Педагогика факультетінің деканы


ПРАКТИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАСАҚТАМА



бет6/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,2 Mb.
#16626
1   2   3   4   5   6   7

7. ПРАКТИКАЛЫҚ НЕМЕСЕ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАСАҚТАМА

Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:



  1. Ғылым тілін меңгеру;

  2. Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;

  3. Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.

Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:

1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.;

2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;

3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.

Семинарға дайындық және оның өткізілуі:


  1. Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.

  2. Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.

  3. Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.

  4. Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.

  5. Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс.

  6. Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.

  7. Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып бойынша дайындалып келіп жауа бару керек.

  8. Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.

  9. Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады.

  10. Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.

  11. Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек.

1 практикалық сабақ

Тақырып: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Этнопедагогиканың принциптері

  2. Этнопедагогиканың философиялық , мәдениеттану, психологиялық , этнографиялық негіздері.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі
2 практикалық сабақ

Тақырып: Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Этнопедагогикалық білім беру мазмұны

  2. Этнопедагогикалық білім тұжырымдамасын жзеге асыру шарттары

  3. Этнопедагогикалық білім беруді дамыту перспективалары

Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі.

3 практикалық сабақ



Тақырып: ХҮ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. ХҮ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі (Асан қайғы, Қазтуған, Шалқиіз, Ақтамберді, Шал, Дулат), олардың халықты басқаруға қатысуы, Отанды қорғауға шақыруы, гумандықты, еңбексүйгіштікті және өнерді насихаттауы.

  2. ХҮІІІғ. Жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше рөлі (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).

Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі.

4 практикалық сабақ



Тақырып: Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты

Практикалық сабақ мазмұны

  1. Барлық этностағы тәрбие мақсатының ортақтығы

  2. Адам қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде

  3. Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі.

5 практикалық сабақ



Тақырып: Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Жалпы тәрбие әдістеріне сипаттама

  2. Еңбек –тәрбие құралы

  3. Сөз - тәрбие құралы

Әдістемелік нұсқау: Пікірталас әдісі

6 практикалық сабақ



Тақырып: Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Дәстүр және салттардың құрылымы

  2. Салттар мен дәстүрдің жалпы ортақтығы мен айырмашылығы

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.

7 практикалық сабақ



Тақырып: Патриотық тәрбиеге тәрбиелеу

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Патриоттылықтың негізгі моделдері

  2. Ааматтық , патриоттық тәрбиедегі мақал- мәтелдердің алатын орны

Әдістемелік нұсқау: тренинг

8 практикалық сабақ



Тақырып: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

  2. Қазақ халқындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі.

9 практикалық сабақ



Тақырып: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

  2. Эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары

Әдістемелік нұсқау: кеңес беру әдісі.
10 практикалық сабақ

Тақырып: Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Отбасы тәрбиесінің мәні, маңыздылығы

  2. Отбасындағы сыйласым дәстүрі

Әдістемелік нұсқау: Үлкен шеңбер әдісі.

11 практикалық сабақ

Тақырып: Қазақ бала тәрбиесінің халық педагогикасындағы көрінісі

Практикалық сабақтың мазмұны


  1. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты туындаған ырым, жол- жоралар және олардың ауыз әдебиетіндегі көрінісі

  2. Бесік жырлары және оның танымдық мәні

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.

12 практикалық сабақ



Тақырып: Қазақ этнопедагогикасының ұлттық мәдениетпен сабақтастығы

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті

  2. Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.

13 практикалық сабақ



Тақырып: Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру формалары

  2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу- тәрбие процесіне ендіру әдістері

Әдістемелік нұсқау: Іскерлік ойын.
14 практикалық сабақ

Тақырып: Этнопедагогикалық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістері

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Этнопедагогикалық шығармаларды пайдаланудың саналық әдістеріне жалпы сипаттама

  2. Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстарының мазмұны

Әдістемелік нұсқау: Үлкен шеңбер әдісі.
15 практикалық сабақ

Тақырып: Халықтық педагогика бойынша мектептерде бағдарламалардың жүзеге асырылуы

Практикалық сабақтың мазмұны

  1. Жалпы білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибелері

  2. Жас ұрпақты тәрбиелеуде және оқытуда халық педагогикасын пайдалану

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі.

ӨЖСӨЖ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.



Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі.

1-ОЖСӨЖ мазмұны:

Мақсаты:Студенттердің педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны жөніндегі білімдерін кеңейту.

  1. Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі этнопедагогиканың орны

  2. Этнопедагогиканың философия, этнопсихология және этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

ОЖСӨЖ-2 мазмұны:

Мақсаты: Этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы жөіндегі білімдерін кеңейту

  1. Этнопедагогика халық педагогикасы жайлы ғылым.

  2. Этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы

Өткізілу формасы: «Мозайка» стартегиясы

ОЖСӨЖ-3 мазмұны:

Мақсаты: А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы туралы білімдерін кеңейту

  1. А.С.Макаренконың педагогикалық іс-әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдалануы.

  2. В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы

Өткізілу формасы: РАФТ стратегиясы

ОЖСӨЖ-4 мазмұны:

Мақсаты: Студенттердің Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі білімдерін талдау

1.Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттарына талдау жасаңыз.



Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-5 мазмұны:

Мақсаты: Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық және этнопедагогика мәселелері жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық және этнопедагогика мәселелері.

  2. Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт- дәстүрлері туралы ой- пікірлері

Өткізілу формасы: коллоквиум

ОЖСӨЖ-6 мазмұны:

Мақсаты: Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Бұхар жырау, Махамбет шығармаларының тәрбиелік мәні

  2. Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

ОЖСӨЖ-7 мазмұны:

Мақсаты: XX ғасырдың 20-30 жылдардағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы жөніндегі білімдерін кеңейту.

  1. М. Жұмабаев шығармаларының тәрбиелік мәні

  2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы этнопедагогикалық идеялардың дамуы.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

ОЖСӨЖ-8 мазмұны:

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірінің даму шарттары

  2. Көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері

Өткізілу формасы: РАФТ стратегиясы

ОЖСӨЖ-9 мазмұны:

Мақсаты: Студенттердің тәрбие тәсілдері жөніндегі білімдерін жетілдіру

  1. Тәрбиенің тәсілдері: өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі және т.б.

  2. Ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтардың халықтық тәрбиедегі өзіндік орны

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

ОЖСӨЖ-10 мазмұны:

Мақсаты: Мақалдардың тәрбиелік мәні туралы білімдерін талдау

  1. Табиғатты қорғауға тәрбиелеуде халықтық педагогиканың рөлі

  2. Мақалдардың тәрбиелік мәні

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

ОЖСӨЖ-11 мазмұны:

Мақсаты: Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні

жөніндегі білімдерін кеңейту



  1. Әдет ғұрыптар, өлеңдердің тәрбиелік мәні

  2. Жаңа уақытқа байланысты туындаған салттар мен дәстүрлер, олардың тәрбиелік мәні

Өткізілу формасы: «Аквариум» стартегиясы

ОЖСӨЖ-12 мазмұны:

Мақсаты: Аңыздардың тәрбиелік мәні туралы білімдерін талдау

  1. Дәстүр және салттардың өзіндік рәсімдері және салтанатты өткізу реті

  2. Аңыздардың тәрбиелік мәні

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

ОЖСӨЖ-13 мазмұны:

Мақсаты: Студенттердің ұлттық мінез сипаты жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Парасаттылықтың тәрбиелік мәні.

  2. Ұлттық мінез сипаты

Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-14 мазмұны:

Мақсаты: Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері жөіндегі білімдерін кеңейту

  1. Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері

  2. Отанды сүюге тәрбиелеу рәсімдері

Өткізілу формасы: Аквариум әдісі

ОЖСӨЖ-15 мазмұны:

Мақсаты: Еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту

  1. Қазақ халқында еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері

  2. Балаларды отбасында кәсіптік тәрбиелеу

Өткізілу формасы: Мозайка стратегиясы

ОЖСӨЖ-16 мазмұны:

Мақсаты: Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі туралы талдау

  1. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі

  2. Балалар денесін шынықтыру тәсілдері

Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-17 мазмұны:

Мақсаты: Студенттердің қазақ халқындағы имандылық тәрбиесінің ерекшеліктері жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Имандылықтың мәні

  2. Қазақ халқындағы имандылық тәрбиесінің ерекшеліктері

Өткізілу формасы: Мозайка стратегиясы

ОЖСӨЖ-18 мазмұны:

Мақсаты: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие туралы білімдерін кеңейту

  1. Халық композиторларының шығармаларындағы тәрбие мәселелері

  2. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы

Өткізілу формасы: Презентация

ОЖСӨЖ-19 мазмұны:

Мақсаты: Зиялылық тәрбиесі туралы ғұламалардың ой- пікірлерін талдау

  1. Зиялылық тәрбиесіне арналған ғұламалардың ой- пікірлері

  2. Жас ұрпақты тапқырлыққа тәрбиелеудегі ертегілердің рөлі

Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-20 мазмұны:

Мақсаты: Бата беру, өсиет айту дәстүрлерін талдау

  1. Туыс жақын, жекжат- жұрағатты сыйлау дәстүрлері

  2. Бата беру, өсиет айту дәстүрі

Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-21 мазмұны:

Мақсаты: Қазақ халқындағы адамгершілік тәрбиесінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту

  1. Қазақ халқындағы адамгершілік тәрбиесінің ерекшеліктері

  2. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесінің мәні

Өткізілу формасы: коллоквиум

ОЖСӨЖ-22 мазмұны:

Мақсаты: Бесік тойы туралы білімдерін кеңейту

  1. Салт- дәстүрдің бірі- шілдехана

  2. Бесік тойы

Өткізілу формасы: бақылау жұмысы

ОЖСӨЖ-23 мазмұны:

Мақсаты: Этнопедагогиканың адамзаттық негіздері жөніндегі білімдерін кеңейту.

  1. Символдық тұлғалардың әрекеттегі және олардың қызмет етуі.

  2. Этнопедагогиканың адамзаттық негіздері.

Өткізілу формасы: РАФТ стратегиясы

ОЖСӨЖ-24 мазмұны:

Мақсаты: Этнопедагогикалық ойлар тарихын талдау

  1. Этнопедагогикалық ойлар тарихына шолу

  2. Әдебиет – тәрбиенің басты құралы ретінде

Өткізілу формасы: Пікірталас

ОЖСӨЖ-25мазмұны:

Мақсаты: Көп салалы қазақ орта мектебінің даму тұжырымдамасы туралы білімдерін кеңейту

  1. Көп салалы қазақ орта мектебінің даму тұжырымдамасының мазмұны

  2. «Дәстүр» тұжырымдамасының бағыттары

Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел

ОЖСӨЖ-26 мазмұны:

Мақсаты: Сабақтан және сабақтан тыс шығармашылық іс әрекеттер жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Сабақтан және сабақтан тыс шығармашылық іс әрекеттер

  2. Факультативті сабақтардың ұйымдастырылуы

Өткізілу формасы: Аквариум әдісі

ОЖСӨЖ-27 мазмұны:

Мақсаты: Оқушылар конференциясын ұйымдастыру және әдеби кеш мазмұны жөніндегі білімдерін толықтыру

  1. Оқушылар конференциясын ұйымдастыру

  2. Әдеби кеш мазмұны

Өткізілу формасы: Үлкен шеңбер әдісі.

ОЖСӨЖ-28 мазмұны:

Мақсаты: Ертегі- пьесаларды даярлау мен драма үйірмелерінің ұйымдастырылуы жөніндегі білімдерін кеңейту

  1. Ертегі- пьесаларды даярлау

  2. Драма үйірмелерінің ұйымдастырылуы

Өткізілу формасы: Мозайка стратегиясы

ОЖСӨЖ-29 мазмұны:

Мақсаты: «Елім- ай» бағдарламасының өзіндік ерекшелігін талдау

  1. Халықтың қолданбалы өнері және оның тәрбиелік мәні

  2. «Елім- ай» бағдарламасының өзіндік ерекшелігі

Өткізілу формасы: Пікрталас

ОЖСӨЖ-30 мазмұны:

Мақсаты: Студенттердің тақырып жөнінде білімдерін кеңейту

  1. Отбасы тәжірибелері және оны зерттеу

  2. Мектепте «Асыл мұра», «Ұлт тағылымы», «Шежіре» курстарының ұйымдастырылуы

Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел


8.Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.

(Жоспарда қарастырылмаған)



9. Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар.

Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:

  1. Этнопедагогика әдіснамасының даму болашағы

  2. Халық педагогикасының тәлім- тәрбиелік қағидалар

  3. Этнопедагогикадағы отбасылық тәрбие мәселелері

  4. Этнопедагогиканың этнологиялық астарлары

  5. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі халықтық педагогиканың рөлі

  6. Ұлттық этностың этнопедагогикалық құндылықтары

  7. Қазақ ойшылдарының еңбекеріндегі тағылымдық ойлар

  8. А.Байтұрсынов мұраларының тәлімдік мәні

  9. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім- тәрбие мәселелері

  10. Қазақстандық ғалымдарының этнопедагогиканы зерттеулерінің өзіндік жүйесі

  11. Дарынды балаларды дамытудағы этнопедагогикалық ортаның маңыздылығы

  12. Қазақ халқының тәрбиелеріндегі салт- дәстүрлердің рөлі

  13. Қазақ халқының мақал- мәтелдерінің тәрбиелік мәні

  14. Қазақ ұлтының қыз бала тәрбиесіндегі ерекшеліктері

  15. Қазақ музыкасының оқушы дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктері

  16. Музыкадағы этномәдени дәстүрлер және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы

  17. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбиенің маңызы

  18. Ұлттық би өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері

  19. Қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерінің халық педагогикасындағы

тәрбиелік маңызы

  1. Ұлттық мінездегі әдет- ғұрыптар сипаты

  2. Салт- дәстүр, әдет- ғұрыптардың тәрбиелік рөлі

  3. Қазақ этномәдениетінің үлкен бір саласы ою- өрнек

  4. Ауа- райы туралы қазақ халқының болжамдары

  5. Бала санасын дамытудағы халық қағидаларының танымдық мәні

  6. Халықтық мерекелердің педагогикалық аспектілері


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет