Пән атауы: Эпидемиология және инфекциялық аурулардағы мейіргер ісі. Лектор



бет5/13
Дата26.04.2020
өлшемі33,76 Kb.
#64812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
іш сүзегі, А,В парасүзегі.Дизентерия.Сальмонеллез

А және В паратифтерінің морфологиялық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, патогенетикалық және клиникалық көріністері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар.

Паратиф А қоздырғышы - Salmonella paratyphi А. Паратифтің А түрінде жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа келеді, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, бастапқы кезеңінде кейде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың арты тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. Паратиф А кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормацитоз, кейде лейкоцитоз,лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түдрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. асқынуларына ауыспайды. Паратиф А-да аурудың қайталануы жиі болады.

Паратиф В қоздырғышы - Salmonella paratyphi В. Паратиф В кезіде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтығымен көрінеді. Кейбір жағдайларда паратиф В дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы (рецидивтері) дамуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет