Педагогикалық білім



бет1/3
Дата17.11.2023
өлшемі82,33 Kb.
#191669
  1   2   3
Байланысты:
ТД 2
sbornik testov po ginekologii(2), қаз тарихы 9 кл, Information protection 07 (копия)

Пән бойынша педагогикалық білім мазмұнды педагогикалық ықпалы бар нысандарға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986).
Педагогикалық білімбілім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер
мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады.
Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер. Айталық, химия пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған тарих пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Тарих пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, пәнде қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Ал жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек.
Технологиялық білім (ТБ) Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет