Пән бағдарламасының титул парағы (syllabus)



бет18/19
Дата06.02.2022
өлшемі290,5 Kb.
#79265
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Тәжірибелік сабақ 11.
Тақырып 12: Концентрлі азот қышқылын өндіру
Жоспар 1. Тура синтездеу әдісі арқылы азот қышқылын алудың физика-химиялық негіздері.
2. Үштік жүйе қасиеті: «азот қышқылы – күкірт қышқылы – су» және «азот қышқылы - магний нитраты – су»
Тапсырма: Концентрлі азот қышқылын өндірудің әртүрлі әдістеріне техника-экономикалық сипаттама беру.
Ұсынылатын әдебиет: [5]. 33 – 52 б.


8. Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Тақырып 2 Күкірт қышқылын алуға қажетті шикізат
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Күкірт қышқылын алуға қажетті негізгі шикізат көздері қандай?
2) Күкіртті колчеданның құрамы, негізгі қасиеттері қандай?
3) Күкірт қышқылы өндірісінде шикізат ретінде таза күкіртті қолданудың қандай артықшылықтары бар?
4) Күкірт қышқылын өндіруде қандай альтернативті шикізат көздерін қолдануға болады?
5) Күкірт құрамды шикізат түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы
6) Флотациялық колчеданның қатардағы колчеданнан қандай артықшылықтары бар?
7) Күкірт қышқылы өндірісінде әртүрлі шикізат көздерін қолдануда қандай экологиялық проблемалар шешіледі?
8) Шикізатты дайындау сатысындағы қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қандай?
2. Рреферат: Колчеданды байыту


Тақырып 3 Күкіртті газ өндірісі
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Күкірт қышқылы өндірісінде күкіртті газға қандай талаптар қойылады?
2) Күкіртті колчеданды жандыруда түзілетін қалдықтың және газдың құрамы қандай?
3) Күкіртті шикізатты жағатын пештің негізгі құрылысы қандай?
4) Әлсіз газдарды байыту қалай орындалады?
5) Колчеданды жандыру пештерінен шығатын газдарды шаңнан тазарту қалай орындалады?
6) Колчеданды жандыру пештерінен шығатын қалдықтарды жою жолдары қандай?
2. Презентация: Колчеданды жандыру пеші


Тақырып 4 Контактты әдіспен күкірт қышқылын өндіру
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Жұқа тазарту бөлімінің технологиялық схемасын құрастыру
2) Буланған кездегі газды тазарту, газдарды қышқылмен жуу, құрғақ тазарту қалай орындалады?
3) Газдарды кептірудің қандай әдістері қолданылады?
4) SO2 - ні SO3 – ке дейін тотықтыру үрдісіндегі катализатордың қызметі қандай?
5) Күкірт қышқылы өнеркәсібінде қолданылатын катализаторлардың негізгі физика-химиялық сипаттамалары қандай?
6) Катализаторларды дайындау, катализаторлар сапасын бақылау қалай жүзеге асырылады?
7) SO2 тотығу сатылары қандай?
8) Контактты аппараттардың конструкциялары қандай?
9) Түсті металлургия өндірісінің әлсіз газдарын контактты тотықтыру ерекшеліктері қандай?
10) Күкірт ангидриді абсорбциясының физика-химиялық негіздері қандай?
11) Күкіртті шикізат ретінде пайдаланып күкірт қышқылын жанама өндіру қалай орындалады?
12) Гипстен және күкіртсутектен күкірт қышқылын алу қалай орындалады?
13) Серпімді газдарды тазалау мәселелері қалай шешіледі?
14) Күкірт қышқылы өндірісінде жаңа шикізат көздері қалай таңдалады?
2. Реферат: Контактты әдіспен күкірт қышқылын өндірудің технологиялық схемасы
Тақырып 5 Нитрозалы әдіспен күкірт қышқылын өндіру
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Күкірқышқылды мұнара үрдісі, оның ерекшеліктері қандай?
2) Мұнаралы жүйе схемасы, жеке мұнара функциялары қандай?
3) Мұнаралы жүйелердің технологиялық ережесі қандай?
4) Күкірт қышқылын нитрозалы әдіспен өндіру жолдарын қалыптастыру қалай орындалады?
5) Азот және күкірт қышқылдарын бірге алу схемасы қалай іске асырылады?
6) Нитрозалы әдіспен күкірт қышқылын өндіру кезінде түзілетін ілеспе газдарын тазалау мәселелері қалай шешіледі?
7) Нитрозалы әдісті енгізудің қандай жолдары бар?
2. Презентация: Нитрозалы әдіспен күкірт қышқылын өндіру


Тақырып 6 Концентрлі күкірт қышқылы
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Күкірт қышқылын концентрлеудің физика-химиялық негіздері қандай?
2) Күкірт қышқылын концентрлеу қандай әдістері бар, олардың ерекшеліктері қандай?
3) Ыстық газдарды қышқылмен тура жанастыру арқылы концентрлеу қалай орындалады?
4) Қышқылды тұман неліктен пайда болады, оны тұндыру әдістері қандай?
5) Барабанды концентрлегіштің техника-экономикалық көрсеткіштері қандай?
2. Реферат: Концентрлі күкірт қышқылын өндіру әдістері
Тақырып 7 Өнеркәсіптік қалдықтарды тазарту
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Серпімді газдардың экологиялық ерекшеліктері қандай?
2) Аэрозолдарды жинаудың қандай әдістері белгілі?
3) Адсорбция, абсорбция және каталитикалық әдістер арқылы газ тәрізді қоспаларды тазарту қалай орындалады?
4) Ағынды суларды тазартудың қандай әдістері бар?
2. Реферат: Ағынды суларды тазарту әдістері


Тақырып 9 Азот өнеркәсібі үшін шикізат алу
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Азот өнеркәсібінің шикізаттары қандай?
2) Азот зауыттарының шикізатына қандай талаптар қойылады?
3) Ауадан азотты алудың қандай әдістері бар?
4) Ауаны бөлетін аппараттардың қандай түрлері бар?
5) Сутекті және азотсутекті қоспаларды алу қалай орындалады?
6) Суды электролиздеуде қолданылатын электролизерлердің конструкциясы қандай?
7) Метанды конверсиялау дегеніміз не және қандай орындау әдістері белгілі?
8) Активтелген көмір, темір оксидтері қолданумен газдарды тазарту қалай орындалады?
9) Көміртек оксидін конверсиялау қалай орындалады?
10) Конвертирленген газдарды көміртегінің екі оксидінен және оксидінен тазарту қалай орындалады?
2. Презентация: Ауадан азотты алудың технологиясы


Тақырып 10 Жасанды аммиакты алу
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Аммиакты синтездеуде қандай катализаторлар қолданылады?
2) Катализатормен уланып қалудан сақтану әдістері және контактлы улар қандай?
3) Қандай катализ түрлері белгілі?
4) Катилитикалық үрдіс теориясының қандай элементтері белгілі?
5) Аммиакты синтездеудің қандай технологиялары белгілі? Олардың ерекшеліктері қандай?
2. Реферат: Синтетикалық аммиакты өндіру құрылғысын салудың жаңа ұстанымдары


Тақырып 11 Әлсіз азот қышқылын өндіру
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Аммиакты каталитикалық тотықтыру арқылы азот қышқылын өндіру қалай орындалады?
2) Катализаторлардың қандай негізгі типтері қолданылады?
3) Әлсіз азот қышқылын өндіру бойынша өнеркәсіптік құрылғының конструкциясы қандай?
4) Әлсіз азот қышқылын өндірудің қандай әдістері қолданылады? Олардың қандай ерекшеліктері бар?
5) Азот қышқылын өндіру әдістерін интенсификациялау қалай жүзеге асырылады?
6) Азот қышқылы цехының жанама газдарынан қандай тұзда өндіріледі?
7) Жанама газдарды каталитикалық тазарту қалай орындалады?
8) Азотқышқылы цехтарының негізгі жабдықтарының конструкциялық ерекшеліктері қандай?
2. Презентация: Әлсіз азот қышқылын өндіру технологиялары


Тақырып 12 Концентрлі азот қышқылын өндіру
1. Қарастырылатын сұрақтар:
1) Тура синтездеу әдісі арқылы азот қышқылын алудың физика-химиялық негіздері қандай?
2) Суды құрғататын құралды пайдалану арқылы концентрлі азот қышқылын өндіру қалай орындалады?
3) Үштік жүйе: «азот қышқылы – күкірт қышқылы – су» және «азот қышқылы - магний нитраты – су» қандай қасиеттерге ие болады?
4) Концентрлі азот қышқылын өндірудің қандай әдістері белгілі?
5) Концентрлі азот қышқылын өндіруде қолданылатын жабдықтаулардың құрылысы қандай?
2. Презентация: Концентрлі азот қышқылын өндіру технологиялары



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет