Педиатриядағы шұғыл жағдайлар


Құрысу синдромының кезеңдері: Тоникалық



бет7/7
Дата15.04.2022
өлшемі407,67 Kb.
#139410
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педиатрия
0005977e-d44ba46a, энергия эл поля

Құрысу синдромының кезеңдері:

Тоникалық:

сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;

көзқарасы бір орнында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;

басын артқа шалқайту;

қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған.

Клоникалық:

басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырлады және жылдам жайылады;

  • тері қабаттары бозарған.

Жедел көмек алгоритмі

Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.

Қысып тұрған тар киімнен босату.

Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен оралған шпатель салу.

Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көктамырға немесе бұлшық етке).

Реланиум (седуксен) – 0,1 мл жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе

дроперидол – 0,2 мл/кг немесе

ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл — 200 мг)

Оттегі беру.

  • Құрысудың себебін анықтау және жою.

Анафилактикалық есеңгіру (шок)

Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:

  • Анафилактикалық шок – аллергенмен, антителла арасындағы аллергиялық реакция нәтижесінде бөліп шығаратын биологиялық активті гистаминнің көп бөліну арқасында болады.

Биологиялық токсикалық заттар:
  • Қан тамыры мембронаның өткізушілігі көбейеді, соның салдарынан шоктын клиникасы айқын дамиды.
  • АД – төмендейді, соның салдарынан науқас есінен танады, жүрегі соғады, терісі бозарады, пульсі әлсірейді.
  • Бронхоспазм – оның салдарынан ауа жетіспейді. Тыныс алу жетіспеушілігі ұлғаяды.
  • Ентігу, цианоз, қабырға арасындағы бұлшық еті демде қатынасады.

  • Себептері: Аллергияға бейім бала организміне әртүрлі аллергендердің (дәрі-дәрмектер, вакциналар, қан препараттары,тамақ аллергендері, химиялық заттар, жәндіктердің, гүлдер мен шөптердің әсері т.б) әсер етуінің жедел түрінде байқалады.

Белгілері: Қатты әлсіреу, бозару, қатты терлеу, есін жоғалту, дем алысының қиындауы, кейде тоқтап қалуы, қатты басы мен ішінің ауыруы, қан қысымының күрт төмендеп кетуі, тері қабатында бөртпелер пайда болуы.
Жедел жәрдем: Әсер еткен дәріні егуді тоқтату; басын төмен,аяғын жоғарырақ етіп жатқызу; дәрі егілген жерден жоғары жгут салу, дәрі егілген жерді айналдыра 0,1% адреналиннен 0,15-0,75мл егу; науқастың ішін аяқ-қолдарын қатты уқалау; тыныс жолдарын тазалап тұру, басын бір жағына бұрып жатқызу; ылғалдатылған оттегін беріп тұру; демі тоқтап қалса, жасанды дем алдыру.

Естен тану (талып қалу)

Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

Шұғыл көмек:

Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.

Қысып тұрған киімдерін шешу.

Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаринімен).

  • Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл – 6 айға дейін; 6-12 ай 0,1-0,2 мл; > 1ж. – 0,3-0,5мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет