Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементі ретінде “Технология”



бет10/10
Дата08.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#98752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 13
инклюзив 12, инклюзив 12, инклюзив 13, менеджмент 14,1
Проблемалық оқыту технологиясы
Орыс дидактиктері М.А.Данилов пен В.П.Есипов проблемалық оқытуда оқушыға дайын материалды бермей, шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың өзіндік ойларын жетілдіру керек деп санайды.
М.И.Махмутов проблемалық оқытуды үш түрлі классификацияға бөледі:
  • Оқу материалдарындағы ережелер мен заңдылықтарды шешуге, анықтауға бағытталған ғылыми шығармашылық;
  • Практикалық мәселелерді шешуге, алған білімді жаңа жағдаятта пайдаланып, оны шешуге және өздігінен құрауға бағытталған практикалық шығармашылық;
  • Ойын ойнау, ән айту, сурет салу, т.б. арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған көркемдік шығармашылық.

Проблемалық оқыту шартты түрде төрт деңгейден тұрады:


Бірінші деңгей мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды.
Екінші деңгейде алған білімін жаңа жағдайда мұғалімінің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырады.
Үшінші деңгейде оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып, орындайды.
Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды.
Оқушының алдына проблемалық жағдаят қою арқылы материалды меңгерту – проблемалық оқытудың басты шарты. Проблемалық жағдаят оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Проблемалық оқытуды қолдану үшін мұғалім тақырып бойынша оқушының білім деңгейін және олардың шығармашылық қабілетін ескеруі тиіс.
Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай
педагогикалық технологиялар жіктемесі сұрыпталған:
1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар
(оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова,
Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады);
2. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген – саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов);
3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын – халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);
2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар
(оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады);

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет