сабақ жүргізуге бекітілдім. Сынып жетекшісімен, оның тәрбиелік жұмысымен, сынып оқушыларымен таныстым. 4 «А» сынып оқушыларының ұжымын сырттай бақыладым. Зерттеу жүргізу барысында 4 «Б» сынып ұжымына педагогикалық мінездеме жаздым. Зерттеу жүргізіп, мінездеме жазу барысында оқушылардың алғыр, білімді екенін байқадым. Іс-тәжірибесінің келесі аптасында 4 «А» сынып оқушыларымен дүниетану және әдебиеттік оқу сабақтарын жүргіздім. “Zoom” платформасында сабақ жүргіздік.Бос уақыттарымда балалардың жұмыс дәптерлері мен күнделіктерін тексердім. Келесі аптада өзін-өзі тану мен қазақ тілі пәндерінен сабақ жүргіздім. 4 «А» сынып оқушыларымен бақылау жұмыстары мен диктант жаздық.Оқушылар 4-ші сыныпқа арнаулы логикалық-тесттерді тапсырдық.Төртінші аптаның дүйсенбісінде қазақ тілі сабағынан Есімдік тақырыбында сабақ жүргіздім.Аптаның соңғы күндерінде іс-тәжірибенің құжаттарын жинақтап, дайындадым. Іс-тәжірибенің есебін жазып, күнделікті құжаттарды жетекшіммен бірге талдадым. Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп беріп, іс-тәжірибені қорытындыладым.




Қорытындылай келе, іс-тәжірибе барысында мектеп жұмысының ерекшеліктерімен, мұғалімнің жұмыстарымен, түрлі зерттеу әдістемелерімен таныстым. Оқушылармен жұмыстың қалай жүргізілуін, әдістемелердің өткізілу барысын үйрендім. Іс-тәжірибе барысында өз мамандығымның қызықты екенін түсіндім.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет