Педагогика кафедрасы


- тақырып. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#6100
1   2   3

11- тақырып. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Экологиялық тәрбие ұғымы.

Экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері.

Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері.



Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбие берудегі теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Мектепке дейінгі жастағы экономикалық тәрбиесінің теориялық негіздерін нақтылау. Студенттердің мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбиесі туралы түсініктерін бекіту, балабакшадағы экологиялық тәрбиесінің мақсат-міндеттерін және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту. Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарын түсіндіру. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңыздылығын түсіндіру.
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Экологиялық тәрбие берудің міндеттері – тәрбие үрдісі негізінде білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын  көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі – бізге, ерексектерге байланысты.

Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың  қауіпсіздігін сақтау  бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. [3]

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді... Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.

Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.

Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.

Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.

Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердің ою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.

Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:

- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;

- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;

-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.

Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.

Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:

А. балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлықка алуға баулу.

Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.



12- тақырып. Балалардың ойын әрекеті.

Ойын –балалар іс- әрекетінің негізгі түрі.

Ойынның өзіндік ерекшеліктері.

Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.

Ойынға басшылық және олардың түрлері.

Шығармашылық ойындар, ережелі ойындар, сюжетті- рольдік ойындар.



Мақсаты: Студенттердің мектепке дейінгі жастағы негізгі іс- әрекеттің түрі – ойын туралы түсінікткрін кеңейту, ойын түрлерін ажырата білуге және оны ұйымдастыруға басшылық жасай білуге үйрету.
Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі — ойын орасан зор роль атқарады.

Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды коршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің кұралы деп білді. «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,— деп жазды ол,— ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін — оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін — тәрбиенің мықты формасы.»

Ойын мектепке дейінгі балалар үшін — айналадағыны танып, білу тәсілі.

Ойын мен ойын әрекеті мазмұныпың әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас жасау мен қоғамдық, тәжірибені игерудің қуатты кұралы- тілді бірте-бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен ренішін түйсіне отырып, ол осындаи өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің кандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында кандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады».

Түрлі халықтардың және коғам дамуының әр түрлі тарихи кезеңдерінде балалар ойындарын ұзақ қадағалау, олардың мазмұнын зерттеу ойынның негізгі кайнар көзі — адамдардың әлеуметтік өмірі, баланың, оның отбасының тіршілік жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қймылын, іс-әрекеттерін, олардың барлық қимылынан туған жағдайдағы қарым-катынасын бейнелеуі болып табылады.

Аса көрнекті режиссер әрі актер К.С.Станиславский «Актердің өзімен жұмыс істеуі» деген кітабында балалар ойынын сипаттай келіп, былай деді: бала ойынының ерекшелігі- ол өз ойлағанының шынайылығы мен шындығына сенеді. Бала өзіне «солай болған екен» десе бітті,-оның қиялы шарықтап жүре береді. Сонымен бірге баланың тағы бір касиеті байқалады: «балалар өздерінің неге сене алатынын, нені елемеу керек екенін біледі ».

Ойынның мұндай сипаты оны балалар іс-әрекетінің басқа барлық түрлерінен өзгеше етеді және белгілі бір мөлшерде өнермен, шындықты бейнелеп көрсетумен жақындастырады. Шын іс-әрекеттерді ойында қайталап жеткізу оны дәлме-дәл көшіру, айнадағыдай бейнелеу емес. Балалар шын жағдайдың барлық нақты жақтарымен, уакытпен, әрекеттердің қатаң дәйектілігімен шектелмейді. Ойнап жүргенде ол бөлменің ішінде-ақ буырқанған теңіз іщінде жүзіп жүргеніне сенеді шын қорқыныш пен қиындықты жеңгендегі қуаныш сезімін бастан кешеді.

Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі — оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар, жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.

Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуы мен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойын процесінде сөйлесу қарым-катынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің кайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пай-да болуына және дамуына көмектеседі.

Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:


  • ойынның түпкі ниеті,

  • сюжеті немесе мазмұны;

  • ойын әрекеттері, рольдер;

  • ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді

Ойынның түпкі ниеті — бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «балалар бақшасы», «аурухана» және т. б.болып ойнау);

б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (метро салу, ауыл еңбегі, үйлер, фабрикалар, стадиондар тұрғызу және т. б.);

в) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар, т.т.) Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.



Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын кұрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарьім-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рол.

Ойын процесіңде рольге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рольді немесе рольді-сюжетті ойындар деп аталады. Роль әрқашан адамға немесе жануарға, оның қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рольді ойнайды. Бірақ мектепке дейінгі бала ол рольді жай ғана ойнап қоймайды, бар жанымен сол бейнеге енеді, оның шын екеніне сенеді.

Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда — ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мнн өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдык, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншак, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі азды-көпті типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әр түрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.

Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылатын және басқарылатын педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу кұралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы; ойын іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану; балалардың қарым-қатынастырының игі тілектестігі және көңіл күйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-кұлқына ықпал жасайды, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.

Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы, накты іс-әре-кеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі туады. Жаңа білім қа-жетттігі балалардың сүрақтарынан көрінеді. Тәрбиеші ол сұрақтарға жау-ап қайтарады, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнау-шылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп кана коймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар тәрбнешінің басшылығымен жана білім меңгереді.

Ойын — өзінше бір мектеп, сол арқылы бала адамдарының мінез-құлкының ережелері мен нормаларын, олардың еңбекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, олардың өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді. Ойын балалардың өздерінің де қоғамдық мінез-кұлқы, олардың өмірге, бір-біріне көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасатын қызмет формасы болып табылады.

Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниетінен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.

Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол бермеу үшін балаларды ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету керек, жақсыға құлшына ұмтылуға, жаманнан жиренуге тәрбиелеу керек.

Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің кұралы ретінде кеңінен пайдаланады. Ойындардың көпшілігі қан айналысын күшейтіп, неғұрлым толық та терең зат алмасуына көмектесетін активті козғалыстарды керек етеді. Активті қозғалыс дұрыс тұлғаның калыптасуына, жүріс-тұрыстың икемді, әсем болуына жәрдемдеседі. Ойынның айқын, біртіндеп дамитын жүйесін пайдалана отырып, педагог мектепке дейінгі балалардың дене құрылысы дамуының тиімділігін арттырады.

Ойын эстетикалық тәрбие кұралы ретінде де кеңінен пайдаланылады, өйткені балалар өздерін қоршаған дүниені роль, бейне арқылы көрсетеді. Ойында киялдың — бұрын алған әсер негізінде бейне жасаудың зор маңызы бар. Көптеген ойындардың мазмұнына таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар енгізіледі. Осының бәрі тәрбиешіге балалардың эстетикалық әсерленуін тереңдете түсуге мүмкіндік береді.

БАЛАЛАР ӨМІРІН ҮЙЫМДАСТЫРУДА ОЙЫННЫҢ РОЛІ

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру- оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара карым-катынастары формаларында жүзеге асырыла-тын себебі сол, блла мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз емірімен тіршілік етеді».

Ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып, тәрбиеші әрбір баланы зерттейді, балалар бірлестіктерін, қалыптаса бастаған ойын ұжымдарын ашады. Оның қайсы бір топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі дәре-жеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі бо-лады.

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек

Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы ролін пайдаланып, ол ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара карым-қатынасын бағыттап отырады.

Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.

Ойындар мазмұнына, өзіне тән ерекшёліктеріне, олардың балалар өмірінде, тәрбиесі мен оқуында кандай орын алатынына қарай ажыратылады. Сюжетті-рольді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығымен балалардың өздері жасайды. Бұл ойындардың негізі- балалардың өз өнерпаздығы. Кейде мұндай ойындарды творчестволық сюжетті-рольді ойындар деп атайды, сол арқылы балалардың қайсыбір кұбылыстарды жай көшіріп қоя салмай, оларды творчестволық ой елегінен өткізетінін, сөйтіп өздері жасайтын бейнелерде, ойын әрекеттерінде қайталайтынын атап көрсетеді. Драматизацияланған және құрылыс ойындары сюжетті-рольді ойындардың бір түрі болып табылады.

Тәрбие практикасында балалар үшін ересектер белгілеп берген ережесі бар ойындар да пайдаланылады. Ережесі бар ойындарға дидактикалык, қимыл, ермек ойындар жатады. Олар айқын тұжырымдалған бағдарламалық мазмұнға, дидактикалық есептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Мүнда балалардың өнерпаздығы болуы мүмкін, бірақ ол тәрбиешінің басшылығымен көбірек ұштастырылады. Ойын тәжірибесін игерген, ұйымдастыру қабілеті дамыған кезде балалар бұл ойындарды да өздері жүргізеді.

Сюжетті-рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өміршде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардын өздері жасайды, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және творчестволық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Сюжетті-рольді ойында бейнелеу кұралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар кобінесе еліктеу, шындықты көрсету болады.

Ойынның дамуында сюжетті-бейнелі ойыншықтар үлкен орын алады, олар бейнелеудің былайша алғанда қосалқы, сонымен бірге қажетті құ-ралдары болып табылады.

Ойындардың бұл түріне басшылык үлкен шеберлік пен педагогтік әдептілікті талап етеді. Тәрбиеші ойынды бұзбай, бағыттап отыруға, балалардың ойын әрекетінің өнерпаздық және шығармашылық сипатын, қиналудың шынайылығын, ойын шындығына деген сенімді сақтауға тиіс.

Педагог ойыннын түпкі ниеті мен дамуына ыкпал жасайды, балалар өмірінің мазмұнын байытады: олардың ересектер еңбегі мен түрмысы туралы, адамдардың өзара қарым-катынасы туралы ұғымын кеңейтеді, сол аркылы қандай да бір ойын ролінің мазмүнын нақтылайды.

Ойын түрлері:

Драматизация ойындары.

Құрылыс ойындары.

Табиғи материалмен ойналатын құрылыс.

Дидактикалық ойындар.

Ойыншықтармен және ойын-құралдарымен ойналатын ойындар

Стол үстінде ойналатын ойындар.

Ережелі қимыл ойындары.

Ойыншық—әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мең өмір құбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады.

Ойыншықтың балалар өмірінде үлкен роль атқаратынын Н.К.Крупская атап көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында ол былай жеп жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселеге ересек адамға қандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан қарай алмаймыз. Біз ойыншық туралы мәселеге балаға не ұнайды және оған не керек деген тұрғыдан қарауға тиіспіз».

13- тақырып. Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау.

ҚР- да балаларды мектепке даярлау мәселелері.

Балалардың мектепке психологиялық дайындығы.

Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру

Мектепке дайындық тобында балалардың тәуелсіздігі

Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлаулаудағы ата-ананың ролі



Мақсаты: ҚР-да балаларды мектепке даярлау мәселелері жөнінде білімдерін тереңдету. Студенттерді мектепалды даярлық тобы жас ерекшеліктерімен таныстыру, баланы мектеп­ке дайындаудың маңызды мәселелерін нақты шеше білуге уйрету.
Мектепалды даярлық бойынша қарастырылатын мәселелер: мектепалды жасындағы оқыту процесс балабақшадағы дидактика ілімінң калыптасуы (П.Ф. Каптерев, Е.И. Тихеева, Р.С. Буре, В.Г. Нечаева, Г.Н. Година, З.И. Истомина, Н.К. Крупская, Е.А. Флерина, Т. Подьякова,т.б.). Мек­тепалды топтары мен сыныптарында балаларды оқыту ерекшелштері, оқыту мазмұны, әдістері, принциптері. Окытудың негізгі формасы-сабақ. Оқыту технологияларын қолдану жолдары. Аталған топтардағы окыту мен тәрбиелеу бағдарламаларына көңіл бөлу. Баланың мек­тепке жалпы дайындығы - бұл, физиологиялық, психологиялық тұрғыдан адамгершілік, ерік-жігерінің және денсаулығының қалыпты жағдайда болуы. Баланың жалпы дайындығы дұрыс болмаса оқуға құлқы болмайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіріледі. Баланың психологиялық дайындығы - оку түрткісінің (мотивінің) қалыптасуына байланысты болмақ. Негізгі түрткілер ішінде оқу түрткісі, яғни менің көп білгім келеді, оқуды, жазуды, есеп шығаруды үйренгім келеді деген ең маңызды мәселелер қалыс қалып кояды. Мұндай түрткілер баланың психология­лық тұрғыдан дайын болған кезде ғана көрініс береді. Бұл түрткілер бірден пайда болмайды, біртіндеп қалыптасады. Олар танымдық қызығушылығы берік бола бастағанда, жаңа білім негіздерін қабылдағанда пайда болып, үлкендердің мадақтау, бағалауы нәтижесінде бекітіліп отырады. Баланың арнайы дайындығы - бұл, алғашқы білім-білік дағдыларымен қарулануы, яғни 6ipiнші сыныпта берілетін білім мазмунының қарапайым білім негіздерімен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзак та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.

Баланың мектепте оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оку пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.

Дене дамуы — бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т. б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.

Психологиялық даму алдымен интеллектуалдық даму дәрежесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді. Бұл білім мөлшері балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген. Мектепке дейінгі балалардың жеке деректерді емес, мектептегі пәндік оқытуды енгізуге негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін меңгеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан оқу тілегін калыптастыру үшін негіз болып табылады.

Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті — адамгершілік- ерік дайындығы. Оку іс-әрекеті еркін ықылас коюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез-кұлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. Адамгершілік- ерік дайындығы деген ұғым сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды.

Бала мектептегі жаңа іс-әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс.

Балалар бақшасының балаларды мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың мектепке дайындайтын тобына кешуінен көп бұрын басталады. Балалар бақшасының оку-тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Мектепке дайындайтын топтың басқа топтардан айырмашылығы —балабақшасындағы тәрбие бағдарламасында көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық міндеттерін орындау аяқталады.

Мектепке дайындайтын топта балалардың күн тәртібін мүлтіксіз орындауға қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына барып жүрген болса, оларда күн сайын белгілі бір уақытта белгілі бір қызмет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.

Тәрбиешінің басты міндеті — тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауда бақылау мен балаларға көмекті күшейту, әрбір баланың алдына қойылған мақсатқа міндетті түрде жетуін талап ету. Мектепке дайындайтын топта олардың іс-әрекет мазмұнын қиындату оны жүзеге асырудың неғұрлым жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс.

Мектепке дайындық тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін кажетті білімнің, іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қараумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепте оқытудың маңызды негізі болып табылады.

Оку іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып оқушысы күнінің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи ма немесе алғашқы коғамдық тапсырманы орындай ма — бәрінде де дербестік көрсету қажет болады. Таңертең ол өзі гимнастика жасайды, мектепке керекті нәрсенің бәрін алуды ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте кажет. Бірінші сынып окушысы өзінің жұмысын жоспарлай және бақылай білуге, өзінің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті шешкен кезде үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға тиіс. Мектепке дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар белгілейді.

Мектепке дейінгі балада жеті жасқа қарай іс-әрекеттің жекелеген түрлерінде дербестік көрсетудің белгілі тәжірибесі қалыптасады. Мысалы, өзіне-өзі қызмет көрсетуде, табиғаттағы еңбекте дербестік дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал осы сапаның оқу және ойын кызметіндегі дамуы бұрынғысынша тәрбиешінің назар аударуын талап етеді.

Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды тәуелсіз орындай алатын болуға: кітаптарды жөндеу үшін құрбыларын ұйымдастыра білуге, серуендеу кезінде тәрбиешінің көмекшісі ролін атқаруға, қимыл ойындарын өткізуге т.б. істей білуге тиіс. Егер балаларды даярлап, қалай істеу керек екенін көрсетіп, айтып берсе, олар мұндай тапсырмаларды әбден орындай алады. Тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін баланы мадақтап қою қажет.

Балалардың тәуелсіздігін дамытуға басшылық жасай отырып тәрбиеші оларды алға қойылған міндетті ескертусіз, көмексіз және бақылаусыз шешуге, орындайтын жұмысына саналы қарауға, өз іс-әрекеттерін байқай білуге үйретеді.

Тәуелсіздікті дамыту іс-әрекет мотивтерін қиындата беруге байланысты. Мектепке дайындайтын топта бұл мотив, мысалы, баланың, тәрбиеші үйреткеніндей, суретті жақсы салып қана қоймай, сонымен бірге жоғары баға алғысы, міндетті дұрыс шеше білетіндігімен көрінуі мүмкін.

Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру іс-әрекеттің барлық түрінде де тәрбиешінің басшылығымен. жүзеге асырылады.

Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки, велосипед тебу, шанамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі топтарының қатысуын талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді.

Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының осы түрлерін меңгерсе, спорт ойындары мен сауықтарын жақсы көріп кетсе, бұл мектеп жылдарында да оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады. Бұл әрі ой еңбегінен тынығуының, ағзаны одан әрі сауықтырудың құралы болып табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлеріне үйрету жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки тебудің т.т. техникасын және, әрине, балаларға сол қимыл түрлерін үйрету әдістемесін меңгеруді талап етеді.

Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды роль атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұскауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бакылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар. Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қамқорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына кояды. Бірте-бірте оқыту процесінде балалардың бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ асып, мағынасына бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.

Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста окытудың көрнекі әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады: тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады. Мәселен, үлгі нұсқаны көрсету бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін, оның есіндегі, елесіндегі бейнені ояту үшін пайдаланылады.

Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың ауызша әдістерінің (тәрбиеші әңгімесінің, алдын ала ойластырылған сұрақтарды қамтитын әңгімелесудің т.б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек. Педагог ауызша әдістерді таңдап алуға, оларды басқа (көрнекі, практикалық) әдістермен дұрыс ұштастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым пәрменді етуге, ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады.

Мектепке дайындайтын топта ойын тәсілдері өз маңызын сақтайды. Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын формасында қойылған оқу міндеті балаға білім алу мақсатын түсіндіріп, баланың ерікті ықыласын арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным ынтасын дамытады.

Мектепке дайындайтын топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін беру, олардың өз құрбыларымен және ересектермен өзара қарым-қатынасын қалыптастыру бағдарламасы күрделене түседі, азаматтық сезімдер тәрбиелеу жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Баланың адамгершілік тәжрибесін қалыптастыра отырып, тәрбиеші олардың мінез-кұлық нормалары мен ережелерін түсінуіне көбірек сүйенеді, адамгершілік тұрғысынан пайдалы істерге жаттықтырады, күнделікті накты жағдайларда этикалық міндеттерді өздігінен тәуелсіз шешуге үйретеді. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ол балалардың айналасындағы адамдармен өзара карым-қатынас жүйесін қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды.

Мектепке дайындайтын топта дүрыс жолға қойылған еңбек тәрбиесі бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көп көмектеседі.

Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екенін ұмытуға болмайды. Ойындардың тақырыбы кеңейеді, ойын әрекетінің құрылымы күрделендіріледі, ойындағы байланыстардың, өзара карым-қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі.

Балаларды мектепке жан-жақты дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың жанұяда бала өмірінің дұрыс режимін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі баланың шамамен қай көлемде білімі болуға тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, корытынды жасау қабілетін калай дамыту керек екенімен, I сыныпта баланың оку әрекетіне қойылатын талаптармен таныстырады, балалардың ой еңбегінің мүмкіндіктері, олардын еңбек нәтижелеріне көзқарасы туралы айтып береді.

Ата-аналар балаларға нені және қалай оқып беру, олардың ойындарына қалай қарау керек екенін білуге тиіс. Тәрбиеші баланың ықыласын, есте сақтағыштығын, кеңістікте бағдарлағыштығын дамытуға, сезім, ойлау, сөйлеу мүшелерін дамытуға көмектесетін, қоршаған болмыс женіндегі ұғымдарды анықтай түсуге жәрдемдесу керектігі жөнінде кеңес береді.

Педагог ата-аналарға баланың мінез-құлқына мектеп қандай талаптар қоятынын айтып береді, олардың не нәрсеге ерекше назар аударуға тиіс екенін, не істеу керек екенін, балалармен не жайлы әңгімелесеу, не оқып беру, әр түрлі өнер шығармаларын тәрбие мақсатында қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді.

Осындай жұмыстың қорытындысында ата-аналарда балаларды мектепке дайындау туралы білімдер жүйесінің қалыптасуы маңызды.


14- тақырып. Мектепке дейінгі мекеме және мектеп.

Жоспары:

Мектепалды даярлық топтар мен мектеп арасындағы сабақтастық және оның маңызы.

Балаларды мектепке даярлау ерекшеліктері.

Тәрбиешілер мне мұғалімдердің жұмысының сабақтастығы.


  Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.

 Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.

 Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.

 Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:

аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;

екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).

 Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.

 Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.

 Сабақтастық білім беруде:

балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;

білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);

біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.

 Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)

 Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.

Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.

Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.

 Бұл:

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;



әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).

 Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.

 Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:

салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;

эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;

талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;

айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

 Бастауыш мектептің міндеттері:

салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;

қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)

мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;

әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;

мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;

 Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:

мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;

мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.

 Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:

денсаулығын сақтау, нығайту;

психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)

мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)

 Бастауыш мектептің мақсаты:

денсаулығын сақтау нығайту;

қабілеттерін, ойлауын дамыту;

ерік, жігер сезімін дамыту.

 Екі ұйым арасындағы әрекет:

 Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет —мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып —оқу әрекеті —оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады.

 Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:

Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.

Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.

 Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:

Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:

баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.

іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;

құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;

қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.

 Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:

оқу, ойын, жатын бөлмелері;

жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;

гигиеналық талапқа сай асхана;

сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;

баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.

 Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.

 Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.

 Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:

 Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.

 Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.

 Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.

 Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.

 Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы сабақтастықтық бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:

бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары);

заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын құру;

мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай туғызу;

мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;

жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.

 Институт тарапынан да бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету бағыты бойынша семинар, конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады.

 Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей:

 Мақсаты:- Жаңа білім беруге көшу жағдайында сабақтастық түсінігінің қалыптасуы.

 Міндеттері:

Сапалы білім беру қызметімен қамтамасыз етудегі нормативтік-құқықтық негіз жайында ақпарлау.

Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім берудегі сабақтастық құрылымының негізгі бағыттарын анықтау.

Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім мекемелерінің сабақтастық мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен таныстыру.

Сабақтастықты құрудағы заман талабына сай технологиялардың рөлін анықтау.

Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының моделін құру.

 Осы өткізетін жұмыстар барысында педагогтар облыс мекемелеріндегі бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының мәселесін шешу тәжірибесі бойынша облысымыздағы тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш мектеп тәжірибесімен танысып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылады:

мектеп пен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының бағыттарын, мазмұнын айқындау жетілдіру;

екі буыннның оқу бағдарламаларын және жоспарларын зерттеп, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;

педагогикалық ұжымдарға ғылыми-әдістемелік жағынан көмек көрсетуді ұйымдастыру;

оқытудың жаңа технологияларын зерттеу және ұстаздар тәжірибесіне енгізу;

екі буынның таңдаған бағыттары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір проблемалармен айналысуына, тәжірибе-сынақ жұмыстарын жасауға басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

 Сонымен қатар биылғы өткізілген педагогтардың тамыз кеңесі «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету білім сапасын арттырудың өзекті мәселесі» атты тақырыпта өткізілді. Секция жұмысы барысында педагогтар келесі сабақтастықтық ұсыныс жобасын құрып, сабақтастық жұмысын ұйымдастырудағы кейбір қиындықтарды атап айтты. Қабылданған ұсыныс жоба:

Әдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім әдіскерлері бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығы жайында сұрақтар бойынша педагогикалық тәжірибені облыста, аудан, мектепте жинақтап қорыту.

Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер балалардың эмоционалды жайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен формаларды өз жұмысында қолдану.

Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер ойын іс-әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш буын оқытуындағы жетекші іс-әрекет ретінде қарастыру.

Психологтар мен мұғалімдер баланың мектепке дайындығын анықтау барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алу.

Әдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлімдерінің әдіскерлері сабақтастық сұрақтарын жүзеге асыратын бірыңғай жоспар құру (мектепке дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана —психолог —әлеуметтік ұстаз).

Қиындықтар:

кіші жастағы балалармен жұмыс жүргізудегі дидактикалық-әдістемелік базаның толық дайындалмауы;

мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ересек жастағы балалармен жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;

мектепалды дайындық тобында психологиялық қызмет көмегінің аз көрсетілуі.

Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.

Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Халыққа білім беру жүесіндегі сабақтастық дегеніміз-оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас будандары арасында өзара байланыс орнату. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп сабақтастығы олардың тәрбиелеу мен оқыту жұмысы мазмұны оны жүзеге асыру әдістерін өзара байланысты болуын көздейді.

Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтың қажеттілігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі тәрбие халыққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны .

Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің сабақтастығы біржағынан балалар мен жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөніндегі мектептегі оқу топқа сай келетіндей етіп даярлап беруі, екінші жағынан мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үйренген білімге , іскерлікке сапаға сүйенетін оқушыларды одан әры жан-жақты дамыту үшін пайдаланылатын болуын көздейді.

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бірінші сыныпта балаларға қойылатын талаптарды жақсы білуге сол талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ересектерді жүйелі оқуға дайындауға дайындауға тиіс.

Балалар бақшасымен мектеп арасындағы сабақтастық оқу мен тәрбиенің мазмұны бойынша оқу-тәрбие жұмысының тәсілдері, ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланылады.

Балалар бақшасының тәрбиешісі оқыту процесінде оқу-тапсырмаларын жаттығулар енгізіп, біртіндеп оларды күрделендіреді. Сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оқу-іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу, оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз дайындайды. Мектепке дейінгі мекеме іс-тәжірибесінде балалар бақшасымен байланыстарының белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл байланысты орнатудың 2 жолын бөліп көрсетеді:

1). Балалар бақшасымен мектеп педагогтар ұжымының тығыз байланысты.



2). Мектеп жасына дейінгі балалармен бірінші сынып оқушыларының тікелей жақындасуы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.

  2. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002

  3. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006

  4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006

  5. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  6. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

  7. Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005

  8. Глушкова Г. Диагностический проект как форма тематической проверки // Дошкольное воспитание. 2003. №3. С.43-46.

  9. Горлова Н. Раннее обучение иностранным языкам: проблемы и пути развития // Дошкольное воспитание. 2001. №5.

  10. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005

  11. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  12. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002

  13. Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005

  14. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  15. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004

  16. Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006

  17. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.

  18. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.

  19. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  20. Мектепке дейінгі педагогика :оқулық /Р.К.Аралбаева / - 2012

  21. Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006

  22. Микляева Н.В., Микляева Ю.В Работа педагога-психолога в ДОУ. – М., 2005

  23. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  24. Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

  25. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000

  26. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000

  27. Царегородцева Е.Оценочная деятельность студентов. // Дошкольное воспитание. 2006. №5. С.111-113.

  28. Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое и как их использовать в современной школе.-М.,1994

  29. Шоқаева Г.Ә. Жаңа технология енгізу арқылы оқу процесінің деңгейін көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002

Қосымша әдебиеттер

  1. Жалпы педагогика /Бабаев, С.Б. - 2006

  2. Начала мудрости :50 уроков о добрых качествах: для занятий с детьми дошкольного и младшего школьного возраста /А. Лопатина, М.Скребцова / - 2005

  3. Педагогика /Ахметова, Г.К. - 2006

  4. Педагогика :қысқаша дәрістер курсы /Дүйсембекова, Ш. - 2005

  5. Педагогика :Оқулық /[Шалгинбаева, К.К., Хайруллин, Г.Т., Хмель, Н.Д. ж.т.] / - 2005

  6. Педагогика тарихы /Әбиев, Ж. - 2006

  7. Педагогика. В 2-х кн /Подласый, И.П. - 2009

  8. Педагогика/ Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова / - 2004

  9. Педагогика: жалпы негіздері жғне тғрбие теориясы /Бабаев,С.Б. - 2011

  10. Педагогикалық мамандыққа кіріспе: кәсіби құзіретті ұстаздарды даярлау негіздері: оқу құралы / А.Е. Берикханова / - 2009

  11. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері :монография / - 2011



4.« Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар

  1. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.

  2. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы.

  3. Мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, қалыптасуы.

  4. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының өзекті мәселелері.

  5. Балалардың дамуы және тәрбиелеу.

  6. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар.

  7. Балалардың дамуы және тәрбиелеу.

  8. Жеке тұлға дамуының жас кезеңдері.

  9. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар. Халықтық педагогикада мектепке дейінгі тәрбие мәселесі.

  10. Шет елдердегі қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің тарихи дамуы.

  11. Қазіргі ҚР-да қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

  12. Балалар өмірін ұйымдастыру және күн тәртібі, дербестікті қалыптастыру.

  13. Балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.

  14. Балалардың күн тәртібі.

  15. Балаларда мәдени- гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.

  16. Балалардың ақыл- ой тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.

  17. Ақыл- ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары мен шарттары.

  18. Мектепке дейінгі балалардың ақыл- ой тәрбиесіндегі білім жүйесінің орны.

  19. Ақыл- ой тәрбиесінің негізі – сенсорлық тәрбие. Сенсорлық тәрбие құралдары.

  20. Балалардың эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі.

  21. Эстетикалық тәрбие беру міндеттері мен әдістемесі.

  22. Балаларға адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.

  23. Адамгершілік тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны.

  24. Балалар ұжымының қалаптасу кезеңдері және қалыптасуы.

  25. Ұжымдағы балалардың өзара қарым – қатынасы. Баланың өзіндік «Менін» түсінуі.

  26. Экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері.

  27. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері.

  28. Еңбек тәрбиесінің міндеттері.

  29. Балалар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формалары.

  30. Ойын – мектепке дейінгі балалар іс- әрекетінің негізгі түрі.

  31. Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.

  32. Ойынға басшылық және олардың түрлері.

  33. Ойыншықтар, ойыншық түрлері.

  34. Отбасы мектепке дейінгі балаларды қалыптастыру ортасы.

  35. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің отбасымен бірлескен жұмыстарының түрлері.

  36. Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау.

  37. ҚР- да балаларды мектепке даярлау мәселелері.

  38. Мектепалды даярлық топтар мен мектеп арасындағы сабақтастық және оның маңызы.

  39. Мектепке дейінгі мекемелердегі мерекелер мен сауықтар. Мерекелік іс- шаралардың түрлері.

  40. Мектепке дейінгі мекемелерде білім білім тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет