Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану



бет20/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz


Ж. Ньепстің тұңғыш фотоаппараты (1826 жыл)
Фотография Қазақстанға 1841 жылдың 6 желтоқсанында аяқ басты. Тура сол күнi Ордада «Жәңгiр мектебiнiң» ашылу салтанатына Жәңгiрхан Ресейден арнайы фотограф шақыртып, осы мектепке алғаш қабылданған оқушылардың ортасында отырып түскен фотосуретi тарихтан белгiлi. Алайда, фотографияның сонау Еуропаның қақ төрiнен бастау алып, айналасы бiр-екi жылдың iшiнде кең байтақ Қазақ жерiне жетуi қаншалықты жылдам болғанымен, оның мерзiмдi баспасөз беттерiнен орын табуы соншалықты шабандық танытуы көңiлге қаяу түсiрмей қоймайтыны анық. Оның, әрине, өзiндiк объективтiк себептерi жоқ емес едi. Бiрiншiден, өнеркәсiбi әлi өрге басып үлгермеген бұл өлкеде мерзiмдiк баспасөздi басып шығаратын баспаханалар жоқтың қасы болды. Екiншiден, олардың бәрi де ескi, фотография клишелерiн жасайтын цехтармен қамтамасыз етiлмедi. Анда-санда газет бетiнде көрiнiс тапқан фотосуреттердiң өзi Мәскеуден арнайы дайындалған клишелер арқылы жiберiлiп отырылды. Бұл iспен толығырақ шұғылдануға мүмкiндiк беретiн Республикалық баспахананың өзi де Қазақ АССР-нің астанасымен бiрге Орынбордан Қызылордаға, Қызылордадан Алматыға көшiп отыруына байланысты жаңа техникалық жабдықтармен жарақтандыра алмады. Әйтпесе, фотография өнерiне деген қызығушылық Ресейден Қазақстанға қоныс аударушылар тарапынан да және жергiлiктi ұлт өкiлдерi арасынан да аз болған жоқ. Оның мысалы ретiнде бүкiл саналы ғұмыры, атап айтқанда, 1899 жылмен 1958 жылдың аралығын қамтыған Дмитрий Поликарпович Багаевтың фотографиялық қызметi тек бiр ғана Павлодар облысының өсiп-өркендеу жолына бағытталса, Евсей Ефимович Блехманның шығармашылық қызметi Қазақстан Республикасының алғашқы АССР болып құрылған кезiнен кешегi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiне дейiнгi тыныс тiршiлiгiн әсте қалт жiбермей, фото-кино аппараттарына арқау еттi (1).

147




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет