Пән бойынша дәріс материалдары


Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі



бет2/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі.Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

  • Ішкі пайдаланушылар;

  • Сыртқы пайдаланушылар.

Бухгалтерлік есептің әдістері.Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:

  • Құжаттау;

  • Түгендеу;

  • Шоттар;

  • Екі жақты жазу;

  • Бағалау;

  • Калькуляциялау;

  • Бухгалтерлік баланс;

  • Есеп беру.



2-дәріс.
Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу

Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорындардың әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвестордың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тен болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет