«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/6
Дата04.07.2018
өлшемі0,6 Mb.
#47022
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде

2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Стефановская Т.А.Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе. Москва ,2000

2. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е.Жоғарғы мектепте білім берудің дидактикалық негіздері.Алматы,2003

3.Өстеміров К.,АйтбаеваА.,қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006



Дәріс 3

Дәріс тақырыбы: Педагогиканы оқытудағы технологиялар
Дәріс мазмұны:

1. Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде

2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері

3.Педагогиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалану


Негізгі ұғымдар:
3.1 Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде
Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

Оқытудың негізгі сипаттары:

-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;

-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;

-танымның ерекше үдерісі;

-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;

-басқарушылық.

Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие және педагогиканы оқыту үдерісіне қатысты.

Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу. 7-суретте оқыту үдерісінің құрылымы берілген.



Оқыту үдерісі
Субъект (лер) Субъект(лер)
(оқытушы (лар)) (студент (тер))
Оқыту Оқу

Бірлескен іс-әрекет

Өзара әрекеттесу
7-сурет. Оқыту үдерісінің құрылымы
Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.

Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.

Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттесуін кесте түрінде көрсетуге болады (8-сурет).









8-сурет. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттестігі


Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.

Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б.

Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.

Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Бұл қызметтер туралы 1.3 тарауында айтылған. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты және өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс-әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты.

Осылайша, педагогиканы оқыту үдерісі дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.
3.2 Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады [1, 24-бет].

Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар [2, 104-бет].



Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.

Педагогиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Педагогиканы оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.

Педагогиканы оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Педагогика бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.

Педагогиканы оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.

Сондықтан да, педагогика оқытушысы бірігіп істеген іс-әрекеттің (оның және студенттің) нәтижесі заңдылықтардың әр түрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн.

Заңдылықтар педагогиканы оқыту принциптерін анықтайды. Оқыту принциптері әрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді.



Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар [2, 247-бет]. Оқытудың барлық принциптері өзара байланысты, сондықтан оларды жүйе түрінде қарастырған жөн. Бұл жүйе жалпы дидактикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптерден тұрады. Дидактикада көрсетілген оқыту принциптерінің педагогиканы оқыту принциптеріне де тікелей қатысы бар екенін айта кеткен жөн. Енді сол принциптерге тоқталайық.

Жалпы дидактикалық принциптер оқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес анықтайтын педагогикалық теорияның, концепциялардың негіздері [3, 348-бет]. Олар мынандай принциптер:

-білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі педагогикалық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кәсіби-мәнді құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді;

-оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі ғылыми педагогикалық білім мен педагогикалық практика байланыстылығын анықтайды;

-оқытудың практикамен байланыстылығы принципі білім алушылардың шынайы педагогикалық үдеріс кезінде педагогикалық білімді қолдануын қарастырады;

-жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл принцип педагогиканы оқыту үдерісінің және мазмұнының қисындық құрылуын талап етеді. Мысалы, педагогиканы оқытуда алдымен «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін, одан кейін «Тәрбие теориясы», «Дидактика» бөлімдерін жалғастырып, «Мектептану» бөлімімен аяқтаған жөн;

-көрнекілік принципі білім алушыларға педагогика бойынша оқу материалын терең әрі саналы түрде өңдеу үшін оқылатын педагогикалық құбылыстар мен нысандарды ұсынады;

-саналылық пен белсенділік принципі білім алушылардың оқу мақсаттарын айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тәсілдерін өз бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мәнін түсінеді. Оқытудағы белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық және практикалық жақтары мен педагогика бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты мен нәтижесі болып саналады;

-беріктілік принципі білімнің білім алушылар санасында берік болып қалыптасқанын талап етеді, ол үшін студенттер танымдық белсенділіктерін танытып, оқығандарын практикада жиі қайталап, еске түсіріп отырулары керек;

-бағыттылық принципі педагогикалық білім беру мазмұнының болашақ педагог тұлғасын дамытуға әрекет етеді;

-сәйкестілік принципі педагогикалық білім беру мазмұнының педагогикалық ғылымдардың даму тенденциясына және кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттердің ұсынған талаптарына педагогтарды даярлау нәтижелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.



Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер – педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер [3, 349-бет]. Енді оларды қарастырайық:

-педагогиканы оқыту үдерісінің тұтастығы мен бірлігі принципі педагог пен білім алушының іс әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын көрсетеді;

-оқу жұмыстарының топтық және жекелік формалары мен оқу жұмысының тәсілдерін тең үйлестіру принципі педагогика мазмұнын меңгертудің тиімділігін арттырады, ол үшін білім алушыларды ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың түрлеріне тарта білу керек. Сонымен қатар білім алушыларды үйірме, клубтар және т.б. жұмыстарына қатыстыру қажет;

-оқуға деген жағымды қатынасты қалыптастыру принципі ғылымның әр түрлі салаларының мәліметтерін пайдалануды көздейді, педагогикалық білімдердің өмірдегі практикалық мәнін түсіндіреді.

Әр принцип белгілі бір ережелерден тұрады. Ереже дегеніміз оқытудың жекелеген аспектілерін ашып көрсету, принциптерді нақтылау. Олар педагогқа белгілі бір педагогикалық жағдаяттар туындағанда не істеу қажеттігіне нақтылы нұсқаулар береді.

Мысал ретінде 1950 жылдары жарық көрген оқытудың саналылық пен белсенділік принциптерінен шығатын оқыту ережелерін қарастырып көрелік:



  1. Оқу материалын жеңілдетпей түсіндір, оқы, анық әрі нақты, толық әңгімеле.

  2. Білім алушыларды сұрақтармен қатты қызықтыра біл, олар сені тыңдай отыра ассоциация құрсын, жаңаны өткенмен байланыстыра білсін.

  3. Сабақты жүргізе отырып, оқушылардың іс-әрекеттеріне, ойларына бақылау жасай біл, сұрақтар мен туындаған қиындықтарды анықтай білуге үйрен.

  4. Өмірден, практикадан көптеген мысалдар келтір.

  5. Өткенге сүйеніп түсіндір, білім алушының білімін, ұғымдарын пайдалана отырып әңгімеле.

  6. Сұрақ-жауап кезінде білім алушыға жауабының ойластырылған, қисынды, дәлелденген болуын талап ет.

  7. Әрқашан білім алушыға құбылыстың себебін және салдарын табуға үйрет [4, 94-бет].

Осылайша, заманауи дидактикада оқыту принциптері педагогикалық іс-әрекеттің және оқыту үдерісінің нәтижелілігіне бағытталған оқыту үдерісінің заңдылықтарына сүйенген жалпы ережелер, ұсыныстар ретінде қарастырылады.

Жалпы алғанда оқыту принциптері бір-бірімен тығыз байланысты, олар өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады, оқыту тәрізді бұл екі жақты мақсатты үдеріс және оның кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Педагог принциптер жүйесіне сүйену қажет, сол арқылы оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауға дәлелді түрде келеді.

Педагогика мазмұнын, оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде педагогикалық пәндер интеграциясы табылады.

Интеграция (лат. іnteger – тұтас) – тұтастыққа біріктіру, элементтер бірлігі; бірліктерді қалпына келтіру дегенді білдіреді [1, 33-бет].

Интеграция педагогикалық категория ретінде педагогикалық шынайылықтың жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми ұғым болып табылады, ол бір жағынан педагогикалық құбылыстар мен фактілердің белгілі бір тобын көрсетсе, екінші жағынан педагогика пәнін анықтайды.



Педагогикалық пәндер интеграциясы – педагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс.

Педагогикаға қатысты пәнаралық интеграция кең көрініс тапты. Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.

Интеграцияның бірнеше модельдері ажыратылады:

1-модель – білім берудің бір саласына қатысты бірнеше пәндерді біріктіретін курс құру. Бұл арада әр түрлі пәндердің мазмұнының салмақ үлесі бірдей, ал олардың өзара араласуы мазмұнды сапалы жаңа деңгейге шығарады.

2-модель – оқу пәндерін білім берудің бір саласы немесе бір пәннің негізінде блогке біріктіру.

3-модель – әр түрлі, бірақ тең дәрежедегі, сонымен қатар біреуі өз ерекшелігін сақтайтын, ал қалғандары көмекші негізде болатын өзара жақын білім беру салалары пәндерінің сәйкестігі негізінде топтастыру.

4-модель – оқу үдерісінің вариативті бөлігі алыстатылған білім беру салаларының пәндері біріктірілетін интеграцияланған курстарды құруды жорамалдайды.

5-модель – өткен тақырып пен жаңа тақырыптың интеграциялануы.

Интеграция педагогикалық үдерістің кез келген кезеңінде жүзеге асады:

-педагогикалық мақсаттар деңгейіндегі интеграция (белсенділік, дербестік, креативтілік секілді тұлғаның интеграциялық қасиеттері мен сипатына бағдарлану);

-мазмұн деңгейіндегі интеграция (интеграциялық бағдарламалар, интеграциялық оқу курстары);

-технология деңгейіндегі интеграция (интеграциялық формалар мен педагогикалық әрекеттестік әдістерінің вариативтілігі) [5].

Педагогикалық пәндер интеграциясының нұсқалары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, педагогика – педагогика тарихы; педагогика – әдістеме, педагогика (немесе әдістеме) – педагогикалық шеберлік негіздері және т.б. Осындай жақындасудың тиімді нұсқасын біз сұрақ тарихы – оның теориясы – теорияны жүзеге асыру әдістемесі деген парадигма негізінде көре аламыз.

Педагогикалық пәндерді осындай қисында оқыту қайталаудың болмауынан сақтандырады, теория мен практика байланысын іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибенің ондаған жыл бойы жинақталуын күтпестен, кәсіби іскерлік білімдерін іс-әрекетте белсендендіру мүмкіндігін туғызады.

Педагогикалық пәндер интеграциясы білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру туралы сұрақтың педагогикалық шешімін іздестірудің бір бағыты болып саналады. Ол студенттердің тұтас, жүйелі білімдерінің қажеттіліктері мен оқу үдерісінің пәндік құрылымы арасындағы қарама-қайшылықтар мәселесін шешуге көмектеседі. Интеграция педагогиканы оқыту үдерісінің интенсификациялау тәсілі болып табылады және студенттерді педагогикалық шынайылықты тануға, себеп-салдарлық байланыстарды ұғыну мен анықтауға, педагогикалық ойлауды дамытуға бағыттайды.

Сонымен қатар, педагогика сабақтарында тарихи, экологиялық, өлкетанулық және т.б. материалдарды қолдану білім алушылардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарының артуына, оқылып жатқан бөлім мазмұнының практикалық бағыттылығын ұғынуына және педагогикалық ойлауын қалыптастыруына негіз болады. Сондықтан, интенсификация тәсілінің бірі болып пәнаралық интеграция саналады. Педагогиканың басқа оқу пәндерімен пәнаралық интеграциясының бір нұсқасы 4-кестеде берілген.


4-кесте. Педагогиканың басқа оқу пәндерімен интеграциясы

Интеграцияланатын пән

Білім беру мазмұнының түйісу нүктесі

Философия

«Индивид», «субьект», «тұлға», «даму», «қалыптасу», «үдеріс», «қарама-қайшылық», «іс-әрекет», «қарым-қатынас» және т.б. ұғымдарының философиялық аспектісі

Тарих

Білім беру жүйесін қалыптастырудағы тарихи тұлға рөлі

Психология

«Индивид», «субьект», «тұлға», «даму», «қалыптасу», «үдеріс», «қарама-қайшылық», «іс-әрекет», «қарым-қатынас» және т.б. ұғымдарының психологиялық аспектісі. Білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері: мәні, құрылымы, қозғаушы күштері, уәжі, қызығушылықтары және қажеттіліктері

Әлеуметтану

Білім беру жүйесінің қоғамның даму үрдістері мен байланысы

Экономика

12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің экономикалық алғышарттары

Осылайша, педагогикалық интеграцияны мақсат, принциптер, білім беру мазмұны бірлігі және оқу пәндерінің өзара байланысы негізіндегі ірілендірілген педагогикалық бірліктерді құру ретінде қарастырған жөн. Педагогикалық интеграция ұйымдасқан және мақсатты бағытталған педагогиканы оқыту үдерісін құруға қажетті өзара байланысқан компоненттер (субьектілер, үдерістер, мазмұны, әдістері, құралдары және т.б.) үйлесімділігін көрсетеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегін атаңыз?

2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беріңіз?

3.Педагогиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ерекшеліктерін сипаттаңыз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Рыжов В.Н. Дидактика .Москва,2004

2.Құлшанова С.Мектеп педагогикасы. Алматы 2005

3.Хмель Н.Д.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы Алматы, 2005


Дәріс 4

Дәріс тақырыбы: Колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері

Дәріс мазмұны:

1.Форма, оқыту формасы, әдіс, оқыту әдісі, тәсіл, ұғымдар.

2. Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлері

3. Сынып – сабақтық оқыту жүйесі


Негізгі ұғымдар:

Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игеру, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығарып, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу, белгілі жолдармен тексеру.

Проблемалы лабораториялық зерттеу әдісі. Мұнда зерттеу гипотезасы ұсынылып, оны дәлелдеу жолдары қарастырылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері таңдап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Ол уақыт пен педагогикалық күш- қуатты көп қажет етпейді.

Практикалық әдіс. Бес кезеңге бөлінеді. Мұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибие сабақтарырда тексеріледі.

а)мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялық кезеңдермен үйрету;

ә)көрсету (инструктаж);

б)жұмысты жасап көру(екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе, қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзетуі;

в)жұмысты әркімнің өзі орындауы;

г)бақылау-оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу себебі ескертіледі уақытты,материалдарды үнемдеуі,жұмыстыдұрыс,әрі жылдам жасауы (Е.Я.Голант)

Практикалық әдіс,оқушылардың тапсырманы жауапкершілікпен орындауы, экономикалық ойлауы шаруаға бейімделуі. Оқушылардың еңбек процесіндегіжан-жақтыдағдылары қалыптасады. Орындалатын жұмыстың мақсаты, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспарын, кестесін құру, материалдар мен құрылғыларды дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қортындыны талдау.

Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы жағдаяттарды құру. Оның негізгі мәні- танымдық қызметті ынталандыру.Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ, математикалық,лингвистикалық ойындар, саяхат ойыны,электронды викторина түрінде, тақырыптық терілімдер мен ойындар «Конструктор», «Шеберлер», «Жас маман», т,б.

Кейінгі кезде ынталандыратын ойындарға түрлі әдістерді, пікірді күрделендіру, ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға кіріседі. Мысалы, парламент отырысынан көріністе, өздерінің ісі мен депутаттың қортынды ісін салыстыру.



Инстизация әдісі-түрлі формада, мысалы, алдын ала дайындалған диолог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасы.

Генерациялау «идея әдісі»-ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолдарын қарастырады.

Программалық оқыту әдісі. Программалық оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалдары программаланған оқулық кітаптарында беріледі,екіншіден, дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игеруге бағытталды. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда, тармақталған бағдарламаға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама да тармақталған комбинацияда құрылған.

Программаланған оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы, өзіндік ерекшелікте берілген. Мұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр позицисынан игергеннен кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулары тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсілі, машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары диспей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан, программалап оқыту тиімді деуге болады.

Ең кең тарағаны- бақылауды ұйымдастыру әдісі. Программалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауап табу. Қазіргі компютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте ендіре алады.

Білімді беруді бақылау.

Фронтальды және жеке-дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.

Жазбаша бақылау- аз не көп уақыт аралығында орындалып, соныменқатар-кең диагностикалық анықтамасымен ерекшелінеді.

Лабораториялық бақылау- сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс-тәжірибелер өткізуде, экспериментальді жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарында өтеді.

Машиналы бақылау- барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында бағдарлама жасалынып, электронды-есептеу машинасы қолданылады.

Мәтіндік бақылау- машинамен не машинасыз өтіледі.

Өзіндік бақылау- жіберген қателерді өз бетімен тауып, қате екендігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.

Ситуациялық әдіс- барлық әдістердің әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшелінеді.

Бұл әдісті педагог-психологтар мақсатқа жетудің жылдам орындалуын жекелеген әдіс төңірегінде шеше алмаған жағдайда қолданады. Демек, бұл шығармшылық, стандартталмаған әдіс болып саналады. Бұл әдіспен педагогтың бәрі клісе бермейді. Әдіс ситуациялауға байланысты стандартты емес шешімді, дәстүрлі емес жолдарды қолдануды талап етеді. Педагог осы шешімнен шығатын, себеп-салдарды алдын ала болжап білуі тиіс.

Берілген әдіс, педагогтың өзіндік шығармашылық жұмысы болып есептеледі. Ұстаздың шығармашылық қолтаңбасы оның көргендігімен, әрі педагогикалық процесті меңгерумен анықталады.

Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көп, неше түрлі, әрі шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқыту-танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі, индикативті қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздерінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын әлеуетті оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайды. Ғылымды берудің спицификалық таным әдістерін таныстыру, жеке-дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи жеке әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесін, мұғалімнің жеке басы мен шығармашылық ерекшелігін, оның әдістемелік, педагогикалық шеберлігін алуы керек.

Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі- оқу- танымдық стилімен ерекшеленеді. Стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруды оның жеке дара, әрі инновациялық- шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының күрделілігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықталуы,сынып оқушыларының санына әсер етеді. Олардың дене тәрбиесі, психикалық және ақыл-ойы, денсаулық деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым- қатынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік- кәсіби жеке басының даярлығы болуы керек. Сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіш талаптпрмен қоса, жаңаша технология, оқу- танымдық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылыққа дамуыны байланысты.


Бақылау сұрақтары:

1.Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлерін атаңыз?

2.Оқыту формалары мен әдіс, тәсілдерін атаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 244 бет.

2. Сластенин В.А. Избранные труды /В.А Сластенин. – М.: Магистр-пресс, 2000.

3.


Дәріс 5

Дәріс тақырыбы: Педагогика мамандығына кіріспе
Дәріс мазмұны:

1.Педагогиканың жалпы негіздері

2. Педагогика мамандығына кіріспе курсының мақсат, міндеттері

3.Болашақ педагогтарды даярлаудағы курстың маңызы

Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлануға бағытталған шағында жас ұрпақ тәрбиесіне барынша аландау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагоктарды даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдасы», «Қазақстан республикасының жоғарығы педагогикалық білім беру тұжырымдасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтардың да мазмұндарың жиі жаңартуда қажет етеді.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты- болашақ мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады.

Бұл пәннің негізгі міндеттері:

- қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету;

- мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;

- студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу;

- әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау.

Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді.

Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды.

Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады.

Қазіргі нарықтың эканомика жағдайында қоғамдық,өндірістік қатынастардың сипаттары өзгеріп,жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда оның бәсекеге қабілеттілігі,шығармашылығы заман талабына айналуда.

Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.

2004 жылы қабылданған және бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіби білім берудің (бакалавриат) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты» маманның құзіреттілік модулі негізделген. Бұл стандарт бойынша жоғарғы оқу орның бітірушілер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар анықталған.

Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.


Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет