Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


Баланың жүрегінің жүре пайда ақауының белгілері



бет6/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия
www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 9 б класс туралы малимет, Анест исправ 2021

Баланың жүрегінің жүре пайда ақауының белгілері


Жүре пайда болған ақаудың туындауы кезінде жүрек пен қан тамырларындағы патологиялық өзгерістерін мыналардан байқауға болады:

  • Физикалық күште және психоэмоционалдық қатты күш жұмсаған кезде күшейетін демікпе;

  • Тахикардия;

  • Талу;

  • Бастың айналуы;

  • Ми қызметінің нашарлауы. Мектеп жасындағы балаларда оқу үлгерімі нашарлай бастайды;

  • Әлсіздік пен ұйқышылдық.

Жоғарыда тоқталып өткен белгілер пайда бола саласымен баланы міндетті түрде, ертерек тексерту керек. Заманауи емдеу кейбір жағдайларда хирургиялық жолсыз-ақ алдын алуға қауқар жетеді.

Баланың жүрек ақауының диагностикасы


Жүрек-қан тамырлары жүйесі құрылымындағы ақаулардың бар екеніне күдіктенгенде жүргізілетін ең ақпараттық диагностикалық тексеру – ЭХО-кардиография. Зерттеу арқылы клапандардың, камералар мен қан тамырларының жағдайын толық бағалауға болады. Сонымен қатар көбінесе жүректің компьютерлік томографиясын, электрокардиографиясы мен рентгенге түсіру ұсынылады.

Баладағы жүректің туа және жүре пайда болған ақауын емдеу


Жүрек ақауы бар балаларды консервативтік емдеу негізінен аурудың белгілерін азайту мақсатында жүргізіледі. Алайда жүрек қызметінің физиологиялық қызметін хирургиялық жолмен ғана толық қалпына келтіру болады. Операция классикалық әдіс арқылы, яғни көкірек қуысын тіліп, жүрекке рентгендік тамыр ішінде жасалу әдісі арқылы ота жасауға болады. Бұл отаның мәні қолқаға немесе жүрекке қан апаратын қан тамырларына арнайы құралды кіргізуден тұрады. Олардың көмегімен рентгенографиялық бақылау жасай отырып, жүрек құрылысындағы ақауды жоюға болады.
Хирургиялық әрекеттің түрі мен отаның жасалу уақыты әр балаға жеке қарастырылады. Ауыр жағдайларда, яғни бала өміріне қауіп төнетін болса, сәбидің өмірге келген алғашқы сағатында-ақ ота жасалады.
Отадан кейін ұзақ уақыт оңалту курсынан өтетін болады. Оның негізінде қан ұюы мен аурудың асқынуын алдын алу, жүрек бұлшықетінің қоректенуінің жақсаруы жатыр. Ағзаға бұл уақытта А дәрумені (тіндердің қалпына келуін жақсартады), аскорбин қышқылы (ағзаныс қорғаныс күшін арттырады), В тобының дәрумендері қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет