Пән атауы: Педагогика Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау Орындаған



бет1/2
Дата30.12.2021
өлшемі67,63 Kb.
#106746
  1   2
Байланысты:
Жиенбекова Бибімариям пед
Жиенбекова Бибімариям пед, 8 сынып БЖБ І нұсқа жаңа

АХМЕД ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ



Факультет: Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Кафедра: Білім технологиялары

БӨЖ


Пән атауы: Педагогика

Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

Орындаған: Жиенбекова Бибімариям

Тобы: ПМД-911

Қабылдаған: Джаздықбаева Мария

2020ж

Жоспары:

1. «Тұтас педагогикалық үдеріс диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарының мәні


2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау
3.

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау Бұл топқа мынадай ұйымдастыру – педагогикалық ықпал жасау тәсілдерін жатқызуға болады: педагогикалық кеңес, кәсіптік қатынас, нұсқаулар.

         Педагогикалық мәжіліс. Қазіргі мектептерде педагогикалық мәжілістің мынадай түрлері бекітілді: педагогикалық кеңес, мектеп кеңесі, әдістік кеңес, өндірістік мәжіліс, директор жанындағы мәжіліс, әдіс бірлестігінің отырысы, педагогикалық мәслихат (консилиум) педагогикалық жылдамдық (оперативті).

         Бұл әдіс оқу-тәрбие үрдісінің маңызды мәселелерін шешуде, оның дәрежесін көтеруде, маңызды және күрделі келелі мәселелердің алқа шешімімен қабылдауға мұғалімдердің белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

         Кәсіптік қатынас. Кәсіптік қатынас, басқару әдісі ретінде жұмыс тәжірибесін алмасу тәсілін ұйымдастырушы, педгогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектепте таратушы болуы. Мұғалімдердің педагогикалық қатынасын ұйымдастыру ең алдымен ұжым мүшелерінің мамандығын көтеруге бағытталған. Кәсіптік қатынастың мынадай түрлері өздерін жоғары нәтижелілігімен көрсете білді: педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференция, педагогикалық көрме, ашық, панорамды сабақ, ашық тәрбиелік жұмыстар.

  Әлеуметтік-педагогикалық қатынастар.

         Педагогикалық ұжымға ықпал жасау бұл шығармашылық белсенділік ортаны жасауға, оларда жайлы психологиялық райды қалыптастыру мақсатында педагогикалық жұмыс көлемін қалай қолайлы дұрыс бөлу, сабақ кестесін жасау, олардың уақытына ұқыпты қарау, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды ендіру, қайсылары жоғарыда көрсетілгендей табысты шешуге мүмкіндік жасайды. Осы міндеттерді табысты шешуге бағытталған педагогикалық ұжымдардың жұмыс тәжірибесінде осы шараларға қосымша арнайы әдістер анықталған. Оларға жататындар мыналар, келешегі мол саланы ұсыну, мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, бірыңғай талап, дәстүрлер, қайсылары белсенділікті көтеруге, өзара көмекке еңбек ұжымдарының мүшелерінің арасындағы жолдастыққа бағытталған.

  Психологиялық-педагогикалық әдістер.

Психологиялық-педагогикалық әдістер ең алдымен ұжым мүшелерінің жеке басының мінез-құлқына, олардың жауапкершілік сезімін бекітуге, мұғалімдердің белсенділігін көтеруге, ықпал жасайды. Олардың ортасына мынадай бекітілген тәсілдердің үлкен мағынасы бар: сенім, жеке үлгі, мадақтау, сын, өзара сын.

Сенім. Сенім үрдісінде ерекше роль дәлелдемеге және дәлелге жатады. Сенімнің ең көп таралған түрлері: дәлелдеу, түсіндіру, иландыру, үгіттеу, насихаттау, кеңес беру, тәрбиелік шаралар ретінде, мәжбүр ету.

Жеке басының өнегесі. Тәрбие мекемелерінде әрбір қылықтың мәні қоршап тұрған орта үшін жағымды немесе жағымсыз өнегесі болуы мүмкін. Адамның жеке өнеге әдісі, педагогикалық шеберліктің үлгісін, қызметтің дайын түрлерін ұсына отрып, мысалы, мектеп басшыларының жиі ашық сабақ жүргізуі, сын және өзара сын құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Мадақтау. Қазіргі кезде мектепте моральдық және материалдық мадақтау мен сыйлықтардың әр алуан түрлері қолданылады: мақұлдау, көмектесу, алғыс айту, сыйлық беру, өкілетпен жіберу, ерекше белгілер, құрметті атаққа, өкімет сыйлықтарына ұсыну т.б.



Сын және өзара сын. Сын және өзара сын, жолдастық ықпал жасау арқылы ұжым мүшелерінің жұмысындағы жағымсыз жақтарды, әлі де пайдаланылмаған қорды ашу жолы тәсілімен қателіктерді жібермеу мақсатындағы жаңа мүмкіндіктерді түзету, өзара талап қою жағдайын жасау, еңбек жағдайын жақсарту болады. Әдептілікпен әрбір жеке адамға тілектес қатынас, жағдайды жақсарту іскерлігі және қайшылық жағдай кезінде қатынасты жөндеу.

Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми - практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика - оқу үрдісінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі, танымдық үрдісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектеп басқаруда орын алатын негізгі ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі қате таптым болады. Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар: 1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялық әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу; 2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға көмектесу; 3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау; 4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін анықтауға бағыттау. Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалықрефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді: oo кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу; педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылықтарды жоюдың жүйесін жасақтау; oo ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б. шаралар; бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру. нақты мақсатқа бағытталу; анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану; ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу; тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік; нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы. Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі мынадай диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады: Тұлғалық қасиеттері: адамгершілік және педагогикалық мәдениеті; кәсіби парызын сезінуі мен жауапкершілігі; гуманистік және демократиялық көзқарастары. Кәсіби дайындығы: пән бойынша арнайы мамандығы; әдістемелік дайындығы; психологиялық дайындығы; тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі. Нәтижелік әрекеттері: оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы; оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру; саналы тәртіпке бағыт беруі; өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі; ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі. Диагностика педагогикалық қызметтің мынадай сипаттарын көрсете алады: кәсібилігіне ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы; кәсіби құзырлылығы мен педагогикалық шеберлігі; іс-әрекетінің нәтижелілігі. Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады: өзіндік білім алуға ынталылығы; шығармашылық жұмысқа ынтасы; адамгершілік, тұлғалық ерекшеліктері; өзіндік білім алудағы ерікжігері, қиындықтардан жол таба білуі; өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі; өзін-өзі бақылауда, бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.

Диагностика қорытындыларын талдау барысында оқытушылар мен оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоционалдық, мінез-құлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері туғызылады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асырылады. Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар: 1. білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы барлық сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім сапасын тексеру қорытындысы: оқу жылы басы және аяғындағы оқушылар саны, келім-кетімді бақылау динамикасы; ауруына байланысты, не себепсіз сабақ жіберу кестесі; әртүрлі есепке алынғандар (отбасы жағдайы туралы, әлеуметтік, денсаулық деңгейі бойынша); оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі; ыстық тамақпен қамтылу деңгейі; ұзартылған топқа қатынасатындар. 2. сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының сапасы бойынша: дене тәрбиесі көрсеткіштерінің тиісті деңгейге сәйкестігін талдау; жыл сайынғы өзгерістері; еңбек практикасының өнімділігі, нәтижесі; сыныптардағы және мектеп бойынша өткізілетін щаралар деңгейін бағалау; оқушылар палатасы қызметін өзіндік бағалау; ата-аналардың мектептегі іс-шараларға қатысу деңгейі. 3. әлеуметтік-психологиялық қызмет сапасын талдау: оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш, жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар); педагогикалық ұжымдағы ахуал деңгейі; ата-аналармен отбасылық таным қызметі; мектепке дайындық деңгейі; мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі. 4. әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет: әдістемелік жұмыстың педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары; педагогикалық шеберліктіарттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар; рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі. 5. мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау: білімдік-мазмұндық; нормативті-құқықтық; бағдарлық-әдістемелік; материалдық-техникалық; қаржылық. Басқару үнемі өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс- әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат - міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база балып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Мектепішілік басқарудың әр түрлі жақтарын демократияландыру кезінде мектепте бақылау керек емес деген әңгімелер туындап отырады. Дұрыс емес деп ойлаймыз. Бұл көзқарастың туындауы мектепішілік бақылаудың мәнін дұрыс бағалағандықтан және барлық тексерістерді өткізу кезінде инспекторлық та қатаң әкімшілік ету. Айтылған бағыттардың әрқайсысына тоқталып кетейік. Ең бастапқысы мектепішілік бақылау ұғымын ашып көрелік. Т.И.Шамова мектепішілік бақылауға мынадай сипат береді. Мектепішілік бақылау мектептегі оқу- тәрбие жүйесінің дамуы және жалпы мемлекеттік талаптарға, оқу жоспарларына, бағдарламаларға сәйкес жұмыс жүргізу процесі деп қарастырылады. Н.А.Сорокин өзінің Дидактика оқулығында мектепішілік бақылауды былай қарастырады. Бақылау- тексеру мақсатымен жүргізілетін жүйелік есепке алу,байқау және тексеру. Белгілі педагогиканы зерттеуші Ю.А. Конаржевский мектепішілік бақылауға мынадай ұғым береді. Мектепішілік бақылау бұл- Не? және Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін мектепішілік ақпараттың негізгі, бастапқы ағымы. Орыс ғалымы В.П. Симонов Педагогикалық менеджмент оқу құралында: Мектепішілік бақылау- келіп түскен ақпараттарды өңдеу, реттеу, талдау және бағалау- деп қорытындылайды. Ал В.И. Зверева өзінің Мектеп басқаруды табысты ету жолдары кітабында: Мектепішілік бақылау - әр түрлі топтағы оқушылардың білім алу,тәрбиелену және даму деңгейін анықтауға және оны бағалау, жоспарланатын деңгеймен салыстыру, бір- бірінен ауытқушылық дәрежесін және себептерін белгілеуге бағытталған деген түйінге келеді. Яғни, барлық ғалымдардың еңбектерін қорытындыласақ, мектепішілік бақылау- танымды қамтамасыз ететін басқарудың бір бөлігі деп сипаттауға болады. Нақты дәләлсіз, ақиқатсыз, дәлелдерді тексерусіз дұрыс басқару мүмкін емес. 2. Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері. Бақылаудың мақсаты және тақырыбы болуы ешкімді күмән туғызбайды. Ал осыны жоспарда дұрыс ашып және мектеп өмірінде қалай іске асырылатынын бәрі біле бермейді. Яғни , әр әрекетті дұрыс түсіну және белгілеу қажет, оның ішінде мектепішілік бақылау жүйесіндегі әрекеттерді . Мақсат қою – басшының соңғы нәтижені көздейтін бақылау- диагностика әрекетінің бастапқы кезеңі.Практика көрсеткендей, таңдау ең бірінші мектеп жұмысының жаңа оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттермен айқындалады. Бақылау мақсаты мектептің оқу жылына арналған мақсаттармен бірдей болу керек. Мектептегі білім беру процесінің бақылаудың негізгі мақсаттары: -білім беру саласындағы басқарушының шешімдерінің орындалуын құзіретті тексеру; - орындаушылар әрекетіндегі кемшіліктерді шебер, әдептілікпен және жедел жөндеу; - талдаушылық біліктілік пен дағдыларға сүйене отырып, басқарушылардың басқарушылық әрекетін жетілдіру; - алдыңғы қатардағы педагогтардың тәжірибелерін анықтап, тарату. Әлеуметтік жүйені оның ішінде жалпы білім беретін мектепті басқарудағы жалпы мақсат- оның әрекетін реттеу және сапалы күйге көшіру. Жалпы мақсатқа жетуді басқарудағы әр функцияның өзіне тиісті мақсаттарын іске асырудың есебімен қол жеткізуге болады. Сондықтан, мектепішілік бақылаудың мақсаты қабылданған шешімдерге ( жылдық жоспар, нормативтік құжаттар, оқыту мен тәрбиелеудің стандарты т.б.) педагогикалық процестің сәйкестігін анықтау. Басқа сөзбен айтқанда, жалпы бақылаудың және мектепішілік басқарудың мақсаты басқарылып отырылған объектінің күйі жайында және басқару жүйесінің әсерінен кейін пайда болатын өзгерістер жайында ақпарат жинау. Сол себептен, мектепішілік бақылау екі сұраққа жауап көздейді. Не?, Қалай?. 3. Мектепішілік бақылаудың мазмұны. Мектепішілік бақылаудың субъектілері Әкімшілік бақылау – нақты жоспар бойынша әкімшілікпен тұрақты өткізізіледі. Ұжымдық бақылау- кәсіби пікірталасу, жұмыс жайында шығармашылық есеп беру арқылы мұғалімдер ұжымымен өткізіледі. Өзара бақылау- біліктіліктері тең мамандар арасында жүргізіледі, тәжірибе алмасу және біліктілік арттыру кезеңінде тиімді. Қоғамдық бақылау–мектеп жайлы жұртшылықтың көзқарасын қарастыру және мектепке ата-аналар мен жұртшылықтың бағасы. Өзін-өзі бақылау – талап етілетін стандарт пен нормаларымен мұғалімнің қол жеткізген нәтижелерін өзіндік салыстыру. Оқушылық бақылау- мектеп түлектерінің мектеп жайлы ойын қарастыру. 4. Мектепішілік бақылаудың түрлері мен формалары. Мектепішілік бақылау тек қана мақсатты ғана болмау керек, ол және тақырыптық болады. Оқу – тәрбие процесін жалпы немесе жекелеген пәнді ғана бақылауға болмайды. Зерттеліп отырған пәннің нақтылығы болмаса, жан-жақты және шынайы ақпарат жинауға кедергі тигізеді, нені зерделеу керек екені анықталмай ақпарат жинауды қиындатады. Тәжірибелі басшылар былай пайымдайды: оқу- тәрбие процесінде ақпарат жинаудың бірнеше бағыты бар, оларды жетілдіруден мектеп ұжымының осы кезеңдегі дамуының табысы мен нәтижесі көрінеді. Осы сұрақтар тақырыптық тексерудің негізін қалайды. Сонымен қатар, тақырыптық бақылау оқу пәнінің кейбір тақырыптарының оқыту жайын зерделеуді ұсынады және оларды таңдау кездейсоқ болмау керек. Бұл оқыту курстарының тақырыбы немесе оларды оқып үйрену кезінде оқушылардың жетекші білім жүйесі қалыптасады. Бұлар пән бойынша оқыту жүйесінде бастапқы звено. Оларды мектепте оқытылатын курстар ішінен табуға болады. Әр пәннің оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша оқушыда қалыптастырукерек білім мен біліктілікті ерекшелейтін тақырыпты оқып-үйренетін мерзімі көзделген.Олар оқытудың күйін және барлық оқу пәндері бойынша оқушылардың білімінің сапасын бақылаудың мақсатталған тақырыптық бағытталғанын айқындайды. Олай болса, мектепішілік бақылаудың тақырыптық екі бағыты анықталған. Бақылау жайлы айтып отырып, оның түрлерін, формаларын және әдістерін айыра білу қажет. Бақылаудың түрі- нақты бір мақсатпен өткізілетін бақылаудың формаларының, түрлерінің ерекшеліктері олардың объектісі,қойылатын міндеттермен және бақылауға пайдаланатын құралдармен айқындалады. Мектептер практикасында өткізілетін мақсатына қарай бақылаудың екі түрін бөліп айтуға болады: Тақырыптық және фронтальдық. Тақырыптық бақылау басқару объектісінің белгіленген элементінің ақпаратының күйін терең зерделеу үшін оқу жыл бойы өткізіледі. (Оқушылардың білім білік дағдылары деңгейі, мұғалім жұмыс сапасы, үйірмелер мен факультеттердің жұмысының сапасы, жеке сабақтар жүргізу сапасы, сабақта техника қауіпсіздігін сақтау т.б). Тақырыптық бақылау қорытындысы бойынша мәлімет, әңгімелесу, кеңес өткізіледі. Фронтальдық бақылау басқару объектісін жалпы уақытылы және жан-жақты (әдістемелік жұмыс, оқу-тәрбие жұмысы, сабақтан тыс тәрбие жұмыстары, ғылыми- зерттеу жұмыстары) және мектептің жекелеген бөлімдері ( сынып параллельдері, әдістемелік орталықтар, қызметтер) мақсатымен жылына екі- үш реттен көп емес өткізіледі. Мысалы, әдістемелік орталықтар фронтальды бақылауға қойылса, онда оның әрекетінің барлық аспектілері тексеріледі. Егерде фронтальды бақылау бір ғана мұғалімнің жұмысын тексеруді көздесе, онда мұғалім әрекетінің барлық бағыттары зерттеледі. Мұндай бақылау мұғалімді аттестациялау кезінде жүргізіледі. Бақылаудың формалары- бұл бақылауды ұйымдастыру. Қайталануына байланысты бақылау мынадай болады: - кіріспе (өткен оқу жылы курсын тексеру үшін, жаңа оқу жылының басында); - алдын ала (қорытынды бақылау жұмысын жүргізу алдында мектеп бітіру сыныптарында емтихан алдында, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы); - ағымдағы (тақырыпты талқылағаннан кейін мектеп жұмысының тоқсандық, жарты жылдық қорытындысы); - аралық ( ауыстыру сыныптарында жылдық қорытындысы бойынша аттестациялау); - қорытынды ( 9, 11 сыныптарда емтихан, мектептің жыл бойынша қорытындысы). Мектепте тексерілетін объект бойынша ұйымдастыру түрлеріне байланыстыбақылаудың әртүрлі алты формасын пайдаланады

  1. Арнайы дербес 2. Сыныптың жинақтау 3. Пәндік жинақтау 4. Тақырыптық жинақтау 5. Шолулық 6. Кешенді жинақтау.

Жоспар, экономикада– мақсаты‚ мазмұны‚ көлемі‚ әдістері мен құралдары‚ орындалу мерзімі көрсетіліп‚ нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың белгіленген тәртібі мен реті. Жоспар мемлекет ауқымда, жеке өндірістік салалар, аймақтар, кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде жасалады. Оның болашақтық жоспар (ұзақ мерзімге арналғаны 10 – 15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3 – 5 жылға лайықталған), ағымдағы жоспар (1 жылдық), директивалық жоспар (орындалуы қатаң бақылауға алынатын) және индикативті жоспар (болжамға ұқсас ұсыныс, тапсырыс) деп аталатын түрлері бар. Жеке кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі жоспар болжамдық көрсеткіштер мен оған жетудің нақты шаралары көрсетілетін бизнес-жоспар, қысқа мерзімдік жедел бағдарламалар түрінде әзірленеді. Қазақстанда мемлекет ауқымда индикативті жоспар қолданылады. Онда, негізінен, елдегі өндіріс пен тұтыну қарқыны, олардың көлемі мен құрылымы, баға, экспорт пен импортинвестиция көздері, ынталандыру жүйелері, салық мөлшері, т.б. бойынша белгіленген нәтижелерге қол жеткізу көзделеді; қысқаша жоспарлау.

Мектептің іс-әрекетінің жылдық жоспары

Жылдық мектеп жоспары мектептің даму бағдарламасына сүйеніп жасалады. Жылдық жоспар құрғанда мектептің даму бағдарламасынан іс-шаралар алынып, жылдың мектеп тақырыбы, мақсаты, міндеттері бойынша мазмұны толықтырылады.

Жоспарлар басқарудың – негізгі құралы:

а) педагогикалық және оқушылар ұжымының іс-

әрекеті;

б) мектеп объектілерінің іс-әрекеті;

в) тәртіпті нәтижелерге жету үшін қажет

болатын жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоспарлау әдістері төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – мектепішілік жоспарлауға, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың соңғы нәтижелерінің мониторингісіне сәйкес материалдардың жинақталуы, зерттелуі, талдануы бір жүйеге келтіріледі.
Екінші кезең – жұмыс топтарының жүйеге келтірілген құжаттарды талдауды ескеріп, жоба жасау, мазмұнын нақтылау, уақытты бекіту.
Үшінші кезең – педкеңесте жоспарды талқылау.
Төртінші кезең – жоспарды бекіту.

Көзделген жоспарлар ғылыми жағынан негізделген, нақты ресурстар мен мүмкіндіктерді, қабылданатын шешімдерді ескеру қажет.

Жоспарлаудың принциптері:

1) гуманизм

2) демократтылық

3) ғылымилық, аналитикалық

4) жүйелілік жағынан қарастыру

5) перспективтілік, соңғы нәтижеге жету үшін

бағыттылық

6) сабақтастық

7) ритмдік (ұжым мүшелері арасындағы барлық

жұмыстарды бір жылға үнемді үлестіру)

8) нақтылық

9) шындық

10) динамикалық

11) топтың негізгі принциптері (оқу жылына

негізгі міндеттерді таңдау)
Жоспарды орындау үшін мына үш шартты орындау қажет:

жоспарлаудың басында мектептің деңгейін ескеру

жоспарланған уақыттың аяғына дейін мектеп шешуге қажетті міндеттерді нақты жоспарлау

іс-әрекеттердің тиімді жолдары мен тәсілдерін таңдау


Мектеп жұмысының жоспарын құру алгоритмі:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет