«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


) мәдениетке шоғырланғандық ағымы



бет13/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс
СИЛЛАБУС Жүктану 2023-24, 13-ЛЕК, 12345678
2) мәдениетке шоғырланғандық ағымы (А.П. Валицкая және басқалары). А.П. Валицкая білім беру саласындағы «дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы білім беруге мәдени шығармашылық бағыт беру» деп санап, білім берудің ізгілікті парадигмасының мағынасын аша түседі; баланы, яғни мәдени әлемді тасымалдаушы ретінде ұғыну; мұғалімді педагогикалық шығармашылықты тасмалдаушы рөлінде түсіну; мектептегі білім беру үдерісін жеке тұлға мәдени-әлеуметтік кеңістікте еркін дами алатындай етіп ұйымдастыру.
3) классикалық педагогика ағымы (В.В. Кумарин және басқалары). В.В. Кумарин білім берудің дағдарыстық жағдайда екенін дәлелдей отырып, білім берудің табиғи қалыптасқан идеялары мен ұстанымдарына «қайта оралу» қажеттілігін басып айтады.
4) креативті-педагогикалық парадигма (жақтаушылары: И.А. Колесникова және т.б.)
ХХI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесінің парадигмасы өзгерді. Бұрынғы «Ғылым-Өндіріс-Білімге» негізделген парадигманың бір арнасының орнына «Мәдениет-Білім-Тарихқа» негізделген ізгілік парадигмасы келді. Жаңа парадигма жаңа білімге және ойлаудың жалпы әлемдік ұстанымдарына сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру ғана емес, оны өмірде пайдалану - іс-әрекеттілік әдіснамасы болып табылады.
Әлемдік педагогикада білім беру парадигмасы әр ғасыр сайын өзгеріп отырады («білімділік», «мәдениеттілік», «технократтық», «ізгілік», «адами-бағыттылық», «педцентрлік», «академиялық», «кәсіптік» және т.б.). «Білімді адам» парадигмасының орнына келген «өмірге дайындалған, өмір сүруге бейімделген іскер адам» парадигмасының айтулы айырмашылықтары баршылық. Сонымен, білімді адам бұл – өмірге өзіндік көзқарасы қалыптасқан көп білетін адам ғана емес, қазіргі кезеңде Республикамызда болып жатқан әр түрлі күрделі мәдени мәселелерді түсіне алатын, өмірден өзінің орнын таба білетін жеке тұлға.
Ал, Қазақстанның жаңа білім беру парадигмасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, үкіметтің білім беру саясаты мен тұжырымдық қағидаларына сәйкес қалыптасады. Қазақстандық ғалымдар Ж.Ж. Наурызбай, А.П. Сейтешев, Қ.М. Арынғазин, А.Д. Қайдарова және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым Қ.М. Арынғазин бұған мағыналы педагогиканы ұсынса, академик А.П. Сейтешев – «суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет» және білім берудің өзара байланысын қарастырады, ғалымдар «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты мәселелер мен оларды шешудің әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды, А.Д. Қайдарова көп парадигмалық тұғырды ұсынады.
«Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздері» атты докторлық зерттеу жұмысымызда білім беру саласындағы инновациялық үдерістердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттес және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңіне қатысу үшін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мазмұны мен оны қалыптастырудың әдістемесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздедік. Атап айтқанда: жалпы орта білім беру жүйесінің даму үрдістері қоғам дамуының «Мәдениет-Білім-Тарих» атты макропарадигмасы, педагогика ғылымы мен білім берудің қалыптасушы жаңа әдіснамасы аясындағы «білім берудің жаңа парадигмасы» пәнаралық түсінігі тұрғысынан мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтайтын бағыттар ретінде ашып көрсетілді:
- мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мазмұны мен оны қалыптастырудың әдістемесін анықтауға қажет негізгі әдіснамалық тұғырлар ұсынылды;
- мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың теориялық неіздерін ашылып, жүйеленді;
- мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынып, оның әдістемесі ғылыми тұрғыдан негізделді;
- мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің жасалған моделін тиімді іске асырудың педагогикалық шарттары анықталған болатын.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды сараптай келе, парадигма - теориялық стандарттар, әдіснамалық қағидалар, құндылықтар жиынтығы ретінде ғылыми іс-әрекеттер нобайы екендігін ұғынамыз. Біз жасаған талдауға сүйенсек, бұрынғы парадигма негізінде жаңа идеялар мен ұстанымдар туындайды, мұғалімнің даярлығын қалыптастырудың негізі пайда болады. Жалпы орта білім беруді дамытудың негізгі үрдістері: ізгілендіру; тұлғалық бағыттау, тұжырымдамалау, стандарттау, ақпараттандыру, технологияландыру және т.б.
Барлық тұжырымдамаларға талдау жасай отырып, білім беру саласындағы тұжырымдамаларды мазмұндық тұрғыдан төмендегідей етіп жіктеуге болады:

  • үздіксіз білім беру бағытындағы оқу орны жүйелерін дамыту тұжырымдамасы;

  • үздіксіз білім беру жүйесінің жекеленген бөліктерін дамыту тұжырымдамасы;

  • білім берудің жекеленген өзекті бағыттарын дамыту тұжырымдамасы;

  • ғылым мен оның айрықша бағыттарын дамыту тұжырымдамасы;

  • білім беруді жобалау тұжырымдамасы;

  • үздіксіз білім беру жүйесі оқу орындарындағы тәрбиені дамытудың тұжырымдамасы.

Кез келген парадигма – өзінше құрастырылған теориялық нысан. Көп парадигмалық тәсіл тұрғысынан білім беру реформасы – бұл адамдардың мақсатты бағытталған қызметін анықтайтын, өмірдің кейбір тұстарын қайта құрастыратын, сөйтіп бүгінгі таңда білім беру жүйесінің негізін өзгертетін әлеуметтік – білім беру тәжірибесі. Осыған сәйкес, П. Штомканың идеяларына сүйене отырып, білім беруді реформалау, біріншіден, педагогикалық бірлестік өкілдері үшін құндылықты қондырғылар мен құнды жаңалықтармен қалыптасады; екіншіден, әлеуметті – білім беру реформасын қолдайтын және оларды негіздейтін заңдылықтар, өлшемдер мен идеялар кешенімен анықталады; үшіншіден, педагогикалық бірлестік консолидациясы мен реформалау идеясының жанына бекітіледі, (жаңарту қажеттілігіне байланысты қоғамдық консенсус); төртіншіден, бірқалыптылық пен даму құндылықтарының тепе-теңдігімен қолдау көрсетіліп отырылады.
Ұғымды енгізген американдық тарихшы Т. Кун ғылыми пәннің дамуының парадигмалық кезеңін, парадигманың үстемдігі кезеңін, ғылымдағы дағдарысты және ғылыми революция кезеңін атап өтті. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған мәселелер ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы, танымның субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы ғылыми теория, белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қауымдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі парадигма ретінде танылады. Философия мен социологияда – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым. Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Бірінші типтегі мәнге Т. Куннің классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми ортадағы мәселелерді және олардың шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет