Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану


ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕРДІ ФОРМАЛЬДІ ТАЛДАУ



бет15/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

13.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕРДІ ФОРМАЛЬДІ ТАЛДАУ
Жоспары

1.Деректемелік талдаудың реті.
2.Деректің сыртқы түрін талдау.

3.Деректің пайда болуын анықтау.


  1. Деректің авторын анықтау.


1.Деректемелік талдаудың реті
Деректемелік талдау жұмысының реттері. ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін

тарихшылар қолына түскен деректерді сол күйінде өз зерттеулерінде

пайдаланған. Сондықтан да олар деректерді талдауға, тексеруге, түпнұсқасын
анықтауға онша мән бере қоймаған. Оның сыртқы түріне көз жүгіртіп,

мұқабасына, қағазына, жазу-құралдарына, мәтіннің көркемделуіне ғана көңіл


бөлген. Яғни, олар деректі тек формальді түрде ғана сын тезінен өткізген
Кейін келе, орыс ғалымдары, ортағасырлық жылнамалардың бірнеше нұсқасын
салыстыра отыра, олардың бір-біріне сәйкес келмейтіндігін байқайды. Міне
осыдан кейін деректерге сенімсіздік туындайды.Алғашқылардың бірі болып

бұл мәселеге көңіл аударған орыс тарихшысы Болтин еді. Ол кез-келген

деректі, егер ол көшірме болса, түпнұсқасымен салыстыру, мәтінді толық тү-
сіндіре отырып, оның шынайылығын анықтау қажеттілігін дәлелдеді.
Келесі бір ғалым Шлецер деректерді сынның екі деңгейіне өткізу туралы

ұсыныс енгізді. Бірінші деңгейде, мұны ол төменгі сын деп атайды, мәтінде

кездесетін сөздерді, терминдерді түсіну. Ал енді екінші деңгейде құжаттың
шынайылығын анықтау керектігін айтады. Келесі деңгейін ол «жоғарғы сын»

деп атайды


Міне, осыдан кейін тарихшылар кез келген деректі талдау қажеттілігін түсініп, бірлі-жарымды ғалымдар өз пікірлерін білдіре бастады. Әсіресе, жылнамаларды, кейбір заңнамалық актілерді дерек ретінде пайдаланғанда өте мұқият болу әрбір тарихшының күнделікті міндетіне айналды.
Орыстың М.П.Погодин, Н.И.Надеждин, С.М.Соловьев, О.И. Ключевский сияқты ғалымдары осы мәселеге аса көңіл аударды. Соңғысы әрбір деректі филологиялық және нақтылы тарихи сыннан өткізу керектігін баса көрсетті.
ХІХ ғасырдың соңында гуманитарлық ғылымдарда позитивистік әдіснаманың әсері біліне бастады. Міне, осыған байланысты деректану ғылым болып қалыптасып, оның принциптері мен негізгі әдіс-тәсілдері жасалды.
Осылардың бәрін қорытындылай келе Бернгейм (1850–1972), Ланглуа (1863– 1929) және Сеньобос (1854–1942) 1897 жылы жарық көрген «Тарихты зерттеуге
128

кіріспе» атты еңбегінде деректемелік талдаудың негізгі мақсаты құжаттағы шынайы ақпаратты анықтау қажеттілігін дәлелдеді.
Олар деректанушының барлық жұмысын екіге бөліп: сыртқы және ішкі сын деп
атады. Алдымен, тарихшы сенімді ақтайтын, зерттеушінің қажетіне жарайтын

деректі таңдап алып, оның пайда болған уақытын, пайда болған жерін, авторын

анықтау – алғашқы міндет. Келесі кезекте құжатқа әсер еткен субьективті
факторлар, автордың немесе авторлар ұжымының психологиялық ауытқулары
нәтижесінде пайда болған келеңсіздіктен мәтінді та-зарту қажет. Осыдан кейін

құжатта көрсетілген ақпараттың шындығын анықтау, оның ішіндегі кейбір сол


заманның болмысына жанаспайтын, шынайы тексеріске келмейтін деректерді

зерттеу шеңберінен шығарып тасталады. Соңында деректің ішіндегі фак-


тілердің бір-бірімен байланысы және олардың тарихи шындыққа жақындығы,

сәйкестігі тексеріледі


ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс тарихшысы Лаппо-Данилевский деректің әлеуметтік-мәдени табиғаты туралы заңдылықты ашты. Кез-келген тарихи дерек сол заманның мәдениеті аясында пайда болды. Сондықтан оның мазмұнына, саясатта, әлеуметтік жағдайда, автордың білімі мен біліктілігі, оның ішкі жан-дүниесінің жағдайында да әсер етуі заңды құбы-лыс.
Тарихи деректі зерттеудің осы схемасын Кеңес тарихшылары да қабылдады. Тек марксизмнің әсерімен деректерге ішкі сын жасау барысында әлеуметтік-таптық талдау әдісіне басымдылық берілді. Яғни, алдыңыздағы деректің әлеуметтік табиғаты, қай таптың позициясы тұрғасында жазылған, автордың саяси көзқарасы сияқты проблемалар оның құндылығын анықтады.


  1. Деректің сыртқы түрін талдау


Жиналған тарихи деректерді кәсіби талдау ғылыми-зерттеу жұмысының ең негізгі және жауапты кезеңі. Деректемелік талдаудың негізгі мақсаты зерттеп отырған тақырыпты толық, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазіргі ғылыми-зерттеу практикасында деректерді талдаудың екі деңгейі қалыптасқан: деректің сыртқы түрін формальді талдауда; оның мазмұнын анықтау, ішкі мәнін берер мәліметінің пайдасын бағалау.
Тарихи деректің сыртқы ерекшеліктерін анықтау. Ғылыми-зерттеу жұмысының сапасы пайдаланған деректердің толықтығына байланысты. Әлбетте, тарихшы тек құжаттың түпнұсқасымен ғана жұмыс істейді.
Осы күні тарихшылар сан қилы құжаттарды пайдаланады. Қолға түскен деректердің барлығы бірдей оның түпнұсқасы ма, алде көшірмесі ме, немесе оның жалған нұсқасы ма? Міне осы сұ-раққа жауап беру қалған шаруаның сапалы болуының кепілі.
Кез-келген тарихи ескерткіштің айғақтығын (достоверность) анықтаудың бірнеше әдістері, тәсілдері бар. Құжаттың жалған нұсқасының болуы бірнеше себептерге байланысты. Көбінесе оның мазмұны немесе түрі (формасы) бұрмаланады (фальсификация). Түпнұсқаның өзгеріске ұшырайтын құжаттар
129



көбіне саяси немесе мұралық мазмұнда екен. Кейде тарихи құжаттардың сыртқы түрі де бұрмаланады.
Деректердің сыртқы ерекшеліктерін талдау үшін оның жазу түрін, жазу құралын, жазу материалын, жазған адамның жазу мәнерін, шрифтісін және т.б. белгілерін анықтау қажет.Мұндай жұмысты тиімді жүргізу үшін деректану ғылымының бір са-ласы «Палеография» пәнін жақсы меңгеру қажеттілігі туындай-ды.
Қазақстан тарихы бойынша деректер көбінесе қытай, араб, парсы, түркі және орыс тілдерінде болып келеді. Сондықтан деректанушы тек сол елдің тілін біліп қана қоймай, олардың жазу жүйесінің тарихын да терең білуі керек.
Мәтіннің жазылған уақытын анықтау үшін оның алфавитін анықтау қажет. Қазақ тарихының деректері бірнеше алфавит түрлерімен жазылған. Жазудың ең алғашқы түрін «Бітік жазуы» деп атайды. Орталық Азияны мекендеген түрік тайпалары VІІІ–Х ғасырларда осы алфавитті пайдаланды. Ол 38 әріппен бөліну белгісінен тұрды.
Кейбір деректер VІІІ–ХVІ ғасырларда көне ұйғыр алфавитімен жазылған. Қазақ жерлерінің араб халифатының ықпалына түсуіне байланысты елімізде араб жазуына басымдылық берілді.
Түркі тарихының ең көне ескерткіші 930 жылы жазылған «Ырық бітік» – қолжазба кітабы. Сақталған жері Британ кітапханасында. Лондон. Батыс Түркістанда жазылған. 1902 жылы зерттелген. Көлемі 62 парақ. 4 беті қытайша. Биіктігі 13,1 см, ені 8,1 см. Зерттегендер: А.Ле-кок., М.А.Стейн, В.Томсен және т.б. 1902 жылы Ұлыбританияда «Азия қоғамы» журналында жарияланған.
Жазбаша деректерді түр жағынан үш топқа бөлуге болады. ХІ–ХІІ ғғ. Евразия даласында пайда болған деректер кітап, грамота орама түрінде кездеседі. Кітаптың форматы 1/4, 1/8, 1/32 сияқты өлшемде болады. Кітап 16 беттен тұратын бірнеше дәптерлерден құралған. Мұқабасы былғарымен немесе матамен тысталған тақтайдан жасалған.
Ал енді грамота тек бір бет, орама бір бетке екіншісін, екін-шісіне үшіншісін жапсыру арқылы жасалған. 1649 жылы жазыл-ған «Соборные уложение» деп аталатын орама 959 беттен тұрып, ұзындығы 300 метр болған. Оны оқудың ыңғайсыздығына байланысты 1770 жылы мұндай орамалар жасау тоқтатылған.
Қолжазбаны әшекейлеу.Ортағасырлық қолжазба кітаптары әртүрлі әдістермен әшекейленеді. Мәнерлеп жазуды өрме жазу деп атаған. Осы замандағы орыс кітаптарында инциал, концовка, миниатюра белгілері кездеседі. Егер мәтіннің бірінші әрпі әшекейленіп, жазылса оны инциал деп атаған, ал енді дәл осындай әріп мәтін соңындағы сөйлемнің біріншісінде болса, оны концовка деп атаған. Кітап толып жатқан кішкене суреттермен безендірілген, мұны миниатюра деп атаған.


  1. Деректің пайда болуын анықтау


Деректің жазылған уақытын анықтау үшін хронология ғылымының әдіс-тәсілдеріне жүгіну қажет. Ғылымда кез-келген ескерткіштің пайда болған уақытын абсолютті немесе салыстырмалы түрде анықтайды. Мұның мақсаты
130

пайдаланғалы отырған дерегіңіздің шынайылығына (достоверность) көз жеткізу. Хронология әр елдің жыл қайыру немесе күнтізбе (календарь) жүйесін зерттейтін ғылым. Қазақ тарихында кездесетін даталарды анықтау үшін қазақша жыл санау, мұсылман жұртының жыл қайыруы-хиджра, юлиан, григорян календарьларын жақсы білуі керек.
Көпшілік құжаттарда жазылған датасы көрсетіледі. Ал енді кейбіреулерінің уақытын білу үшін хронологиядағы салыстырмалы әдісті пайдалану қажеттілігі туындайды. Яғни, мәтінде кездесетін кейбір уақиғалардың уақыты белгілі. Соған қарап, алдыңыздағы құжаттың қай уақытта жазылғанын білуге болады. Құжаттың жазылған уақыты жөнінде ақпарат бірнеше түрде болады: дәл, жанама, әдейі өзгертілген, мән берілмей байқаусызда өзгертілген.
Деректің жазылған жерін анықтау.
Деректану ғылымындағы деректерді локолдау және атрибуциялау мәселелерін шешу үшін филология ғылымының бір саласы – ономастиканың көмегін пайдаланамыз. Тарих, география, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану пәндерімен тығыз байланыста бола тұра филологиялық әдістерді пайдалана отыра онамастика ғылымы автономды болып қалып отыр. Елді – мекен, жер – су, адам аттарын, адам есімдерін тарихпен байланыста зерттеу барысында ономастика ғылымының мүмкіншілігі зор.
Қолда бар,өте бағалы мәліметтер беретін, тарих деректің қандай географиялық кеңістікте пайда болғандығын анықтау ғылымда « деректі локалдау » – деп атайды.
Қажетті кеңістіктік ақпарат алу үшін тарихшы өзі зерттеп отырған елдің әрбір тарихи кезеңіндегі әкімшілік, саяси құрылымын, географиялық жағдайын, мәдени – әлеуметтік ахуалын, тарихын, тілін жатқа білуі қажет. Сондықтан, құжаттың пайда болған жері жөнінде мәлімет алуы үшін тарихи
география,тарихитопонимика, тарихи лингвистика пәндерінің дәйектерін пайдаланад. Тарихи метрология, палеография, геральдика, сфрагистика сияқты арнаулы ғылымдарда тарихи деректі локалдауға көмектеседі.
Мұны зерттеу үшін ономастиканың бір саласы топонимика ғылымының көмегіне зәру боламыз. Жер-су, елдімекен аттарын зерттейтін ғылым тарих, лингвистика және география пәндерінің тоғысқан жерінде пайда болған. Деректің жазылған жерін анықтау оның авторын табуға мақсатын, уақытын, сол жердің тарихи-мәдени жағдайын ашуға көмектеседі.Оның төмендегідей бағыттары бар:
Астионим – қала атаулары;

Гидроним – су қоймаларының атауы;


Дримоним – орман атаулары;

Урбоним– қала ішіндегі объект атаулары;


Годоним – көше аттары;

Агроним – алаң атаулары;

Дромоним – жол аттары;
Макротопоним – үлкен қоныстанбаған географиялық объект; Микротопоним – кіші қоныстанбаған географиялық объект;
131

Антротопоним – адам есіміне байланысты пайда болған географиялық объект. Кейбір деректерде оның жазылған жері тура көрсетіледі. Ал енді көпшілік құжаттардың жазылған жерін анықтау үшін жанама фактілерді пайдалануға тура келеді.Әлбетте, алғашқы кезекте деректің қандай этникалық топтың ортасында пайда болғандығы анықталады. Бұл жерде топонимиканың екі – этнотопоним (халықтың атымен аталған географиялық объект) және топоэтноним (елдің атын емденген халық) зерттеледі. Жазбаша деректерде белгілі бір халықтың, немесе халықтың атауымен аталған елде болған уақиғалар баяндалуы мүмкін.
Келесі бір ақпарат беретін топонимиканың салалары төмендегідей: Эклезионим шіркеу және діни мейрамдардың атауымен аталған елді мекендер. Аннотонионим қасиетті тұлғалардың атымен аталған географиялық объектілер.
Поссесионим қожасының, иесінің атымен аталған елді мекендермен географиялық объектілер.
Катононим мекендеп отырған жердің атымен аталатын халық.

Аллоэтноним көршілердің атымен аталатын халық (неміс , армян , т.б ).

Автоэтноним – халықтың өзі өзіне қойған атауы.
Поссесионим қожасының, иесінің атымен аталған елді мекендермен географиялық объектілер.
Катононим мекендеп отырған жердің атымен аталатын халық.
Мұндайда тарих ғылымындағы басқа да арнаулы пәндердің көмегін пайдалануымыз қажет.Кейде тарихи деректің орфографиялық ерекшеліктері оның қай жерде пайда болғандығын мензейді. Қазақ тілінде диалект болмағанымен еліміздің әр өнірлерінде тек қана өздеріне тән сөздер немесе сөз тіркестері кездесуі мүмкін. Қазақ жерінің өңірлерінде өзіне тән адам есімдері бар Мысалы Батыс өңірінде балаға «Ғали», «олла» жұрнақтары қосылған есім береді», (Ғарифолла, Сағидолла), Оңтүстік Қазақстанда «құл», «бек», «хан» жұрнақтары қосылады Қалибек, Төреқұл, Төребек.
Мәтінде «азанда», «мақұл» деген сөздер кездессе қолжазба Қазақстанның оңтүстігінде пайда болған, «бұл не зат?», «біз деген» сөз тіркестері кездессе, оның батыстан пайда болғандығын білеміз.


  1. Деректің авторын анықтау


Деректанудың негізгі функциясы. Автордың алдына қойған мақсат, терең міндеттері бар. Ол сол заманның белгілі тұлғасы, белгілі бір әлеуметтік-мәдени ортаның белді мүшесі, солортаның қуанышын бөлісіп, жоғын жоқтайтын, мұңын мұңдайтын тұлғасы.
Сондықтан деректің авторын анықтап алмай, оның мазмұнын дұрыс түсіну мүмкін емес. Бұл жерде ономастика ғылымының бір саласы антропонимистикаға жүгінуге тура келеді.
Антропонимика(гр.Anthropos– адам, опута ат) адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттары
132



зерттейтін ономастиканын бір тармағы.Бұл ғылым сонымен қатар күнделікті өмірде пайдаланылатын және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады.
Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тәнесімдер тізімі қалыптасады.Жеке адамесімдерібасқаөздерініңдербестігіменерекшеленеді. Бала туа сала оған жеке
есім беріледі. Есімдертізілімішектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледіДамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен,Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай:адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты. Үнді елінде бүл жүйе үш құрамнан тұрады:
гороскоптық есімі, жыныстык немсе діни-секта-лықесімі,касталықесімі.Мысалы,РабиндрантТагордыңесімі:Рабиндра(Күн құдайы),Натх(еркек),Тхакур(жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған.
Қазақ елінде, арабтарда, қытайда, орыста адам атаулары жүйесі әртүрлі болады. Мысалы, орыс елінде фамилия тек ХVІІІ ғасырда пайда болды. Оның өзінде қара халықтың ата-тегі болмады. Олар тек лақап атқа ие болды. Орыстарда аты-жөнінің бірнеше түрі болды: тек – фамилия, аты-имя, лақап аты-псевдоним, бүркеме аты-криптоним және прозвище. ХVІІІ ғасырда дворяндар арасында отечество деген пайда болды. Мәселен, өзінің атымен қатар әкесінің аты аталды (Иван Петрович). Ал енді орта таптың өкілдері полуотечествоға ие болды (Иван Петров). Христиан дініне кіргеннен кейін олар балаға шоқынған кезінде шіркеу күнтізбесіне байланысты канондық ат берді. Ал енді күнделікті тұрмыста олар басқа атпен аталды. Мәселен, Николай-Никола, Иван-Ваня, Николай-Коля, Александр-Саша.
Қазақтың тегі әкесі мен баласының аты қатар жүрді. Тереңдеп қазбалап сұраса, ол руын, тайпасын, елін, жерін айтатын. Араб халқының атыменен әкесінің аты, жерінің аты, туған қаласының аты қатар жүрді.
Мәтінді түсіндіру, оған мағына беру (Истолкование).Жазбаша деректердің пайда болу себептерін, мақсатын және тарихи жағдайын айқындау деректанушының негізгі міндеті. Тарихи деректің авторы жеке тұлға болғанымен ол белгілі бір әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі екендігін біз жоғарыда айтып өттік. Оның осы деректі жазуға итермелеген себептері болғандығы мәлім. Мұны жазарда ол алдына мақсат, міндеттер қойды. Сондық-тан деректанушы сол заманның тарихи жағдайын, сол қоғамның әлеуметтік саяси, қоғамдық және шаруашылық әлеуетін көз алдына келтіруге тырысуы қажет.
Тарихи деректің пайда болуына екі жағдай әсер етуі мүмкін. Біріншісі, сол әлеуметтік-мәдени ортаның ішкі қажеттілігі тарихи ескерткіштің пайда болуына әкеп соғады. Бұған кейбір заң жинақтары, саяси шығармалар жатады. Ал енді екіншісі, басқа, бөтен әлеуметтік-мәдени кешендердің әсерінен болады. Көрші мемлекетке тәуелділік, немесе белгілі бір елге екінші бір елдің саяси, шаруашылық басымдылығы сол елдің рухани өміріне тікелей әсер етеді. Ал тарихи дерекрухани ортаға тығыз байланысты.
133

Қазақстан тарихына байланысты көптеген деректер орыстың әлеуметтік-мәдени ықпалында жазылғандығы бүгін бәрімізге де белгілі. Соның кері әсерін осы күнге дейін сезініп келеміз.
Бөтен мәдениеттің лебі әсіресе саяси, публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Оның әсері ғылымда да бар. Әсересе, қоғамдық ғылымдар басым мәдениеттің шырмауынан шыға алмайды.
Әдебиет
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. І том. –Астана, "1С -Сервис" ЖШС, 2006.


  1. б.


Сарбасова Қ.Б., Чукенаева Г.Т.Жетісу гидронимдері:оқу құралы. –«Жетісу университеті» баспа орталығы. Талдықорған, 2011. – 86 б. Мырзалиев Э.М.Очерки топонимики. – М., «Мысль», 1974.
Кузембайұлы А.,Әбіл Е., ӘлібекТ.Историческая топонимика Костанайской области. В пяти томах. КРИИИ. Костанай, 2006–2010 г.



  1. ТАРИХИ ДЕРЕКТІҢ МАЗМҰНЫН ТАЛДАУ


Жоспары
1.Тарихи деректің пайда болған заманы.


  1. Мәтінді түсідіру.

  2. Деректемелік синтез.

4.Деректердің генеологиялық байланысының түрлері.
1.Тарихи деректің пайда болған заманы
Жазбаша деректердің пайда болу себептерін, мақсатын және тарихи жағдайын айқындау деректанушының негізгі міндеті. Тарихи деректің авторы жеке тұлға болғанымен ол белгілі бір әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі екендігін біз жоғарыда айтып өттік. Оның осы деректі жазуға итермелеген себептері болғандығы мәлім. Мұны жазарда ол алдына мақсат, міндеттер қойды. Сон-дықтан деректанушы сол заманның тарихи жағдайын, сол қоғамның әлеуметтік саяси, қоғамдық және шаруашылық әлеуметін көз алдына келтіруге тырысуы қажет.
Тарихи деректің пайда болуына екі жағдай әсер етуі мүмкін. Біріншісі, сол әлеуметтік-мәдени ортаның ішкі қажеттілігі тарихи ескерткіштің пайда
болуынасебепкер болады. Бұған кейбір заң жинақтары, саяси шығармалар,құжаттық деректер, іс қағаздары,әртүрлі келісім шарттар сияқты құжаттар жатады.
Ал енді екіншісі, басқа, бөтен әлеуметтік-мәдени кешен-дердің әсерінен болады. Көрші мемлекетке тәуелділік, немесе белгілі бір елге екінші бір елдің саяси, шаруашылық басымдылығы сол елдің рухани өміріне тікелей әсер етеді.
134

Ал тарихи деректің пайда болуы сол рухани ортаға тығыз байланысты. Жасыратыны жоқ осы күнге дейін Қазақстан тарихына байланысты көптеген деректер орыстың әлеуметтік-мәдени ықпалында жазылып келеді. Соның кері әсерін осы күнге дейін сезініп келеміз. Бөтен мәдениеттің лебі әсіресе саяси, публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Оның әсері ғылымда да бар.
Әсересе, қоғамдық ғылымдар басым мәдениеттің шырмауынан шыға алмайды. Үнді елінің данышпан тұлғасы Д.Неру «елдің тарихын сол елді басып алушылар жазады, немесе тарихи концепцияларда басып алушылардың пікіріне басымдылық бері-леді деген екен.Белгілі бір елдің тарихи жағдайы сол елде пайда болғандеректің мазмұнына әсерін тигізбей қоймайды.Көбіне мүндай жағдай құжаттың әлеуметтік-мәдени функциясына байланысты.Өйткені құжат сол ортаның сұранысына қарай пайда болады да соның мүддесін көздейді.
Міне, кез келген құжатты талдамас бұрын, мына төмендегі сұрақтарға жауап іздеу қажет:
1.Құжаттың пайда болған уақыты?
2.Оның пайда болуы қандай уақиғаға байланысты?

3.Жазылу мақсаты?

4.Оның пайда болуына әсер еткен жағдай?
5.Мәтінде кездесетін кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің мағанасы?
6.Құжаттың өз кезіндегі маңызы? жазбаша деректің заманын толық талдау оның мазмұнын түсінуге жол ашады.


  1. Мәтінді түсідіру

Жазбаша дерек белгілі бір заманның туындысы.Деректанушы осы дәуірдің өкілі.Оның авторы мен деректі зерттеп отырған тарихшының арасында талай уақыт аралығы бар. Құжат жасушы мен оны зерттеуші екі әлеуметтік-мәденижүйенің өкілдері.


Тарихшы өзі зерттеп отырған елдің сол замандағы тұрмыс-тіршілігін,мәдени деңгейін, әлеуметтік ахуалын, саяси бейнесін жақсы білуі керек. Ойша сол кезде өмір сүрген қоғамның ортасында болса ол деректің пайда болуына әсер еткен барлық факторларды ескеру мүмкіншілігіне ие болады.
Бұдан әрі біз дерек мәтінін түсіну әдістеріне тоқталайық.Түсінуді ғылымда интерпретация деп атайды.Оның негізгі мәні деректегі ақпараттың шынайы мағанасын ұғыну.Интерпретация барысында мына төмендегі әдістерді пайдаланған жөн.

1.герменевтика әдісі.


2.әлуметтік мәдениеттануәдістері.

3.тарихи этнология.


4.психологиялық түсіну әдістері,дерек авторының көңіл күйін ескеру.

5.жекелеу,яғни деректі жазған автордың жеке басының ерекшеліктерін ескеру.


6.типологиялық әдіс,яғни деректі белгілі біртиптегі мәдениеттің ескерткіші ретінде қарастыру.

135


Деректанушы ғалым филология ғылымын да өз дәрежесінде меңгеруі қажет. Үйтпейінше мәтіндегі толып жатқан тілдік және грамматикалық кілтипандарды дұрыс оқу мүмкін болмайды.Мәтінді филологиялық талдау оның құрлымы структура мен жанрын анықтаудан бастау қажет. Талдау мына төмендегі сұрақтарға жауап іздеуден басталады.


1.Құрылымы қандай?


  1. Қай бөлімдеріне аса көңіл аударған жөн?

3.Мәтіннің әр бөлімі бір - бірімен қалай байланысқан?

4.Шығарманың компазициясын жасаудағы автордың түпкі ойы.
5.Шығарманың жанрын жазушы мен зерттеуші қалайанықтайды? Жанрдың спецификасы.
Сонау замандарда жазылған ескерткіштерде бүгінгі заман оқырмандарына түсініксіз толып жатқан сөздер,түсініктер, анықтамалар,сөз тіркестері кездеседі. Деректанушы солардың бәрін бүгінгі қолданыстағы сөздермен ауыстырып,деректі пайдалану мүмкіншілігін туғызуы керек сонда ғана ол ғылым игілігіне айналады.Филолог-ғалым мәтінді жай ғана аударып қойса, тарихшы оның мағанасын түсінуге тырысады,ондағы ақпаратты сол замандағы нақтылы-тарихи уақиғалармен,мәдени жағдайлармен байланыстырады.
Деректанушы алдымен мәтінде кездескен түсініктер мен сөйлемшелерге анықтама береді. Содан кейін ондағы әріп қателіктері түзетілді, түсіп қалған
сөздер,сөйлемдер өз орнына қойылады,идиомдар,символдар, аллегориялар,тұспалдап айтылған жерлері, астарлы сөздері ашылады.
Әсіресе нарративті шығармалар осындай талдауға зәру. Олардың көпшілігінің мазмұны авторының ой– пікіріне сәйкес келе бермейді.
Мәтінді талдау дерекке әлеуметтік-мәдени баға берумен аяқталады. Зерттеуші ескерткіштің мағынасын, құндылығын, идеалын анықтайды. Әрбір деректе тарихи факт автордың көзқарасы арқылы беріледі. Сондықтан оның шын мәніндегі мағынасын ашу ондағы мәдени құндылықтың бұрмалауынан тазартуға мүмкіншілік береді. Мұның барлығы сайып келгенде деректің әлеуметтік-мәдени жүйедегі орнын анықтауға көмектеседі.
Мұндай жұмыс әсіресе нарративті деректерді талдаған кезде қажет. Қазақстан тарихына байланысты пайда болған түркі, қытай, парсы, араб, орыс тарихи шығармаларын пайдаланғанда сақтықтың қажеттігі айтпаса да түсінікті. Өйткені қазақ тарихына қалам тартқан әрбір автор белгілі бір заманның, белгілі бір елдің әлеуметтік- мәдени жүйесінің тұлғасы.
Келесі кезекте деректанушы әрбір автордың өмір сүрген ортасын. Оның әлеуметтік-мәдени құндылығын анықтауы қажет. Мұны деректі бағалаудың кілті десе де болғандай. Мәтіннің шын мәніндегі мағынасын білгеннен кейін зерттеуші ондағы берілген ақпараттың шынайылығын анықтауға кіріседі.
Шығарма автордың көқарасының айнасы. Мұнда ол болған оқиғаға, немесе тарихи процеске өз ойын, өз пікірін білдіреді. Сондықтан да сол заманның қоғамдық санасы /менталитет/ және автордың позицияы деректен айқын көрініс табады. Алдымен автордың қандай әлеуметтік ортада туып және өмір сүргенін анықтау қажет.Автордың білім деңгейі, оның өмірге деген көзқарасы,
136

айналасында болып жатқан тарихи оқиғаларға қатынасы ол жазған дерекке әсер етеді.
Жазбаша деректің шынайылығын анықтау барысында тарихшы біраз мәселеге көңіл аударуы қажет:


  1. Автор шығармасына қажетті ақпаратты қайдан алды.Өзі сол оқиғаға қатынасты ма? Немесе біреуден естіді ме, әлде сыбысты пайдаланды ма? Мүмкін ақпарат негізінде құжат жатқан болар.




  1. Автордың ақпарат жинау, пайдалану әдісі, оның анализ жасау қабілеті.




  1. Деректің авторына қоғамдық атмосфераның, сол кездегі ел ішіндегі саяси жағдайы.

Міне, осыларды ескергенде қолыңыздағы деректен шынайы, әрі толық мағлұмат алуға болады.




    1. Деректемелік синтез

Деректерді объективті түрде іріктеу және талдаунегізінде оларды синтездеу мүмкішілігі туындайды.Деректерді синтездеу зерттеу жұмысының соңғы кезеңі. Деректанушы талдаудан өткізген деректерді жинақтап бір бірімен салыстырып оларды кешенді түрде зерттеу процесіне енгізеді. Деректерді синтездеу барысында бір объекті жөнінде жиналған бірнеше ақпарат көздері салыстырыла отырып пайдаланылады.


Жекеленген тарихи дерек зерттеу объектісі бойынша толық ақпарат бере алмайды. Сондықтан ол деректер жүйесіне енгізіледі. Сөйтіп бірнеше деректің бір тақырып бойынша берген ақпараттары шынайы көріністерді айқындайды.


  1. Деректердің генеологиялық байланысының түрлері

Деректердің генеологиялық байланысының бірнеше түрлері бар:


1.Бір мәселе жөнініде әр жылдары пайда болған бірнеше дерек болады.Егер зерттеуші соңғы жылдардағы құжатты пайдаланса дұрыс қорытындыға келе алмайды. Сол себепті мәселе туралы бірнеше деректі салыстыра, толықтыра отырып пайдаланса сол мәселенің шешім табу процесінің барысы анықталады. Мәселен, Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға көшуі туралы мәселе бір күнде шешімін тапқан жоқ. Бұл мәселе ресми орындарда бірнеше рет қаралды. Ақыры 1994 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде астананың Ақмолаға көшірілуі туралы шешім қабылданды. Тек 1997 жылдың желтоқсанында Ақмола қазақ елінің орталығына айналды. Тарихшы осы тақырыпты ашу үшін деректердің бірнеше түрін кешенді пайдалануы қажет.


  1. Дерек бірден дүниеге келмейді. Алдымен оның жоспары жасалады, содан кейін сол туралытуған ой-пікірлер қағазға түсіріледі. Автор әртүрлі ой-пікірлерді жинақтап жұмыстың алғашқы нұсқасын жазады, оны әріптестерімен талқылайды. Сонан соң дерек жарияланады. Сондықтан келешекте сол деректі зерттейтін ғалым автордың «лабораториясына»кіреді. Деректі тек кешенді

137


түрде зерттегенде ғана одан объективті, шынайы ақпарат алу мүмкіндігі туындайды.


3.Әртүрлі авторлар жазған, бірақ бір уақытта пайда болған шығармалардың жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе деректемелік синтез деректерді талдаудың ең соңғы кезеңі.
Деректерден алынған объективті ақпаратты зерттеуші өз шығармасына пайдаланады. Тағы бір ескертетін жәйіт тек шынайы ақпарат қана тарихи шығарманың сапалы болуына кепілдік бере алады.
Әдебиет
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы.
Алматы. Қазақ университеті.2002. – 302 б.
Медушевская О.М.Теоретические проблемы источниковедения: Учеб. пособие.
– М., 1977;
Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение отечественной истории: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений /. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2008. – 464 с.
ДанилевскийИ. Н., Кабанов,В. В., Медушевская,О. М., Румянцева.М. Ф.Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники российской истории Издательство:РГГУ,2004. – 701 с.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет