Педагогика және психология факультеті


Жас ерекшелік психологиясының салалары



бет4/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
2. Жас ерекшелік психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас- жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Т арихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұ л- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелікиероіне байлнысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес
жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /

Даму психологиясының мынадай салалалары бар:



    • Балалар психолоиясы

    • Жасөспірім психологиясы

    • Балаң жас психологиясы

    • Акмеология (кемелдік )

    • Геронтопсихология ( кәрілік)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет