Реферат тақырыбы: Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқытудың айырмашылығы. Орындаған: Асан Б. Е. Тобы: пмно-31



бет1/5
Дата07.03.2022
өлшемі29,58 Kb.
#134546
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат
Амантай Диана, 4 а практика есебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқытудың айырмашылығы.

Орындаған: Асан Б.Е.


Тобы: ПМНО-31
Қабылдаған: Сейпишева Э.К.

Қарағанды 2022ж.
Жоспар:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

    1. Дәстүрлі оқытудың артықшылығы.

    2. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы.

    3. Қашықтықтан оқыту кімдер үшін қолайлы?

  3. Қорытынды.

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.



Кіріспе
Дәстүрлі сабақ - қалыптасқан дәстүр бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді.
Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы оқытушы және орындаушылар оқушылар болып табылады. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе,сауалнама, әңгіме, тест жүргізу, т.б. жатады.
Дәстүрлі сабақта оқытушы – білімді жеткізуші. Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы, дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, Бекіту, Қорытынды сабақ, Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білімді тексеру сабағы.
Дәстүрлі сабақ – жиі қолданылатын сабақ түрі. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Сондықтан, ол оқытушының оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын түсінуіне өте қолайлы. Дәстүрлі сабақ сабақтарда көптеп қолданылады. Сабақ құрылымы деп-сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.
Дәстүрлі білім берудің «беделі» өзі ішінде күрделі де құрама құрылымға ие, ондағы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының бөлігін ұлт пен ұстаз беделі айшықтайды. Мазмұнның дәлелі де міндетті түрде үлгі, стандарттың болуында. Мұғалімнің ешбір дүние тең келмес орнын кез-келген «дамытушы жүйелер», «интерактивті тақталар», «технологиялар», «модернизациялар» алмастыра алмайтыны сөзсіз. Жаңартылған бағдарламаның да артықшылықтар мен ұтқыр тұстары ұшан теңіз. Дәстүрлі мұғалім білім алушының дамуына басшылық жасайды, оны дұрыс бағытқа бағыттайды (нұсқаулық көрсетеді), түрлі қателіктерден сақтандырады, оқушының «межелі мақсатқа» өз уақытында нық қадамдармен келуіне кепілдік береді және сол үшін тынымсыз еңбек етеді.
Қашықтан оқыту (ҚО) – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беруде қызмет көрсетудің маркетингтік көзқарастарын кеңінен қолданатын ғылыми-технологиялық революцияның жоғары технологиялық өнімі. Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған студенттер мен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады. Оқыту корпоративтік желіде, Интернет желісінде, электрондық пошта арқылы және басқа заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады:
бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;
жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;
негізгі қызметтен қол үзбей оқу;
уақытты және қаржыны үнемдеу.
Жоғары оқу орындарының ұстаздары қашықтан оқыту жүйесінде студенттің білім сапасы төмендейді деген пікірде. Болашақта үш әлемдік үрдіс қашықтан білім берудің дамуына әсер етеді. Біріншісі, гигономика (Джиг экономикасы) деп аталатын өсім. Бұл кәдімгі дәстүрлі жұмыстармен айналысқаннан гөрі, көп адамдар өздері үшін жұмыс істеуді жөн көретіндігінде. Екінші, жаһандық үрдіс қазіргі адамның жеке өзін-өзі тануға деген ұмтылысымен байланысты: әркім өзінің өмірінің мақсаты мен мағынасы болғанын қалайды. Үшінші қағида әлемдік білім беру нарығының орталықсыздандырылуынан көрінеді. Қазіргі кезде білім беру қызметтерін тұтынушылар нені, қашан және қалай оқығысы келетінін өздері шешеді.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда кездескен техникалық қиындықтарды қоспағанда, оқушылардың бойындағы әлеуметтік құндылықтар кеміп, тәжірибелік дағдылар төмендеп кетуі мүмкін. Бұл, әрине цифрлық білім беру ресурсы мұғалімді алмастыра алмайтынының дәлелі. Осы кезеңде педагогтің міндеті – оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына қолдау көрсету, бағалау жұмыстарын басқару. Осыған орай педагог түрлі сервистер мен интернет тұғырнамаларды пайдаланады. Дәл осы міндетті жүзеге асыруда аталған курстың мәні жоғары болды. «Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, бұл дағдыларды іске асыру практикамен келетіні сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет