Пән бойынша бағдарламасының


Масштабтар және олардың түрлері



бет10/27
Дата07.02.2022
өлшемі367 Kb.
#83389
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Масштабтар және олардың түрлері
Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегі кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады.
Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болып бөлінеді.
Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см.
Пландағы 0,1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық – масштабтың дәлдігі деп аталады.
Жер бедері (рельеф)
Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың жиынтығы жер бедері д.а.
Рельефтің сипатына байланысты Жердің беті жазық, төбелі және таулы болып бөлінеді. Жер бетінің негізгі рельефіне жататындар: төбе, ой-шұңқыр, жота, сай және өркеш төбелер.
Топографиялық карталарда бедер горизонтальдар арқылы бейнеленеді.
Горизонтальдар деп картада биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды айтады.
Горизонтальдар картада немесе планда қоңыр түспен көрсетіледі, горизонтальдың айырымында қойылатын цифрлар горизонтальдың белгілері деп аталады. Горизонтальдар ешқашан бір – бірімен қиылыспайды.
Горизонтальдар өтетін биіктіктер аралығын бедер қимасының биіктігі (һ) деп атайды.
Планда көршілес горизонтальдардың арасындағы қашықтық жатыс сызығы д.а.
Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтың еңістігі д.а.



һ

d



Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-37 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет