Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі к оммерциялық



бет1/4
Дата27.10.2023
өлшемі53,8 Kb.
#188502
  1   2   3   4
Байланысты:
этно баяндама
Tenizbaeva.JasErPs, Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, асем реферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ





Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

ФАКУЛЬТЕТ «ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА»


КАФЕДРА «ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ІСІ»


Баяндама
Тақырыбы: «Қазақтардың антропологиялық сипаттамасы»

Орындаған: Нуртай А.А.
Тобы: ТП-20-3к
Қабылдаған: Байбосынова Г.Д.


Шымкент, 2023 жыл
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Қазақ халқының шығуының антропологиялық аспектісі
2.Қазақстан жерінде ерте дәуірде мекендеген тайпалардың антропологиясы
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе

Халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мөні зор. Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Зерттеу объектісі биологиялық түрлердің бірі адам болғандықтан және зерттеу әдістері биологиялық төсілдерге сүйенетіндіктен, антропология биология ғылымына жатады.Қазақ халқының антропологиялық сипаттамасы - морфофизиология ерекшеліктеріне байланысты зерттеліп, анықталған мәліметтер жиынтығы.


Адам баласы жанды тіршілік иелері ішіндегі тарихты жасаушы әлеуметтік белсенді организм болғандықтан, антропологияның тарихи антропология деп аталатын саласы биология және тарих ғылымдарының әдіс-төсілдерін пайдаланады, ал зерттеу нәтижесі кәбінесе тарихқа қатысты болады.Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор.Адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат халық боп бірігу барысында қалыптасады.
Қазақ халқының алғашқы антропологиялық сипаттамалары XVIII ғасырда Қазақстан жерінде болған миссионерлер мен саяхатшылардың жазбаларында берілген. Бет-әлпет ерекшеліктеріне қатысты кездейсоқ физиологиялық анықтамаларға сүйеніп, кейбір батыс ғалымдары XIX ғасырдан бастап қазақтарды бірде еуропатектеске жатқызса, бірде моңғолтектестермен аралас (метистік) раса өкілдері деп сипаттаған. Тек XX ғасырдың басындағы антропологиялық жүйелеуде қазақты аралас нәсіл деп атаған және оған тұрандық тип деген терминологиялық атау берген. Қазақтар арасында арнайы алғаш рет антропологиялық зерттеу жүргізген Ресей зоологы А.Н.Харузин. Автор сол кездегі зерттеу бағдарламасына сүйеніп, қазақтыкавказдықтар мен моңғолтектестердің араласуынан пайда болған халық деп пайымдаған. Автордың пікірі бойынша бұл антропологиялық араласу Қазақстан жерінен тыс өңірде болған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет