Сабақ № Тақырыбы: Анықтамаларды формулярға сәйкес дайындау



Дата29.01.2018
өлшемі68,72 Kb.
#35933
түріСабақ
Сабақ №

Тақырыбы: Анықтамаларды формулярға сәйкес дайындау
Мақсаты: Білімділік: Анықтама туралы түсінік беру. Анықтамаларды формулярға сәйкес дайындау үйрену.

Дамытушылық: Оқушыларды құжаттарды үлгіге сәйкес толтыруды үйрету. Логикалық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Құжаттармен жұмыс істеу кезінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке және мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарылатуға бейімдеу
Үйлестіру деректемелері: Құжаттар үлгілері.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту, аралас

Ұйымдастыру формасы: топтық, дербес, жұптық
Сабақтың өтілу әдісі: - коммуникативтік сөйлеу

- сөз әдісі

- әңгіме

- дәріспен жұмыс

- сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Құжаттар үлгісі салынған папкалар

Техникалық құралмен жабдықтау: Дербес компьютер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ақпараттық технологиялар, іс жүргізу,

информатика, өндірістік оқыту.


Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу.

Мотивациялық кезең: 1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

2. Қысқаша теориялық материалды еске түсіру.



Операциялық кезең: 1. Анықтама туралы түсінік.

2. Анықтамаларды формулярға сәйкес дайындау.

3. Мамандық бойынша іс қағазы үлгісімен таныстыру және жаздыру

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

5. Әдістемелер мен жұмыс.

6. Тапсырма бойынша жұмысты талдау.


Тәжірибе бойынша тапсырма: 1. Папкаларға салынған үлгілер бойынша жұмыс

2. Аударма жұмысын жүргізу



Рефлексивті-бағалау кезеңі: - сабақты қорытындылау;

- оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру;

- бақылау сұрақтары бойынша жұмыс істеу;

- тәжірибе жұмысын қорғау;

- сабаққа оқушылар жұмысына баға беру.

Үй тапсырмасы:

Бақылау сұрақтар: 1. Анықтама нені дәлелдейді?.

2. Анықтаманың мәтіні қалай құрастырылады?

3. Анықтаманың қандай түрлері бар?

4. Құжатқа қандай деректемелер кіреді?

5. Құжатқа кім қол қояды?
Қолданылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңзісдікті төмендету

бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа

оқыту жөнінде оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2007 ж.

2. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Қ. Дәулетқұлов «Жаңа

информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ».

Алматы, «Шартарап», 2001 ж.

3. Л. Дүйсенбекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2001 ж.

4. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы, 2004 ж.


Тақырып бойынша қысқаша материал
Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.

Ұйымдар жеке адамдарға басқа ұйымдарға тапсыру үшін қандай да бір ресми мәліметтерді растайтын құжат түрінде анықтамаларды жиі береді.

Анықтама беретін ұйымның тізбелері әдетте бұрыштама штампта немесе баспаханалық үлгідегі бланкіде сақталады. Құжат атауы, берілген уақыты және лауазымды адамның қолы – бұлар деректеменің жиынтығын құрайды. Құжат мәтінінде мынадай мәліметтер беріледі: анықтама берілген адамның аты-жөні; қажетті мәліметтер (кім болып істейді, жалақысы, көлемі, т.б.); анықтаманы қажет ететін ұйымның атауы. Анықтаманың заңдық күші ұйымның мөрімен бекітіледі.

Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады. Ұсыныс, қорытынды болмайды.

Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды, жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.

Мысалы:
мекеме Анықтама

штампы

__________________________________________________________________берілді себебі ол_________________________________________________________________

____________________________________________________(жұмыс істейді, оқиды)

Анықтама________________________________________________________________

_______________________________________________________көрсету үшін берілді


__________________ _____________ ____________________

(қызметі) (қолы) (аты-жөні)




ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ТАПСЫРМА
1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Деректі растау, жеке адамға байланысты, ақпаратты растау, бірнеше дана, анықтама нөмірленеді, анықтама мазмұны, анықтама мәтіні, кімге берілгені, мекеме басшылары, мекеме мөрі, не үшін берілгені, мөр басылады, жарамдылық мерзімі.


2-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз.

1. Арман Бақытұлының 3 курста оқитыны расталды. 2. Бүгін 150 анықтама берілді. 3. Келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылды. 4. Оның әкімшілікте жұмыс істейтіні анықталды. 5. Қызметкерлердің өтініші қаралды.


3-жаттығу. Сөз тіркестерді аударыңыз.

Шын мәнінде, салық испекциясы, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, тұрғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.




1 тапсырма. Анықтама үлгілерімен танысыңыз.
Анықтама № 74/1
21 қазан 2016 ж.
Осы анықтама Алматы қаласы Абай даңғылындағы 15-үй, 56-пәтердің тұрғыны Бейсебеков Болатқа берілді.

Оның отбасында өзінен басқа үш адам бар:

1. Жұбайы – Бейсебекова Майра, 1966 жылы туылған.

2. Ұлы – Бейсебеков Думан, 1990 жылы туылған.

3. Ұлы – Бейсебеков Айдос, 1994 жылы туылған.

Анықтама әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде.
Мөр орны “Асар” тұрғын үй ұжымының төрағасы А. Айдаров

Анықтама № 18/2
15 ақпан 2016 ж.
Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді.

Бейсебеков Болат шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Анықтама Әуезов ауданының салық инспекциясы үшін берілді.

Анықтама 4 ай өз күшінде.


Мөр орны Кадр бөлімінің бастығы С. Жолдасова

Анықтама № 34/1
2 мамыр 2016 ж.
Осы анықтама студент Ахатов Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде.


Мөр орны Оқу бөлімінің бастығы Ж. Сабырова

2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Анықтамалар кімге берілген?

2. Не үшін берілген?

3. Қайда тапсыру үшін берілген?

4. Анықтама кімнің атынан берілген?

3 тапсырма. Қатесін түзетіңіз.
Анықтама
Осы анықтама жолдас Жақыпов Жандос берілді. Жақыпов Жандос шын мәнінде Заң академиясының 3 курс оқиды.

Анықтама Ғылым Академиясы берілді.


Оқу бөлімі А. Назарова
4 тапсырма. Жағдаяттар бойынша анықтама үлгісіне құжат жазыңыз.

Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй, 12-пәтер.


Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет