Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс. Әдіснамалық білімдер құрылымы


– тақырып. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы. Баланың дамуына әсер ететін негізгі факторлар



бет11/14
Дата09.03.2022
өлшемі43,78 Kb.
#134817
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
семинар пдеагогика лекция
Өндірістік діріл, Бақылау жұмысы, Бақылау жұмысы, Поведенческие расстройства. Есеналиева К 5007, Экология реферат
4 – тақырып. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы. Баланың дамуына әсер ететін негізгі факторлар.
Жоспар
1.Жеке тұлға туралы түсінік.
2.Тұлғаның дамуы және оның факторлары.
3.Тәрбие – тұлға нышандарын дамытатын фактор ретінде.
4.Тұлғаның қалыптасуы және тәрбие.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, тұлғаның дамуы, тұқымқуалаушылық, орта, нышандар.
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты салалары мынау:

  • Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды.

  • Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.

  • Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.

Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік.Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды. Қалай болғанда да балаға тәрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап та, жан-жақты дәлелдеп те отыр. Тәрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Тұлғаның дамуы дегеніміз не?
2.Тұлғаның дамуының негізгі күштерін атаңыз.
3.Әлеуметтендіру , тәрбиелеу және тұлғаның дамуының үйлесімділігі неде?
4.Тұлғаның дамуы қандай факторлар арқылы белгіленеді.
5.Баланың дамуына қызмет қалай әсер етеді?
6.Тұқым қуалаушылық арқылы ата- анаңыз бен ата- бабаңыздан сіз не қабылдағанызды талдаңыз.
7.Осы мақсатта өз отбасыңызды генеалогиялық ағашын жасаңыз(құрастырыңыз ) Әсіресе, сіздің отбасыңыздағы қызметтің кейбір түрлеріне деген задатки көңіл аудару керек.
8.Бала дамуының ішкі және сыртқы факторлары
9.Қиын балалар, дарынды балалар олардың дамуының проблемасы неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет