Пән атауы: Криминология Тақырыбы: Экологиялық қылмыстылық



Дата04.12.2023
өлшемі35,23 Kb.
#194930
Байланысты:
криминология 3
58 урок. Муза сатиры

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы



Пән атауы: Криминология
Тақырыбы: Экологиялық қылмыстылық
Қабылдаған : Е.Мергенбаев
Орындаған:Д.Ходжаева
Тобы:ЗҚТ-011F

Түркістан 2023жыл



Жоспары:
1. Экологиялық қылмыстылықтың ұғымы, түрлері мен күйі
2. Экология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасайтын қылмыскерлердің типтері
3. Экологиялық қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттары мен оларды ескерту шаралары

Экологиялық мәселе – табиғи ресурстарды интенсивті эксплуатациялаудың нәтижесі, ғылыми-техникалық революцияның жағымсыз тұстары. Экология салаcындағы қылмыстылық туралы әлеуметтік бағыттағы зерттеулер әлдеқайда жемісті болды. Кӛп уақытқа дейін кәсіпкерлердің табиғатты аямай пайдалануы, қоршаған ортаны ірі мӛлшерді ластап, нәтижесінде адамзат денсаулығына зардаптар алып келуі қоғамда қалыпты жағдай болып есептелінді. Біртін келе ғалымдардың, сыншылардың ықпалымен экологиялық мәселенің ӛткірлігі саналы түрде мойындалды. Халықтың тарапынан айтылатын қарсылықтарға уәкілетті тұлғалар да құлақ түрді. Экологиялық белсенділер қоғамдық-саяси қозғалыстарға бірігіп, кейінен ол сайлауларда ӛз қолдауын тапты. Мұның барлығы заңнамалардағы, соның ішінде қылмыстық заңнаманың да ӛзгеруіне алып келді. «Экологиялық қылмыстылық», «экологиялық қылмыстар», «экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық» деген терминдер пайда болды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 13-тарауы түгелдей экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Алғашқы кодексте мұндай арнайы тарау болмады, экологияға байланысты жекелеген баптар «Шаруашылық қылмыстары» деген тараудан орын алған еді. Бүгінгі күні экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың қатарына мыналар жатқызылады: шаруашылық және ӛзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу; экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, ветеринариялық қағидаларды немесе ӛсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгiленген қағидаларды бұзу, суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу, атмосфераны ластау, теңіз ортасын ластау, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу, жерді бүлдіру, жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу, жер қойнауын ӛз бетінше пайдалану, балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе ӛсiмдiктерін заңсыз алу, балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, заңсыз аңшылық, жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын бұзу, ӛсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кетуі қаупi тӛнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бӛліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу, экологиялық ластау зардаптарын жою жӛнінде шара қолданбау. Экологиялық-құқықтық жауаптылықты белгілеу ӛте күрделі процесс болып табылады, себебі экологиялық құқық бұзушылықтардың аяғы қоршаған ортаға ӛте үлкен зардаптар әкеліп соқтыруы мүмкін. Экологиялыққұқықтық жауаптылықтың ерекшелігі, оны мемлекеттік органдар, прокуратура, сот, полиция сияқты басқа экологияға байланысты органдар да бақылауға құқықтары бар. Экологиялық-құқықтық жауаптылықтың институты ерекше сол, оның құрамына жер, тау-кен, су, орман, әкімшілік, қылмыстық құқықтары да кіреді. Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі қоршаған ортаны рационалды түрде пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастар, адам ӛмірі үшін қоршаған ортаны қолайлы етіп тұрақтандыру және қоғам үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, кейбір авторлар бұл жайында жеткіліксіз жазады. Біріншіден, рационалды күйде табиғатты пайдалану адам ӛміріндегі, тұрмысындағы қызығушылықтарды қамсыздандырады да, бірақ адам ӛмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі екінші орынға түседі. Екіншіден, негізгі мәселе құқық арқылы қоршаған ортаны қорғау барысындағы қатынастар емес, ең ӛзектісі адам ӛмірінің қауіпсіз және қолайлы болуын, оған қоса қоршаған ортаға деген қатынасымыздың немқұрайлы болмағанын қамтамасыз ету екендігін білген жӛн. Экологиялық қылмыстылық деп қылмыстық заңмен реттелінетін, елдің экономикалық қауіпсіздігіне, қоршаған ортаның қолайлығына және қоршаған ортаны рационалды түрде пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық іс-әрекеттердің кешенін түсінеміз. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін де криминологиялық мағынасы жағынан жауаптылықты шектеу бар. Экологиялық құқық бұзушылықтың санатына байланысты қылмыстық та, әкімшілік те жауаптылық кӛзделеді. Әкімшілік Кодексте экологиялық құқық бұзушылық мәселесіне жеке тарау арналған (21-тарау. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар» (224 – 399-баптар). Сонымен қатар Әкімшілік кодекстің 22-тарауындағы («Ӛсімдіктерді қорғау мен ӛсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ азық-түлік тауарларының ӛңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» және т.б. тараулардағы кейбір нормаларда экологиямен байланысты құқық бұзушылықтар қарастырылады. Экологиялық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы Экологиялық қылмыстылық – қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың денсаулығына зардап алып келетін, қылмыстық заңға сәйкес тиым салынатын және жазаланатын, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға, сонымен қатар адамдардың, қоғам мен ұлттың экологиялық қауіпсіздігін және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын, қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы экологиялық құқық бұзушылықтардың ӛте күрделі жиынтығы болып табылады. Планетарлық аспектіде қарастырсақ, экологиялық қылмыстылық Жердегі ӛмірді қауіп-қатерге тігеді. Біздің елімізде бұл қауіп ақиқатқа айналып отыр. Эколог мамандарының деректеріне сүйенсек, мысалы, тек Ресей Федерациясының ӛзінде ғана жыл сайын су қоймаларының диаксионды ластануынан 20 мыңдаған адамдар кӛз жұмады, атмосфераның озонды қабатының бұзылуынан тері ісік ауруына шалдыққандар да осы статистикалық деректі қайталайды, ал денсаулығын бұзып алған адамдар саны жүз мыңға жуық [Криминология. Долгова А.И. - М., 1997. - С.517]. Мемлекеттік экономикамыздың экстенсивті және белсенді дамуы, осы экологияның бұзылуына байланысты, тұтыну мен мүмкіндіктер арасында кӛптеген қарама-қайшы кӛзқарастар туғызады. Осы кері кӛзқарастардың пайда болуына орай, адам ӛмірінде және тұрмыста экологиялық құқық бұзушылықтар кӛбеюде. Чернобыль трагедиясы, Байкал кӛлі, Арал теңізі, Севан, Ладож кӛлінің мәселелері, құнарлы қара жердің құруы, флора мен фаунаның азаюы, пайдасыз және залалды ұмтылыстардың болуы, теңіздің, ауаның, теңіз бӛгендерінің ластануы, ғылыми зерттелмеген және заңсыз дефолнттарды мӛлшерден тыс пайдалану және оларды бақылаусыз ӛтуі, адам ӛміріне нитраттардың анағұрлым қауіпті болуы сияқты кӛптеген бітер-бітпес себептер қоршаған ортамызға адам баласының тигізіп жатқан аз ғана түрі, одан да басқа қаншама себептер бар. Қазақстанда және Орта Азияда егін жаюға қолайлы жердің кӛлемі орта есеппен – 50-60 млн. га құрайды. Ал қолда бар су ресурстары 810 млн.га егін жайды ғана суғаруға жетеді. Мұндай жағдайда суармалы егін жайды дамыту жолдарын дұрыс таңдауды қажет етеді. Қоршаған ортаның экологиялық қажеттіктерін, сондай-ақ Арал теңізін сақтап қалу мүмкіндігін ескермей суармалы жер кӛлемін кеңейту және шӛлді жерлерді интенсивті игеруден ӛзекті мәселелер туындады десек те болады. 1960-1990 жылдары Арал теңізі бассейнде суарылатын жердің кӛлемі 5,6-дан 7,4 миллион га жеткен. Арал теңізі 40 жылдың ішінде (1960-2000) 950 км 3 ӛзен суын ала алмады, нәтижесінде теңіз суының деңгейі тӛмендеп, кӛлемі ¾ қысқарды, ал су аясының кӛлемі жартысынан кӛп мӛлшерге түсті. Теңіздің ауданы дараланып, жағадан 100-150 км қашықтап кетті. Егер де 40 жыл бойында Семейдегі сынақ ядролық полигонында ӛткен ядролық қарудың сынағына келетін болсақ, ол халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орны толмас зардаптар алып келді. Орташа ӛмір сүру ұзақтығы 40-50 жастан аспайды. Радиацияның әсерінен адамдардың имунитеттері күрт тӛмендеп, аурудың саны ӛсіп отыр. Қатерлі ісік аурулары, анемия, терілердің зақымдануы, артериалды қысымның бұзылуы, қан мен буындардың патологиясы, мерзімінен бұрын қартаю, психикалық аурулар, суицид – бұлардың барлығы да полигонның қайғылы мұрасы. Семейдің бүкіл территориясы және полигонға жақын орналасқан Павлодар, ШығысҚазақстан және Қарағанды облыстарының аудандары экологиялық апатты аймақ атанды. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі – экологиялық қылмыстылық зардап алып келетін объектілердің бірі. Экологиялық қылмыстылық ұлтымыздың денсаулығын нашарлатып отыр. Оның онжылдықтағы жағымсыз зардаптарының жалпы мӛлшері жаудың ядорлық апатынан бірнеше есеге артық. Табиғи ресурстар мен стратегиялық ӛнімдер криминогенді топтардың кіріс кӛзіне айналған. Табиғатты пайдалану механизмі құлдырап, ішкі саяси және сыртқы саяси жағымсыз зардаптар туғызуда. Мардымсыз бағаға отандық шикізаттарды шетел асып жіберу арқылы деструктивті әлеуметтік топтарды дамытып, қамтамасыз ету үшін ұлттық табиғат жойылып жатыр. Осы бағытты дамыту мақсатында мемлекет басшылары ӛз елінің қауіпсіздігін ойлаудың орнына басқа әрекеттерге барып отыр. АҚШ сынды шет мемлекеттер сырт елден келген мұнайды пайдаланып, ӛз ӛнімдеріне қол салмай, стратегиялық резервке айналады. Экологиялық қылмыстылықтың тағы бір қауіпті тұсы, белгілі бір топ адамдарының қылмыстық қызметтерінен туындаған экологиялық қасіретін басқа құқық бұзушылықтарды жасауға азғырады. Ӛткен ғасырдың ӛзінде-ақ урбанизация және индустриализация сынды әлеуметтік феномендердің орны жӛнінде сӛз қозғалған болатын. Адамзат барға қанағат етпесе, құрдымға кетеді, деп ғалымдар ескерткен болатын. Аталған теориялар ӛз ӛзектілігін сақтап тұр. Бұрын қылмыстылықтың себебі мынадай тізбектен тұрса: тұлғалардың моральдан арылуы – әлеуметтік нормалардан ауытқуы - құқыққа қайшы іс-әрекет, ал қазір болса бұл қылмыстық жолға табиғатты қорғаушылардың ӛзі тұрды. Экологиялық қылмыстылық демографилық, әлеуметтік, экологиялық салаларға шынайы түрде үлкен қауіп тӛндіреді [Криминология. Учебник. /Отв.редактор. Рустамбаев М.Х./ - Т.: Издательство ТГЮИ, 2008.- 408 с.]: - ӛмір сүріп жатқан ортамыздың сапасының катастрофалық күйде ӛзгеріске ұшырауы, адам баласынын ӛмірінің қысқаруы, түрлі аурулардың күрт кӛбеюі, ӛлімнің мӛлшерден тыс кӛп болуы және халық арасында генофондтың күшеюі; - экологиялық аймақтарда қолайсыздықтардың ӛршуі, зерттелмеуі, жаңарылып жатқан табиғат ресурстарының деградацияға ұшырауы (топырақ құнарлылығы, балықтар әлемі, орман ресурстары және т.б.); - қайта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарының бітуі (минералды шикізаттар, кӛмір-сутегі энергиятасушылары); - техногенді катастрофалардың кӛбеюі; - судың үстіңгі және тӛменгі қабаттарының нашарлауы, теңіз жағалауларының бұзылуы; - радиоактивті бүлінудің жоғарылауы; - ауа бассейнінің күрт нашарлауы және климаттың қатты ӛзгеруі; - экологиялық аппаттардың нәтижесінде ас-тамақ сапасының нашарлауы. Мәндік сипатына қарай, экологиялық құқық бұзушылықтар экономикалық және халықтың денсаулығына қарсы құқық бұзушылықтарға жақын (табиғат ресурстарын құқыққа қайшы пайдалану, заңсыз аңшылық, балық шаруашылығы). Экологиялық қылмыстылықтың құрылымына келсек, қылмыстыққұқықтық негіздер бойынша мына түрлерге бӛлуге болады: - экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын; - суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын; - жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын; -жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы; - ӛсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы; - ерекше табиғи-биологиялық дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы бағытталған қылмыстылық. Экологиялық қылмыстылықтың латенттілігі ең жоғарғы қылмыстылық түрі болып табылады. Себебі, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрі ӛте кӛп және күн сайын үдеюі есебінен кейбір құқық бұзушылықтар айтылса, кейбір түрлері мемлекеттік құқық қорғау органдары атынан үнделмей, жасырынып қалады. Қылмыстылықтың латенттігі осы экологиялық құқық бұзушылықтардың кӛбеюіне септігін тигізеді. Себебі, кӛптеген ӛндіріс орындарынан, тұрмыстық аумақтардан қалдықтар ӛте кӛп бӛлінеді де, арнайы бӛлінген жерге емес, далалы жерлерге тасталынады да, сәйкесінше ауаны ластайды. Осындай жағдайларда, кінәлілер кӛбінесе тек қана әкімшілік жауаптылыққа ғана тартылып қояды, ал егер сотқа дейін жетсе, тек азаматтық сот тәртібімен қаралып, ең кӛп дегенде материлдық шығындар ӛтеліп, немесе айыппұл салынады. Қазіргі уақытта экологиялық құқық бұзушылықтар санының шынайы статистикасын білу қиын, алайда бұған қарамастан қоршаған ортаны қорғау мекемелері және құқық қорғау органдарында сақталып отырған статистикаға мән беретін болсақ, экологиялық құқық бұзушылықтардың санаты ӛте күрделі. Экологиялық құқық бұзушылықтар жалпы құқық бұзушылықтардың тек 1/5 құрайды. Мұны қоршаған ортаны қорғау, құқық қорғау органдары мен басқа да бақылау мекемелерінің табиғатқа немқұрайлылығы, деп білеміз. Ормандарды заңсыз кесу, топырақ қабаттарының және ӛсімдік қабаттарының бүлінуі сынды экологиялық құқық бұзушылықтар барлық кезде де ӛзекті болған. Нарықтық қатынастарға кӛшуімізге байланысты қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарға қол сұғып, оларды ұрлау, ӛндірілген минералды шикізаттарды заңсыз пайдалану сынды экологиялық құқық бұзушылықтардың ӛсу жағдайы жоғары болып тұр. Іс-тәжірибеде қылмыстық істердің кӛп жағдайда табиғат ресурстарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қозғалатындығына кӛз жеткізуге болады. Ал, басқа экологиялық құқық бұзушылықтар ше?! Мысалы, суларды ластау, бітеу және сарқу, атмосфераны ластау, теңіз аясын ластау сияқты адам ӛмірі мен денсаулығы үшін де аса қауіпті бұл фактілер бойынша қылмыстық істер неге қозғалмайды, қозғалып, неге қысқарады деген сауалдар кӛпшіліктің кӛкейінде тұрады. Экологиялық қылмыстылықтың себептері мен оларға әсер ететін жағдайлардың ерекшеліктері Экологиялық қылмыстылықтың себептілігін түрлі бағыттағы мәнжайлар құрайды. Бұл мән-жайлар қоғамдық қатынасқа тән қайшылықтардан тұрады. Нарықтық экономикаға мемлекетіміздің аяқ басуы ӛзінің жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз да тұстарын байқатты, қоғамның, мемлекет пен оның азаматтарының экологиялық және экономикалық мүдделерінің шиеленісуі байқалды, айналадағы қоршаған ортада деградация процесі күшее түсті. Бұл жағдайлар кӛбінесе, ӛнеркәсіп саласында жиі кездеседі. Ӛндіріс орындарының айналадағы қоршаған ортаға экологиялық зиян тұстары да бар, сол табиғатты тұрақты түрде қорғау үшін оны пайдаланушылар кӛп шығындануы тиіс. Сол себептен де ӛндіріс процесінің қатысушылары табиғатты пайдалану барысында заң бұзушылыққа жиі барады. Бір жағынан қоршаған ортаның ластануының себебі немқұрайлы пайдаланумен байланысты болса, екінші жағынан адамдардың табиғатқа деген кӛзқарастары дұрыс емес болып отыр. Мысалы, Еуропада және әлемнің басқа да бӛліктерінде діни де, зайырлы да идеологияны адамдардың ӛздері қарсы тұратын нақты қоршаған ортадан бӛлек алып, оны – табиғаттың патшасы, деп жариялаған. Осындай бағытты ұстанған атақты селекционер Мигуренконың мына бір фразасының мәнін түсіну қиын: «Біз ешқашан да табиғаттың жарылқауын күте алмаймыз, оның жақсылығын алу – біздің міндетіміз» [Иншаков С.М. Зарубежная криминология. - М., 1997. - С.260- 261]. Ғасырлар бойында адам санасында табиғи ресурстарға деген тұтынушылық қатынас қалыптасып қалды, олар формальды түрде табиғатты тиімді пайдаланушы, әрі қоршаған ортаны қорғаушы болып қалды. Уақыт ӛте келе тұтыну мӛлшерден тыс кӛбейіп, адамдар табиғат кӛзін таусылмайтындай, сарқылмайтындай кӛрді. Экологиялық қылмыстылықтың тым жылдам кӛбеюіне адамдардың табиғатты, оның ресурстарын жеке меншігіндей кӛріп, пайдалануы себеп болады. Яғни, адамзат айналасындағы болып жатқан апаттарды кӛрмейді, кӛргісі де келмеді, күнделікті жағдай ретінде қабылдайды. Қоғамның мүлкіне деген қамқорлық аз. Экологиялық қылмыстылық деңгейінің ӛсіп, тӛмендеуіне адамдардың экологиялық-құқықтық мәдениетінің деңгейі де әсер етеді. Экологиялыққұқықтық сананың деңгейі басқа факторларға қарағанда олардың рухани саулығымен анықталады. Сонымен, қылмыстылықтың жалпы себептеріне табиғат пен адамдар арасында туындайтын қайшылықтар жатады. Бұл қайшылықтар адамзат атауы пайда болғаннан бері бар, әлі күнге дейін жалғасын тауып жатыр: адам мен табиғат, оның бӛліктері; қоғам, мемлекеттің қоршаған ортаны пайдалану мүмкіндіктері мен оның жойылу және әлеуметтік қажеттігі арасында; табиғатты пайдалану және табиғатты қорғаудың жеке субъектілері ретінде қоғам, әлеуметтік топ пен жеке тұлға арасында. Бұл қайшылықтар ӛте күрделі әлеуметтік процестер құрайды, олар экономиканың құлдырауы тұсында заң бұзушылыққа, экологиялық құқық бұзушылықтардың тұрақты қалыптасуына жағдай жасайды. Экологиялық қылмыстылықтың себептілігі кешені жалпы себептермен қатар арнайы себептерден де тұрады. Қылмыстылықтың арнайы себептері сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Экологиялық құқық бұзушылықтар лауазымды және лауазымды жағдаймен айналыспайтын тұлғалармен де жасалынады, ол құқық бұзушылықтар қасақана да, абайсызда да, пайдакүнемдікпен де, басқа да ниетте болуы мүмкін. Қызметке байланысты экологиялық құқық бұзушылықтар жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтарына қарағанда, ӛте қауіпті және қоршаған ортаға үлкен залал алып келеді. Лауазымды экологиялық қылмыстылықтың себептерінің негізі (экономика мен экология, еңбек пен экономика, жекеленген ведомствалар, түрлі топтағы халықтарға қатысты саяси мүдделері арасында, қажетті және қолданыстағы басқару әдістері, сондай-ақ техникалық ресурстарды, технологияларды пайдалануда) ұйымдық – бақылау және әкімшілік – шаруашылық міндеттердің орындалу жағдайында жатыр. Міне, осы салаларда жоспарлау, бӛлу, жедел басқару, бақылаудың ұйымдастырушылық құрылымдарын, қоғамның қоршаған ортамен байланысын техникотехнологиялық және ресурстық қамсыздандыру, ӛндіріс мекемелерін құру, орналастыру сынды функциялар жүзеге асырылады. Сол үшін де табиғатқа байланысты шешім қабылдауда қызметкерлердің кім болғаны және қалай жұмыс істейтіндігі ӛте маңызды болып табылады. Табиғатты қорғау органдарының қызметкерлерінің немесе басшыларының асығыс және қате шешімдері ауыр зардаптар алып келіп жатады. Ӛндірістік, кӛліктік, ауылшаруашылық және шикізат ӛнімдерін ӛндіретін кәсіпорындардың басшыларымен жасалынатын экологиялық құқық бұзушылықтарға мыналар жатады: - суларды ластау, бітеу және сарқу; - атмосфераны ластау; - теңіз аясын ластау; -жерді бүлдіру; -жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу; - балық ресурстарын және басқа да жануарлар және ӛсімдіктерді заңсыз аулау; - экологиялық ластау зардаптарын жою жӛнінде шараларды қолданбау және басқалар. Бұл құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мыналар болады: - технологиялық мәдениеттің тӛмендігі: еліміз технологиялық деңгейі дамыған ӛндірістік елдерден артта қалады, кейбір ӛндіріс түрлерін экологиялық тұрғыдан тазалау мүмкін емес, олардан бас тарта да алмайсың; - ӛндірістік қызметтің, ауыл-шаруашылығының, кӛлік, ӛндіру шаруашылығының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін материалдық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі; - ӛндірісті экологиялық құралдармен жабдықтаудың есебінен ӛндірушілердің ӛнім құнының ӛзіндік құнын кӛтеруге ықыластарының болмауы; - экологияға деген ескі кӛзқарастың сақталуы. Дамыған елдерде экологиялық таза технологияны дамытқаны үшін салықтық жеңілдіктер, субсидиялар беру шараларын заңды түрде қарастырған, ал керісінше экологиялық лас ӛндіріспен айналысқандары үшін мемлекет оларды ірі мӛлшердегі айыппұлдармен күйретеді. Кейбір елдерде қылмыстық құқықтың субъектісі ретінде заңды тұлғалар қарастырылған, экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды тұлғаларға ликвидациялау түріндегі жаза қолданылады (ал басшыларды соттау тек жеке тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен шектеледі). Елде бұған мына жағдайлар кері әсерін тигізеді: - отандық заңнамада заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту шарасының қарастырылмауы (қылмыстық заңнаманың жобасында қарастырылған болатын); - отандық экономиканың даму қарқыны кӛңіл толатындай емес, айыппұл салып, оларды жаппай-ақ ӛнеркәсіптердің ӛздері аяқтарынан әрең тұр; - экологиялық зиян үшін ӛндірісті тоқтату, әзірге мемлекет үшін тиімсіз, бұл мәселені шешу ұзақ мерзімді стратегияны қажет етеді; - экологиялық зиян үшін технологиялардан біржақты бас тарту қорғану шарасына үлкен зардап алып келеді (кейбір қорғаныс ӛндірісі және эксплатациясы қоршаған ортаны түпкілікті ластайды) – бұл сала кезеңкезеңімен таза экологиялық зиян ӛндіріске кӛшуді талап етеді [Иншаков С.М. Зарубежная криминология. - М., 1997. - С.274-275]. Қазақстанның аймағына атмосферадан жоғары токсинді газды тектес және қатты заттар бӛлініп шығады. Түрлі стационарлы қайнар кӛздерден бӛлінетін қалдықтарды салыстырып қарасақ, онда оның кӛрсеткіші тӛмендегідей болады: 50% жылуэнергия кӛздерінен, 33% -таулы кәсіпорын және түрлі-түсті металлургиядан, автокӛліктерден 10-15% құраса, ал қалған 5-7%-ы басқа ӛндіріс салаларына тиесілі. Түрлі поллютандардан келетін қалдықтардың басым бӛлігі Шығыс Қазақстанда – 2231,4 мың тонна жылына, ал ол ӛз кезегінде Қазақстанға тасталынатын жалпы қалдықтардың 43% құрайды. Екінші орында Орталық Қазақстан тұрады – 1868 мың т/жылына және 36%. Атмосферасы аздау ластанатындарға Солтүстік Қазақстан 363,2 мың т/жылына (7%) және Оңтүстік Қазақстан 415,1 мың т/жылына (8%) жатады. Ең кең радиусты әсер ететін азот және күкірт қышқылдары, олар тез таралып, ауылшаруашылық ӛнімдерінің жаппай жойылуына әкеліп соғады. Экологиялық мәселердің саяси жағына тоқталсақ. Мысалы, Семей жарылыс полигонын алсақ, онда мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, оның қызметкерлері, саясаткерлер бұл маңызды ақпаратты ұзақ жылдар бойы тұрғындардан жасырған, халық үшін ол жабық аймақ болып келді. Бұл жаймен тұрғындар хабардар болғанда мыңдаған бала, қарияның ӛмірі мен денсаулықтары ауыр зардаптарға алып бармас еді. Экологиялық құқық бұзушылықтарды жекеленген тұлғалар жиі жасайды: балық ресурстарын және басқа да жануарлар және ӛсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу. Бұл қылмыстылықтың ортақ себептеріне мыналар жатады: қажетті шаралардың жеткілікті түрде жүзеге асырылмауы, қажетті құралдармен қамсыздандырылмауы, құқық қорғау қызметінің жеткіліксіздігі т.б. Қылмыстылыққа экологиялық объектілердің заңмен тиісті дәрежеде қадағаланбауы, әділ жазаның тағайындалмауы, бақылаудың дұрыс жүзеге асырылмауы немесе заңи қызметтің сапасыздығы да әсер етеді. Субъективті себептерге экологиялық-құқықтық сананың тӛмендігі, экологиялық мәдениеттің тӛмендігі, тұрғындардың орналасқан жері, топтардың экологиялық-құқықтық жағдайды түсінбеуі жатады. Соңғы кездерде, мӛлшерден тыс жер қойнауын ӛңдеу, ӛсімдіктерден шипалы дәрі-дәрмектер жасау сияқты экологиялық құқық бұзушылықтар күн санап кӛбейіп жатыр. Бұл құқық бұзушылықтарды пайда кӛзін табу мақсатымен және де табиғатқа жанашарлықпен қарамауы, аяушылық танытпауы себепті жасайды. Осы құқық бұзушылықтар «кӛлеңкелі нарықтың» қайнар кӛзіне де айналып отыр. Мысалы, браконьерлік немесе заңсыз балық аулау сияқты құқық бұзушылықтар. Браконьер сату арқылы ӛзінің қажеттіктерін сол жердегі тұтынушылардың және туған-туыстарының, достарының тұтынуларын қанағаттандырғысы келеді. Мұнан да қауіптісі адамдардың су кӛздері мен су бӛгендерін ластауы. Экологиялық қылмыстылықтың басқа да қырларын айтатын болсақ, ол адамдардың немқұрайлылығымен, сотқарлығымен, бұзақылығы, тағылықпен де жасалынады. Мысалы, мас күйінде орманда серуендеп, от жағып, сӛндірмей кету, әлбетте орманның ӛртенуіне себеп болады, сондай-ақ және орман ағаштарын жаппай кесу. Осы сияқты және жан-жануарларды бас салып ата беру, оның ішінде Қызыл кітапқа енген жануарларды ату, ӛлтіру, су кӛзін ластау, ауаны ластау сияқты қылмыстылықтың латенттілігі күнненкүнге ӛсуде. Шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға қатысты экологиялық қылмыстылықтың негізгі факторларына мыналады жатқызуға болады: -жеке азаматтардың шекарадан ӛтуін ұйымдастыруда мемлекеттік қызметшілердің дұрыс есепке алмауы; - мемлекеттік шекараны қорғаудағы кемшіліктер. Ал ӛз кезегіне осы қылмыстылықтың дамуының жағымсыз тенденциясы отбасын азық-түлікпен және құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету үшін ақша табу, тұрмыстық қажеттілікпен де байланысты. Бұл жағымсыз тенденцияның даму себебі мынада: -жұмыссыздық; - еңбек жалақысының уақтылы тӛленбеуі; - заңсыз қызметке азғыру және отандық және шетел қылмыстық топтардың қылмыстық жолмен пайда табуды ұйымдастыруда. Ӛкінішке орай құқық қорғау органдары экологиялық қылмыстылықтың алдын алмай, оны ескертпей, тек пайда болған қылмыстарды жоюмен немесе алдын алып, жаза берумен ғана айналысып, шектеледі. Заңнамада, экологияландыру концепциясының жүзеге асырылуы жағдайы тӛмен, экологиялық тыйым салулар мен табиғатты қорғау режиміне де салғырттықпен қарайды. Экология саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасайтын қылмыскерлердің типтері Әлеуметтік мәртебесі бойынша экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасайтын тұлғаларды мынадай категорияларға бӛлуге болады: 1) жеке тұлғалар (ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар): - эпизодпен экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасайтын тұлғалар; - топтасып немесе жекелеп пайдакүнемдік ниетпен қылмыстық құқық бұзушылық жасайтындар; - қылмыстық топпен жасайтындар. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жекеленген тұлғалар қасақана да, абайсызда жасауы мүмкін. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғаларға мынадай қасиеттер тән: менмендік, қоғамның мүлкіне салғырттық, залымдық, экологиялық нигилизм, ойына келгенін жасау, кез-келген жолмен адамның кӛздеген мақсатын жүзеге асыруға дайын тұруы, мәдениетсіздік және басқалар. Ал, абайсызда қылмыстық құқық бұзушылық жасайтын тұлғаларға келетін болсақ, кӛбінесе, адамның заңнамаларға мән бермеуімен, мамандандырылған дайындықтың жетіспеушілігі, қызметін асыра пайдаланумен сипатталады. 2) Ӛнеркәсіп басшылары мен кәсіпкерлер: - ӛндірістік, кӛліктік, ауылшаруашылық және шикізат ӛнімдерін ӛндіретін кәсіпорындардың басшылары; - құнды табиғи ресурстарды шығару және қалдықтарды кіргізумен маманданған отандық және шетел кәсіпкерлері. 3) Мемлекеттік лауазымды адамдар: - табиғи ресурстарды шетке шығаруды реттеп, бақылайтын мемлекеттік ведомстволар мен қызмет басшылары; - утилизация, сақтау, шетелден кіргізу, сондай-ақ зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды кӛму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызуды ұйымдастыратын уәкілетті орган (мемлекеттік ведомстволар мен қызметтер) басшылары; - әскери лауазымды адамдар. Ниетіне қарай экологиялық қылмыскерлердің типтері: - пайдакүнемдік ниетпен жасайтындар; - саяси мақсатпен жасайтындар; - әскери мақсатпен; - абайсыздықпен жасайтындар. Экологиялық қылмыстылықтың басым бӛлігі пайдакүнемдік ниетпен және абайсыздықпен жасалынады. Экологиялық қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттары мен оларды ескерту шаралары Адам - табиғаттың баласы. Себебі «туған жер», «отан - ана» сынды асыл сӛздерді халық тектен-тек айтпас, сірә. Ӛткен ғасырларда адамзат кешірілмес қателіктерді бастан кешірді: олар табиғат-ананы күңге, теңдесі жоқ табиғаттың байлығын күлге айналдырмақ болды. Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау – әрбір азаматтың парызы. Экологиялық қылмыстылықтың жалпы алдын алу шараларын адам мен табиғаттың арақатынасына әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік бағыттағы іс-әрекеттер құрайды. Барлық деңгейдегі антикриминогенді процестердің субъектісіне мемлекет, ведомство, мекемелер, қоғамдық мекемелер, қоғамдық құрылыстар және басқа да жекеленген азаматтар жатады. Табиғатқа деген тұтынушылық патологиясы, жайлы ӛмірге тәуелділік адамдарды барға қанағат қылмай, табиғи ресурстарды таусылмастай кӛріп, ысырапқа салып, тек ӛлімсі қалдықтарды қайтаруға бейімдейді. Кейбір елдер күні бүгінде тұтынушылықтың шыңына жетіп, ӛз елдерінің ресурстарын азырқанып, ашкӛздікпен ӛзгелерге мойнын созып отыр. Сонымен, экологиялық қылмыстылықтың басты факторлары мыналар бола алады: - тұтынушылық патологиясы; -жекеленген мемлекеттердің ӛзге елдердің ресурстарын ӛздері толық иемденіп алуға ұмтылуы. Осы басты екі фактор белсенді түрде табиғатты жойып, планетамызды құрдымға жіберуге әзір. Экологиялық қылмыстылықтың алдын алудың басты бағыты халықтың экологиялық мәдениетін, осы саладағы мемлекет саясатын ӛзгерту болып отыр. Қылмыстылықтың жалпы алдын алуда әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралардың орны ерекше, ал олар ӛз кезегінде қоршаған ортаға интенсивті әсер ететін ӛндірістік кәсіпорынның барлық таулы, металлургиялық, энергетикалық және басқа да ӛндіріс салаларын жетілдірумен, ауыл-шаруашылық ӛндірісін дамытумен, жерге, асыл тұқымды ауылшарушылығындағы жануарларға мұқият қараумен, жабайы жанауарлар мен басқаларының ортасын сақтаумен, ресурстарды үнемдеумен, атмосфераға, суға келетін зиянды кеміте отырып, заманауи кӛліктерді дамыту және эксплуатациялаумен тығыз байланысты. Жердің құнарлылығына, ауыл-шаруашылық ӛнімінің, жануарлар мен ӛсімдіктер әлемінің, судыңсапалылығы оларға құқықтық әсер етудің тиімдісін таңдау мүмкіндігін (аңшылық, балық аулау, ағаштарды кесу, т.б.), түрлі сондай – ақ қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ӛнеркәсіпте, ауылшаруашылықта қолданудың жарамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған антикриминогендік іс-әрекеттерге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар әруақытта да ғылыми - негізделген болуы қажет. Осыған қоса адамдардың жүріс-тұрысына, еңбек жағдайына, әдетғұрыпы, дәстүріне, ӛзін-ӛзі тануына, ӛзін бағалуына және басқаларға әсер ететін географиялық-климаттық және басқа да факторларды міндетті түрде ескерген жӛн. Адамның әрдайым да қоғамдық және жекеленген деңгейде экологиялыққұқықтық санасын жетілдіріп отыруының маңызы ерекше. Бұл мәселелердің шешімі барлық экологиялық-алдын алу қызметтерінің негізгі потенциалында жатыр. Ол экологиялық-құқықтық санадағы кемшіліктерді, жағымсыз негативтерді жеңуге нақты мүмкіндіктен болар. Экологиялық-құқықтық тәрбиені жетілдіру шараларына мыналар жатады: адамдардың құқықтық тыйымдарды сақтауы, экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық бекітілген нормалар туралы ақпаратпен халықты хабардар ету және үгіт-насихат жүргізу, азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және басқалар. Экологиялық қылмыстылықтың алдын алу шаралары тиімді болуы үшін жалпы, әрі арнайы сипаттағы профилактикалық шараларды белсенді қолдану қажет. Арнайы алдын алу шараларына мыналарды жатқызамыз: қылмыстыққұқықтық тыйымдардың сақталуын қоса алғанда; экологиялық маңызы бар жүріс-тұрыстарды бақылауды жетілдіру, экология құқық бұзушылықтар немесе экологияға қатысты топтардың қызметтерінің мәнін ӛзгертетін шаралар, мән-жайлар жӛнінде тиісті инстанцияларға хабар беру; арнайы режим қою және технологияларды және басқару функциялары мен процестерді жандандыру; экологиялық зиян әрекеттерді жасауға нормативтік тиым салу және т.б. Бақылаудың объектілеріне комплекстер, аймақтар, учаскілер, сулар, атмосфера, хайуанаттар әлемі, су бӛгендері, ормандық массивтер жатады. Содан басқа, жеке азаматтар мен адамдардың топтарына да қатал түрде бақылау жүргізілуі керек. Бақылаудың субъектілеріне құқық қорғау органдары, табиғатты қорғау инспекциясы, қоғамдық мекемелер, ведомстволық бақылау органдары және басқа да бақылау субъектілері жатады. Сонымен қатар, табиғаттың жағдайын тексеру, рейд жүргізу, патрульдік, қарулар мен оқ-дәрілерді ликвидациялау, белгілі бір табиғи аймаққа кіру барысында тексерістен ӛткізу режимін тұрақтандыру да кіреді. Ең маңыздысы, ол экологиялық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың сақталуын қадағалау. Ол дегеніміз, табиғатты қорғауға прокурорлық қадағалаудың, әкімшілік қадағалаудың болуы, табиғатты пайдалануға рұқсат беру жүйесінің қызмет етуі болып табылады. Экологиялық қылмыстылықтың алдын алудың бірден-бір пайдалы прокурордың ұсынысын, қаулыларын, наразылығын, соттардың жеке анықтамаларын, ішкі істер органдарының ақпараттарын, табиғатты қорғау органдарының ақпараттарын назарға алу. Табиғатты қорғау жӛніндегі заңнамаларды жетілдірудің профилактикалық маңызы зор. Заманауи тиімді режимде ғылыми негізделген қоршаған ортаға қоғамдық қауіпті қолсұғушылықты криминализациялау мен декриминализациялау процесі экологиялық - құқықтық саясатты реализациялаудың жалпы құралдарына сәйкестендіріліп жүзеге асырылуы тиіс

Негізгі әдебиеттер:


1. Криминология: Жалпы және ерекше бӛлім. Оқу құралы. Алматы, 2016.
Бижанова А.Р., Жүнісова Г.Ә.
2. Криминология.Учебное пособие. Алматы, 2015. Бижанова А.Р.
Қосымша әдебиеттер:
1. Проблемы рецидивной преступности: теория и практика. Монография.
Туркестан, 2011. Б.И.Накипов.
2. Криминология и виктимология (в схемах). Учебно-методическое пособие.
Алматы, 2017. Сартаева К.Р.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет