Педагогикалықинституты аманжолкүзембайұлы деректану



бет6/23
Дата17.03.2020
өлшемі2,74 Mb.
#60307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

6.ФОЛЬКЛОРДЕРЕКТЕРІ
Жоспары
1.Ауызша дерек түсінігі.

2.Фольклорлық матералдардытарихи дерек ретінде пайдалану проблемасы.
3.Халық ауыз әдебиеті нұсқалары тарихи дерек.

4.Қазақ ақындарының шығармаларындағы тарихи проблемалар.


  1. Генеологиялық шығармалардың деректемелік маңызы. 6.Әдет-ғұрыптық заңдары.


7.Жер-су аттары тарихи дерек.
Қандайда болмасын халықтыңтарихы деректер негізінде жазылатындығы
баршамызға белгілі. Тарих тек қана жазба деректер негізінде жазылу керек

деген ұғымның келмеске кеткені қашан. Бүгінгі тарих ғылымында деректердің


кез-келген топтары мен түр
лерін кәдеге асуы қажет. Жазбаша деректерде тарихи уақиға шынайы шындықты көрсетеді деп ойлайтын болсақ үлкен қателікке ұрынған болар едік. Сондықтан тарих жазғанда кез-келген деректер тобына сыни көзқараспен қарап, бірімен-бірін салыстыра отырып, деректану ғылымының әдістерін толық пайдаланғанда ғана мұратқа жетуге болады.


  1. Ауызша дерек түсінігі

Қазақ тарихының жазбаша деректеріне тапшы кезеңдерін ашуда фольклорлық материалдардың қажеттілігін айтпаса да түсінікті. Ауыз әдебиеті халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асылқазынасы. Фольклор терминің 1843жылы рет ғылыми айналымға кіргізгенағылшын ғалымы Ульям Томсон екен. Фольклор сөзі ағылшын тілінен аударғанда халық данышпандығы деген мағынаны білдіреді. С.И.Ожеговтың сөздігінде фольклор дегеніміз «устное народное творчество и совокупность обычев, обрядов, песен




  • другие явления быта народа»[Словарь русского языка. М., 1975, 785 б]. Осы күнге дейін филология ғылымында фольклор термині жөнінде бірізділік жоқ. Фольклордың құрамына халық шығармашылығының барлық түрі кіреді.Оларды ауызша, музыкалық және хореографиялық-театрланған өнер түрлері деп шартты түрде бөлуге болады.

Фольклор ескерткіштері барлық халықтарда.Мысалы, көне грек эпосы,исланд


сагтары,шотланд балладары,орыстыңбылиналары,кэрелофиндердіңрунасы, Кавказхалықтарының нартары, Сібір түркі-моңғол халықтарының батырлар
50



жырлары, Еуропа халықтарының,«Робин Гуд», «Песень о небелунгах», «Песень о моем сиде».
Бізге белгілі ең көне эпостардың бірі грекхалқының жыры –Илиада. АвторыГомерболып есептеледі.Екі поэмадан тұратын көне ескерткіш тек грек әдебиетінің ғана емес бүкіл әлемдік руханияттыңежелгі ескерткіштері. Олардың пайда уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ. Иллиада Троя қаласының екінші атауы да Одисей жырлардың негізгі кейіпкері.Поэмалардың сюжетінеТроя соғысытуралы аңыздар алынған.«Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Олар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша).

«Песнь о Нибелунгах»орта ғасырдағы герман тайпаларының эпикалық

́
жыры.Авторы белгісіз.Жазылған уақыты шамамен ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІғасырдың басы. Уақиға желісі Ү ғасырда өмір сүрген герман тайпаларының қарым - қатынасы,сол заманда Рейн бойында билік еткен гун тайпаларымен туысқандық қатынас орнатуға ұмтылысы жайында өрбиді.
Келесі бір поэма «Песнь о моём Сиде»деп аталады.Испан әдебиетінің озық үлгісі. Мұның авторы белгісіз. Пайда болған уақыты 1195-1207 жылдар аралығы.Испан халқының араб басқыншыларын қарсы соғысы баяндалады.
Негізгі кейіпкеріСидтарихи тұлға.Зерттеушілердің пікірінше оның прототипідворян текті,әскербасы РеконкистыРодриго (Руй) Диас де Вивар (1040–1099), ел қорғауда өзінің ерлігіменхалықтың жадында сақталған батыр.
Манас дастаны–қырғызхалқының дәстүрліэпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынанГомердіңОдиссеясыменИллиадасынқосқандағы кө-лемнен жиырма есе, алМахабхаратакөлемінен екі есе асып түседі.
Жыр-дастан Манастың, оның ұрпақтарының және ісін жалғастырушыларының хикаяларын баяндайды. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры.
Дастанның өзекті тақырыбынқытайменқалмақдұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. XV ғасыррдан бастап дастанның аты деректерде атала бастағанмен, оның жазбаша нұсқасы 1885 жылға дейін жасалмаған болатын. Әртүрлі көзқарастар негізінде дастанның пайда болу уақытын: VII-X ғасырлар, XI-XII ғасырлар немесе XV-XVIII ғасырлар аралығы деп мөлшерлейді.
Қырғызстандакөптеген манасшылар бар. Дастанның үш бөлігін де жатқа білген манасшылар «Ұлы Манасшы» атағына ие бола алады.Дастанның әртүрлі бөлімдерінің 65-тен астам жазбаша нұсқалары белгілі. Ұлы ағартушы ғалымымызШоқан Уәлихановдастан бөлімдерін қағазға түсіріп, «Көкетай ханның асы» деген көлемді үзіндісін орысшаға аударған.
Орыс тарихшылары өз зерттеулерінде фольклорлық деректерді кеңінен пайдаланады. Олар ауызша деректерді былайша жіктейді:

  • күнтізбелік-тұрмыс- салт поэзиясы;




  • отбасылық -тұрмыс-салтпоэзиясы (бала дүниеге келгендепестования,үйлену жора-жосындары,жоқтау);

  • магиялық дуалау поэзиясы;

51




  • жұмбақтар;




  • ертегілер:(кумулятивті,суммированные,жануарлар туралы, таңғажайып,новелла түріндегі ертегілер,тұрмыстық, батырлар туралы ертегілер, переработкибылин,сказки–пародии);




  • прозалық әңгімелер:(аңыз,был, предания, сказы,анекдотХХ ғасырдағы француз тарихшысы Люсьен Февер «история, несомненно, создается на основе письменных документов. Когда они есть. Но она может и должна создаваться и безписменных документов когда их несуществует» деп, та-

рихи зерттеулерде деректердің басқа да түрлерін пайдалануды жоққа шығармапты. [Бой за историю. М., 1991. 22 б.].


Сондықтандақазақ тарихын зерттеуде ауызша деректердің орны ерекше. Өкінішке орай қазақ халқының өте бай ауызша шығармаларын зерттеу тек әдебиетші ғалымдардың еншісінде болған. Бұл жөнінде белгілі қазақ тарихшысы Меруерт Қуатқызы (...казахское устное творчество было в основном объектом изучение фольклористов, литературоведов, а историки и этногрофы относились к применении устный традиции для реконструкций прошлой казахов весма осторожно)[Казахстан и Центральная Азия в XV–XVII в.в. история, политика, дипломатия. Алматы: Дайк-пресс, 1998, 67 бет] деп көрсетті.
Қазақ тарихының ауызша деректерін шамамен 10 топқа бөлуге болады. Олар мыналар: нормативті деректер, генеология, әдептік заң нормалары, аңыздармен ертегілер, батырлар жыры, лирикалық поэмалар, мақал-мәтелдер және жұмбақтар, халық композиторларының әндері, халық ақындарының өлеңдері, билер мен шешендер сөзі, ономастика материалдары т.с.с. Әлбетте, бұл топтаудың шартты түрде екені белгілі. Өйткені кейбір деректер бір топтан екінші бір топқа ауыса береді.


  1. Фольклорлық матералдарды тарихи дерек ретінде пайдалану проблемасы

Шын мәнінде біздің әдебиетшілер қазақтың ауыз әдебиетін жан-жақты зерттеп, көптеген диссертациялар жазды, жинақтар шығарды. Оның материалдарын өз зерттеулерінде пайдаланды. Тіпті кейбірі ауызша әдебиеттердің тарихилығын зерттеді.


Әйтседе қазақ тарихын жазуда ауыз әдебиетінің мұралары пайдаланылмады деген пікірден аулақпыз. Раши-ад-дин, Әбілғазы Баһадұр хан, Өтеміс қажы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Құрбанғали Халит, М.Ж.Көпейұлы, Е.Бекмаханов, Кляшторный С.Г., Сұлтанов Т.И. еңбектерінде ауызша деректер молынан пайдаланған.
Қазақтың кәсіби тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі Ермұхан Бекмаханов «тарихи ірі уақиғалар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған халықтын ауызша шығармашылығы: дастан, өлең, қисса, батырлар жыры, ертегі, аңыз т.б. арқылы қазақ халқының есінде сақталған» деген пікірі

52



талас тудырмаса керек. [Қазақстан ХІХғ. 20-40 жылдары. Алматы: Қазақ
Университеті. 1992, 43 бет.]
Қазақ халқының ауызша тарихының үлкен ғылыми проблема дәрежесіне дейін көтерген филология хылымының докторы, профессор А. Сейдімбек. Ол өзінің көп жылдық зерттеу жұмысының нәтижесін 2008 жылы аяқтап, Астанадағы «Фолиант» баспасынан 728 беттік кітап етіп шығарды [Қазақтың ауызша тарихы: зерттеу]. Қазақ халқының шежірелік туындыларын талдап, оған сараптама жасап, оларды тарихи дерек ретінде пайдаланудың ғы-лыми тұжырымдамасын жасап берді. Ғалымның айтуы бойынша шежіре тарату дәстүрі көпшілік түркі халықтарына тән болғанымен, нақ қазақ сияқты оны өзінің тарихының мәйегіне айналдырған халық жоқ сияқты. Кітаптың құндылығы – ондағы тақырыпқа байланысты терминдерге түсінік беріп, халық арасында ұмыты-лып бара жатқан ұғымдарды қайта тірілту.
Өз зерттеулерінде ауызша деректерді молынан пайдаланып жүрген ғалымдардың бірі, профессор Ж.О. Артықбаев. Автор ауызша деректерді пайдалануда көп ғалымдарға үлгі боларлық. Оның «для создание объективной истории Казахстана значение устной историологий черезвычайно важно, поскольку до конца первой половины ХІХ века письменной литература не играла в казахском обществе сколько нибудь серьезной роли» [История Казахстана. Учебник для вузов. Қостанай: ТОО «Центрально-Азиатское книжное издательство», 2006. 20-бет] дегеніне алып-қосарымыз жоқ.
Ауызша деректерді зерттеушілер кәдесіне жарату мәселесін алғашқы рет көтерген Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушы ғалымдары. Археология, этнография және Қазақстан тарихы кафедрасында профессор Ж.Артықбаевтың басшылығымен, ауызша деректерді пайдаланудың теориялық және әдіснамалық проблемаларын зерттеу мәселесі жолға қойылды. Өткен ға-сырдың 90-жылдары мұнда осы тақырыпқа арналған бірнеше кандидаттық тіпті докторлық диссертациялар қорғалды.
1999 жылы осы кафедра аспиранты Елешова З.Е.«XV–XVII ғғ. қазақ тарихының фольклорлық нұсқасы»тақырыбында диссертациялық зерттеу орындалды. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты тарихи фольклор материалдары негізінде XV–XVII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын көрсету еді. Автор өз мақсатын толығымен орындады. Бұл дәуір Алаш жұртының енші алу, қазақ, ноғай және өзбек болып бөліну процесінің жүріп жатқан кезі еді. Сондықтанда оның жинаған тарихи деректері осы бауырлас үш халыққа да ортақ.
Тарихи оқиғаларды баяндай отыра, автор қол жазба түрінде немесе ауызша айтылып жүрген тарихи фольклорлық фрагменттермен сюжеттерге текстологиялық талдау жасау және тұтас деректік қор қалыптастыру, дерек түрін өзара салыстыру сияқты әдістемелік жұмыстар жүргізген. Диссертациялық зерттеу негізінде автор қазақ тарихының белгілі бір кезеңін зерттеуде фольклорлық деректердің құныдылығын дәлелдейді.


  1. Халық ауыз әдебиеті нұсқалары тарихи дерек

53



Жатар алдында анасының баласына айтатын ертегісін халықтың еріккеннен ойлап тапқан дүниесі деп ойлау үлкен қателік болар еді. Ұзақ жылдар бойы халықтың есінде екшеленіп қалған ертегілер мен аңыздарда тұнып тұрған тарих бар. Ертегі халық прозасының дамыған, көркемделген түрі. Ол әрі тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегінің негізін қалаған жанрлар деп мифті, хикаяны, әпсананы айтамыз. Ертегі пайда болған заманда халық оны қиял деп қабылдамаған. Онда баяндалатын оқиғаға толық сенген. Әлбетте, ертегі адам есінде қалу үшін оны ойдан шығарылған, адам сенбейтін, шым-шытырық уақиғалармен көркемдеген. Алғашында шын болған уақиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Бұл күнде қазақ ертегілері том-том кітап болып басылып жатыр. Тарихшының міндеті – осыларды деректанулық сыннан өткізіп, өз кәдесіне жарату.
Үлкен тарихи мағлұмат беретін деректердің тобына қазақтың аңыздары жатады.Миф дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтін ғылым мифология– адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды. Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы.Аңыз– халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиға, әңгіме.
Өмірден ерте озған Қондыбай Серікбол деген жас ғалым арғы қазақтардың аңыз-әңгімелеріне өзінің 4 томдық еңбегін арнады. Қазақ фольклорының көп жылдар бойы зерттеген профессор Немат Келімбетов ертедегі ғұн тайпаларында дастандардың болғаны жөнінде болжам айтады. Еділ Бабамыз жөнінде европа халықтарында «Песень о небелунгах» және «Песень о моем Сиде» деп аталатын дастандардың барлығы белгілі. Одан кейінгі тарихи аренаға көтерілген түркі тайпаларында аңыз-әңгімелердің көп болғандығын Махмуд Қашғари өз сөздігінде атап көрсетеді.
Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады. Мақал нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдынғысындашарт не жалпы пайымдау, соң-ғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халықтық поэтикалық жанр. Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған, алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар. Оны паремиология деп атайды. Бұл гректің паремиа –нақыл деген сөзінен шыққан.
Енді мәтел сөзге тоқталайық. Мәтел өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шеңдестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мәтел мақалға жақын, сынар тармақ болып келеді.
54

Сөз үстемелене келіп түптің түбінде оның мақалға айналуы мүкін. Мақал мен мәтел бірін бірі толықтырып тұратын жанр.
Мақал мен мәтелдерді халық өзі туғызған. Ол қоғамның, жеке тұлға өмірінің барлық саласына қатыстыайтылады. Сондықтан да оның деректік маңызы өте жоғары. Мәселен Махмұд Қашқаридағы «Диірменде туған тышқан, тарсылдан қорықпайды» – деген мақалдан, сол кездің өзінде көне түркілер диірменге ұн тартқаның білеміз. Келесі бір мысал Орхон жазуларында, Күлтегінде толып жатқан мақал-мәтелдер халық жадында бар. Мақал-мәтелдерден біз сол замандағы халықтың шаруашылығына, мәдениетіне, рухани дүниесіне байланысты мәліметтерді көптеп кездестіреміз.
Қазақ фольклорындағы батырлар жыры ең құнды тарихи дерек болып табылады. Ол ғылымда «Қырымның қырық батыры» деген атпен белгілі. Осы күнде барлығы дерлік жаряланды. «Қарақыпшақ Қобыланды» жырының тарихилығы дәлелденді. Эпостағы жырланатын тұлғалардың көпшілігі тарихта болған адамдар. Эпос шығару өнері қазақ қоғамында ХІХ ғасырға дейін өз жалғасын тапты. Оған дәлел Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбайы», Нұрқан Ахметбековтың «Қарауыл қырғыны» эпосы.


  1. Қазақ ақындарының шығармаларындағы тарихи проблемалар

Ауызша тарихи деректердің үлкен бір тобы қазақ ақындарының шығармалары. Ханның қордасындаәр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар – халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.


Жыраулар поэзиясы сонау көне заманда пайда болып,әсіресе, Қазақ хандығы тұсында (XV ғасыр)кең өріс алды.
Жыраулардыхалық қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келген кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. ХV–ХVII ғасырлар арасы жыраулар поэзиясының гүлденген заманы.
Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары – туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Тарихта белгілі алғашқы жырау найман руынан шыққан Кетбұға. Оның Жошының өліміне байланысты шығармасы жөнінде дерек бар. Өкінішке орай оның толық нұсқасы бізге дейін жетпеген. ХIV ғасырдың аяғында өмір сүрген соқыр Ахмет, Фарқылық, Сыпыра жырау Сұрғұлтайұлы, Асан қайғы, Жұмақұл жырау, Шеге, Шорман және Бақтияр жыраулардың шығармаларында тарихи мағлұматтар мол. Одан кейінгі ғасырларда өмір сүрген Қазтуған Сүйіншіұлы, Доспанбет, Шалкиіз Тіленшіұлы, Жиембет және Марқасқа жырау, Қожаберген
55

жырау, Ақтамберді жырау шығармаларында сол кездегі қазақ қоғамының санқилы уақиғалары баяндалады.
Қожаберген жырау Толыбай ұлы (1663–1763жж) «Баба тілі» және «Елім-ай» поэмаларында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін шынайы түрде баяндайды.
ХІХ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ даласындағы шым-шытырық уақиғаларға куә болған, өздері де сол уақиғаларға араласқан ақындардың шығармаларында қазақи шындық толық баяндалады. Кеңес заманыңда «Зар заман ақындары» деген атқа ие болған Шортанбай, Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, Жарылғашұлы, Мұрат Мөңкеұлы,Әбубәкір Кердерішығармаларына көңіл аударылмады, мән берілмеді, олар шыңайы ба-ғасын ала алмады. Қазақтың болашағы, халықтың келешегі қыл үстінде тұр деп жырлаған ақындардың шығармалары, бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі.
Қазақ әдебиеттану ғылымына бұл терминді 1927 жылы енгізген М.О.Әузов.Ол заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып,Нарманбетпенаяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипаталды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отар-шылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
ОларРесей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясатын жан-жақты суреттейді. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласумақсатында пайда болған шығармалардың деректік мүмкіншіліктері мол.Бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жа-салған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.
Отаршылдық дәуірін зерттеп жүрген тарихшылар зар заман ақындарының шығармаларын деректердің басқа тұрлерімен салыстыра отырып пайдаланса, оның зерттеуінің сапасы жоғары болатындығына сенімдіміз.
Өз өлендерің жаза білген оны құйқылжыта әндете білген Сегізсері Бахрамұлы, Біржан Қорамсаұлы, Ақансері, Естай, Әсет өлеңдері тек қана музыка мәдениетіне қосылған үлес қана емес сонымен қатар шынайы тарихи дерек.

56





  1. Генеологиялық шығармалардың деректемелік маңызы

Келесі бір деректердің үлкен тобы – шежірелер. Ғылыми атауы – генеология (гректің тұқымтану деген сөзінен шыққан). Бүгінде бұл ғылым жеке пән болып қалыптасып отыр. Қазақ халқында шежіре қалыптасқан дәстүр, ата танудын негізі, рухани байлық. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың алғашқы зиялы қау-ымның өкілі Мақаш Баймұхамедов (1803–1897жж.) Астраханда шыққан бір кітапта былай деп жазыпты: «Хотя письменных источников по части исторического прошлого в Орде никаких не существует, но зато нет недостатка в преданиях устных, заслуживающих веры при отчетливомм знании киргиз – казаками своей генеологии»[Благонравов М.О. быте киргизов. Сб.ст. Астрахань. 1910. С. 282.]. Әрине бұл жерде авторменен таласуға да болар еді. Қазақ халқында жазбаша деректер болмады деген пікір шындыққа сәйкес келмейді, дегенмен оның қазақ баласы өз шежіресін жақсы біледі деген пікірін қолдаймыз. Өйткені әрбір қазақ өзінің жеті атасын білуге міндетті болған. Әрбір атаны 30 жылдан деп есептесек қазақ жұрты өзінің соңғы 200 жылдық тарихын жақсы білген. Шежіре, (арабша шаджарат –бұтақ,тармақ)


тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан
ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі.Ресей,Германия,Англия,Францияжәне көптеген шығыс елдерінде
Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан.Башқұрт,өзбек,түрікмен,қырғыз,Сібірхалықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдардалалық ауызша тарихнама(ДАТ) деп те әспеттейді.
Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы ХVІІІ
ғасырда белгілі болды. ХVІІІ–ХІХ ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов,А.Левшин, В.Григорьев, Л.Мейер, П.Рычков, М.Тевкелев,
Н.Гродеков, И.Андреев, Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, Ә.Диваев, т.б.зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатады. Рашид әд-Дин, Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.
Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған шежірелердің ең бағалылары – Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады. Сондай-ақ «Көшен-Қарауыл шежіресі» (ХVІІІ ғасыр), «Жәңгір хан шежіресі» (1835), Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», А.Ниязовтың «Үш жүздің шежіресі», А.Жантөриннің шежіресі, Потанин жазып алған Мұса
57

Шорманұлышежіресі, Ө.Бөжейұлының«Қазақ жұртының шежіресі», Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған «Орта жүз және Кіші жүздің шежіресі» (1894), «Насабнама» сынды шығармалардың да құндылығы жоғары.
Керей шежіресін алғаш рет қағазға түсіріп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған Дәулен Таузарұлы. Оны ұлы атақты Толыбай сыншы толықтырып, өзінің ұрпағы Қожаберген жыраудың қолына тигізді. Өз кезегінде Қожаберген, осы шежіре негізінде «Ата тек» деген дастан жазды. Қолдан қолға өтіп, керей шежіресі Сегіз сері Бахрамұлына жетті. Сегіз серіден кейін бұл шежірені жинап, жалғастырған Тәшмұхамед Тәбейұлы Барлыбаев. Осының бәрін бүгінгі ұрпаққа жеткізген белгілі фольклор танушы Қаратай Биғожин.
Қазақ шежіресін кеңінен пайдаланып жазылған еңбек Құрбанғали Халидтің «Шығыстың бес тарихы». Автор Орталық Азия, ШығысТүркістан халықтарымен қатар қазақ даласын мекенейтін ру-тайпаларға да тоқталады. Өзен-көл, жер, ру-тайпа аттарының этимологиясы жөнінде көптеген мәліметтер бар. Бір қызығы Құрбанғали Сары арқаны екіге бөліп, бірін Оң Арқа, екіншісін Сол арқа депайтатындығынмәлімдейді. Обь және Ертіс арасын ерте заманда Сол Арқа деп атаған.
Қазақ шежіресін алғашқы қағазға түсіргендердің бірі Мәшһүр-Жүсіп Көбеев (1857–1931). Ол өзінің кітабын 1911 жылы Орынборда шығарды. Кеңес заманында бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді. Мәжһүр шежіресінің ерекшелігі ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың өз тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан ол жазған шежіре оқуға өте қызықты.
Шежіреніөлеңмен жазған жерлесіміз Нұржан Наушабаев (1885–1919). Оның «Манзумат қазақия» аталатын 1903 жылы қазанда жарық көрген кітабына қазақ шежіресінің біраз материалдары пайдаланылған. Нұржанға еліктеп шежірені өлеңмен жазатындар көбейген.
Қазақ тарихнамасында шежіре деректерін деректемелік талдаудан өткізу қажеттілігін алғаш айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлы Көп оқыған, көп білген, шығыстың да батыстың да тарихи әдебиеттерімен таныс Шәкәрім қажы тарихи зерттеулерде батыс ғалымының әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттілігін түсінді. Әсіресе ол шежіре деректеріне үлкен күмәнмен қарап, оларды деректердің басқа да түрлерімен салыстыра отырып пайдаланады. Сондықтан да оның шежіре жөніндегі еңбегі шығыс және батыс тарих жазу дәстүрлерінің арасында жазылған.
Хронологиялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ол қазақ тарихын жүйелі түрде баяндауға тырысты. Шәкәрімнің Керей-Уақ жөніндегі пайымдалулары талас тудырып, осы күнгі қалаптасқан пікірлермен сәйкес келмейді.
Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға ұсынған, бірақ өзі қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан еңбегіндеқазақ шежіресіне арнаған бөлім бар. Онда қазақ шежіресіне сипаттама бере келе қожа және қазақ шежіресіне талдау жасайды. Ол шежіре тек ауызша, жазбаша ғана болып келмей оның өлеңмен айтылғанын да атап көрсетті. Бұл кітаптан жа-
58

зушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда өмір сүрген шежіреші қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы солардың ішінде ССРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмағамет те бар.
Шежіре жинау, оны зерттеу, ғылыми айналымға кіргізу жөнінде алдына жан салмаған ғалым – Әлкей Марғұлан еді. Кеңес үкіметі заманында шежірені өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылғанМұхаметжан Тынышпаев қазақтар жөніндегі алғашқы еңбектің авторы болды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын талқыға салды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Ташкент қаласында жарық көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Е. Бекмаханов өз еңбектерінде шежіре материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды. Одан кейінгі Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, М.Мұқанов, В.Востров, Н.Әлімбай, Б.Жакинжәне тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Моңғолия мен Қытайда Абақ Керейдің ру-тайпалық құрамын зерттеу кең етек алды. Зерттеу нәтижесінде бірнеше кітап жарық көрді. 1995 жылы Ұлан Баторда Сұлтан Тәукейұлының «Шежіре» деп аталатын кітабы оқырмандар қолына тиді. Шежіре схемалық түрде жазылған.
Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады.
Қазіргі таңда шежірені дереккөзі ретінде қарастырып, одан алынған мәліметтерге ғылыми пайымдаулар жасау, тарихи материалдармен байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының шежіресі «Өнер» баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. «Алаш» ғылыми-зерттеу орталығы да (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) шежіре деректерін жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жан-жақты баяндалудаТама-үш том, Табын-екі том, Кердері-бір томдақ, Керейт бір томдақ, Жағалбайлы- екі том, Рамазан- бір томдақ Телеу- бір томдақ, Жалайыр- екі том, Арғын- үш том, Найман- үш том, Дулат- екі том, Қаңлы- бір томдақ, Қаракесек бірлестігі-бір том,алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей»-төрт том, Қоңырат-1, Керей- бір томдақ шежірелері жарық көрді.Шежіренің қазақ қоғамындағы рөлі, одан алынатын құнды мағлұматтар тарихшы мамандар тарапынан зерттелу үстінде.
Шежіреге бүгінгі күні үлкен көңіл бөлінуде жер-жерде, әр облыстарда жергілікті рудың шежіресіне арналған кітаптар жарық көруде. 2010 жылы Қостанайда720 беттік керей тайпасының шежіресі жарық көрді.
Шежіре материалдарын ғылыми зерттеу дәрежесіне дейін көтерген ұмтылыстар да бар. 2007 жылы Алматыда Шыңғыстану институтында Мақсат Алпысбес есімді жас ғалым «Қазақ шежірелері тарихи дерек ретінде» атты тарих ғылымдарының докторлығы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертация – автордың көп жылдық еңбегінің нәтижесі еді. Ол шежірені тарихи дерек ретінде пайдаланудың ғылыми теориялық тұжырымдамасын

59

жасап олардың қазақ тарихын жазудағы негізгі дерек екендігін дәлелдеп шықты.
6.Әдет-ғұрыптық заңдары
Қазақтың әдеп заңы көне түркілердің Төресінен бастау алады, Шыңғыс ұрпағы билеген дәуірде. Шыңғыс ханның «Ясысымен» толықтырылып, бүгінгі заманымызға дейін жетті. Бүгінгі қазақ Конституциясы бола тұра, оған негізделген заң нормалары бола тұра, осы күнге дейін кейбір өмірлік жағдайларда әдет-ғұрыптық заңдарының нормаларымен өмір сүреді.
Әдет-ғұрып заңдары тасқа басылып, қағазға жазылмаса да халықтың санасына терең бойлап еңгендігі соншама, олар халықтың күнделікті өмірінің реттеушісі сияқты. Бүгінгі қазақтың көпшілігі жақында шыққан неке және отбасы туралы заңды білмесе де баяғы замандағы отбасының шаңырағы шайқалмай өмір сүріп келеді. Әке мен баланың, анасы мен қызының, іні-сіңілі, ағайын-туыс, көрші-қолаң арасындағы қарым-қатынас әдет-ғұрыптық заңның сарқыншағы. Әдет-ғұрыптық заңдар негізінде, қазақ қоғамындағы саяси құрылыс, әлеуметтік қарым-қатынас, рухани өмір жөнінде толық мағлұмат алуға болады.
Қазақ қоғамында ел билеген билер, сөз бастаған шешендер үлкен абыройға, зор құрметке бөленген. Олардың бір кездері айтқан сөздері афоризм ретінде біздін заманымызға дейін жетіп отыр. Олардың көпшілігі жиналып, зерттеліп, талданып тарихи деректік дәрежеге дейін көтерілді Көпшілік тарихи еңбектерде пайдаланып та жүр. Әдет заңдары оқу құралының келесі тараула-рында толықашылады.
7.Жер-су аттары тарихи дерек
«Еліңнің аты – тарихтың хаты»дейді халық, бұл сөзде үлкен мағына бар. Өйткені халық ат қойғанда ойланып толғанып барып қояды. Атаулар жөніндегі ғылымды «ономастика» деп атайды. Бұл ғылым тарих, география және лингвистика ғылымдарының түйіскен жерінде. Әсіресе жер атаулары, ел атаулары сонау көне заманда қалыптасып ауызша түрде бізге дейін жетіп отыр. Біздің негізгі міндетіміз сол атауларға зор ыждаһаттылықпен қарап, оларды мұқият тіркеп, жан-жақты талдау жасауымыз керек. Жер атаулары ауызша тарихи деректердің бір түрі. Бір қуанатын жағдай жер атауларын зерттеу Қазақстанның әр облысында үлкен талпыныспен жүргізілуде. Мұндай қызығушылықты мемлекеттің өзі де қолдап отыр. Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында мұндай зерттеулер жарияланып та үлгерді.
Қорыта айтқанда қазақ тарихының ауызша деректерінің зерттеу ісі қолға алынды, бірақ оның ғылыми тұжырымдамасы жасалып әдістері толық айқындалды деп айту қиын. Алматы, Астана, Қарағанды сияқты қалаларда деректану орталықтарын ашу кезек күттірмейтін мәселе. Шынайы қазақ тарихы деректердің әр тобын бірімен бірін салыстыра отырып пайдаланғанда ғана

60



жазылады. Осы салада зерттеу натижесін жариялап тұратын арнаулы басылым болса – құба-құп.
Әдебиет
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. –
Алматы: Қазақ университеті, 2002.–302 б.
Алпысбес М.Қазақ шежіресі: тарихнамалық-деректанулық зерттеу:

монография.–Астана: «BG-Print»ЖК, 2013.–380 б.


Төреқұлов Н, Қазбеков М. Қазақтың би шешендері 1,2 кітап. Алматы,1993.

Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі А.Мектеп,1986.
Сейдембеков А. Қазақтың ауызша тарихы:Зерттеу «Фолиант», Астана, 2008.–

  1. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет